Қоршаған ортадағы тіршілік иелерінің сыры
календарно-тематическое планирование по окружающему миру (подготовительная группа) по теме
Айналадағы қоршаған орта туралы түсінік
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
korshagan_ortadagy_tirshilik_ieler_syry.docx | 73.02 КБ |
Предварительный просмотр:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ
ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚ
БЕКІТІЛДІ
Ақтөбе қаласы білім бөлімінің
2013 жылғы «___»__________
№_________бұйрығымен
БАҒДАРЛАМА
«Қоршаған ортадағы тіршілік иелерінің сыры»
Ақтөбе 2013 жыл
Жалпы орта білім беретін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартының негізі мен «Біз мектепке барамыз» бағдарламасына сүйене отырып, оқу жоспарының вариативті бөлігіндегі мектеп компонентінің талабы негізінде мектепалды даярлық тобына арнаулы курс бағдарламасы жасалды.
Құрастырған: №1 орта мектебінің тәрбиешісі А.С.Таласбаева.
№1 орта мектебінің әдістемелік кеңесі отырысында
(мектеп. Мектепке дейінгі ұйым, мектептен тыс мекеме атауы)
«Қоршаған ортадағы тіршілік иелерінің сыры» бағдарламасы
(курс атауы)
талқыланды
Хаттама № « » тамыз 2013 жыл
Мектеп директоры Муканова Ж.И.
(қолы) (аты-жөні)
Қалалық сараптау комиссиясының отырысында
«Қоршаған ортадағы тіршілік иелерінің сыры» бағдарламасы мақұлданды
Хаттама № ________ «______»_______________2013 жыл
Сараптау комиссиясы төрағасы_________ ________________________
(қолы) (аты-жөні)
Тақырыптық жоспар
№ | Тақырыбы | Сағат саны | Өткізілетін уақыты |
1 | Мектеп саябағына саяхат | 1 | Қыркүйек |
2 | Бақ-бақ гүлімен және оның қасиеттерін таныстыру | 1 | Қыркүйек |
3 | Раушан гүлі және оның қасиеттері | 1 | Қыркүйек |
4 | Бөлме гүлдері | 1 | Қазан |
5 | Туған өлкем | 1 | Қазан |
6 | Табиғат аясына серуен | 1 | Қазан |
7 | «Адам жермен не үшін дауласты» орыс халық ертегісі | 1 | Қазан |
8 | Жәндіктердің тіршілігі | 1 | Қараша |
9 | Күзгі табиғат | 1 | Қараша |
10 | Жасыл орман | 1 | Қараша |
11 | Үй жануарлары | 1 | Қараша |
12 | «Күнді қалай ояттық? ертегісі | 1 | Желтоқсан |
13 | Жабайы аңдар: қасқыр, түлкі, тиін | 1 | Желтоқсан |
14 | «Аңқау аю» орыс ертегісі | 1 | Желтоқсан |
15 | «Қоянның құлағы неге ұзын?» ертегісі | 1 | Қаңтар |
16 | Дала құстары | 1 | Қаңтар |
17 | Қыстайтын құстардың тіршілігі | 1 | Қаңтар |
18 | Жануарлармен құстар қалай қыстайды | 1 | Қаңтар |
19 | Күн, су, ауа – біздің жақсы достарымыз | 1 | Ақпан |
20 | Су – өмір нәрі | 1 | Ақпан |
21 | Су асты әлемі | 1 | Ақпан |
22 | Аквариум мекендеушілер | 1 | Наурыз |
23 | Су жануары – кит | 1 | Наурыз |
24 | Су астындағы жәндіктер | 1 | Наурыз |
25 | Су астындағы өсімдіктер | 1 | Наурыз |
26 | «Алтын балық» орыс халық ертегісі | 1 | Сәуір |
27 | Көрікті көктем | 1 | Сәуір |
28 | Көктем гүлдері | 1 | Сәуір |
29 | «Қызыл кітап» | 1 | Сәуір |
30 | Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген құстар (бүркіт, аққу) | 1 | Мамыр |
31 | Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген өсімдіктер (қызғалдақ, бақбақ, емен, терек) | 1 | Мамыр |
32 | «Қызыл кітапқа» енген жануарлар | 1 | Мамыр |
№1 орта мектебінің мектепалды
даярлық тобының тәрбиешісі
Таласбаева А.С.
«Қоршаған ортадағы тіршілік
иелерінің сыры» арнаулы курс
бағдарламасына
Пікір
Әлем кеңістігіндегі болып жатқан өзгермелі жағдайлар білім беру жүйесіне де өзіндік әсерін тигізіп отырғаны белгілі. Бүгінгі таңда білім беруу саласының алдында балаларда басты құзыреттіліктерінің қалыптасуы, яғни олардың шығармашылық қабілетін ұштау, өздігінен білім алу дағдысын, қоғамдық белсенділігін қалыптастыру, бойында тұтас дүниетанымды және қазіргі ғылыми дүниетанымды және қазіргі ғылыми дүниетанымды қалыптастыру міндеті тұр.
