"Күз кереметі"

Байгенжина Айгуль Жумагалиевна

МКҚК  «№2 «Жұлдыз» балабақшасы»

«Күз кереметі»

«Қонжық» тобы

Өткізген тәрбиеші:Байгенжинаа А.Ж.

Көкшетау қаласы – 2014 жыл

    Балалар бір-бірінің артынан тізіліп, пойызға ұқсап, әдемі алуан түрлі күзгі жапырақтармен безендірілген залға  музыка сүйемелдеуімен кіреді де, орындықтарға отырады.

Жүргізуші:   

 -Жапырақтар ұшып жатыр, ұшып жатыр жан-жаққа-ай, Жерге қалқып түсіп жатыр, түсіп жатыр алақай! Балалар қараңдаршы күз келіпті, айнала толған жапырақтар, көз тартады, сондай әдемі. Кәне, барлығымыз «Күз, күз, кел, кел» әнін орындайықшы.

  (Балалар әуен ырғағымен жердегі жапырақтарды жинап жүргізушіге береді)

Жүргізуші: 

  -Балалар алаңқайда үйшік тұр. Мұнда кім тұрады екен? Қазір көріп келейін.

(Үйшікті қағады тук-тук)

  -Бұл үйшікте кім тұрады?

(Үйшіктің ар жағынан әтеш пен тауықтың дауыстары естіледі. Олар шығып балалармен амандасады.)

Жүргізуші:   

 -Балалар бұл Тауық бикеш пен Әтеш мырза ғой.Кәне, барлығымыз амандасайық.

Жүргізуші:

     -Сәлеметсіз бе, Тауық бикеш. Сәлеметсіз бе, Әтеш мырза. Бұл үйде сіздер тұрасыздар ма?

Әтеш:  

    -Иә, біз тұрамыз, қонақ келсе қуанамыз.Ку-ка-ре-ку.

Тауық:

-Әтеш екеуіміз қонақ келгенін ұнатамыз.ко-ко-ко.

Жүргізуші: 

   -Қонақта көңілсіз болуға болмайды ғой.Ендеше, біз де  көңіл көтеріп, ән айтып, ойын ойнайық.

Әтеш:

   -Ән айтуды өте жақсы көремін. Ку-ка-ре-ку.

Жүргізуші:

   -Олай болса әтешпен қосылып ән айтайық.

Ән: «Әтеш»

Жүргізуші:

   -Қандай жақсы ән, тамаша! Ал тауық бикеш сіз ән айта аламсыз ба?

Тауық:

   -Әрине міне, тыңдаңдар! Ко-ко-ко.

Жүргізуші:  

 -Балалар тауық әнді қалай айтады?Кәне, біз де тыңдайық

Тауық:   

  -Мен де балаларға ән айтқым келіп тұр.

Ән: «Ко-ко-ко балапаным»

Жүргізуші:

  -Балалар жерге көп жапырақтар түсіп кілем болып жатыр, оларды бір-бірден алып .  Балалар сіздерге көңіл көтеріп береді.

Тауық:

-Ой, қандай әдемі. Кәне, балалар жапырақтармен билейікші.

Би: «Күзгі жапырақтар»

Жүргізуші: Баладар жапырақтарды себетке салайық.  әтеш мырза мен тауық бикешке сыйлайық.

Тауық:  

  -Балалар сендер шаршадыңдар ма? Біз шаршадық, отырып дем алайық.

Жүргізуші: 

  -Сіздер дем алыңыздар, ал біздің бүлдіршіндер дайындаған тақпақтарын оқып берсін.

Тақпақтар

 

 (Тауық орамалмен көз жасын сүртеді.)

Жүргізуші: 

   -Тауық сізге не болды? Неге жылап отырсыз?

Тауық:    

  -Менің балапандарым алысқа ұшып кетті, анда-санда бір келеді. Оларды қатты сағындық.

(Әтеш пен тауық үйлерінің қасына барып көңілсіз отырады)

Жүргізуші: 

     -Балалар әтеш пен тауықты бір қуантып тастайықшы. Бәріміз балапан болып киініп алайық.

(балалардың бастарына сары шәпкелерді кигізеді)

Жүргізуші:

  -Дөңгеленіп, дөңгеленіп, балапанға айналамыз!

(Балалар тауық пен әтешке жақындап келеді, олар балаларды көріп таң қалады)

Тауық:

   -Мына сап-сары балапандар қайдан шықты? Жандарым менің!

Жүргізуші:

  - Бұл балапандар сіздерге қонаққа келді.

Әтеш:  

  - Келгендерің жақсы болды ғой, билейікші бәріміз!

Би: «Чип-чип, шөжелерім»

Әтеш:

   -Мен алтын айдарлы әтешпін. Қазір бәріңді үйіме кіргізіп алайын.  Ку-ка-ре-ку.

(Әтеш балапандарды үйіне кіргіземін деп қуады, балапандар қашады. Ойын екі рет ойналады)

Ойынның шарты: әтеш балаларды қуады балалар қашады.

Тауық:

   - Әй, әтеш балапандарды неге қуасың, олар емін-еркін ойнасын.

Әтеш:

  - Балапандарым  ренжімеңдерші , мен сендермен ойнап жатырмын.Тауық, бұлар балапан емес сияқты ғой!

Тауық: 

- Сонда бұлар кімдер?

Әтеш:   (Бір баланың шәпкесін шешіп алады)

-         Бұлар балалар ғой!

Жүргізуші: 

 - Тауық, әтеш сендер балапандарыңды сағынған соң, біз сендерді қуантайық дедік, солай ма, балалар?

Әтеш: 

 -Ку-ка-ре-ку. Рахмет сендерге!         (тауық үйге кіріп бір себет алма әкеп береді.)

Тауық:

  -Сендерді де қуантатын кез келді. Біздің бақшамызда алмалар пісті. Дәм татыңдар.  Үлкен болып өсіңдер, бізге тағы қонаққа келіңдер. Қуана қарсы аламыз!

Жүргізуші: 

- Рахмет сіздерге!  Ал, бізге балабақшаға бару керек. Балалар пойызға мініп жолға шығамыз. Сау болыңыздар!

(Тауық пен әтеш қол бұлғап қалады)