"Қош келдің, Жаңа Жыл"

Байгенжина Айгуль Жумагалиевна

МКҚК «№2 «Жұлдыз» балабақшасы»

«Қош келдің, Жаңа Жыл»

Екінші сәбилер тобындағы   (Қонжық)   Жаңа жылға арналған ертеңгілік

Көңілді әуеннің дыбысы шығады.Жүргізуші балалармен бірге әдемі әшекейленген залға кіреді. Залдың ортасында безендірілген шырша тұр.Шыршаның жанында «кіртік» - қар жапқышпен жабылған , оның астында Аққала отыр.

Жүргізуші:

Балалар, қараңдаршы,

Біздің шыршамыз ғажап

Әдемі болып тұр,

Біздерге қарап

Шыршамен амандасайықшы.

Балалар: Сәлеметсіз бе, шырша!

Балалар шырша туралы тақпақтарын оқиды.

Айымжан, Мәди, С.Айлана, Ж. Медина, Олжас, Камила

 

Жаңадан тақпақ,

Аламыз жаттап.

Жаңа жыл келді,

Жаңа жыл аппақ   Айымжан

Ән салуға, би билеуге,

Біз дайынбыз қашанда.  Мәди

Тауда туып, тауда өскен,

Шырша келді ортаға    Айлана

Мерекеге келдік,

Тақпақ айтып бердік,

Ойыншықтар тізген,

Шыршаны да көрдік.       Камила   

Жаңа жылым жол болсын,  

 Басқан қадам,оң болсын.  Олжас

Той ,мереке ,салтанат                  

Думандады шартарап

 Келіп қалды Жаңа жыл

 Тартуларын арқалап.    Ж. Медина

 

Ән «Шыршамызға арнаймыз»

Би «Келді бізге Жаңа Жыл»

Жүргізуші:

Ауланың айналасы қардан

Аппақ болып тұр,

Балалар, жүріңдер,

Қармен ойнап  көріңдер!

Көңілді әуеннің дыбысы шығады. Балалар еліктеу іс – әрекеттерді орындайды, үйіп –төгіп қар жинайды.

Жүргізуші:

Балалар тырысып,

Қарды үйіп – төгіп жинады

Бұл қардан біз

Аққаланы  жасаймыз

Міне, аяғы, міне, денесі,

Міне қолдары, басы, қалпағы!

(Жапқышты алып тастайды, аққала тұрады, бірақ  көзін жұмып тұрады)

Жүргізуші:

Қандай әдемі Аққала болып шықты!

Ептілік көрсетіп оны жасадық.

Мұрынның орнына сәбіз жапсырып қойдық

Бірақ ол ұндемей тұр,

Ештеңені айтпай тұр.

Аққала ояншы,

Балаларға қарап, жымиып күлші! Оянбайды. Енді не істейміз? Балалар, үрлейікші оған.

(Балалар үрлейді, Аққала оянады)

Жүргізуші:

Аққала оянды,

Керіліп, созылды.

Балаларға қуанып күлді.

Аққала (қуанып): О, қаншама көп балалар,

Қыздар және ұлдар.

Амансыңдар ма, балалар!

О,  сендер қандай қызыл шырайлы , сұлусыңдар

Неге сендер әдемі болып киініп тұрсыңдар?

Жүргізуші: Тақпақ, ән айтып, би билейміз,

Жаңа жылды қарсы аламыз!

Балалар аққалаға арнап ән айтып берейікші.

Ән «Аққала»

Жүргізуші: Біздің балалар ән ғана айтпайды тақпақта айта беледі.

Айдана, А.Ескендір, Рахат, Адия, Анель, Ералы, Ернар

 

Жаңа  жылды   біз  тойлап  

Шаттанамыз     бәріміз.  А.  Ескендір

Кел жаңа жыл,жаңа жыл!   

 Қарсы аламыз біз сені Айдана

Төрлет,төрлет жаңа жыл  

Бізге құтты жыл болсын.   Адия

Көңілді шыршамыз,  

Жарқыра,жарқыра.  Ералы

Басында әсем жұлдызы,       

Көз тоймайды қараса.   Анель

Жаңа жылда жаңаша,

Біздер тақпақ айтамыз.

