Гимнастика және дәстүрлі емес денсаулық сақтау технологиялар
статья по теме
Гимнастика және дәстүрлі емес
денсаулық сақтау технологиялар
Мақсаты: балаға мұғалімнің іс – қимылдарын қайталап еліктеуі арқылы бұлшық еттерге әртүрлі салмақтың түскенін сезуіне мүмкіндік беру; өз сезіміне баланың зейінін бағыттауға, тоқтатуға жаттықтыру және ол сезімдерді салыстыруға, айыруға үйрету; әр түрлі бұлшық еттерге түскен түйсік арқылы дене қозғалыстың сипатын аңықтауға баланы жаттықтыру; бұлшық ет түйсігі, сезіну және қиялдау қабылетінің бақылауына сүйене отырып, өз қимылының өзгерісін анықтауды балаға үйрету.
Психогимнастикада дене қозғалысының қандайы болсын эмоциялық мазмұнмен қанықтандырылған берлігі бір қиял бейнесін мәнерлейді, соның арқасында психикалық функциялар, яғни ойлау функциясы, эмоция, қимыл функциялары бірігеді, ал мұғалімнің түсініктемелері көмегімен балалардың ішкі зейіндері осы аталған үрдістерге қосылады Атап айтқанда, психогимнастикалық жаттығулар жасауда денеге, ми-жүйкесіне күшті төмендетіп түсірудің функциялық тұтастық механизмі қолданылады. Мысалы, мұғалім былай дейді: «Балалар, қараңдаршы, қояндар барабандарды қалай қатты соғып жатыр! Олардың аяқтарында күштің көп екенін сендер білесіңдер ме? Аяқтары шыбық сияқты майыспайтын қатты екенін сезесіңдер ме? Сендердің жұдырықтарыңның, қолдарыңның, тіпті иықтарыңның бұлшық еттерінде күш керемет көп сезесіңдер ме? Ал беттерің олай емес!
Бет - әлпеттерің жайбарақат, күлімдеп тұр. Іштерің де бос, жайбарақат. Тағы не жайбарақат? Кәне, тағы да соғып көрейік, бірақ сезімімізді дәл анықтау үшін, баяулау ақырын соғайық» Жаттығуларды көрсеткенде мұғалімнің экспрессиясы (мәнерлеп, немесе әсерлеп көрсете білу) әбден қажет, себебі ол балалардың еліктеуіне жеңілдік және эмоциялық шабыт береді. Мұғалім өзінің балаға жақындауымен сезімдік сезімдік аймағын дәл анықтауға көмектеседі: қолынан ұстап сілкіп қалып оның босаңдығын, арқасынан сипап күш кернеуінің барлығын, итеріп қалып оның мығымдығын және т.с.с.
Қиял бейнелерін әуелі мұғалім жеткізеді, әр бала өз еркімен әрі қарай сол қиялды дамытады. Жаттығулар мөлшері балалардың жас ерекшеліктеріне және жаттығулардың түрлеріне байланысты бес – алты рет бір- екі минутқа созылады. Психогимнастикалық жаттығулар тізбегінде қимыл кезектесуінің сақталуына және қарама – қарсы сипаттарының салыстырылуына ерекше мән беру керек:
- тығыз– босаң;
- қаурытты – сазды;
- жиі – баяу;
- бөлшек – тұтас;
- әзер қабырлау – мүлдем қатып қалу;
- дененің айналуы және секіру;
- кеңістікте еркін қозғалу және заттармен соғылысу.
Барлық жаттығулар бұлшық еттің жиырылуы және босаңдауы арқылы алмасып отырып өткізіледі.
Мидың психикалық тіршілігінің гармонизациялануына қимылдардың бұлай кезектесуі рефлекторлық әсер тигізеді: баланың психикалық және қозғалу белсенділігі реттеледі, оның көңіл – күйі жақсарады, селқостық жоғалады.
Психогимнастикалық дене физикалық жаттығулары мен дене шынықтырудың арасындағы қағидалық айырмашылық осында жатыр.
Тәрбиеші немесе психолог өзінің көзқарасын жиі өзгертіп отырғаны жөн: не драмалық ойынның белсенді қызықтырушысы немесе жай ғана көрермен не режиссер ретінде, бірақ ешкімді мәжбірлемеу, жазаламау керек.
Психогимнастика сабақтарында барлық балалар ойдағыдай: олардың өздерінше біліп істеген істері қалай болса да бәрібір дұрыс.
Толық жіктеу және балалар өздерінің барлық түйсіктерін сезінуі мүмкін емес, бірақ әр сабақта тіпті болмағанда солардың біреуіне болсын зейін қоюға тиісті.
Көзге арналған гимнастика.
Алдын-алу жаттығулары баланың көру аппаратын жақсарту үшін және де түрлі көз ауруларының пайда болу жолдарын жояды.Күнделікті қоршаған ортадан қабылданған мәліметтерден, көз шаршап қызарады,осыдан түрлі көз аурулары пайда болады. Сондықтан да, көз гигиенасын сақтап, жаттығулар орындап отыру қажет. Берілген жаттығулар қарапайым және көп уақыт алмайды.Жаттығуларды дұрыс орындау, өте маңызды.Қозғалыстар бірдей болуы қажет, және дұрыс дем алуға көңіл бөлінуі қажет. Мұндай ұсақ кемшіліктерге көңіл аударған жағдайда, жасалған жаттығулар тиімді болады.
Осы жаттығулардың бәрін,ойын түрінде көрсетуге болады.
Тыныс алу(Дем алу) гимнастикасы.
Тыныс алу- бұл өмір.Тамақсыз бірнеше күн,жұма шыдап жүруге болады, ал ауасыз тек бірнеше минут. Ауа арқылы адам дамиды,аурулардан босайды, дені сау, жан , тұлға қалыптасады.Адам жүру,жүгіру кезінде дұрыс дем алу керек екенін есте сақтау керек.Ауыз арқылы дем алу, миға әкелетін ауаның 20%-ын тежейді.Суық жыл мезгілдерінде тыныс алу мүшелерінің ауруларына әкеледі. Сондықтан да, түрлі жаттығулар мен әдістер арқылы, дұрыс дем алуын үйрену қажет.Бұл жаттығулардың лайықтығы, арнайы жағдайлар,киімдер,арнайы орын қажет етілмейді.
Түстер терапиясы.
Психологтар мен дәрігерлердің айтулар бойынша, баяғы заманнан бері, адам денсаулығына түстердің әсер етуін байқаған.Халық медицинасында да, түс терапиясын қолданады.Мысалы,(егер бала қызылшамен ауырып қалса,анасы бөлмені қызыл түске бояйды)Неврозбен ауыратын адамдарға тынық (спокойный) түстер-көгілдір,сары, жасыл,қызғылт оң әсер етеді. Қазіргі таңда психологтар мен дәрігерлердің әр түстің ерекшелігімен емдік қасиеттері анықталған.
Қызыл түс-еңбек қабілеттілігін жоғарлатады, көңіл-күйді жақсартып,жүйке-жүйесінің қызметін жоғарлатады.
Сары түс-көз аурулары және ұйқысыздық кезінде қолданады.Барлық түстердің арасында ең емдік қасиеттері бар түстер-көгілдір,ақ,қара, жасыл, көк болып саналады.Бұлар балалардың қисында ойлауларын дамытып, жүйке-жүйесіне оң әсер етіп, асқазан-ішек жұмысын жақсартып,тыныс алу жолдарымен, қоршаған ортадағы жағымсыз әрекеттерден қорғайды.
Қазіргі заманда барлығы компьтерлік технология болғаннан кейін,компьтермен қолдану жағдайында , компьютер тек баланың ақыл ойын дамытып қана қоймай, оның көру аппаратына кері әсерін тигізеді.Бұл жағдайда қара түстің көмегі зор,5 минут қараңғы бөлмеде отырған жағдайда көру қабілеті орнына келеді.Бақшадағы сәбилерге , түстерді түрлі жағдайда қолдануға болады:гуашьпен жұмыс жасау кезінде, күздік жапырақтар, жұлдызшалар және тағы басқалары.
Психогимнастика.
Атақты психолгтардың айтулары бойынша,психофизикалық және психогимнастикалық жаттығулар,баланың денсаулығына,оның белсенді өмір сүруіне жақсы дамуына оң әсер етеді делінген.Тек физикалық жүктеме кезінде ғана организмде белсенді зат алмасу үрдісі болады. Белсенді қозғлыстар,баланың физикалық және рухани дамуына әсер етеді.
Дене шынықтыру мұғалімі,мұның бәрін ескере отырып, баланың психофизикалық қабылдауына түрлі әрекеттермен қолдану қажет.Бұл түрлі жаттығулар-жүру,орында жүру,тура жүру т.б.Психогимнастикалық жаттығулар организмдегі, психикаға және жүйке жүйесіне түсетін жүктемені азайтуға,бұлшықет тонусының дұрыс жұмыс жасауына, зейін мен сабаққа деген қызығушылық, ынталарын дамытуда үлкен орын алады.
Саусақ жаттығулары.
Саусақ жаттығулары тілдің дамуына үлкен рөль атқарады.Сергіту сәтінде жасалатын жаттығуларда , балалардың жас ерекшеліктері ескеруліу қажет. Атақты ғалымдар баланың миы мен психикасын зерттеу барысында , бір шешімге келді.Сөйлеудің пайда болуымен дамуында саусақтың пайдасы өте көп.Ерте заманнан белгілі бала қоршаған орта мен әлемді сипай сезу арқылы қабылдайды.Қолдағы саусақ көмегімен баланың сөйлеу қабілеті дамиды.