Бұл міндет егеменді еліміздің білім беру жүйесінің әлемдік деңгейге жетуі үшін де, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу үшін де маңызды. Жан-жақты дамыған, шығармашылық жеке тұлға қалыптастырудың алғашқы баспалдағы – мектеп. Бастауыш мектептің де басты міндеті өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өзіндік ойлауы бар оң шешім қабылдай алатын жеке тұлға қалыптастыру.
Оқу үрдесіне бала ақыл-ой әрекетіне еніп ойлау белсенділігін арттыра алады.
Осы көмекші құрал қоршаған ортаны тану үшін тиімді. Өйткені балалар табиғаттың тылсым сырларымен танысып, оны талдау арқылы ой-өрісі дамып, шығармашылық қабілеті артады.
ҚҒӘО әдіскері К. Рахатова
Кіріспе
Мектеп жасына дейінгі балалар негізінен табиғат пен қоршаған орта жайлы түсініктерін дамыту қажет.
Бұл бағдарлама балалардың, тәрбиешілердің, ата-аналардың бірігіп жұмыс жасауына септігін тигізеді.
Ойынның барлық түрлері пайдаланып, әр баланың жеке-қабілетін ескере отырып, танымдық қасиеттерін шыңдайды. Табиғаттың әдемі көріністері бейнеленген дидактикалық ойын түрлері; үлестірмелі құралдар, қимыл ойындарда қолданылатын түрлі бетперделер пайдаланылады.
Бағдарлама балалардың бастапқы құзіреттіліктерін қалыптастыруға ықпал етіп, танымдық, көркемдік-эстетикалық бағыттарын қамтиды. Бағдарламаның мазмұны кіріктірілген сабақтар жүйесі мен түрлі іс-ірекеттерді кіріктіру арқылы бала тұлғасын дамыту мен қалыптастыруға бағытталған.
Бұл бағдарлама 1 сағатқа құрастырылған.
Бұл бағдарламаның басты мақсаты:
- мектеп жасына дейінгі балада, табиғат – тіршілік көзі, оны қорғау, аялау, сақтау қажет екенін қалыптастыру.
Міндеті:
- табиғат жайлы түсінікті кеңейту;
- табиғат иелеріне қамқорлық көрсету, сақтау;
- адам өміріне табиғаттың сыйы көп екенін ұғындыру;
- «Қызыл кітап» туралы алғашқы түсінік беру
Балалар аталған арнаулы курс бағдарламасын аяқтау соңында білуі тиіс:
- «Қызыл кітап» деген не екендігін;
- табиғат туралы 8-9 тақпақ;
- тіршілік иелері туралы жұмбақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, тыйым сөздер;
- ертегі кейіпкерлерінен көрініс;
- әр түрлі іс-тәжірибелік жұмыстарды;
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Негізгі:
- Жалпы орта білім беретін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартының негізі
- «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы. 2011 жыл
Қосымша:
- «Отбасы және балабақша» журналы. 2010 жыл
- «Мектепалды даярлық» журналы. 7 бет №3 2009 жыл
- «Мектепке дейінгі білім» журналы. №4 2011 жыл
- «Сен білесің бе?» энциклодепиясы
- Ю.М.Картушина «Зеленый уголок здоровья» 12 бет 2010 жыл
- Т.Н.Гризик «Я познаю мир» 2009 жыл
- Көркем әдебиет (хрестоматия) «Алматы кітап» 2011 жыл
- С.С.Аяпбергенова «Әлемдегі қызықтар», «Қарлығаш» бағдарламасы
- Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы
«12 жылдық білім» 2010 жыл
- Ә.Алдабергенов «Алматы», «Ойнай біл, ойлай біл» 2009 жыл
- «Айгөлек» Республикалық балалар журналы №5 2010 жыл
«Қоршаған ортадағы тіршілік иелерінің сыры»
Тақырыбы | Мақсаты мен міндеттері | Тапсырмалар, әдістемелік нұсқаулар | Көрнекі құралдар | Сағат саны | |
1 | Мектеп саябағына саяхат |
|
«Жас ағаш айтады» (Ө.Төрежанов) Сындырма мені, Мен – жақсылық кені, Мен – денсаулық емі! Мен – еркелетем сені! Күтсеңдер, гүл ашам, Жолыңа нұр шашам! (Өлең жолдарының мағынасын түсіндіріп өту)
(сипаттама беру)
(мектеп саябағындағы ағаштар) Үеңкі, қарағай, қараағаш, итмұрын, дала қарақаты, шие, сирень. (үш табиғат сыйларының: күн, су, ауаның арқасында тіршілік ететіні жөнінде түсіндіру, олардың адамға деген пайдасын айтып өту.)
