Баланың тілдік қызметін ұйымдастыруда ойынның маңызы
консультация на тему

Малдыбаева  Куралай Алтаевна

Ойын – мектепке дейінгі балалар үшін айналаны  танып, білу тәсілі. Ойын мен ойын әрекеті  мазмұнның әлеуметтік сипаты. Баланың қоғамда өмір сүретіндігімен байланысты.  

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл balanyn_tildik_kyzmetin_uyymdastyruda.docx15.76 КБ

Предварительный просмотр:

Баланың тілдік қызметін ұйымдастыруда

ойынның маңызы

     Ойын – мектепке дейінгі балалар үшін айналаны  танып, білу тәсілі. Ойын мен ойын әрекеті  мазмұнның әлеуметтік сипаты. Баланың қоғамда өмір сүретіндігімен байланысты.  Ойында үлкендердің қызметіне еліктеп, өзінің шамасы келмесе де, осындай қоршаған ортамен етене араласады.  Мектепке дейінгі балалық шақта адамның жеке тұлғалық қасиетінің негізі қаланады.    Ойын баланың жетекші іс-әрекеті. Ойынды тәрбиелеу және жамыту құралы ретінде қолданады. Ойын арқылы баланың білімі мен ұғымы айқындалып, тереңдей түседі. Ойын әдісі мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту барысында ерекше орын алады. Көрсету, түсіндіру, нұсқау беру, сұрақтар қою сияқты тәсілдермен ойын әрекетінің құрамдас бөліктерін үйлестіре отырып, пайдалануды көздейді.

   Ойынның түрлері: ұлттық ойындар, сюжеттік рөлдік ойындар, дидактикалық ойындар, сахналанған ойындар, қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, құрылыс ойындары.  Әсіресе дидактикалық ойындар мен түрлі материалдар арқылы жүргізілетін ойындар кеңінен пайдаланылады. Әрбір дені сау бала туылғаннан әр нәрсені зерттеп білуге, ізденушілік белсенділігі басым болады. Баланың ішкі сезімі әлемді түсіну, қоршаған ортаны танып білуді қалайды. Ал оған ойынның атқаратын рөлі өте зор. «баланы ойын өсіреді» деген даналық сөз тегін айтылмаса керек. Бала ойнап жүріп ойланады, ойын арқылы тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшелік, дәстүр жайлы таным түсінігі қалыптасады. Ұлттық ойындарды алатын болсақ, баланың тек дене бітіміне әсер етіп қана қоймай, ондағы санамақ, төрт шумақты өлеңдер, ой-өрісіне, тілінің дамуына мақсатты әсер етеді.  Баланың сөздік қорының дамуына дидактикалық ойынның  орны ерекше. Ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, тыңдай алады. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады.  Әр бала өз жетістігіне қуанады, сондықтан да ойын тапсырмаларды  таңдауда және іріктеуде балалардың жас ерекшелігімен жеке ерекшелігін ескерген жөн. Тәрбиеші балалармен ойынды (заттар, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуге болады. Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы  өтіледі. Мысалы: «Ғажайып қалта», «Дәл осындай тауып ал», «Салыстыр да атын ата», «Қай ағаштың жапырағы?», «Қайсысы көп?» т.б.

   Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысал: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Бір сөзбен ата»

Ал сөздік ойында сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйрету. Мысалы: «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Мақалды жалғастыр»

    Балалардың сөздік қорын дамыту ойындары, тапсырма жаттығуларды қодану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қорлары дамып, ауызша сөйлесу мағынасын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеті бойына сіңіреді. Бала ойын үстінде өмірде көрген білгеніне, өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктей отырып, соны бейнелей ойнайды. Бала ойын арқылы дүниені танып, түсінігі арқылы қабылдап, ересектерге еліктей жүріп үйренеді. Қай ғалымды алмайық өздерінің ойын туралы еңбектерінде «ойын балаланың жетекші әрекеті» екендігі, өйткені ойын баланы ақыл ойы жағынан да алға жетелеп дамытады, ойын өрбітіп, бойын өсіреді. Ежелгі гректерге «ойын» түсінігі балалардың қимылы деген ұғымды білдіреді, ал еврей халқында «ойын» сөзі қуаныш, шаттық сезімдерін сипаттайды.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Сценарий выпускного бала в младшей группе.

Это сценарий был разработан  специально для моих деток ( возраст 3-4 года). Праздник получился  интересным, насыщенным и очень трогательным....

Конспект музыкального занятия "На балу у золушки" для детей подготовительной к школе группы

Разнообразные и актуальные темы музыкальных занятий, затрагиваемые через сказки и проигрываемые через музыку, дают пищу для размышлений и осмысления детям.Музыка — воображение — фантазия —...

Сценарий осеннего бала в подготовительной группе доу

Интересный сценарий осеннего развлечения в подготовительной группе...

Гаиләдә баланы тәрбияләү Һәр сабый тумыштан килә торган үзенчәлекләргә ия, әмма аның нинди булып үсүе нигездә тәрбиягә бәйле. Баланың акыл үсеше, әхлакый сыйфатлары , тирә-юньдәгеләргә мөнәсәбәте, барысыннан да элек , гаиләдә формалаша.

Һәр сабый тумыштан килә торган үзенчәлекләргә ия, әмма аның нинди булып үсүе нигездә тәрбиягә бәйле. Баланың акыл үсеше, әхлакый сыйфатлары , тирә-юньдәгеләргә мөнәсәбәте, барысыннан да элек , г...

Сценарий Выпускного бала в подготовительной группе "Музыкальная Моль на Выпускном балу"

Сценарий утренника, предназначенный для Выпуска в школу, составлен с участием необычной гостьи (Музыкальная Моль), которая не хочет отпускать детей в школу, ссылаясь на то, что они очень музыкальные и...

Баловать или не баловать детей

Назаренко Наталья Дмитриевна...

Баловать или не баловать? вот в чем вопрос!

Консультация для родителей...