Ертегі терапиясы.
Әңгімелер әсіресе ертегілер , балалар мен дұрыс қарым-қатынас құралының ең тиімдісі.Ертегі әлемді тануда,ақ пен қара, жақсы мен жаманды ажыратуға көмегін тигізеді.Ал, ертегіде ең негізгі жақсылық әрқашан жамандықты жеңеді,кейіпкерлер қиын жағадайлардан шығады.Ертегі өз қиыншылықтарын сезінуге және онымен күресуге мүмкіндік береді.
жағдайын, көтеріп, орындау үрдісінде қуаныш сезімдері пайда болады Берілген жаттығулардың бәрі көп уақытты алмайды.Барлық технологиялар түсінікті.Мектеп жасына дейінгі балаларға бейімді және ойын түрінді құрастырылған. Барлық жаттығулар баланың эмоционалдық көңіл-күйлерін көтеруге арналған.
Көзге арналған жаттығулар
Көзге арналған жаттығуларды біздің дәуірімізден бірнеше жыл бұрын ойлап тапқан. Йогтар бүкіл денеге арналған жаттығулар кешенін жасағанда, көзді де ұмытпаған. Жақсы нәтиже болу үшін жаттығумен қатар, жақсы тынығу қажеттілігін олар білген.
Біз күн сайын қабылдайтын ақпараттың көлемі көздерімізге үлкен салмақ түсіреді. Сондықтан олар шаршайды. Әр адам демалғанды қажет етеді. Көп сағаттық жұмыстан кейін көзіміз қызарып, аши бастайды, алыстан көру нашарлайды. Ал көзі нашар көретін адамдар туралы не айтуға болады. У.Г. Бейтс пен оның оқушысы М.Д. Корбет көзге арналған өз кешенді жүйелерін әзірлеген кезде дәл осы мәселеге көңіл бөлген.
Төменде берілген жаттығулар (бұл йогтар жаттығулары да, У.Г. Бейтс пен М.Д. Корбеттің жаттығулары да) өте қарапайым және көп уақытты қажет етпейді. Дегенмен, ... алдымен жаттығулардың мазмұнын мұқият оқып шығыңыздар. Егер қимылдарымыз бір қалыпты болу керек деп жазылса, бұл – өте маңызды. Тыныс алу жөнінде ұсыныстар болса, оларға да мән берген жөн. Бұл «ұсақ-түйектер» туралы ұмытпаған жөн, сонда жаттығулар өте тиімді болады.
Алдымен – демалу.
Пальминг жағында пайда болатын әсерге көңіл аударыңыз. Сіздің мақсатыңыз – уақыт өте келе осы әсерге қасыңызды көтермей-ақ жету. Бұл жаттығу кез келген адамның қолынан келмейді, бірақ жаттыққан сайын бәрін үйренесіз.
Негізгі кешен.
Бұл кешенді йогтар көзді өз қалпында сақтау үшін ұсынады. Йогтардың айтуынша, бұл жаттығуды бала кезінен таңертең және кеште жасаса, қартайғанша көзелдірік кимеуге болады.
Жаттығуды бастамас бұрын, өзіңізге Бойыңызды еркін ұстап, түзу отырыңыз. Көзіңізді алақаныңызбен жабыңыз: оң алақаныңыздың ортасы оң көзіңізге қарсы болу керек, сол алақыныңыз - сол көзге қарсы. Бетіңізді алақандарыңызбен сәл ғана басасыз қатты баспай, қолдарыңыздың саусақтары - өзіңізге қалай ыңғайлы маңдайыңызда қатар немесе айқаса орналасуы мүмкін. Бастысы – жарық өтетін «тесіктер» болмау керек. Нәтижесінде, Сіздің көзіңіз жұмулы және алақандарыңызбен жабулы болады.
Енді шынтақтарыңызды үстелдің үстіне қойыңыз. Бастысы – мойын мен омыртқа бір түзу сызық бойында болу керек. Денеңіз, арқаңыз да, қолыңызда бір қалыпты болу керек. Тыныс алу жайлы болу керек.
Енді, өзіңізге рахат әкелетін бір нәрсені есіңізге түсіріңіз: теңіз жағасында демалғаныңызды, туған күніңізді, жұлдызды аспанды, т.б. Жаттығу кезінде күй ойнатып қоюға болады.
Жаттығу барысында өз-өзіңізді қадағалаудың қажеті жоқ – бұл жаттығуға кері әсер етеді, одан да өзіңізе ұнайтын бір нәрсе жайлы ойлаңыз.
Бұл жаттығуды жұмыста, кішкентай үзіліс жасап, орындауға болады. 10-15 секундтің ішінде Сіздің көзіңіз тынығып үлгереді. Дегенмен, бұл жаттығуға бірнеше минут бөлгеніңіз жөн.
Жаттығудан кейін (әсіресе, жаттығуды ұзақ уақыт жасағаннан кейін) біртіндеп алақандарыңызды ашыңыз, көздеріңіз жарыққа үйренгеннен кейін ғана оларды ашыңыз.
«Мұрынмен жазу»
Бұл жаттығу көзіңізді және мойыныңызды жаттықтыруға арналған. Мойын шаршағанда көзге қанның келуі бәсендейді.
Бұл жаттығуды тұрып, жатып та орындауға болады, бірақ отырып жасаған жақсы. Бойыңызды еркін ұстаңыз. Көзіңізді жұмыңыз. Мұрныңыздың ұшы – жазатын қалам деп елестетіңіз. Енді өзіңіздің қаламыңызбен ауада жаза бастаңыз. Не жазатыныңыз маңызды емес. Әр түрлі сөздер, қала атауларын, сүйікті адамыңызға арнап кішірек хат. Бала кезіңізде салған үйдің суретін, немесе шеңбер, төртбұрыштарды салыңыз.
Егер жұмыс орныңызда жасайтын болсаңыз, қаламның орнына түйреуіштің басындағы инемен жазып отырғаныңызды елестетінің. Мұнда басыңыздың қимылы сырт адамға байқалмайды да, әріптестеріңіз Сіздің көзіңізді жұмып отырғаныңызды ғана көреді. Қоғамдық көлікпен жұмыстан келе жатқан уақытта да осылай көзіңіді жаттықтыруға болады.
«Саусақ арасынан»
Бір нәрсеге шоғырланбай жан-жаққа қарап та көзді тынықтыруға болады. Көзіңіз біраз тынығу үшін келесі жаттығуды ұсынамыз. Жаттығуды тұрып, отырып, жатып та жасауға болады.
Алақыныңыз көздің сызығынан біраз төменірек болатындай етіп қолыңызды бүгіңіз. Саусақтарыңызды алшақтатып ұстаңыз. Саусақтарыңыз-дың арасынан алысқа қарап отырып, басыңызды байсалды оңға-солға бұрыңыз. Көзіңізді ештенеге тоқтатпай, айналадағы нәрселерді шолып өтіңіз. Жаттығуды дұрыс жасаған жағдайда саусақтарыңыз көз алдыңыздан «жүзіп» отырады.
Кезекпен үш рет көзіңізді ашып, үш рет көзіңізді жұмып жасаңыз. Жаттығуды 20-30 рет қайталаңыз, еркін демалыңыз.
Саусақтарыңыздың «қозғалуына» қол жеткізе аламасаңыз, келесідей жасап көріңіз. Сұқ саусағыңызды жоғары көтеріп, алға созыңыз. Ал Сіздің мұрыныңыз оған тиіп тұру керек. Көзіңізді жұмып, басыңызды оңға-солға бұрыңыз, саусақтың жанынан өткенде мұрныңыз оған тиіп отыру керек. Басыңызды бұруды тоқтатпай, көзіңізді ашыңыз (тек көзіңізді саусағыңызға тоқтатпаңыз). Саусағыңыздың «қозғалғанын» көресіз.
Қасқа арналған жаттығу
Қастарыңызды неғұрлым жоғары көтеріңіз, құлағыңыздың жоғары ыңғайлы етіп отырыңыз. Омыртқаңызды түзу ұстаңыз. Өзіңізді еркін ұстаңыз. Алдыңызға алысқа қараңыз, терезе болған жағдай - терезеге қараңыз, болмаса – қабырғаға қараңыз.
1 - жаттығу
Баяу және терең дем алып, қастарыңыздың арасына қараңыз, осылай бірнеше секунд отырыңыз. Баяу деміңізді шығарып, көзіңізді төмен түсіріп, бірнеше секундқа жұмыңыз. Уақыт өте (2-3 аптадан соң) көзіңізді жоғары көтеріп ұстау уақытын біршама ұзартуға болады.
2 – жаттығуТерең дем алып, мұрныңыздын ұшына қараңыз. Бірнеше секунд осы қалыпты сақтаңыз, дем шығарып, көзіңізді жоғары көтеріңіз. Көзіңізді бірнеше секундқа жұмыңыз.
Психогимнастика
Мақсаты: Дене және психикалық ми-жүйкесіне күш түсіруді қарқындылығын төмендету, бұлшық ет тонусын ретке келтіру, бірге өткізілетін сабаққа баланың зейіні мен ықыласын аудару, балаларды белсенді жұмысқа кірістіру және өзара қарым – қатынастарын нығайту.