Болсын риза балаша,

Аппақ біздің атамыз.        Рахат 

Көп қуаныш ала жүр

Көп болсыншы мереке.   Ернар

 

Аққала: Жақсы екен! Бізге Жаңа жыл келді!

Жүргізуші: Жүріңдер, бірге билейік!

Аққала: Сәл күте тұрыңдар, күте тұрыңдар!

Асықпаңдар, асықпаңдар!

Достарым, сендер мені жасадыңдар

Бірақ  жүруге үйретпедіңдер.

Ең алдымен маған көмектесіңдер,

Қалай жүру керек, көрсетіңдер!

Жүргізуші: Жай ғана,  жүру үшін аяқтарды көтеру керек.

Аққала: Қалай?

Жүргізуші: Міне, былай. Балалар, Аққалаға көрсетейікші, қалай жүру керек.

Музыканың дыбысы шығады.Балалар адымдап жүреді.

Аққала: Жүруге мен үйрендім, енді  билеуге де болады.!

Би «Губки бантиком»

Аққала: Рахмет, балақайлар, көңілді билеп алдық қой.Ал енді ойын ойнауға да кез  келіп қалды.Қар бүршіктерін жинап алып, ойнаңдар.

Қар бүршіктермен ойыны

Шарты: екі баладан шығып, музыка әуенімен қар бүршіктерін жинайды.

Аққала: Қап, қап, қап!

Жүргізуші: Не болып қалды?

Аққала: Мен ақкөңіл аққаламын,

Қарға, суыққа үйреніп қалғанмын.

Достарым, мен  қызып барамын,

Қап, қазір еріп қаламын.

Жүргізуші: Уақытымызды бос өткізбей, досымызға көмектесейік.Аққала, міне суық суды ішіп көр, мүмкін қызуың басылады.(аққалаға кружканы береді, оның ішінде конфетти.Аққала суды ішкеннен кейін баллардың үстіне конфеттиді шашады)

Аққала: Рахмет, сендерге, достарым! Құтқардыңдар сендер мені. Бірақ маған   достарыма – аққалаларыма бару керек. Менсіз  мерекені көңілді қарсы ала беріңдер. Сау болыңдар.

Көңілді әуеннің дыбысы шығады. Аққала кетіп қалады.

Жүргізуші:Біздің аққала жүгіріп кетті,

Ол суыққа үйренген

Естіп тұрмын , қардың сықыр еткенін,

Біреу шыршаға асығып келе жатыр.

Залға қоян жүгіріп келеді.

Қоян: Сендердің залдарың қандай әдемі безендірілген. Достарым, сендер мені таныдыңдар ма? Мен кіммін?

Балалар: Қоян!

Қоян: Сендердің мерекелеріңе келдім

Білемін, қонақтарды сендер ұнатасыңдар!

Мен қарапайым қоян  емеспін,

Мен көңілді, тентек қоянмын.

Ойын ойнауды ұнатамын

Билеймін және ән айтамын.

Жүріңдер, бірге ойнайық.

Шыршаның артына барып Қоян сылдырмақты сылдырлатады.

Жүргізуші: Балалар бұл не?

Балалар: Сылдырмақ.

Ойын «Сылдырмақ»

Қоян: Сендерге, Жаңа жыл мерекесіне

Бүгін мен асығып келдім.

Орманнан келіп, қорқып келдім,

Түлкіні кездестіремін деп ойладым.

Жүргізуші: Ол қазір бізге қонаққа келеді.

Қоян: Қап,қап, қап! Жолым болмады ғой.

Достарым, енді не қылайын?

Мені бір жерге тығып қойыңдаршы.

Жүргізуші: Қоян, сен түлкіден қорықпа,

Сабыр ет, жалықпа.

Шыршаның артына тұра ғой,

Біз сені түлкімен татуластырамыз.

Қоян шыршаның артына тығылады.

Музыка әуенімен түлкі кіріп келеді.

Түлкі: Мен  сұлу түлкімін. Сәлеметсіңдер ме!

