"Біздің балабақша жұлдыздары - 2014"

Байгенжина Айгуль Жумагалиевна

 

Балабақшамен қоштасу  сценариі «Біздің балабақша жұлдыздары - 2014»

Фонограманның жазылуы дыбысталады.

Армысыздар, құрметті көрермендер! «Жұлдыз» балабақшасында  «Біз бұл күнді күтіп жүрдік» атты  фильмнің танымдылық - көңіл  жадырататын   түсірілімі  аяқталды. Ал, бүгін сол фильмнің  тұсаукесері болады және  олардың түсірілім  тобымен кездесу болайын деп жатыр.

Керней әуенімен залға жүргізуші  - тәрбиешілер кіреді.

Жүргізуші

Біздің фильм -  ол – балалар!

Біздің фильм -  ол – бақыт!

Біздің фильм -  ол – жауын – шашында шығатын күннің нұры!

Бұл фильмді жылдар бойы құрастырдық,

Жеңістерге, қиыншылықтарға тап болдық,

Ал, енді біз қоштасуға келдік.

Жұдызшалар сахнаға шақырылады. Алға, балалар!

«Круто ты попал на ТV»

1.     Ең жалынды балалар – Исабеков Карим, Шайхмуратова Аружан

2.     Ең ептілер – Каиырбеков Данияр, Жүрсін Аружан.

3.     Ең сүйкімділер –Шарипов Алдияр, Билял Адия.

4.     Ең зейінділер – Маратов Альтаир, Жараспаева Алема

5.     Ең бишілер – Сансызбай Әбілмансұр, Тайжан Даяна

6.     Ең пысықтар – Ахтай  Нурдаулет, Макибай Әсем

7.     Нағыз споршылар - Кенжебай Алихан, Нұрлан Ақерке

8.     Ең еңбекқорлар – Ахтай Ердаулет, Темірхан Рано

9.     Ең музыкаға жақындар – Төлеген мадияр, Мурзатаева Нурила

10.                       Ең жауаптылар – Батырбек Әділ, Нұржанова Айнур

11.                       Балабақшаның кішкентай жұлдызы – Даулетбекова Аружан

Алихан:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Барлығы бірінші қатардағы соңғы қатарға  дейінгі

Сіздерді  біздің балабақша жұлдыздары қарсы алады!

Ақ көңілмен, кең жазықты жұлдызды із қалтырып,

Баршаңызға балалар жалын сәлемін жолдайды.

 

Хормен: Сәлеметсіздер ме!!!

 

Д. Аружан

Үйренеміз жақсы ән біз,

Үйренеміз биді де.

Біздің балабақшмыз,

Осындай шат үй, міне,

Еткен еңбек жемісі,

Аяқталды деп санаңыз,

Білім әлем көгіне,

Қанат қағып ұшамыз. 

Нурдаулет

Мектепке енді барамыз,

Оқимыз білім аламыз.

Қашықта болса арамыз,

Сіздерге келіп тұрамыз.   

Біздер алты жастамыз,

Сәбиліктен асқанбыз.

Мектеп енді шақырады,

Қош бол, балабақшамыз.  Акерке

 

Балалар ән орындайды «Балабақшаға барамыз»

Жүргізуші: Біздің балабақша – жұлдыздары. Әзірше жұлдыздар емес, жұлдызшалар.

Бізге ысылмаған  бала келеді,

Оқып, үйреніп, айқын дарын, ақылды  болып кетеді.

Ал, біз біртіндеп еңбек етіміз ,

 

Нағыз алтыннан жұлдыздарды шығарып жібереміз.

Әр бала – жұмбақ сияқты

Әрбір бала көтеріліп бара жатқан жұлдыздар

Біз сіздерді алыс сапарға шығарып саламыз,

Әрқашанда жұлдыздай жанып жарқыраңдар.

Би «Кішкентай жұлдызшалар»

Жүргізуші: Жақында ғана біздің қыздарымыз және ұлдарымыз   балабақшаға келген сияқты еді,олар сурет салуды,  жапсыруға, ән айтып, би билеуді үйренді.Бірақ уақыт деген қайсар болып өтеді, біздің түлектер мектептегі баспалдақтың бірінші сатысын аттайын деп отыр.