Ауа – дегенде ұшытындай қимыл көрсетеді. Су – дегенде суда малтып келе жатқандай. Күн – дегенде қолын белге қойып, бір аяғын көтеріп тұра қалады. | Суреттер Мектеп саябағындағы ағаштар Суреттер арқылы | 1 сағ |
2 | Бақбақ гүлі және оның қасиеттері | Бақбақ гүлі және оның пайдасы жайлы мағлұмат беру. Гүлдердің адам денсаулығына әсері туралы мәлімет беру. М.Әлімбаев «Бақбақ» өлеңін жаттау.
|
Бір өсімдік бар: бір көргенде сап-сары, бір көргенде аппақ, үрлесең ұшып кетеді. Бұл не? (Бақбақ)
Аппақ, аппақ бақбақтар, Тура киіз ақ үйлер. Төнеді кеп жан-жақтан, Тамашалап сәбилер.
жапсыру. (ұжымдық жұмыс)
Бақбақ бақта бар, Бақа да бақта бар | Түрлі-түсті қағаз, қайшы, желім, ақ қағаз | 1 сағ |
3 | Раушан гүлі және оның қасиеттері |
|
Адамдардың бәрі қызығады, Ұстай берсең сәні бұзылады. (Гүл)
(жұмсақ, нәзік, майда, барқыт, пайдалы, жұпар, әдемі т.б.)
Шаршағанда ырғалып, (тербеліп тұрады) Гүлге ұқсап демалам (отырады) Қанатымды бір қағып (құс боп ұшады) Гүлдей болып жайқалам (қолдарын жоғары көтереді).
| Раушан гүлінің суреті ТСО (магнитафон) Музыка арқылы Альбом, акварельный краскалар | |
4 | Бөлме гүлдері | Бөлме гүлдерімен таныстыру. Қазтамақ (герань) Сиягүл (фиалка) Шырмауық (традисканция) Бөлме гүлдерін күту ережелерімен таныстыру. С.Калиев «Үй гүлі» өлеңі. Гүлдері күтіп, баптауға тәрбиелеу. |
Мақсаты: гүлге айналуын ұсыну, әуенге сипаттама беру (көңілді, жай, тез т.б. және не туралы ойлағаны жайлы әңгімелеп беру.
Үйде тұрып өсетін, Әкеп гүлдің көшетін Топырақты салдым да, Отырғыздым қалбырға Суарғасын, өседі Бөлме біздің жайнайды.
(әліппе-дәптермен жұмыс) | Сиягүлінің суреті Дидактикалық ойынға әліппе дәптерлері, түрлі-түсті қарындаштар | 1 сағ |
5 | Табиғат аясына саяхат |
|
Мақсаты: Аспандағы бұлттарды түрлі заттарға ұқсатып айтады.
1, 2, 3 еменді (қайыңды, қарағаш т.б. тап) деген команда бойынша аталған ағашқа жүгіріп барып, оны құшақтайды. (бала ағашты қай ағаш екендігін білуі керек)
Қуаласпақ ойнаған!» балалар дөңгелене шеңберге тұрып, бастаушыны айнала өлең оқып, ән салады. Аяқталған соң жан-жаққа қашады, бастаушы оларды қуып жетіп ұстауы керек. Киім ұсталса, сол бастаушы болады.
Жылу берген Күнің үшін рахмет! Өсім берген Суың үшін рахмет! Тіршілік берген Жерің үшін рахмет! | Қ/ойынға орамал | 1 сағ |
6 | «Адам жермен не үшін дауласты?» орыс халық ертегісі | Табиғаттың адам өміріндегі маңызы туралы білім беру «Адам жермен не үшін дауласты» орыс халық ертегісімен таныстыру.
|
Автор, адам, күн, жер | Дидактикалық ойынға үлестірмелі материалдар Маскалар | 1 сағ |
7 | Жәндіктердің тіршілігі | Қоршаған әлемге қызығушылығын және оны толық қабылдауын қалыптастыру. Жәндіктердің күзгі тіршілігі туралы айту. Табиғат құбылысын эмоцияналды қабылдауын, қиялын, фантазиясын дамыту. Табиғатқа қамқорлыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. |
Ұшып жүрген гүл көрдім, Қонғанша ұстап үлгердім. (Көбелек) Титтей егесің, Қанын төгесің. (Маса)
(Балалар көбелек, шыбын, ара, маса, шегіртке болып билейді) (музыка арқылы)
Әуен ойнағанда шыбындар ызылдап ұша бастайды. Әуен тоқтағанда шыбындар қатып қалады, ал өрмекші қозғалған шыбындарды аңдып, ұстауға шығады.
| Жәндіктердің суреттері. Өрмекшінің маскасы. Акварельді бояу, ақ қағаз | 1 сағ |
8 | Күзгі табиғат |
|
Алтын, сары қызыл көк сан алуан жапырақ күзгі бақта күлімдеп көз тартады атырап.