Мазмұны: зейінділікті шыңдайтын бірнеше жаттығу – ойын және ширақ ойын.Зейінділікті шыңдайтын жаттығу – ойынның үлгілері мен сипаты әр түрлі болу керек. Мысалы: «Бұл бөлмеде не өзгерді?», «Көшедегі, көрші үйдегі қандай дыбыстарды айыра аласың?», «Кімнің шақырғанын тапшы?», «Саған кім жанасты?», «Кім қолды қаттырақ қысты?», «Қандай зат ең үлкен, жылы және бұжырлы?», «Балалардың ішінде қайсысының шұлықтары ақ түсті?», «Кім нағыз көңілді, кім уайымды?» және басқалар. Ширақ ойынға барлығы жаппай қатысып және бірлескен қимылда, қарым – қатынаста болуы керек.Жаттығу уақыты шамамен 5 – 6 минөт.
Эмоциялар
Әрбір сабақтың сюжетіне міндетті түрде екі – үш эмоция және эмоциялық ұштасу жаттығулары кіргізіледі.
Мақсаты: өзінің эмоциялық аймағын басқару дағдысын меңгеру: балалардың өздерінің және бөтен адамдарың эмоцияларын түсіну және сезу қабілеттілігін дамыту, оларды дұрыс көрсете білуге және толық түрде ортақтасуға үйрету.
Әдістемелік міндеттер: бөтен эмоциялардың көріністеріне баланың зейінін аудару; өз бұлшық еттерінің сезімдерінде бөтен эмоциялар көріністері орын алып отырғаны сияқты сезімге берілу; бұлшық еттер көрінісіндегі эмоциялардың ауызша сипаттамасы және оны талдау; жаттығуларда берілген осы эмоциялық сезімді бақылай отырып қайталап көрсету.
Жаттығулар түрі: пантомимикалық жұмбақтар, ойындар, ойын – сауықтар, тапсырмалар.
Жаттығуларда қолданылатын эмоциялар, түрлер, қалыптар тізімі: ынта – зейінділік; қуаныш – рақаттану; таңырқау – таңдану – қайран қалу; қайғы – торығу - күйзелу – рақымдылық; қаһар – долылық – қызғаныш; өкпе – реніш; жақтырмау – жеркеніштік; үрей – қорқыныш; ұят – кінә; үрей – алаңдау; аяныштылық – аяныш – мейірімділік; уайым – қайғы.
Байланыс
Мақсат: балалардың бір – біріне жалпылай үнсіз әсер ету қабілеттілігін жаттықтыру.
Жаттығуларға өзара байланыстағы серіктестердің рөлдерін ауыстыруды, өзінің және серіктесінің эмоцияларын бағалауды кіргізеді.
Осындай жаттығуларда бала өз сезімдерін дәл көрсетуге, оларды әсерлеуге, сонымен қатар басқа балалардың сезімдерін, эмоцияларын, істеген істерін, қатынастарын ұғынуға жаттығады, бірге әсерленуге үйренеді.
Жаттығулар балаларға өздерінің нақты өмір байланысындағы ішкі кедергілерден арылуына көмектеседі.
Тренингке барлық балалар міндетті түрде қатысады.
«Дюймовочкамен жүздесу»
I. Бойды үйрету
Ұстаз: Балалар,ертегі әлеміне саяхат жасағыларыңыз келе ме? Алдымен, бұл қандай ертегі екенін біліп алыңдар. Мұнда ең кішкентай қыз туралы айтылады. Дұрыс. Ертегінің аты- «Дюймовочка», және де біз дәл осы ертегіге саяхат жасаймыз.
Ал бұл – Дюймовочканың гүлі (алақанымен гүлді көрсетеді). Өздеріңіздің саусақтарыңыздың көмегімен бұл гүлді бейнелеп беріңіз. Алақандарыңызды жұмып, қайтадан ашыңыз, гүлдің қаузы, яғни бутон пайда болды. Саусақтарыңызды қозғалтыңыз. Осындый әдемі гүлдер пайда болды. Гүлді иіскеп, қандай хош иісті екенін көрсетіңіз!Дюймовочка қаншалықты ықыласты кішкентай болғанын мен білемін. Сондықтан да қазір өздеріңіздің саусақтарыңызбен оның қандай кішкентай болғанын бейнелеп беріңіз.
Сіздермен бірге Дюймовочка үйінің жанындағы ғажайып бақшаға барардың алдында, мен сіздердің қаншалықты, зерделі екендеріңізді тексергім келеді. Бірінің артынан бірі тұрып шеңбер құрыңдар. Менің бұйрығымды күтіңіздер. «Великан» деп айтқан кезде, қолдарыңызды жоғары тартып, аяқтың ұшына тұрасыңдар да, шеңбер бойынша жүресіңдер; ал «Дюймовочка» деп айтсам, тізе бүгіп отырасыңдар да сол қалпында жүре бересіздер; «Тропинка» деп айтсам, онда алдында тұрған адамның иығына қолыңызды саласыз да, бәрің бірге жүресіздер.
Сіздердің қаншалықты зерделі екендеріңізді тексергенше, біз ғажайып бақшаға да келіп жеттік.
II.Гимнастика.
(Күш жинау)
Балалар, тыңдаңыздаршы, біреу келе жатқанын естіп тұрсыңдар ма? Олар осында келе жатыр. Гүлдердің артына тығылайық (орындықтардың артына).
Бастарыңызды шығарыңыздар, оңға қараңыздар, біреу бар ма? Енді солға қараңыздар, ағаштардың үстіңгі қарай бұтақтарына, төмен жасыл желекке қараңыз. Тағы бір нәрсе сыбдырлады ма? Тығылыңыздар, мойыңдарыңызды ішке қарай тартыңыздар. Мойын ширығып жатыр. Тағы да бір рет қарайық, бұл кім екен? Өте қызық!
(Босаңсу)
Шығыңыздар, қорықпаңыздар, мұнда ешкім жоқ екен. Бұл жел ғой. Қандай тентек. Мойындарыңызды босатыңыздар, бастарыңызды алдымен бір иыққа, кейін екінші иыққа қарай бұрыңыздар. Мойын жіп сияқты, жеңіл. Шаршады.
(Секіру)
Ква-ква-ква. Бұл кім? Бұл секіріп жатқан - бақа. Қандай үлкен, толық, епсіз, аузы да доп сияқты. Біздің Дюймовочканы саз батпаққа алып кеткісі келеді. Бақа сияқты секіріңіздер! Бре-ке-ке. Бре-ке-ке. Серіппе сияқты секіреміз.
(Жылдам, жиі, бағытты өзгерту)
Біз секіріп болғанша, бақа кетіп қалды. Әне, әне ол. Оның артынан жүгірейік. Енді басқа жаққа кетіп қалды!
(Күш жинау)
Ал міне терезенің алды, оның үстінде Дюймовочка ұйықтайтын жаңғақ қабығы.Өздерің елестетіңдерші, Сіз Дюймовочка сияқты кішкентай болдыңыз, ол сияқты дәл сондай жаңғақ қабығының ішінде жатырсыз. Төсеніштің үстіне жатыңыз.Жаңғақтың іші сондай кішкентай тар - аяқ пен қолдарыңызды
бүгіп, алақандарыңызды бет жағыңыздың астына салыңыз. Қабықтың ішіне сыю үшін қысылып жатыңыз. Денеңізді мықтаңыз, серіппе тәрізді.
(Босаңсу)
Былай ұзақ жата алмайсыз, аяқ пен қолыңыз ісініп кетеді. Тартылыңыз, тағы бір рет, тағы. Ісінген қол, аяқ пен беліңізді жазыңыз. Тұрыңыздар ұйқыдан. Міне, бізден қашқан бақа да келіп қалды. Ол терезе алдына міңді де, Дюймовочка мен біздің жаңғақ қабығымызды шайқалта бастады.
(Байсалды)
Бесік сияқты қол ұстасып екі-екіден тұра қалыңыздар да, тербелеңіздер. Аяқтарыңыздың арасын ашып, мықтап тұрыңыздар. Бесік бірде ақырын, бірде жылдам шайқалады. Бұл аунап жатқан бақа.
(Айналу)
Бесік қатты тербетіліп кетті. Қол мен аяқты мықтап ұстаңыздар. Бір жаққа айналады, кейін екінші жаққа айналады.
(Қимылдау)
Терезе алдына бақаның артынан Дюймовочкаға мамыр қоңызы ұшып келді.
Ж-ж-ж. Ол қатты соғылып, аударылып кетті. Аяғын қозғалтып, тұра алмай жатыр.
(Жылдам, жиі)
Тез-тез, жиі қозғалады.
(Еркін жүру)
Міне, қоңыз аяғынан тік тұрды. Ол ызылдап ұшып кетті. Жеңіл, еркін ұшып келеді.
Қараңыздар, қоңыз Дюймовочканы бақадан босатып алды. Қандай керемет, еңді бақа оны саз батпаққа өзінің ұйықтау мен тамақ ішуді ғана білетін жаман ұлына алып кетпейді.
Тыныс алу жаттығулары
Тыныс алу – бұл өмір. Осы бекітілген әділетті қағидаға өзгелер қарсылығын білдіре алмас. Шынында да, егер де адам организмі қатты тағамсыз – бірнеше ай, сусыз – бірнеше күн өмір сүрсе, ал ауасыз – бірнеше минут қана шыдай алады.Өмірге қажетті бұл тыныстау үрдісінің артықшылығы, осы арқылы адам баласының еркін түрде жетілуі, өз ағзасымен талай кереметтерді жасауы, аурулардан құтылуы, дені сау болып қалыптасуының ең басты қабілеттілігі болып табылады. Мұны ертеде үнді йогтері дәлелдеген, олар қарапайым адамдарға қарағанда, едәуір тыныстаусыз ұзақ жүре алады.