 

Карим Енді мен үлкен боламын,

Ананың тілін аламын,

Әжемнің барлық айтқанын,

Миыма құйып аламын.     

Алема,

Әліппеден әріп танып,

Алғаш рет оқимыз.

Тәрбиеден тәлім алып,

Санамызда тоқимыз. 

 Айнура Біз балауса баламыз,

Жетелеп ой – санамыз.

Бақшамызбен қоштасып,

Мектепке енді барамыз.

Бал күндерді қиялдап,

Сағына еске аламыз.   

Альтаир

Қош бол, Жұлдыз балабақшамыз,

Естен кетпес есімнен.

Қош бол, балабақшамыз,

Алғаш ашқан есігім.   

 

Жүргізуші: Алдында  хабарлама болып айтылған, бүгін біздің фильмнің тұсаукесері  болады деп. Бұл фильм бірнеше жыл бойы құрастырылған болатын. Режиссерлері, кейіпкерлер құрамы  бірнеше рет ауысты. Ал, қазір  сендер ең қызықты кадрларын  көре аласыздар.

Сонымен, бірінші кадр «Кішкентай жұлдызшалар» (шартылдақпен соғады)

Жылаған баланың дауысы  естіледі.

Жүргізуші: Балалар, естіп тұрсыңдар ма? Біз сендермен бірге бірнеше жылға бұрын  оралып көрейікші. Ол кезде сендер мүлде кішкентай  болдыңдар, естеріңде бар ма?

Сол кезде сендер қандай болғандарыңды көрейікші

Бейнекөрініс «Кішкентай жұлдызшалар» слайд

Жүргізуші: Міне, біздің балалар да өсіп қалды. Жаз өткеннен кейін, олар мектепке барады. Енді оларға кім қарайды? Біз газетке хабарландыру бермек болдық! «Балаларды жақсы көретін мейірімді, жақсы күтуші қажет»

Сонымен, екінші кадр «Үй азаптаушысы»

Залға қолында сілтеме таяғы, шаң тазалайтын щеткасы бар ересек адам келеді.

Бала күтуші: Сендерге бала күтуші керек пе?

Жүргізуші: Иә, газетке хабарландыруды біз бергенбіз.

Күтуші: Ендеше ол – менмін.Тек мен күтуші емеспін, үй басқарушысымын. Бұл не, сендердің пәтерлерің бе? Жақсы екен, маған ұнайды. Күйсандық та бар екен. Мен босуақыт болғанда әр түрлі симфонияны ойнағанды жақсы көремін.Мына балалардың бәрі сендердікі ме? Маған осылардың бәрін тәрбиелеу керек пе? Жарайды, ештеңе етпес, мен олармен жеке жұмыс жасаймын. Қане, балақай, тәтеңмен амандас ( бала үндемейді) Мүлдем жұмыс жасамаған, жарайды, дұрыстап аламыз. Жұмыс жасаймыз! (Ысқырықпен ысқырады)

Иә, осы балаларға  жақсы  тәрбие беру керек екенін көріп тұрмын.Қане тентек балалар, тезірек сапқа тұра қалыңдар, бәрін  ретке келтіреміз. Қазір бәріміз тіс тазалауға барамыз, сосын ұйқыға дайындаламыз.(ұлдар биге дайындалуға залдан шығып кетеді)

Күтуші: (қыздарға бұрылып қарайды) Ал, енді сендермен сөйлесейік. Қане, не істей аласыңдар! Еден жуу,  шаң сүрту, сорпа дайындау, шұлық жууды білесіңдер ме?

Адия: Аналарымызға біз көмектесеміз,

Бірақ би билеу, ән айтуды жақсы көреміз.

Күтуші: (Фонограмманың әуені естіледі немесе күтуші күйсандықтың алдына отырып, клавиштерді соғып, жалған ән айта бастайды)

Барлық қыздар құлақтарын  тығындап отырады.