«Жазда не ексең – күзде соны аласың!» «Береке басы – бірлікте»
Шарты: көкөністер бейнеленген суреттер үлестіріп беріледі. Әуен ырғағымен балалар билейді, айналады. Музыка тоқтағанда көкөністер бірігіп «салат» болып араласады.
(өз қалаулары бойынша)
| Себет, муляждар Суреттер үйлестіреді Акварельді бояу, ақ қағаз | 1 сағ |
9 | Туған өлкем | Туған өлке табиғаты туралы түсініктерін кеңейту, күнбағыс және оның пайдасы туралы айту. Сұрақтарға толық жауап беруге, өз ойын айта білуге үйрету.
|
Педагог үстіне әдемі жамылғы жамылып, орман флорасының періштесі болып кіреді. Балалар көздерін жұмып, табиғат туралы әуенді тыңдайды. Сендерге сиқырлы таяқшамды тигізсем, менің патшалығыма тап боласыңдар! Флора – өсімдіктер әлемі үш табиғат сыйы күн, су, ауа. (түсіндіру)
«Ауа» - дегенде ұшатындай қимыл көрсетеді, «Су» - суда малтып келе жатқандай; «Күн» - қолын белге қойып, бір аяғын көтеріп тұра қалады.
Таңертең де күнге қарап тұрасың, Түстедағы күнге қарап тұрасың, Кеш болса да күнге бетті бұрасың, Сонда өзің, айтшы, кім болып шығасың? Таптым-таптым, күнді баққан Үкі таққан Күнбағыс боп шығасың.
| Магнитофон Суреттер Күнбағыстың суреті Түрлі-түсті қағаз, желім, қайшы | 1 сағ |
10 | Жасыл орман |
|
(Флора періштесі балаларды өзінің патшалығына шақырып, орманды қонақтап қайтуларын айтады)
(өткен сабақтағы ойынды қайта ойнату)
Аппақ қайың, Қарағайың Сұлу терек, Жасыл желек Қосылыпты табысып, Кейде дауыл, гу де гу
Флора – өсімдіктер әлемі. | Музыка «Жасыл орман» бейнефильм Акварельді бояу, ақ қағаз | 1 сағ |
11 | Үй жануарлары | Үй жануарлары: мысық пен күшік жөнінде түсініктерін кеңейту, олардың тіршігімен таныстыру;
|
Ұрлап ішіп үйде сүтті қоймайды, Өз құйрығын өзі қуып ойнайды. (мысық) Лағымның құлағы, селтиіп тұрады, Қозы көрсе болғаны, оны тұра қуады. (күшік)
(ертегісін оқу, талдау)
І топ мысықты, ІІ топ күшікті | Мысықтың, күшіктің суреті Маскалар Маскалар
Ақ қағаз, қарандаш | 1 сағ |
12 | Күнді қалай ояттық? (ертегісі) | Үй жануарлары туралы түсініктерін жалғастыру. Ертегісімен таныстырып, есте сақтау қабілетін дамыту. Өзара көмекке, достыққа тәрбиелеу. |
Басында екі таяғы бар, Төрт аяғы бар. (сиыр) Кезекті бір жануар, Үстінде екі тауы бар. (түйе) Қамыс құлақ, тостаған түйяқ, Мінсен қанат, сүті дәрі еті тамақ. (жылқы) Кішкене ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. (қой) Жарға шығып ойнайды, ойынға бір тоймайды, Болса дағы сақалы, секеңдеуді қоймайды. (ешкі)
| Үй жануарларының суреттері Маскалар | 1 сағ |
13 | Жабайы аңдар (қасқыр, түлкі, тиін) | Жабайы аңдар туралы түсінік беруді жалғастыру.
|
(сиқырлы айналу) аңдардың қимылдарын әуен арқылы салу.
Бәрі менен қорқады, Тістерім менің қатты. (қасқыр) Қуы екен аңдардың, Бәрі сәтте алдандым. (түлкі) Ағаш басы мекені, бірақ, Құс дей алмайсың. Құстарға ұқсас екенін, мінезінен аңдайсың. (тиін)
Қасқырдың баласы – бөлтірік. Түлкінің баласы – жәутік.
Қасқыр – табиғат тазалықшысы. Себебі, ауру немесе әлсіз жануарлармен көректенеді, яғни табиғатты тазалайды. Түлкі – қазақтың ұлттық бас киімі. Тұмақ – түлкі терісінен жасалынады. | Қасқырдың суреті Түлкінің суреті Тиіннің суреті Үлестірмелі карточкалар | 1 сағ |
14 | «Аңқау аю» орыс ертегісі | Аю туралы түсінік беру және ертегісімен таныстыру. Олар – табиғаттың бір бөлігі екендігін ұғындыру. Есте сақтау қабілетін дамыту. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу. |
«Қыс бойы жатады, тәтті ұйқыға батады» (Аю)
Ол үй жануарлары үшін де, адам үшін де өте қауіпті. Аюдың баласы – қоншық.