Тыныстау арқылы организмді қозу күйіне (Шығыс өнерінің күрестерінде жасалынатындай) және ең жоғарғы дем алуға (йогтар өз - өздерін клиникалық өлім күйіне кіру мүмкіндіктерін туғызуда) еңгізу мүмкіндігі бар.
Тыныс алу жаттығуларының көптеген түрлері бар. Қазіргі таңда ең танымал болып табылатыны: А.Н.Стрельникованың әдеттен тыс тыныс алуы, К.П. Бутейконың үстірт тыныс алуы, йог жүйесі бойынша сирек әрі терең тыныстауы, Фролова әдісі (Фролова тренажері)
Берілген жұмыстың мақсаты А.Н.Стрельникова және К.П.Бутейконың қолданатын әдіс – тәсілі бойынша тыныс алу жаттығуларын қарастыру болып табылады. Өйткені, тыныс алу жаттығуларының басқа түрлеріне қарағанда олар ең тиімді және қолайлы.
1. А.Н.Стрельникованың әдіс- тәсілі бойынша тыныс алу жаттығулары.
Тыныс алу мүшесінің қызметі 4 бөліктен тұрады: дем алу, сөйлеу, айқайлау және ән салу – ең күрделісі - ән – күй. Демек, күрделі қызметтерді атқаратын бұл жаттығулар әншінің даусын қалпына келтіріп қана қоймай, сонымен қатар тыныстауын қалыпқа келеді.
Стрельникова жаттығулары – дүние жүзінде біреу ғана, соның ішінде кеуде клеткасының қысылуы арқылы қозғалыспен жасалынатың мұрын арқылы демалатын, қысқа және күрт жаттығулар.Бұл жаттығулар арқылы барлық дене мүшелері белсенді түрде жұмыс атқара алады (қол, аяқ, бас, сан белдеуі, ішперде пресса, иық белдеуі және т.б.) және оттегі қажеттілігін жоғарылататын бүкіл ағзанының жалпы физиалогиялық серпілісін береді. Сонымен қатар, барлық жаттығулар қысқа әрі күрт мұрын арқылы дем алумен біркелкі орындалып (пассивті түрде демді сыртқа шығару арқылы), бұл ішкі тыныс алуды күшейтеді және оттегінің тінің сіңіруін жоғарыцлатады, сияқты сол мұрынының сілемейлі қабығының тітіркенуін, кеңейтілген аймақтың рецепторларын, мұрын қуысының рефлекторлық байланысын қамтамасыз етеді. Сондықтан осы тыныс алу жаттығулары өзінің кеңейтілген әсерін беріп, көптеген әр түрлі мүше және жүйке ауруларынан айығуға көмектеседі.
1.1 Жаттығулардың емдік ықпалы.
Стрельникованың тыныс алу жаттығуларын жүйелі түрде орындасақ (күніне екі рет – таңартең және кешке, бір сабақ барысында 1200 демалуыс қозғалысын жасау) онда, сөзсіз нәтиже болады.
Стрельникова жаттығулары адам ағзасына кешенді түрде әсерін тигізеді:
Зат алмасуында оң нәтижесін береді, қанмен қамтамасыз етуде соның ішінде өкпе тіні негізгі рөл атқарады,;
Орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылған жүйке регуляциясы сырқатының қалпына келу мүмкіндігін туғызады;
Бронхының дренаждық қызметін жақсартады;
Бұзылған мұрының тыныстауын қалпына келтіреді;
Бронхөкпе жүйесінде кейбір морфологиялық өзгерулерді жояды; (жабысқақ, қосылған процесс)
Қабынудың пайда болуын асқындырмау мүмкіндігін туғызады, қабынудың пайда болу орнын толтырады, өкпе тінінің бүріскен учаскелерін орнына келтіреді, қалыпты қан және лимфожабдықтауды қалыпқа келтіреді, жергілікті іркілу құбылыстарын жояды;
Жүрек – қан тамырларын жүйесінің бұзылған функцияларын қалпына келтіреді, қан айналым аппаратын нығайтады;
Кеуде клеткасы және омыртқаның әртүрлі қисаюларын орнына келтіреді;
Ауру адамның психикалық – жүйке күйін сауықтырады, оның тонусын, организмнің жалпы қарсылығын жоғарылатады
1.2 Жаттығулардың артықшылығы
1. Жаттығу барлық оралымдық жаттығулармен үйлеседі: жүріс, жүгіріс, негізгісі – жүзу.
2. Ауру бар жерде, жаттығулар сырқат арқылы бұзылған функцияларды қалпына келтіреді.
3. Тыныс алу жаттығулары – аурулардың ең күшті, алдын алу емі болып табылады.
4. Жаттығу организмге тұтастай оң әсерін тигізеді.
5. Жаттығулар барлық адамдарға қолайлы.
6. Жаттығуларды жасау үшін ерекше жағдайлар – арнайы киім (спорттық киім, аяқ киім және т.б.), орындар және т.т. қажет етілмейді.
7. Жоғары нәтиже. Бірінші сабақтан кейін өкпе көлемі неғұрлым ұлғаяды.
8. Кеуде клеткасы және тыныстау аппаратының бұлшық ет жүйесінің машықтануына жағымды әсерін тигізеді.
9. Жаттығу ересектер мен балаларға көрсетілген.
1.3 Орындау әдістемесі
1.3.1 Негізгі орындау ережелері
* Тек мұрын арқылы тыныстауды ойлаңыз, дем алуды ғана машықтаңыз. Дем алу – шулы, күрт және қысқа (алақанды шапалақтағандай).
* Дем шығару – ауыз арқылы әрбір дем алудан кейін өздігінен шығуы тиіс. Дем шығаруды тоқтатаып, ілгері бастырмаңыз. Дем алу – басым белсенді (мұрын арқылы), ал дем шығару – мүлде пассивті (ауыз арқылы)
* Дем - алу қозғалыс арқылы біркелкі жасалынады. Стрельниковтың тыныстау жаттығуларында қозғалыссыз дем алу болмайды. Ал дем алусыз – қозғалыс.
* Стрельников жаттығуларының барлық қозғалысты – дем алулар арқылы қарқынды ырғақпен сап қадамы арқылы жасалынады.
* Стрельникованың тыныстау жаттығуларында есеп мөлшері 8 дейін, дауыстамай, ойша санау керек.
* Жаттығуды тұрып, отырып, жатып жасауға болады.
1 ереже
«Күйік иіс шығады! Дабыл!» Тездетіп, бүкіл пәтерге шуылдап, ізді итше іздегендей, ауаны иіскеңіз. Ауаны көбірек алу үшін сол ауаны ішке тарту ең өрескел қате болып табылады. Дем алу – қысқа, егу сияқты, белсенді әрі табиғи болса, тіпті жақсы. Дем алу туралы ойлаңыз. Үрей сезімі белсенді дем алуды жақсартып, ұйымдастырады. Сондықтан, қысылмай, дөрекілікке дейін, ауаны жұтыңыз.
2 ереже
Демді сыртқа шығару – дем алудың нәтижесі. Оған көмектеспеңіз. «Күйік иіс шығады! Дабыл!» туралы ойлаңыз. Дем алу қозғалыс арқылы біркелкі жүргенін бақылаңыз. Демнің сыртқа шығуы өздігінен кетеді. Жаттығуларды жасаған кезде ауыз сәл ашық болуы тиіс.
Дем алу және қозғалысқа әуестеңіз, зерігіп, жалығып кетпеңіз. Балаша жабайы болып ойнасаңыз, бәрі де орындалады. Қозғалыс қысқа дем алуға қажетті күштеусіз – ақ керек көлем мен тереңдікті құрайды.
3 ереже
Дөңгелекке жел үрлегендей және өлең айтып, би билеген қалыпта тыныс луды қайталаймыз.
Қозғалыс пен тыныс ауды жаттықтыра отырып 2, 4 және 8-ге дейін санаңыз. 1 минутта 60-72 рет тыныс алу.
Тыныс алу тыныс шығарудан қаттырақ.
Сабақтың нормасы 1000-1200 тыныс алу, 2000 тыныс алуға болады. Тыныс алу үзілісі 1-3 секунд.
4 ереже
Барлық кешен 8 жаттығудан турады. Бастапқысы жаттығу. Түзу тұр. Қолдарыңды жаныңда ұста. Аяқтарың түзу. Тынысты қатты, бірақ қысқа алу керек. Ұялмаңыз.
Біздің жаттығуды түсіну үшін орнында тұрып адымдаңыз және бір уақытта әр адымдаған сайын тыныс алыңыз. Оңға-солға, оңға-солға тыныс алу - тыныс алу.
Жаттығуларды қайталаудан қашпаңыз, жеңіл жасалады.
Бутейко әдісі арқылы тыныс алу жаттығулары.
Бутейко әдісі- арнайы білім жүйесі, адамның тыныс алу қызметін, ішкі ағза резервтерін жақсартады, дәрісіз емделу негізінде ауруларды толығынан жояды. Өкпедегі көмірқышқыл газды шығарып адам ағзасына қажетті заттарды керек етеді. Тыныс алу жолдары ешқандай қасірітке әкеліп соқтырмайды.
Бутейко әдісінің негізгі анықтамалары.
