Қорытынды аралас сабақ

Байгенжина Айгуль Жумагалиевна

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

                                                  (2 –ші сәбилер «Қонжық» тобы )

Күні:  23.04.2015 жыл

Білім беру саласы:  «Қатынас», «Әлеуметтік орта» «Шығармашылық» 

Бөлімдер:  «Тіл дамыту», «Көркем әдебиет», «Жапсыру»

Тақырыбы: «Ертегі еліне саяхат» 

Мақсаты:

Білімділігі: Ерегідегі кейіпкерлерді атай білу, кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйретуді жалғастыру.

Дамытушылығы: Балалардың қойылған сұрақтарғадұрыс жауап беріп сөздік қорларын дамытып, тіл байлықтарын молайту, байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау, шығармашылық  қабілеттерін дамыту. 

Тәрбиелігі: Балалардың ертегіге деген қызығушылықтарын артыру. Достық пен жанашырлыққа тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер: Саяхаттау,сұрақ-жауап, сергіту сәті, жапсыру, қорытынды.                                                      Алдын ала атқарған жұмыс: Ертегілерді қайталау.

Сабақтың түрі: Саяхат

Қостілділік компонет: саяхат,

Көрнекіліктер: «Шалқан» ертегісінің суреттері, үйшік, слайд, ағаш, себет, үй жануарларының суреттері,  ақ қағаз, түрлі –түсті геометриялық пішіндер, желім.

 

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

 

Мотивациялық

қозғаушылық

 

 

    Шаттық шеңбер.

Балалар  бүгін бізде өзгеше сабақ, бізге көптеген қонақтар келіп отыр, олай болса қонақтарымызбен амандасып алайық. Сәлеметсіздер ме!

Қуанамын мен де,

Қуанасын сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге

Балалар шаттық шеңбер

жасайды.

Бір-біріне қуанады,

құшақтасады

 

 

 

Ұйымдастыру

іздестіру

 

 

 

 

 

 

 

 Балалар бүгін таңертең біздің тобымыздың есігіне біреу мына хатты қыстырып кетіпті. Мен сол хатты сендерге оқып берейін. Сендер мұхият тыңдаңдар.

«Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен бауырсақ ертегісіндегі әжеймін. Мен бауырсағымды суысын деп терезеге қойсам ол қашып кетіпті,қайдан табарымды білмеймін. Бауырсақты табуға көмектесіңдерші».

Балалар әжейге көмектесеміз ба?

Балалар біз енді бауырсақты қайдан іздейміз?

Дұрыс айтасыңдар! Олай болса,   біз сиқырлы ұшаққа отырып барлығымыз ертегілер еліне саяхатқа барайық. Қане, бәріміз ұшаққа мініп. 

Балалар «Ұшақпен»  жүреді.

I-ші аялдама «Шалқан» ертегі еліне  келдік. 

Фланеграф тақтада шалқанның суреті ілініп тұрады.

Балалар мынау ненің суреті?

Біз қандай ертегінің еліне келдік?

Шалқан ертегісін есімізге түсірейікші.

- Бірінші шалқанды кім көрді?

- Ата көмекке кімді шақырды?

- Әже кімді шақырды?

- Немере қызы нені шақырды?

- Күшік нені шақырды?

- Мысық нені шақырды?

Сөйтіп барлығы жабылып жүріп шалқанды тартып алды.

Балалар сендер мұнда бауырсақты көріп тұрсыңдар ма?

Олай болса ұшағымызға мініп саяқатымызды жалғастырайық.            

  II аялдама. «Қасқыр мен жеті лақ» ертегі еліне келдік.

Алдымыздан  ешкі шығады.

Ешкі: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Сендер мұнда қайдан жүрсіңдер?

Ешкі сен бауырсақты көрген жоқсың ба?

Ешкі: Сендер маған айтыңдаршы мен қандай ертегіденмін?

Ия, дұрыс айтасыңдар! Мен сендерге көмектесейін, бірақ сендер

менің жұмбақтарымды шешеңдер мен сендерге жол көрсетемін.

