Шығармашылық есебі
материал на тему
Предварительный просмотр:
Шығармашылық есебі
Құқықтық сауаттылықты жетілдіру
Қазақстан Республикасындағы тіл туралы 1997 ж. 11 шілдедегі № 151 - І Қазақстан Республикасының Заңы
Тіл туралы заң жалпы 6 тараудан, 27 баптан тұрады. 1 тарау. Жалпы ережелер (1 - 7 баптар); 2 тарау. Тіл - мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар (8 - 15 баптар) мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында; 3 тарау. Тіл - білім беру, ғылым, мәдениет және (16 - 18 баптар) бұқаралық ақпарат құралдары саласында; 4 тарау. Тіл - елді мекен атауларында, жалқы есімдерде, (19 - 22 баптар) көрнекі ақпаратта; 5 тарау. Тілді құқықтық қорғау (23 - 26 баптар); 6 тарау. Тілді шетелдермен және халықаралық ұйымдармен (27 бап) қатынастарда пайдалану.
Тіл туралы заңның 1 тарауының 3 бабына тоқталсам деймін. Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңдары. Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан, тілдерді қолдануға және дамытуға қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тіл туралы заңдар Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Заңы Баланың құқықтарын қорғау туралы
Бала құқықтарын қорғау заңы 4 тарау, 33 баптан тұрады.
7 - бап. Баланың білім алуға құқықтарын қорғау.
Әрбір баланың білім алуға құқығы бар және оған тегін жалпы орта және бастауыш кәсіптік білім алуға кепілдік беріледі. Заң Қазақстан Республикасында қабылданған білім беру стандарттары шегінде баланың міндетті жалпы білім алу құқығына кепілдік береді.
Баланың жалпы білім беретін оқу орнына түсуі кезінде заңда көзделмеген шектеулерге жол берілмейді.
Арнайы педагогтік тәсілдерді қажет ететін, мүмкіндіктері шектеулі балаларға мемлекеттік бюджеттен олардың белгіленген стандарттар деңгейінде білім алуына кепілдік беретін қосымша қаражат бөлінеді.
8 - бап. Баланың денсаулығын сақтауға құқықтарын қорғау.
Мемлекет қолданыстағы заңдарға сәйкес балаларға медициналық көмектің тегін көлеміне кепілдік береді.
3 жасқа дейінгі балалар анасыз немесе отбасының өзге мүшесінсіз тек олардың келісімімен стационарлық медициналық мекемеге орналастырылады.
Хирургиялық операциялар, қан құю, диагностиканың күрделі әдістері балаға ата - аналарының, қорғаншылары мен қамқоршыларының келісімімен қолданылады.
Хирургиялық араласуды, қан құюды диагностикалық күрделі әдісті қолдануды кідірту аурудың өміріне қауіп төндіретін, ал көрсетілген адамдардың келісімін алу мүмкін болмаған жағдайларда, шешімді дәрігер немесе дәрігерлік комиссия қабылдайды.
Баланың өмірін құтқарып қалу үшін қажетті медициналық көмектен баланың ата - аналары немесе өзге де заңды өкілдері бас тартқан кезде, бала мүдделерін қорғау үшін медициналық ұйымның, сондай - ақ медицина қызметкерінің сотқа жүгінуге құқығы бар.
Бала құқығын қорғау заңымен танысып, 7 - 8 баптарға толықтай тоқталып өттім.
Кәсіби шеберлік және құзіреттілік
Стандартты білім үрдісіне енгізудегі маңыздылық
Балалар үшін жеке қабілеттерінің дамуы өмір сүрудегі маңызды әлеуметтік дағдылар.
Достық, сыйластық өздігінен жүмыс істей алу, шығармашылық тұлға, жауапкершілік, ашықтық құрбыларымен дұрыс қарым - қатынас.
Педагог үшін кәсіби шеберлік және құзіреттілік бала құқығы жайында білім, отбасы және қоғаммен тығыз байланыста жұмыс істеуге көмектеседі. Осы бағдарламаларды тиімді қолдану арқылы балалардың ерік - жігерінің қалыптасып өз бетінше ізденіп жеке тұлға ретінде дамуы үшін біздің тәрбиеші педагогтарымыз рухани тәрбиеге баса назар аударады. Инновациялық технологияларға бейімделіп баланың бойында шығармашылық ойлау танымдылық қызығушылығының қалыптастыру мақсатында ұжымдағы топ тәрбиешілері Махаббат Батырбекқызы, Әсел Кәменқызы, Елена Валерьевна, Арай Жұмабекқызы, Ольга Петровна т.б. әрбір ұйымдастырылған оқу іс - әркеті барысында жаңа технология элементтерін тиімді пайдалануда ашық есік ұйымдастырды. Тәрбиешілер жоспарлаған сабақтарын толығымен орындап мақсаттарына жете білді.
Жалпы мәдениеттілік деңгейін дамыту
Бос уақытымда теледидар көрем, онда қазіргі кезде мемлекетімізде болып жатқан өзгерістер, жаңалықтар, жолдауларды, сонымен қатар телесериалдарды сүйіп көремін. Сөзжұмбақтар шешкенді ұнатам, арасында мәдениет үйіне, қазақ - сазды драма театрына, орыс драма театрына да барып тұрам. Соңғы болған көрген спектаклім «Шойын әйел».