Терең тыныс алу кезінде ағзадан көмірқышқыл газ СО 2 көбірек шығады, сондықтан да ағзада жара пайда болады. Осының нәтижесінде ағзада алмасу бұзылады, яғни тез дертке шалдығу, тұмау пайда болады.
Ағза көмірқышқыл газды шығарып дерттерді жою әрекетіне көшеді. Науқаста болатын аурулар, яғни мұрын қуысына дем бермеу т.б.
Аурулардың болуына жол бермейді. Қанша көбірек тыныс алсаңыз, ағзаға сонша аз көлемде газ, улы заттар барады.
Жаттығудың емдік шаралары.
Дәрігерлік тәжірибе бойынша Бутейко әдісі 80-85 % -ке тиімді болып табылады.
Бас қозғалысы.
1. «Бұрылу». Басыңызды оңға солға бұрыңыз, қалыпты жағдайда тез адымдаңыз.
Бір уақытта бұрылумен бірге мұрынмен тыныс алыңыз. Қысқа, шулы 96 тыныс алу. Ойлаңыз: «Оттың иісі шығып тұр!» Қайдан? Сол жақтан? Оң жақтан ? Ауаны иіскеңіз.
2. « Құлақтар». Біреуге бірдеңе айтқандай, басыңызды шайқаңыз «Ай-ай ұялмайсыз ба»? Ал денеңіз қозғалмау керек. Оң құлақ - оң иыққа қарайды, сол құлақ – сол иыққа. Иық қозғалмайды.
Әрбір шайқаған сайын – тыныс алу.
3. «Кіші тербеліс» Басыңызды алға – артқа, тыныс алып шұлғыңыз. Ойлаңыз: « Оттың иісі қайдан шығып тұр?» Астынан ? Үстінен ?
Негізгі қозғалыстар.
1. «Мысық». Аяқтың арасы – ашық. Торғайды аңдып отырған мысықты еске түсіріңіз. Соның қозғалысын қайталап отыра, аздап отырып оңға және солға қараңыз.
2. «Насос». Қолыңызға оралған газет немесе таяқ алып яғни насостың басы ретінде дөңгелектің желін босатқан тәрізді қимыл жасаңыз.
Әрбір иілген сайын- тыныс алу керек. Иілу бітсе – тыныс алу да бітеді. Көп уақыт тыныс алу қажет. «Насос» қозғалысы көп тұтығатын болған адамға өте тиімді.
3. «Иығыңды құшақта». Иықтың бойымен қолыңызды көтеріңіз. Шынтағыңызды бүгіңіз. Алақанды өзіңізге тартып кеудеге қойыңыз, мойыннан төмен тұру керек. Екі қол бір – біріне қарама – қарсы болу керек. Қолдарды жақындату керек. Қатты тыныс алып « иық ауаға көмектеседі» деп ойлаңыз.
4. «Үлкен тербеліс». Бұл қозғалыс қоспалы, яғни тербеліске ұқсайды. Алға қарай иілу, ал қолдарыңыз жерге тиеді, - тыныс алу, артқа – иілу – қолдарыңыз иықты құшақтайды – тыныс алу. Алға – артқа, тыныс – тыныс, тық – тық, тербелес сияқты.
5. Жартылай отыру. Бір аяқ алда, екіншісі – артта. Дене салмағы – аяқта, яғни жарысқа қатысатын адам тәрізді болу керек. Сол жаттығуды бірнеше рет тұрып, отырып жасау керек. Қозғалысты меңгеріп алып, қолдарыңызды тербеліске келтіріңіз.
.Түстер терапиясы
Мимикалық жаттығу
Ойынның мақсаты: Бет мимикасын және онымен адамның эмоцианалдық жағдайларын зерттеу.
Балаға беттің мимикасылық бұлшық еттерін арналған жаттығулар орындау ұсынылады:
1.Маңдайды әжімдеу,екі қасты көтеру (таңғалу).Бой жазу,маңдайды бір минут тегіс сақтау.
2.Екі қасты жақындату,түнеру (мен ызамын).
3.Бой жазу. Екі қасты толық әлсірету,көзді қалықтау (маған бәрі-бір, немқұрайлық).
4.Көзді кең ашу,ауызды ашу,екі жұдырықты қысу, дене мығым жағдайда (қорқыныш үрей).
5.Бой жазу.Көзді, маңдайды екі ұртты толық әлсірету (жалқаулық,ұйқы келді)
6.Мұрынды тыржиту (жеркену,жағымсыз иіс иіскеу) боз жазу.
7.Ерінді қысу,көзді сығырайту (менсінбеу).
8.Күлімсіреу,көзді қысып ашу (көтеріңкі көңіл-күй).
Түстердің емдік қасиеттері.
Қызғылт түс – еңбек ету қабілетін жақсартып, көңіл – күйді көтереді. Және де адамның жүйке жұмысын да желдете түседі.
Сары түс – ұйқысы қашып, жүйкесі тозған адамдарға жақсы әсер етеді. Адамның тәбетін ашып, ақыл – ойын дамытуға көмектеседі.
Жасыл түс – жүрегі ауратын, қан қысымы жоғары және де көзі нашар көретін адамдарға емдік қасиеті бар.
Көк түс – асқазаны ауратын адамдарға жақсы әсер етеді.
Көгілдір түсті – тері аурумен ауратындар кигені абзал.
Ақ түс – қорғаушы түс болып табылады. Зиянды энергиялардан сақтайды. Мидың қызметін жақсартады.
Қызғылт түс - өкпесі ауратын адамдарға оң әсер етеді.
Қара түс – көздің шаршағаның басады.
Сенсорлық даму дегеніміз - баланың қоршаған ортадағы заттармен құбылыстарды қабылдау және түсіну үрдістерін дамыту.
Барлық жарық дүниеге дайын сезім органдармен жаралады: оның көзі, құлағы, заттарды сипап сезу қасиетін ие, терісі және т.б.бар. Бұл қоршаған ортаны сезіп қабылдаудың алғы шарттары ғана. Сенсорлық даму толыққанды өту үшін бағытталған сенсорлық тәрбие қажет. Баланың бойында іс әрекеттерді қалыптастыру керек, яғни қалыптастыру, сипап сезу, тыңдау және сондай сияқты операцияларға бейімдеу. Бірақ затты тек қана қарау, сипап сезу, зерттеу аздық етеді. Қажетті - бір затта табылған қасиеттердің басқа заттың қасиеттеріне қатынасын ашу. Ол үшін балаға қасиеттерді салыстыратын өлшегіштер қажет.
Эталон деп аталатын жалпы өлшеуіштермен қабылдау нәжелерін салыстырады. Бұл геометриялық формалар, салмақ өлшемі, дыбыс өлшемі, түстер спектрі, ана тілінің дыбыстық жүйесі және т.б жүйелер. Барлық эталондарды бала игеруге тиіс.
Қабылдау үрдісінде ол көру, есту, қозғалу, сипап сезу үлгілерін жинақтайды. Бірақ, бала қабылдайтын заттардың қасиеттерін сөзбен белгілеу қажет, бұл баланың саласында әр бір затты толық бекітіп дамытады. Кейін заттардың қасиеттері және бейнесі балада сол затты атағанда толық еске алынады.
Балаға қылқалам мен түстерді сезідіртіңіз.
Үш жасар балаға арналған ерекше тапсырмалар ұсынуға болады.
«Терезеде жарық жақ». Ересек балаға қарындашпен үлкен терезелері бар үй салып, балаға терезені сары бояумен бояп, терезеден жарық жағу ұсынылады.
«Жолдағы іздер». Жол салып ересек балаға: «Осы жолмен адам өтті, ол қалдырған іздері салып көрейікші» дейді. Бала қылқаламмен іздерді бейнеледі.
«Күзгі жапырақтар» Бала қағазды қызыл,сары дақтармен толтырады.
«Шөптегі гүлдер» Бала жасыл түсті қағазды түрлі-түсті шағын дақтармен толтырады.
«Бұлттар» Бала көгілдір қағазды ірі ақ және сұр дақтармен толтырады.
«Салют» Бала қара қағазды түрлі-түсті дақтармен және жолақшалармен толтырады.
«Жұлдыздар» Бала қара қағазға қылқаламның ұшымен түрлі-түсті нүктелер салады.
«Отты жақ» Ересек бала қағаздың төменгі жағына бірнеше сызықтар сызады - бұл ағаштар.
Бала оларға бірнеше сары, қызыл сызықтар өткізеді.
«Терезеде жарық жақ» , «Күзгі жапырақтар», «Отты жақ» ойындарын пайдаланып, баланы ұсынылған бояу түстерінен қажетті түстерді таңдауға үйретуге болады. Өздерінің шығармашылық жұмыстарында балалар қағаздың барлық көлемін емес, тек бір бөлігін ғана пайдаланады. Уақыт өте сурет салу көлемі ұлғаяды. Нәтижесінде, балада басталған істі аяғына дейін жеткізу қажеттілігі пайда болады. Сәбилер алақанмен екі жарым жаста толық суреттейді. Егер сәби бармақты бояумен кірлеткісі келмесе, оған үрленген шарды бояуды ұсын, бұл оны барлық қорқыныштардан азат етеді.
Ал енді нақты шығармашылыққа көшеміз.
Түрлі-түсті саусақтар.
Құралдар: гуаш, қағаз, алжапқыш, білектеме.
Мақсаты: Түстерді түсіне білу сезімдерін дамыту.
Ойынның барысы: Алдымен контурлық сызықтарда суреттің сюжеті салынады, содан соң балалар бармақтарының көмегімен суреттің әр бір бөлігін жеке-жеке бояйды. Әрбір бөлімге жеке түс және жеке бармақ сай келеді.