Ормандағы аю, қоншық ұялардан бал іздеді, Орман ішін аралады, аралады. Тапты балды, тәтті балды. Аяқтарын көтеріп ап, Қуанғаннан билей берді. | Аюдың суреті Маскалар Қасқыр, аю, түлкі, кірпі | 1 сағ |
15 | Қоянның құлағы неге ұзын? Ертегі | Қоянның тіршілігімен және ертегісімен таныстыру. Аңдар – табиғат көркі екендігін ұғындыру. Есте сақтау қабілетін дамыту. Аңдарды қорғауға тәрбиелеу.. |
Далада жүр шапқылап, Керемет тым саққұлақ, Тек есектен басқа да, Оған ұқсар жоқ құлақ. (қоян)
Ертегісі (оқу, талдау)
Ұзын құлақ сұр қоян, естіп қалып сыбдырды, Ойлы-қырлы жерлермен, ытқып-ытқып жүгірді. Қарап еді артына, қиығын сап көзінің Келе жатыр томпаңдап, көжегі екен өзінің.
Қоян – шөпқоректі жануар екен. Қоянның денесі ұзын, иілгіш, қарғуға, секіруге икемді, құйрығы қысқа. Дыбысты өте жақсы сезеді. Қыста оның сұр жүнінің орнына қардай аппақ жүн өседі. Қоянды үйде де ұстауға болады.
| Маскалар Кірпі, түлкі, қасқыр, аю Акварелді бояу, ақ қағаз | 1 сағ |
16 | Дала құстары | Дала құстары туралы түсінік беру. Жылы жаққа ұшып кететін құстарға тән ерекшеліктерді ажырата білуге қабілетін дамыту. Құстарға қамқорлыққа көрсетуге тәрбиелеу. |
Көкке ұшады тізіліп, Біз қараймыз қызығып. (тырналар) Балалармен достасып. Жазда бақта қорғайды. Күзде кетер қоштасып, Кім біледі... (торғайды)
(Ж.Смақов) Шыр-шыр еткен торғайды, Қорғамасың болмайды. Кіп-кішкене торғайлар, Ағаштарды қорғайды. Таспен атып торғайды, Ұя бұзған оңбайды. Құс өкпелеп кетеді, Бақшамызға қонбайды.
Құстар – табиғаттың бір бөлшегі. Оларды қорғау керек. | Құстардың суреті Карточкалар Ақ қағаз, түрлі-түсті қарындашдар | 1 сағ |
17 | Қыстайтын құстардың тіршілігі | Қыстайтын құстардың тіршілігі туралы түсінік беру.
|
Біз әдепті баламыз, Жайнай берсін даламыз. Табиғатты сүйеміз, Қамқорлықпен қараймыз!
(сұрыптау) Балалар 4-5 –тен топқа бөлініп, жыл құстары мен құстарды сұрыптайды.
(балаларды 2 топқа бөліп 2 жемсалғыш дайындату)
Құс адамның досы. Оларды қорғау керек. | Суреттер Қорапша, жіп, желім, ине Маскалар | 1 сағ |
18 | Жануарлар мен құстар қалай қыстайды | Жануарлар мен құстардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін бекіту.
|
Аю өкірді; ақырады; қоян шыңғырады; қасқыр улиды; түлкі шәуілдейді; қарасақ шәңкілдейді т.б.
Педагог балаларға доп лақтырып жабайы аңның атын атайды. Балалар аңның баласын атап допты кері лақтырады. Ертегілер айту (қалаулары бойынша)
(қалаулары бойынша) | Конверттер Суреттер арқылы Доп арқылы Акварелді бояу, ақ қағаз | 1 сағ |
19 | Күн, су, ауа – біздің жақсы достарымыз |
|
Үлкен табақтан, әлемге нұр таратқан. (күн)
(доп арқылы ойнату)
Бір топ адам Елек өзенінің жағасына демалуға келеді. Шашылады, күнге қыздырынады, уақыттарын көңілді өткізіп кетіп қалады. Арттарынан өзен жағасына алманың, қарбыздың, конфеттің қабықтарын тастап кетті. Осылайша өзен жағасы қоқыс алаңына айналып кетті. Осындай жағдайларды болдырмас үшін не істеуге болады? (жауаптарын қорытындылап, ауа мен судың тазалығы, суды үнемдеу жөнінде айту.)