Жұмбақтар. 

Көкке шаншып құйығын,

Келеді шауып жүйрігім?  

 

Кішкене ғана бойы бар

Айналдырып киген тоны бар.

 

 Кезекті бір жануар

Үстінде екі тауы ба

 

Көзін жұмады,

Көзін ашады.

Сыбысын білдірмей,

Ақырын басады.

 

Адамға серік,

Күзетке берік.

Ешкі:Жарайсыңдар балалар! Сендер менің жұмбағымның барлығын таптыңдар, бірақ сендер ұзақ жолдан шаршап қалған сияқтысыңдар кәне менімен бірге ойнап сергіп алыңдар.

Сергіту сәті

Аңдардың қимыл-қозғалыстарын көрсетеді.

Сергіту сәтінен кейін  жолды көрсетеді? 
Балалар тағы да пойызбен келесі аялдамаға барады. 

  III аялдама.  «Үйшік» ертегі еліне келдік.

Балалар біз қандай ертегі еліне келіп жеттік?

Дұрыс айтасыңдар! Мұнда жылап отырған не?
 Аю, сен неге жылап отырсың, саған не болды? 
- Қалай мен жыламаймын, мына жерде үйшік тұрды, мен оған сыймай сындырдым, содан бәрі қашып кетті.
Жылама   аю, біздің балаларымыз сондай әдемі, үлкен үйшікті жасай алады.

Аю: сендер мұнда қайдан жүрсіңдер?

А, бауырсақты ізеп жүрсіңдер ме, мен оның қайда екенін білемін.  Маған үйшік соғуға көмектесеңдер мен сендерге баурсақты босатамын.

Аю балаларға рахмет айтып бауырсақты босатады.

Бауырсақ: балалар мені құтқарғандарыңа рахмет. Мен енді, ешқашан да атадан да,  әжеден, де қашпаймын.  Өз отбасымен тұратын боламын. Мені сендерге сыйлығым бар, ол мынау тоқаш - деп себетпен тоқаш беріп, әжесіне кетеді.

 Балалар сиқырлы ұшаққа отырып, өз тобымызға барайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ия

Ертегілерден

 

 

 

 

 

 

 

Шалқанның.

Шалқан ертегісінің.

Ата.

Ата, атаның суретін апарып тақтаға қояды.

Әжені

Немере қызын

Күшігін

Мысықты

Тышқанды

 

 

Жоқ

 

 

 

 

 

Біз бауырсақты іздеп жүрміз.

 

 

«Қасқыр мен жеті лақ»

 

 

 

 

 

 

Құлыншақ

 

 

Қой

 

 

Түйе

 

 

 

 

Мысық.

 

 

Ит.

 

 

 

 

 

 

Аю, түлкі, қоян.

Балалар шеңберге тұрып сергіту сәтін жасайды.

 

 

 

 

 

Үйшік

 

Аю

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бауырсақты іздеп жүрміз.

Балалар аюға үйін жапсырып береді.

Рефлексивті -

түзетушілік

 

 

Балалар бүгін біз қайда саяхатқа бардық?

- Бірінші қандай ертегіге елінде болдық?

- Сосын нені кездестірдік?

 - Ешкі қандай ертегідегі кейіпкер?

 - Біз тағыда кімге үй жасап бердік?

 - Аю қандай ертегі елінде тұрады екен?

 Саяхат сендерге ұнады ма?

Осымен сабағымыз аяқталды. Балалар келген қонақтарға сау болыңыздар деп қоштасамыз.

Ертегілер еліне

Шалқан.

Ешкіні.

«Қасқыр мен жеті лақ»

Аюға.

 «Үйшік»

Ия

 

Күтілетін нәтиже:

Елестетеді: Суретке қарап мазмұнын түсіне білу.

Түсінеді: Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын ойнап келтірді. Өз еріктерімен жұмыс дағдыларын көрсетті. 

Қолдана алады: Сөздерді анық айтып, есте сақтау қабілеттерін дамытады