«Жаңа сурет»
Құралдар: Түрлі-түсті қағаз, ескі газеттер, журналдар, иллюстрациялық безендірулер, желім.
Мақсаты: Қимылдардың нақтылығын дамыту,қол қимылдарын үйлестіру.
Сабақтың барысы: Бармақтардың көмегімен ескі журналдардан суреттер немесе, бейнелерді қиып алып, түсті фонда жаңа сюжет құрастырады.
«Көбелек»
Бала бірден екі қолмен екі дөңгелек салады, дөңгелекке көбелектің көздерін және екі қанатын жұртшалар бейнелейді.
«Бау-бақша»
Құралдар: Қағаздар, қарындаштар, түсті борлар, сурет элементтерінің түрлі бейнелері.
Барысы: Балаға қағаз немесе ватман үстінде гүлді бақ сюжетін толтыру ұсынылады. Ол үшін бала ағаштардың, гүлдердің, жануарлардың формаларын пайдаланады.
«Моншақтар»
Құралдар: Пинцет, түсті қағаз.
Қағазда ағаш немесе фанер тақтайшада бейнеленген сурет.
Мақсаты: Қимылдардың нақтылығын және үйлесімділігін реттеп, пинцетпен жұмыс істей білуге дағдыландыру.
Барысы: Суреттің эскизі бойынша балалар пинцетпен түсті моншақтарды алып, сурет құрастырады.
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
gimnastika_zhne_dsturli_emes.doc | 124 КБ |
Предварительный просмотр:

- Гимнастика.
(Күш жинау)
Балалар, тыңдаңыздаршы, біреу келе жатқанын естіп тұрсыңдар ма? Олар осында келе жатыр. Гүлдердің артына тығылайық (орындықтардың артына).
Бастарыңызды шығарыңыздар, оңға қараңыздар, біреу бар ма? Енді солға қараңыздар, ағаштардың үстіңгі қарай бұтақтарына, төмен жасыл желекке қараңыз. Тағы бір нәрсе сыбдырлады ма? Тығылыңыздар, мойыңдарыңызды ішке қарай тартыңыздар. Мойын ширығып жатыр. Тағы да бір рет қарайық, бұл кім екен? Өте қызық!
(Босаңсу)
Шығыңыздар, қорықпаңыздар, мұнда ешкім жоқ екен. Бұл жел ғой. Қандай тентек. Мойындарыңызды босатыңыздар, бастарыңызды алдымен бір иыққа, кейін екінші иыққа қарай бұрыңыздар. Мойын жіп сияқты, жеңіл. Шаршады.
(Секіру)
Ква-ква-ква. Бұл кім? Бұл секіріп жатқан - бақа. Қандай үлкен, толық, епсіз, аузы да доп сияқты. Біздің Дюймовочканы саз батпаққа алып кеткісі келеді. Бақа сияқты секіріңіздер! Бре-ке-ке. Бре-ке-ке. Серіппе сияқты секіреміз.
(Жылдам, жиі, бағытты өзгерту)
Біз секіріп болғанша, бақа кетіп қалды. Әне, әне ол. Оның артынан жүгірейік. Енді басқа жаққа кетіп қалды!
(Күш жинау)
Ал міне терезенің алды, оның үстінде Дюймовочка ұйықтайтын жаңғақ қабығы.Өздерің елестетіңдерші, Сіз Дюймовочка сияқты кішкентай болдыңыз, ол сияқты дәл сондай жаңғақ қабығының ішінде жатырсыз. Төсеніштің үстіне жатыңыз.Жаңғақтың іші сондай кішкентай тар - аяқ пен қолдарыңызды
бүгіп, алақандарыңызды бет жағыңыздың астына салыңыз. Қабықтың ішіне сыю үшін қысылып жатыңыз. Денеңізді мықтаңыз, серіппе тәрізді.
(Босаңсу)
Былай ұзақ жата алмайсыз, аяқ пен қолыңыз ісініп кетеді. Тартылыңыз, тағы бір рет, тағы. Ісінген қол, аяқ пен беліңізді жазыңыз. Тұрыңыздар ұйқыдан. Міне, бізден қашқан бақа да келіп қалды. Ол терезе алдына міңді де, Дюймовочка мен біздің жаңғақ қабығымызды шайқалта бастады.
(Байсалды)
Бесік сияқты қол ұстасып екі-екіден тұра қалыңыздар да, тербелеңіздер. Аяқтарыңыздың арасын ашып, мықтап тұрыңыздар. Бесік бірде ақырын, бірде жылдам шайқалады. Бұл аунап жатқан бақа.
(Айналу)
Бесік қатты тербетіліп кетті. Қол мен аяқты мықтап ұстаңыздар. Бір жаққа айналады, кейін екінші жаққа айналады.
(Қимылдау)
Терезе алдына бақаның артынан Дюймовочкаға мамыр қоңызы ұшып келді.
Ж-ж-ж. Ол қатты соғылып, аударылып кетті. Аяғын қозғалтып, тұра алмай жатыр.
(Жылдам, жиі)
Тез-тез, жиі қозғалады.
(Еркін жүру)
Міне, қоңыз аяғынан тік тұрды. Ол ызылдап ұшып кетті. Жеңіл, еркін ұшып келеді.
Қараңыздар, қоңыз Дюймовочканы бақадан босатып алды. Қандай керемет, еңді бақа оны саз батпаққа өзінің ұйықтау мен тамақ ішуді ғана білетін жаман ұлына алып кетпейді.
Тыныс алу жаттығулары
Тыныс алу – бұл өмір. Осы бекітілген әділетті қағидаға өзгелер қарсылығын білдіре алмас. Шынында да, егер де адам организмі қатты тағамсыз – бірнеше ай, сусыз – бірнеше күн өмір сүрсе, ал ауасыз – бірнеше минут қана шыдай алады.Өмірге қажетті бұл тыныстау үрдісінің артықшылығы, осы арқылы адам баласының еркін түрде жетілуі, өз ағзасымен талай кереметтерді жасауы, аурулардан құтылуы, дені сау болып қалыптасуының ең басты қабілеттілігі болып табылады. Мұны ертеде үнді йогтері дәлелдеген, олар қарапайым адамдарға қарағанда, едәуір тыныстаусыз ұзақ жүре алады.
Тыныстау арқылы организмді қозу күйіне (Шығыс өнерінің күрестерінде жасалынатындай) және ең жоғарғы дем алуға (йогтар өз - өздерін клиникалық өлім күйіне кіру мүмкіндіктерін туғызуда) еңгізу мүмкіндігі бар.
Тыныс алу жаттығуларының көптеген түрлері бар. Қазіргі таңда ең танымал болып табылатыны: А.Н.Стрельникованың әдеттен тыс тыныс алуы, К.П. Бутейконың үстірт тыныс алуы, йог жүйесі бойынша сирек әрі терең тыныстауы, Фролова әдісі (Фролова тренажері)
Берілген жұмыстың мақсаты А.Н.Стрельникова және К.П.Бутейконың қолданатын әдіс – тәсілі бойынша тыныс алу жаттығуларын қарастыру болып табылады. Өйткені, тыныс алу жаттығуларының басқа түрлеріне қарағанда олар ең тиімді және қолайлы.
- А.Н.Стрельникованың әдіс- тәсілі бойынша тыныс алу жаттығулары.
Тыныс алу мүшесінің қызметі 4 бөліктен тұрады: дем алу, сөйлеу, айқайлау және ән салу – ең күрделісі - ән – күй. Демек, күрделі қызметтерді атқаратын бұл жаттығулар әншінің даусын қалпына келтіріп қана қоймай, сонымен қатар тыныстауын қалыпқа келеді.
Стрельникова жаттығулары – дүние жүзінде біреу ғана, соның ішінде кеуде клеткасының қысылуы арқылы қозғалыспен жасалынатың мұрын арқылы демалатын, қысқа және күрт жаттығулар.Бұл жаттығулар арқылы барлық дене мүшелері белсенді түрде жұмыс атқара алады (қол, аяқ, бас, сан белдеуі, ішперде пресса, иық белдеуі және т.б.) және оттегі қажеттілігін жоғарылататын бүкіл ағзанының жалпы физиалогиялық серпілісін береді. Сонымен қатар, барлық жаттығулар қысқа әрі күрт мұрын арқылы дем алумен біркелкі орындалып (пассивті түрде демді сыртқа шығару арқылы), бұл ішкі тыныс алуды күшейтеді және оттегінің тінің сіңіруін жоғарыцлатады, сияқты сол мұрынының сілемейлі қабығының тітіркенуін, кеңейтілген аймақтың рецепторларын, мұрын қуысының рефлекторлық байланысын қамтамасыз етеді. Сондықтан осы тыныс алу жаттығулары өзінің кеңейтілген әсерін беріп, көптеген әр түрлі мүше және жүйке ауруларынан айығуға көмектеседі.
- Жаттығулардың емдік ықпалы.
Стрельникованың тыныс алу жаттығуларын жүйелі түрде орындасақ (күніне екі рет – таңартең және кешке, бір сабақ барысында 1200 демалуыс қозғалысын жасау) онда, сөзсіз нәтиже болады.