(доп арқылы)
| Суреттер Доп Үлкен доп Ватман қағаз | 1 сағ |
20 | Су – өмір нәрі | Су – тіршілік көзі екенін, пайдасы, оның маңызы, қасиеті туралы білімдерін кеңейту.
|
(күн, су, жаңбыр, бұлақ, өзен, қыр, шөп т.б.) бейнеленген суреттерді алып, бір-біріне тілек айтады. Мысалы: тау суретіне «Таудай биік бол», күн суретіне «Күндей жарқыра»
Су-мөлдір, ал, сүт мөлдір емес. Суға бояу қоысп, түсін өзгерту тәжірибе жүзінде көрсету. ІІ тәжірибе «Суда дәм жоқ» тәжірибе жүзінде суға қант немес тұз қосып, дәмін өзгертуге болады. ІІІ тәжірибе «Судың иісі жоқ» балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін байқайды.
Мөлдір су – табиғат сыйы, тіршілік көзі. | Үлестірмелі материал Қолшатыр, магнитофон Ыдыстар су, сүт құйылған; бояу Су ыдысымен, тұз, қант Ақ қағаз, акварелді бояу | 1 сағ |
21 | Су асты әлемі | Су асты әлемі туралы, балықтар туралы білімдерін тереңдету.
|
Суда өседі, өнеді, сыртқа шықса өледі. (балық) Күміспен апталған, теңгемен қапталған. (сазан)
Тәрбиеші басына теңіз патшалығының коронасын киіп, балаларды балыққа, теңіз жұлдызына, сегізаяққа, китке т.б. айналдырады. Әуен арқылы айналады тіршілік иелері билей бастайды. «Теңіз патшасы өте бай, оның қол астында мыңдаған түрлі балығы, жәндіктері бар екен. Су астындағы ғажайып әлемге барамыз ба?»
Сазандар – қамысты жерлерге жиылып жайылады. Олар өсімдіктермен, құрттармен қоректенеді. Өзен, көлдерде өмір сүреді. Мөңке – ұсағы да, ірісі де бар. Олар бір топ болып жүзеді, өте момын. Тістері жоқ болсада өсімдіктермен қоректенеді. Жайын – оның басы үлкен, көзі кішкентай, терісі жып-жылтыр. Бақа, шабақтар оның сүйікті асы.
Ақ балық – ау, ақ балық, үйрек балық, сақ балық Суды үнемдеп тазалап, балықтарды сақтайық. | Суреттер Магнитофон Плакат Корона | 1 сағ |
22 | Аквариум мекендеушілері |
|
(мұқият қарап, олардың әр-түрлі екенін көреді) Аквариумдегі балықтар – олар декоративтік балықтар негізі оларды жылы теңізден әкеліп өсіріп, күтіп аквариумге үйретеді. Күніне 1 рет тамақтандырады, ай сайын суын ауыстырып тұрады.
Екі қолдың ақанын беттестіріп, балықтың басын келтіріп, саусақтарды балықтың құйрығы ретінде қолданып ойынды бастайды. «Су асты патшалығы» деп есептеп, балықты оңға, солға, жоғары, төмен жеңіл иілдіре жүргізіп, бір бағытта жиналуын, жыртқыштардан жан-жаққа қашқанын көрсетеді.
Аквариумдағы балықтар – сәндік балықтар болып табылады. | Табиғат бұрышындағы аквариум Ақ қағаз, акварелді бояу Доп | 1 сағ |
23 | Су жануары – кит. | Су жануары – кит туралы мағлұмат беру.
|
Балалар әуенмен әрі-бері балықтар қимылын салып, жүзеді.
Киттермұхиттарда болады. Балықтар желбезектен дем алса, кит өкпемен дем алады. Киттер кішкентай балықпен, шаяндармен қоректенеді. Киттер баласын сүтпен қоректенеді. Киттер баласын сүтпен қоректендіреді. Киттердің екі түрі болады. Тісті киттер және мұртты киттер.
«Су» - балық, кит сияқты қалықтап ұшады. «Ауа» - құстар, ұшақ сияқты қалықтап ұшады.
| Сурет Магнитофон Ермексаз, тақтайша, салфетка, су | 1 сағ |
24 | Су астындағы жәндіктер | Су асты әлемі жайлы білімдерін кеңейту.
|
Сегізаяқ – ұсақ балықтармен, ұсақ бір клеткалық организмдермен қоректенеді. Теңіз жұлдыздары – түрлі-түсті, әдемі болып келеді. Олар ұсақ бір клеткалық организмдермен қоректенеді, жұту арқылы суды үнемі тазартып тұрады. Оларды судың фильтрі деп атайды.
І топ Сегізаяқты ұзынша төртбұрыш қағаздың бір жанындағы 2 бұрышы қиып тастап, ал екінші жағын шашақтап қию арқылы. ІІ топ Теңіз жұлдызын – қызыл түсті дөңгелек қағазды шетінен ортасымен қарай гүлдеп қию арқылы жасау.
| Теңіз толқынының шуылы. (әуен) Суреттер түрлі балықтар, тасбақа, киттер. DVD арқылы Түрлі-түсті қағаз, қайшы, желім, салфетка Доп арқылы | 1 сағ |
25 | Су астындағы өсімдіктер |
|
Балық болып жүземіз, Шынығамыз суда біз! Шынықсақ біз бәріміз, Шымыр болып өсеміз.