Нурила:

Шыдамымыз таусылды,

Сіздің айқай әніңізге.

Дұрыс ән айтуды,

Көрсетейік біз сізге.

Ән «Мен ауылға барамын»

Би «Түскі ұйқы»

Бидің соңында  күтуші  шаршап, терін сүртіп,орындыққа отыра кетеді.

Күтуші. Бұл не қылған балалар! Бәрін біледі, би билейді, ән де айта алады.Оларды үйретуді қажеті жоқ деп, ойлаймын. Мен одан да кетемін, кітапханашы болып жұмыс істеймін, мен шаң сүртуді жақсы көремін ғой. (залдан шығып кетеді)

Жүргізуші: Біздің балалар өте жақсы, ақылды, және тәрбиелі, тек қана оларды жақсы көру керек.Ал, қазір демалып алайык.Менің сұрақтарыма жауап бересіңдер.Мектепке қажетті заттар болса «Иә»  деп , ал мектепке қажетсіз болса «жоқ» деп айту керек.

·        Портфельге дәптерді саламыз

·        Бізге шоколад керек

·        Сурет салуға альбом керек

·        Сіріңке жағуға керек.

·        Калькулятор санауға керек

·        Дәптер жазуға керек.

·        Қуыршақтың киімі

·        Фломастер мен бояу

·        Мүсіндеуге ермексаз керек.

·        Мысықты да мектепке алу керек

·        Пистолетті портфельге саламыз.

Жарайсыңдар, балалар! Мектепке жақсы дайындалыпсыңдар.

Енді ойынды әкелерімізбен ойнайық «Ботқаны кім тез жейді»

Үшінші кадр – «Әзілқой»

Біздің түлектеріміз күлкілі  шағын көріністі көрсетеді, соны тамашалаңыздар.

1.     Ана: Кім үстел басына отырғысы келеді?

Бала: Мен!

Ана: Кім варенье жегісі келеді?

Бала: Мен!

Ана: Ал, ыдысты кім жуады?

Бала: Енді Аружан жусынж.  Барлығын мен істеуім керек пе?

2.     Ана: Балам, мектепте сенің тәртібің қалай болды, ешнәрсе бүлдірген жоқсың ба?

Бала: Әрине, ешнәрсе бүлдірген жоқпын, өйткені мен күні бойы бұрышта тұрдым ғой.

3.     «Әбілмансұр мектепке бара жатыр» - шағын көрініс

Жүргізуші: Бүгін, міне, Әбілмансұр он рет оянды. Өйткені ол бүгін мектепке барады. Ол енді бірінші сынып оқушысы.

Ол мектепке бара жатыр,

Барлық халық таңқалып жатыр.

Ол жалғыз емес,  оның артынан адамдар еріп келе жатыр.

Көрейік, кімдер  бара жатыр?

Барлығы: Үлкендер де, балалар да қарайды  Әбілмансұрдың артынан поезд жылжып жатыр. Әбілмансұрдың соңынан қолында гүлшоғы бар анасы, одан кейін портфелін ұстаған әкесі, самса ұстаған әжесі, таяқ ұстаған атасы.

(Балалар өздері шағын көріс көрсетеді)

Жүргізуші: Әбілмансұр соңынан кім асығып бара жатыр?

Балалар: Ана, анасы

Жүргізуші: Әбілмансұрдың соңынан  тағы кім асығып бара жатыр?

Балалар: Әке, әкесі

Жүргізуші: Әбілмансұрдың соңынан  тағы кім ақсаңдап бара жатыр?

Балалар: Әжесі

Жүргізуші: Әбілмансұрдың соңынан  жөтеліп қуып жете алмай келе жатқан кім??

Балалар: Атасы

Жүргізуші: Айтыңыздаршы, Әбілмансұрға неге жабысып қалдыңыздар. Әбілмансұр паравоз ба, вагондарын тасып жүретін.

Анасы: Жейденің түймесін кім салады?

Балалар: Өзі!

Әкесі: Кім портфельді  алып жүреді.

Балалар: Өзі!

Әжесі: Тоқашқа  майды кім жағады?

Балалар: Өзі!