Стрельникова жаттығулары адам ағзасына кешенді түрде әсерін тигізеді:
- Зат алмасуында оң нәтижесін береді, қанмен қамтамасыз етуде соның ішінде өкпе тіні негізгі рөл атқарады,;
- Орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылған жүйке регуляциясы сырқатының қалпына келу мүмкіндігін туғызады;
- Бронхының дренаждық қызметін жақсартады;
- Бұзылған мұрының тыныстауын қалпына келтіреді;
- Бронхөкпе жүйесінде кейбір морфологиялық өзгерулерді жояды; (жабысқақ, қосылған процесс)
- Қабынудың пайда болуын асқындырмау мүмкіндігін туғызады, қабынудың пайда болу орнын толтырады, өкпе тінінің бүріскен учаскелерін орнына келтіреді, қалыпты қан және лимфожабдықтауды қалыпқа келтіреді, жергілікті іркілу құбылыстарын жояды;
- Жүрек – қан тамырларын жүйесінің бұзылған функцияларын қалпына келтіреді, қан айналым аппаратын нығайтады;
- Кеуде клеткасы және омыртқаның әртүрлі қисаюларын орнына келтіреді;
- Ауру адамның психикалық – жүйке күйін сауықтырады, оның тонусын, организмнің жалпы қарсылығын жоғарылатады
1.2 Жаттығулардың артықшылығы
1. Жаттығу барлық оралымдық жаттығулармен үйлеседі: жүріс, жүгіріс, негізгісі – жүзу.
2. Ауру бар жерде, жаттығулар сырқат арқылы бұзылған функцияларды қалпына келтіреді.
3. Тыныс алу жаттығулары – аурулардың ең күшті, алдын алу емі болып табылады.
4. Жаттығу организмге тұтастай оң әсерін тигізеді.
5. Жаттығулар барлық адамдарға қолайлы.
6. Жаттығуларды жасау үшін ерекше жағдайлар – арнайы киім (спорттық киім, аяқ киім және т.б.), орындар және т.т. қажет етілмейді.
7. Жоғары нәтиже. Бірінші сабақтан кейін өкпе көлемі неғұрлым ұлғаяды.
8. Кеуде клеткасы және тыныстау аппаратының бұлшық ет жүйесінің машықтануына жағымды әсерін тигізеді.
9. Жаттығу ересектер мен балаларға көрсетілген.
1.3 Орындау әдістемесі
1.3.1 Негізгі орындау ережелері
* Тек мұрын арқылы тыныстауды ойлаңыз, дем алуды ғана машықтаңыз. Дем алу – шулы, күрт және қысқа (алақанды шапалақтағандай).
* Дем шығару – ауыз арқылы әрбір дем алудан кейін өздігінен шығуы тиіс. Дем шығаруды тоқтатаып, ілгері бастырмаңыз. Дем алу – басым белсенді (мұрын арқылы), ал дем шығару – мүлде пассивті (ауыз арқылы)
* Дем - алу қозғалыс арқылы біркелкі жасалынады. Стрельниковтың тыныстау жаттығуларында қозғалыссыз дем алу болмайды. Ал дем алусыз – қозғалыс.
* Стрельников жаттығуларының барлық қозғалысты – дем алулар арқылы қарқынды ырғақпен сап қадамы арқылы жасалынады.
* Стрельникованың тыныстау жаттығуларында есеп мөлшері 8 дейін, дауыстамай, ойша санау керек.
* Жаттығуды тұрып, отырып, жатып жасауға болады.
1 ереже
«Күйік иіс шығады! Дабыл!» Тездетіп, бүкіл пәтерге шуылдап, ізді итше іздегендей, ауаны иіскеңіз. Ауаны көбірек алу үшін сол ауаны ішке тарту ең өрескел қате болып табылады. Дем алу – қысқа, егу сияқты, белсенді әрі табиғи болса, тіпті жақсы. Дем алу туралы ойлаңыз. Үрей сезімі белсенді дем алуды жақсартып, ұйымдастырады. Сондықтан, қысылмай, дөрекілікке дейін, ауаны жұтыңыз.
- ереже
Демді сыртқа шығару – дем алудың нәтижесі. Оған көмектеспеңіз. «Күйік иіс шығады! Дабыл!» туралы ойлаңыз. Дем алу қозғалыс арқылы біркелкі жүргенін бақылаңыз. Демнің сыртқа шығуы өздігінен кетеді. Жаттығуларды жасаған кезде ауыз сәл ашық болуы тиіс.
Дем алу және қозғалысқа әуестеңіз, зерігіп, жалығып кетпеңіз. Балаша жабайы болып ойнасаңыз, бәрі де орындалады. Қозғалыс қысқа дем алуға қажетті күштеусіз – ақ керек көлем мен тереңдікті құрайды.
- ереже
Дөңгелекке жел үрлегендей және өлең айтып, би билеген қалыпта тыныс луды қайталаймыз.
Қозғалыс пен тыныс ауды жаттықтыра отырып 2, 4 және 8-ге дейін санаңыз. 1 минутта 60-72 рет тыныс алу.
Тыныс алу тыныс шығарудан қаттырақ.
Сабақтың нормасы 1000-1200 тыныс алу, 2000 тыныс алуға болады. Тыныс алу үзілісі 1-3 секунд.
4 ереже
Барлық кешен 8 жаттығудан турады. Бастапқысы жаттығу. Түзу тұр. Қолдарыңды жаныңда ұста. Аяқтарың түзу. Тынысты қатты, бірақ қысқа алу керек. Ұялмаңыз.
Біздің жаттығуды түсіну үшін орнында тұрып адымдаңыз және бір уақытта әр адымдаған сайын тыныс алыңыз. Оңға-солға, оңға-солға тыныс алу - тыныс алу.
Жаттығуларды қайталаудан қашпаңыз, жеңіл жасалады.
Бутейко әдісі арқылы тыныс алу жаттығулары.
Бутейко әдісі- арнайы білім жүйесі, адамның тыныс алу қызметін, ішкі ағза резервтерін жақсартады, дәрісіз емделу негізінде ауруларды толығынан жояды. Өкпедегі көмірқышқыл газды шығарып адам ағзасына қажетті заттарды керек етеді. Тыныс алу жолдары ешқандай қасірітке әкеліп соқтырмайды.
Бутейко әдісінің негізгі анықтамалары.
Терең тыныс алу кезінде ағзадан көмірқышқыл газ СО 2 көбірек шығады, сондықтан да ағзада жара пайда болады. Осының нәтижесінде ағзада алмасу бұзылады, яғни тез дертке шалдығу, тұмау пайда болады.
Ағза көмірқышқыл газды шығарып дерттерді жою әрекетіне көшеді. Науқаста болатын аурулар, яғни мұрын қуысына дем бермеу т.б.
Аурулардың болуына жол бермейді. Қанша көбірек тыныс алсаңыз, ағзаға сонша аз көлемде газ, улы заттар барады.
Жаттығудың емдік шаралары.
Дәрігерлік тәжірибе бойынша Бутейко әдісі 80-85 % -ке тиімді болып табылады.
Бас қозғалысы.
- «Бұрылу». Басыңызды оңға солға бұрыңыз, қалыпты жағдайда тез адымдаңыз.
Бір уақытта бұрылумен бірге мұрынмен тыныс алыңыз. Қысқа, шулы 96 тыныс алу. Ойлаңыз: «Оттың иісі шығып тұр!» Қайдан? Сол жақтан? Оң жақтан ? Ауаны иіскеңіз.
- « Құлақтар». Біреуге бірдеңе айтқандай, басыңызды шайқаңыз «Ай-ай ұялмайсыз ба»? Ал денеңіз қозғалмау керек. Оң құлақ - оң иыққа қарайды, сол құлақ – сол иыққа. Иық қозғалмайды.
Әрбір шайқаған сайын – тыныс алу.
- «Кіші тербеліс» Басыңызды алға – артқа, тыныс алып шұлғыңыз. Ойлаңыз: « Оттың иісі қайдан шығып тұр?» Астынан ? Үстінен ?
Негізгі қозғалыстар.
1. «Мысық». Аяқтың арасы – ашық. Торғайды аңдып отырған мысықты еске түсіріңіз. Соның қозғалысын қайталап отыра, аздап отырып оңға және солға қараңыз.
2. «Насос». Қолыңызға оралған газет немесе таяқ алып яғни насостың басы ретінде дөңгелектің желін босатқан тәрізді қимыл жасаңыз.
Әрбір иілген сайын- тыныс алу керек. Иілу бітсе – тыныс алу да бітеді. Көп уақыт тыныс алу қажет. «Насос» қозғалысы көп тұтығатын болған адамға өте тиімді.
3. «Иығыңды құшақта». Иықтың бойымен қолыңызды көтеріңіз. Шынтағыңызды бүгіңіз. Алақанды өзіңізге тартып кеудеге қойыңыз, мойыннан төмен тұру керек. Екі қол бір – біріне қарама – қарсы болу керек. Қолдарды жақындату керек. Қатты тыныс алып « иық ауаға көмектеседі» деп ойлаңыз.
4. «Үлкен тербеліс». Бұл қозғалыс қоспалы, яғни тербеліске ұқсайды. Алға қарай иілу, ал қолдарыңыз жерге тиеді, - тыныс алу, артқа – иілу – қолдарыңыз иықты құшақтайды – тыныс алу. Алға – артқа, тыныс – тыныс, тық – тық, тербелес сияқты.
5. Жартылай отыру. Бір аяқ алда, екіншісі – артта. Дене салмағы – аяқта, яғни жарысқа қатысатын адам тәрізді болу керек. Сол жаттығуды бірнеше рет тұрып, отырып жасау керек. Қозғалысты меңгеріп алып, қолдарыңызды тербеліске келтіріңіз.