Аквариумдегі өсімдіктерге мұқият қарап, оларды әр түрлі екенін көреді. Су өсімдіктің бірін алып ыдысқа салып көрсету. Жапырақтары өте нәзік, сусыз өмір сүре алмайды, тез солып қалатындығын айту.
Ақ тұңғиық гүлінің жапырағы мен гүлі ұзын жіп тәрізді сабақта орналасқан. Бұл жіп сабағы өте нәзік. Ақ тұңғиық гүлі ауа-райы өзгерердің алдында суға жасырынады.
Ақ тұңғиық гүлін қандай болатындығын. | Табиғат бұрышы Аквариум бақылау Суреттер арқылы Ақ қағаз, түрлі-түсті қарындаштар |
|
26 | «Алтын балық» ертегісі |
|
Теңіз – жақсы, себебі ... Теңіз – жаман, себебі ... Күн – жақсы, себебі ... Күн – жаман, себебі ... От, балық т.б (білімдерін бекітуге байланысты)
Шал – мейірімді, қайырымды, айтқан сөзіне тұратын. Кемпір – тойымсыз, қатыгез, билікқұмар. Алтын балық – сұлу, мейірімді, ақылды, қайырымды.
| Доп арқылы Суреттер Маскалар, шал, кемпір, алтын балық, авторға Ақ қағаз, акварельді бояу | 1 сағ |
27 | Көрікті көктем |
|
Көгал қуып, гүл теріп, Қозы, лақтар ойнасын. Көктем туып көгеріп, Қызғалдақтар бойласын!
а) Торын құрып қояды, Шыбындарды жояды. (өрмекші) ә) Аузы жоқ, тісі бар Тыңдырар ісі бар. (ара) б) Өзі сондай нәзік, Су құйсаң кетеді Құлпырып өседі. (гүл)
Шарты: 1 бала – өрмекші, қалғандары шыбындар. Өрмекші ұйықтап жатқан кезде шыбындар ызылдап ұшып жүреді. Өрмекші оянған кезде, шыбындар қатып қалуы керек. Байқаусызда шыбындар қозғалып қалса өрмекші өзіне алып кетеді. | Өрмекші, ара, гүлдің суреттері Суреттер Өрмекшінің маскалары |
|
28 | Көктем гүлдері |
|
Көгал қуып, гүл теріп, Қозы, лақтар ойнасын. Көктем туып, көгеріп, Бәйшешектербайласын!
ә) бақша гүлдері – бақ-бақ б) дала гүлдері – бәйшешек, қызғалдақ.
Бақбақ, бәйшешек, жауқазын – дала гүлдері | Үлестірмелі қағаздар Плакат Бақ-бақ гүлінің суреті, бәйшешек гүлінің суреті Ватман қағазы, қайшы, желім. | 1 сағ |
29 29 | «Қызыл кітап» | «Қызыл кітап» туралы түсінік беру.
|
(ойыншыққа көңіл аудару, құрметтеу, жылы сөздерін айтқызу. Қонжық неге жалғыз қалды екен?) (өз ойларын айтады?)
Сирек кездесетін және жойылып қалатын аңдарды, құстардың, жәндіктерді, өсімдіктерді балықтарды айрықша қорғап алатын адамдар кітап ойлап тапты. Ол «Қызыл кітап» деп аталады.
«Қызыл кітапқа» еңген аңды аңшыдан қорғау үшін, балалар қолдарын мықтап ұстап, шеңбер құрады. Ақ қашады, ал аңшы қуып ұстап алуға тырысады.
| Қоншық ойыншығы Деректі фильм, суреттер, альбом Маска
Қызыл, картон, ақ қағаздар, ине, жіп, стеллер, желім, суреттер | 1 сағ |
30 | Қазақстанның «Қызыл кітаптына» енген құстар |
|
Бүркіт шаңқылдайды Қарға қаңқылдайды. Арыслан ақырады. Әтеш шақырады. Кірпі пысылдайды. Құрбақа құрылдайды. Шегіртке шырылдайды. Осылардың ішінен Балық қана үндемейді.
Шағала – теңіздің көркі, әдемі құстардың бірі, ұсақ шабақтармен қоректенеі. Аққу – киелі құс, үнемі жұптасып жүзеді, оларды атуға болмайды. Бүркіт – қыран құстардың ең алыбы – бүркіт. Қазақстанның барлық жерлерінде мекендейді. Бүркіт – түлкі, қоян, тасбақа, жыландарды аулайды. Үкі – түнде ғана көзі көреді, сол кезде өзінің қорегін іздеп табады. Үкінің ұсақ қанаттарынан домбыра, қыз баланың бас киімін тіл көзден сақтайды деп әдемілеп әшекелейді.