Атасы:Бәтеңкенің бауын кім байлайды?

Балалар: Өзі!

Анасы: Ол әлі кішкентай ғой!

Әкесі: Ол әлі әлсіз ғой!

Әжесі: Ол әлі нәзік қой!

Атасы: Ол өзі аурушаң ғой?

Анасы: Менің оқушы баламды аясаңдаршы.

Әкесі: Оған қамқор болу үшін, жұмыстан сұрандым.

Әжесі: Немерем жүдейтін болды, тоқаш берейін.

Атасы: Сабаққа кіруге бола ма, немеремнің бауын байлайын.

Жүргізуші: Бұл бос сөз, бұлай істеуге болмайды.

Біз сіздерден  Әбілмансұрді алып кетеміз. Әбілмансұр, сыныпқа  бара бер.

Кез келгенде ол барлық сұрақтарға  «Мен өзім» деп жауап береді.

Балалар, Әбілмансұр сияқты болмаңдар!

Ата – аналарға біздердің тілегіміз – мектепке бізді жіберіңіз.

Төртінші кадр –танымдылық!

Балалар, тұрыңдар, ағылшын сабағына бару керек.

Құрметті ата – аналар, балалар ағылшынша тақпақ айтып, ән айта алады.

Тақпақ Алдияр, Даяна

Ән ағылшынша «хикари дикари док»

Жүргізуші:

 

Менің  білгім келеді,

Кім санауды біледі?

Қызық сәттер болады,

Матеметикалық әзілдер басталады.

1.Ағаштағы төрт алмұрт,

Піскен екен, тимей құрт.

Самат алып екеуін,

Қалдырған екен нешеуін? «2»

2.Қазып жүр құмды бес мысық,

Үшеуі жатыр, күн ыстық.

Екеуі жүр шомылып,

Барлығы қанша , санап шық. «10»

3. Алты қонжық орманға,

Бара жатты қорбаңдап.

Бірі олардың шаршады,

Әрі қарай бармады.

Жауабын тез айт,

Қанша қонжық кетті алда.  «5»

 

Бесінші кадр «Ойындар»

Біздің балалар сабақта көп жаңа, қызықты нәрселерді үйренді, бірақ балаларға көңілді ойындар ұнайды. Ендеше ойнайық.

Ойын «Қандай бағаға  оқисың?»

Ойын «5» санын түрлі заттардан құрастыр (лентадан, гүлден, таяқшалардан)

Ойын «Портфельді кім жинайды?»

Жүргізуші:

Алтыншы кадр «Күтпеген кездесулер» Залға апа кіреді. Ол өзінің  жалқау немересін сүйреп келе жатады.

Бала: (қолында чупа - чупс) Бармаймын. Мен мектепке бармаймын!

Жүргізуші: Бұл кім бізге келген? Сен кімсің?

Бала: Мен әжемнің немересімін. Ал, мынау менің әжем.

Әже: Сен менің немеремсің, сен енді үлкенсің, сен енді мектепке барасың.

Бала: Оқығым келмейді.  Еңбектеніп, ештеңе істегім келмейді. Мен кеттім, қыдырғым келеді.

Әже: Балаларға қарашы, мектепке барғылары келеді. Ал, сен болсаң, қыдырасың. Бір мезгіл кітап оқысаң, қайтеді.

Бала: Кітапты алғым да келмейді. Мен оқуды да білмеймін.

Әже: Ендеше қолыңа бояуды алып, ертегідегі  суреттерді сал.

Бала:Қолымды былғап қайтейін, бояуды алмаймын, сурет те салмаймын.

Әже: Сурет салғың келмесе, ендеше  ән айтып, би билерсің, балабақшада неге үйрендің?

Бала: Істегім де келмейді, қаламаймын ешнәрсені.

Әже: Әне, балалар мектепке жиналды ғой

Бала: Солар ғана барсын.

Жүргізуші: Ал біз еңбектенеміз және көңіл көтереміз.

Жүргізуші:  Біздің балалар сурет салуды өте жақсы көреді. Бояумен де, бормен де  сурет салады.