.Түстер терапиясы
Мимикалық жаттығу
Ойынның мақсаты: Бет мимикасын және онымен адамның эмоцианалдық жағдайларын зерттеу.
Балаға беттің мимикасылық бұлшық еттерін арналған жаттығулар орындау ұсынылады:
1.Маңдайды әжімдеу,екі қасты көтеру (таңғалу).Бой жазу,маңдайды бір минут тегіс сақтау.
2.Екі қасты жақындату,түнеру (мен ызамын).
3.Бой жазу. Екі қасты толық әлсірету,көзді қалықтау (маған бәрі-бір, немқұрайлық).
4.Көзді кең ашу,ауызды ашу,екі жұдырықты қысу, дене мығым жағдайда (қорқыныш үрей).
5.Бой жазу.Көзді, маңдайды екі ұртты толық әлсірету (жалқаулық,ұйқы келді)
6.Мұрынды тыржиту (жеркену,жағымсыз иіс иіскеу) боз жазу.
7.Ерінді қысу,көзді сығырайту (менсінбеу).
8.Күлімсіреу,көзді қысып ашу (көтеріңкі көңіл-күй).
Түстердің емдік қасиеттері.
Қызғылт түс – еңбек ету қабілетін жақсартып, көңіл – күйді көтереді. Және де адамның жүйке жұмысын да желдете түседі.
Сары түс – ұйқысы қашып, жүйкесі тозған адамдарға жақсы әсер етеді. Адамның тәбетін ашып, ақыл – ойын дамытуға көмектеседі.
Жасыл түс – жүрегі ауратын, қан қысымы жоғары және де көзі нашар көретін адамдарға емдік қасиеті бар.
Көк түс – асқазаны ауратын адамдарға жақсы әсер етеді.
Көгілдір түсті – тері аурумен ауратындар кигені абзал.
Ақ түс – қорғаушы түс болып табылады. Зиянды энергиялардан сақтайды. Мидың қызметін жақсартады.
Қызғылт түс - өкпесі ауратын адамдарға оң әсер етеді.
Қара түс – көздің шаршағаның басады.
Сенсорлық даму дегеніміз - баланың қоршаған ортадағы заттармен құбылыстарды қабылдау және түсіну үрдістерін дамыту.
Барлық жарық дүниеге дайын сезім органдармен жаралады: оның көзі, құлағы, заттарды сипап сезу қасиетін ие, терісі және т.б.бар. Бұл қоршаған ортаны сезіп қабылдаудың алғы шарттары ғана. Сенсорлық даму толыққанды өту үшін бағытталған сенсорлық тәрбие қажет. Баланың бойында іс әрекеттерді қалыптастыру керек, яғни қалыптастыру, сипап сезу, тыңдау және сондай сияқты операцияларға бейімдеу. Бірақ затты тек қана қарау, сипап сезу, зерттеу аздық етеді. Қажетті - бір затта табылған қасиеттердің басқа заттың қасиеттеріне қатынасын ашу. Ол үшін балаға қасиеттерді салыстыратын өлшегіштер қажет.
Эталон деп аталатын жалпы өлшеуіштермен қабылдау нәжелерін салыстырады. Бұл геометриялық формалар, салмақ өлшемі, дыбыс өлшемі, түстер спектрі, ана тілінің дыбыстық жүйесі және т.б жүйелер. Барлық эталондарды бала игеруге тиіс.
Қабылдау үрдісінде ол көру, есту, қозғалу, сипап сезу үлгілерін жинақтайды. Бірақ, бала қабылдайтын заттардың қасиеттерін сөзбен белгілеу қажет, бұл баланың саласында әр бір затты толық бекітіп дамытады. Кейін заттардың қасиеттері және бейнесі балада сол затты атағанда толық еске алынады.
Балаға қылқалам мен түстерді сезідіртіңіз.
Үш жасар балаға арналған ерекше тапсырмалар ұсынуға болады.
«Терезеде жарық жақ». Ересек балаға қарындашпен үлкен терезелері бар үй салып, балаға терезені сары бояумен бояп, терезеден жарық жағу ұсынылады.
«Жолдағы іздер». Жол салып ересек балаға: «Осы жолмен адам өтті, ол қалдырған іздері салып көрейікші» дейді. Бала қылқаламмен іздерді бейнеледі.
«Күзгі жапырақтар» Бала қағазды қызыл,сары дақтармен толтырады.
«Шөптегі гүлдер» Бала жасыл түсті қағазды түрлі-түсті шағын дақтармен толтырады.
«Бұлттар» Бала көгілдір қағазды ірі ақ және сұр дақтармен толтырады.
«Салют» Бала қара қағазды түрлі-түсті дақтармен және жолақшалармен толтырады.
«Жұлдыздар» Бала қара қағазға қылқаламның ұшымен түрлі-түсті нүктелер салады.
«Отты жақ» Ересек бала қағаздың төменгі жағына бірнеше сызықтар сызады - бұл ағаштар.
Бала оларға бірнеше сары, қызыл сызықтар өткізеді.
«Терезеде жарық жақ» , «Күзгі жапырақтар», «Отты жақ» ойындарын пайдаланып, баланы ұсынылған бояу түстерінен қажетті түстерді таңдауға үйретуге болады. Өздерінің шығармашылық жұмыстарында балалар қағаздың барлық көлемін емес, тек бір бөлігін ғана пайдаланады. Уақыт өте сурет салу көлемі ұлғаяды. Нәтижесінде, балада басталған істі аяғына дейін жеткізу қажеттілігі пайда болады. Сәбилер алақанмен екі жарым жаста толық суреттейді. Егер сәби бармақты бояумен кірлеткісі келмесе, оған үрленген шарды бояуды ұсын, бұл оны барлық қорқыныштардан азат етеді.
Ал енді нақты шығармашылыққа көшеміз.
Түрлі-түсті саусақтар.
Құралдар: гуаш, қағаз, алжапқыш, білектеме.
Мақсаты: Түстерді түсіне білу сезімдерін дамыту.
Ойынның барысы: Алдымен контурлық сызықтарда суреттің сюжеті салынады, содан соң балалар бармақтарының көмегімен суреттің әр бір бөлігін жеке-жеке бояйды. Әрбір бөлімге жеке түс және жеке бармақ сай келеді.
«Жаңа сурет»
Құралдар: Түрлі-түсті қағаз, ескі газеттер, журналдар, иллюстрациялық безендірулер, желім.
Мақсаты: Қимылдардың нақтылығын дамыту,қол қимылдарын үйлестіру.
Сабақтың барысы: Бармақтардың көмегімен ескі журналдардан суреттер немесе, бейнелерді қиып алып, түсті фонда жаңа сюжет құрастырады.
«Көбелек»
Бала бірден екі қолмен екі дөңгелек салады, дөңгелекке көбелектің көздерін және екі қанатын жұртшалар бейнелейді.
«Бау-бақша»
Құралдар: Қағаздар, қарындаштар, түсті борлар, сурет элементтерінің түрлі бейнелері.
Барысы: Балаға қағаз немесе ватман үстінде гүлді бақ сюжетін толтыру ұсынылады. Ол үшін бала ағаштардың, гүлдердің, жануарлардың формаларын пайдаланады.
«Моншақтар»
Құралдар: Пинцет, түсті қағаз.
Қағазда ағаш немесе фанер тақтайшада бейнеленген сурет.
Мақсаты: Қимылдардың нақтылығын және үйлесімділігін реттеп, пинцетпен жұмыс істей білуге дағдыландыру.
Барысы: Суреттің эскизі бойынша балалар пинцетпен түсті моншақтарды алып, сурет құрастырады.
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Бодрость ,грацию и пластику- дарит нам гимнастика.Сюжетный урок ритмической гимнастики с элементами художественной гимнастики
Игровой метод придает учебно-воспитательному процессу привлекательную форму, облегчает процесс запоминания и освоение упражнений.повышаетэмоциональный фонзаняий.способствует развитию мышления, воображ...
Планирование утренней гимнастики и гимнастики после дневного сна с элементами дыхательной гимнастики и самомассажа
Планирование для средней группы на первое полугодие....
Картотеки для 2 младшей группы на учебный год: прогулки, подвижные игры, утренняя гимнастика, гимнастика после сна, дыхательная гимнастика, физминутки
Картотеки для использования во 2 младшей группе на весь учебный год(карточки прогулок, утренняя гимнастика, гимнастика после сна, подвижные игры, дыхательная гимнастика, физминутки)...
«Пальчиковая гимнастика и игры,Дыхательная- гимнастика,Гимнастика для глаз»
laquo;Пальчиковая гимнастика и игры,Дыхательная- гимнастика,Гимнастика для глаз»...
Комплекс картотек пальчиковой гимнастики, артикуляционной гимнастики, дыхательной гимнастики для детей младшего дошкольного возраста (4 – 5 лет)
В комплекс входят картотеки: пальчиковая гимнастика, артикуляционная гимнастика, дыхательная гимнастика. для проведения здоровьясберегательных технологий....
Комплекс утренней гимнастики, гимнастики после сна, дыхательной гимнастики
Комплекс утренней гимнастики, гимнастики после сна, дыхательной гимнастики...
Картотека по здоровье сберегающим технологиям: комплекс утренней гимнастики, дыхательная гимнастика, пальчиковая гимнастика и картотека по сюжетно-ролевым играм для детей.
Закаливающие мероприятия Одним из основных направлений оздоровления детей является использование комплекса закаливающих мероприятий. Закаливание - это активный процесс, предста...