Шаңқ-шаңқ етіп шағала Шабақ ілер жағада.
Ұшты-ұшты шағала ұшты! Ұшты-ұшты дәптер ұшты. Осылай жалғасады. | Суреттер, альбом Үлестірмелі суреттер | 1 сағ |
31 | «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер |
|
(Ө.Төрежанов) Сындырма мені, Мен – жақсылық кеңі, Мен – денсаулық емі! Мен еркелетем сені. Күтсеңдер, гүл ашам! Жолыңа нұр шашам!
Ағаштар: аққайың, емен, арша, тобылғы. Гүлдер: бәйшешек, раушан, қалампыр, бақбақ, қызғалдақ.
Топтың «Қызыл кітабына» айтылған өсімдіктерді жапсыру. (ұжымдық жұмыс)
| Суреттер, альбом, плакат Суреттер, желім, қайшы Акварельді бояу, ақ қағаз | 1 сағ |
32 | Қызыл кітапқа енген жануарлар |
|
Құстың ұясын бұзба! Ағаштың бұтағын сындырма! Гүлді жұлма! Орманға от жағу – қауіпті! Заңсыз аңшылық жасауға болмайды!
«Қызыл кітапқа» енген аңды аңшыдан қорғау үшін, балалар қолдарын мықтап ұстап, шеңбер құрады. Аң қашады,, ал аңшы қуып ұстап алуға тырысады.
Біздің елімізде табиғатты қорғау үшін арнайы заңдар қабылданып, қорықтар ұйымдастырылып, азайып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер «Қызыл кітапқа» енгізілген. Табиғатты аялайық, қорғайық, көздің қарашығындай сақтайық! | Деректі фильм Аңның маскалары Суреттер, қайшы, желім |
|
33 | Білім еліне саяхат |
|
Күн үнемі жер бетіне сәулесін шашады. Күннің көзі бізге жылуын беріп көңілімізді көтереді. Өсімдіктер күн шуағыма шамыра өседі. Гүлдер гүлдейді, Ағаштар өседі. Құстар ән салады т.б.
«Қызыл кітапты ашайық, Соған қарап айтайық!» (Жан-жануарлар, жәндіктер, балықтар өсімдіктер әлемінен. «Қызыл кітапқа» енгізілген сирек кездесетін жануарлар, құстар, өсімдіктер, табиғатты қорғау ережелерін, әр түрлі ойындар, жұмбақтар, өлеңдер, ертегілер, жаңылтпаштарды айтқызу, ойнату)
«Әр қашан күн сөнбесін» | Деректі фильмдер, суреттер, альбом Түрлі-түсті борлар | 1 сағ |
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Памятка для родителей "Детские чайные напитки на основе растительного сырья"
Фитотерапия для детей...
Экскурсия - 1 Старшая группа 27.10.2014 год Тверская область Калининский район п.Орша Тема экскурсии: "Наша малая Родина!"
Фотоотчёт экскурсии 1 старшая группа Тема экскурсии: "Наша малая Родина!"...
Тәрбиеші: Камесхан Жайнагүл Қоршаған орта : «Тәуелсіз-Қазақстан»
Білім беру саласы:ҚатынасБілім бөлімі:Қоршаған ортаТақырыбы:«Тәуелсіз-Қазақстан»Мақсаты: Қазақ халқының тәуелсиздик жолындағы ерлік,күресімен ,қол жеткізген жетістіктерімен қысқаша таныстыру.Қаншама қ...
«Бугу делегейнин иелер хунунге» тураскааткан «Че-ве, авалар!»- деп, отумак болктун уругларнын болгаш иелер аразынга маргылдаалыг моорей
laquo;Бугу делегейнин иелер хунунге» тураскааткан «Че-ве, авалар!»- деп, отумак болктун уругларнын болгаш иелер аразынга маргылдаалыг моорей...
Иелер хунунге тураскааткан ажык көрүлде: « Ие кижи кезээ шагда мөңге дириг»
Иелер хунуге тураскааткан...
"Хуулгаазын бийир" болгумунун ада-иелер хуралы
Родительское собрание кружка "Волшебная кисточка"...
Автоматизация звука Ш. При желании дифференциация С-Ш. Парочки "Мышки". Ребёнок "снимает" кусок сыра с полки и даёт один из вариантов ответа. 1. Мышка и мишка. 2. У мышки мишка. 3. Мышка с мишкой. 4. За куском сыра мышка с мишкой.
Автоматизация звука Ш. При желании дифференциация С-Ш.Парочки "Мышки". Ребёнок "снимает" кусок сыра с полки и даёт один из вариантов ответа.1. Мышка и мишка.2. У мышки мишка.3. Мыш...