Ән «Мен жолға сурет саламын»

Әже: Немерем, қарашы. Балалардың барлығы ән айтып, би билейді. Мектепте оқитын болады.  Тек қана «4» пен «5» ке оқитын болады.

Бала: Иә, жақсы балалар екен.Маған олар ұнады.Менің де олармен барғым келеді.Мектепке де көңілденіп барғым келер.

Әже: «Мектепке барамын» - деді менің немерем,

Қандай ғажап,  сиқырлы ем.

Енді уайымдамай, ұйықтай аламын,

Сендерге рахмет  айта аламын. (екеуі залдан шығып кетеді)

Ән «Әже жүрші мектепке»

Әннен кейін залға қыз жүгіріп келеді, ол қоңырау соғады.

 

     Әрқашан көңілді қонырау соғылсын,

Әрқашан сабаққа шақырсын,

Сәлеметсің бе мектеп.

Есігінді үлкен қып аш,

Гүлменен және дауысынмен.

Қарсы ал бізді мектепке. Д. Аружан:   

Бәрімізді қонырау шақырады,

Қоштасатын кез келді.

Ах, менің достарым,

Бақшаммен қоштасқым келмиді. Адия:

 

 

Жүргізуші: Ал, балабақшамен қоштасу кеші басталды.

Балаларды мектепке  жібіреміз,

Мың бұралып, қуанып,

Соңғы қоштасу  вальсті билейміз

Жүргізуші: Міне, біздің фильміміз аяқталды. Біз сіздерге қызықты кезеңдерін көрсете алдық. Ал бірінші қыркүйектен бастап жаңа фильмді түсіруге болады. Біздің тілегіміз сіздерге, басқа фильмнің соңында сендер осындай бақытты, мейірімді, сүйкімді болып жүріңдер. Ал қазір сіздердің назарларыңызға  біздің фильмнің құрастырушыларымен таныстырамыз:

Бас  продюсері балабақшаның меңгерушісі.- Мадияр

Продюсер көмекшілері: балабақшаның әдіскерлері - Адия

Сценарийдің авторы және режиссеры: тәрбиеші – Ш. Аружан

Ән «Тәрбиеші»

Режиссердің көмекшісі – тәрбиешінің көмекшісі - Рано

Музыкалық көркемдеушілері: музыкалық жетекшісі және би жетекшісі –

Көңіл күйді аулайды,

Аспаптарда ойнайды,

Әсем әндер салады.

Ән салады, билейді

Светлана Юрьевна

Гүлнар Мұташқызына мың алғыс!  Әбілмансұр

Айлалы іс – әрекеттерге үйреткен: дене шынықтыру нұсқаушысы

Артистеріміздің денсаулығын бақылап жүрген медбикелер

Біздің тамаша аспазшылар

Көркем бейімдеуші: бейнелеу өнерінің мұғалімі.

Осы жобаның демеушілері : құрметті ата – аналар.

Тақпақтар: Нурила, Данияр, Ж. Аружан, Әсем, Ердаулет, Даяна, Аділ

 

Қиынсынып қашпаймыз,

Шынығамыз жастай біз.

Көңілді әуен сазымен,

Жаттығуды бастаймыз.

Надежда Ивановна қарайды,

Күшімізді сынайды. Данияр      

 Есеп-қисап жүргізіп,

Бақшаға кіріс кіргізген.

Тәтелеріміз Жанат Ситмашқызы

Лила Ақылбайқызына

Біз айтамыз алғыс.       Ердаулет,             

 

Ал енді бүгінгі мерекеміздің ең салтанатты кезеңі болып қалды.Қымбатты балалар, біздің балабақшаның атынан естелік ретінде сендерге бірінші дипломдарды сыйлаймыз.

Құттықтау сөзі балабақша меңгерушісі Людмила Юрьевнаға беріледі.

Дипломдары мен сыйлықтарын тарату.Ата – аналар алғыс сөздерін білдіреді.

Ата – аналар балалармен бірге далаға шығып, өздерінің тілектерін айтып, гель шарларын көгершіндермен бірге аспанға ұшырады.