Мен  жылдам жүгіріп келдім,

Сендерге жаңалығымды айтайын деп келдім.

Сендердің Жаңа жыл мерекелеріңе ,

Қоян да бүгін секіріп келеді.

Жүргізуші: Қоян баяғыда келді,

Түлкі: Бұл өте жақсы болды ғой.

Досым, қояным, сен қайдасың?

Шыға ғой, ал сосын, көкежаным,

Жеп қоямын сені, қарағым.

Қоян: (шыршаның артынан басын шығарып қарайды)

Ең алдымен  ұстап ал мені,

Мен сеннен қашып кетемін.

Көңілді музыканың дыбысы шығады Түлкі қоянның артынан жүгіреді. Балалар  түлкіні қорқыту үшін шапалақтайды, аяқтарын тыпырлатады.

Түлкі: Ух, Шыдамым таусылды, қоян ,сен қалай жылдам жүгіресің.

Жүргізуші: Мереке күні араздасуға болмайды.

Достарым, татуласындар

Түлкі: Енді не қылайын, келісемін,

Қоянмен дос болып жүремін.

Би «Татуластық»

Жүргізуші: Барлық халық қуанып жүр,

Жаңа жыл келді

Біздің шыршамызға Аяз ата асығып жатыр,

Аяз атаны шақырайықшы.

Аяз ата! Аяз ата!

Балалар: Аяз атаны шақырады.

Музыканың дыбысы шығады. Сол кезде Аяз ата келіп қалады.

Аяз ата:Амансыңдар ма, менің қымбатты кішкентайларым

Мерекелеріңізбен құттықтаймын,

Бақыт, қуаныш  тілеймін

(шыршаға қызыға қарайды)

Пай, пай, қандай әдемі шырша,

Бір, екі, үш,

шыршаның шамдарын жарқыратып  жандыршы!

Аяз ата таяқпен тарсылдатады, шамдар жарқырап жанады.

Аяз ата: Балалар, шыршамен ойнағыларың келеді ме?

Балалар: Иә.

Ойын «Шырша жарқыра»

Аяз ата: Егер, біз қазір үрлесек, шыршаның шамдары сөніп қалады. Қане, байқап көрейік.Қаттырақ үрлеңдер.

(Барлығы шыршаға үрлеп тұрады, оның шамдары сөніп қалады.)

Аяз ата: Біздің шыршамыз ұйықтап қалды,

Шамдары сөніп қалды.

Бәріміз шапалақтаймыз,

Біздің шыршамызды оятамыз.

Көңілді әуеннің дыбысы шығады .Барлығы шапалақтайды, шыршаның шамдары жарқыра бастайды. Ойын бірнеше рет қайталанады.

Жүргізуші: Аяз ата, біздің балалар Жаңа жыл, шырша  туралы тақпақтар біледі. Отырып,  балалардың тақпақтарын тыңдап, демалып ал.

Балалар тақпақтарын айтады.

Рамина, Асанали, Әльтаир, Иса, Амира, Нурасыл, Е.Медина, Е.Ескендір, А.Айлана, Дархан, Мадина

 

Жасыл   шырша   жанында   Нұрасыл

Билеп   барлық   бала   жүр.

Жарқыратып  шамдарын,   Е. Медина

 Шырша  келді    ортаға.

Міне сұлу шыршамыз      

Көптен күткен сағынған.  Е.Ескендір

Тамаша, тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.  Асанали 

Келді тағы Жаңа жыл,

Қуантумен біздерді.

Құтты болсын қуаныш,

Құттықтаймыз сіздерді!   Рамина

Құлпырған сүйікті шырша,

Жарқыра! Жарқыра!             Амира

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.       Мадина

Кел, жаңа жыл, біздерге.

Кел, жаңа жыл, жаңа жыл.   Алтайр

Шыршаның да шамдары,

Жұлдыз болып жанады.    А.Айлана

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз.   Дархан

Төрлет кәне, Жаңа жыл

Үлестір құт, береке  Иса

 

Аяз ата: Жарайсыңдар, балалар! Мүмкін маған әнде айтып бересіңдер?

Жүргізуші: Әрине, Аяз ата.

Ән «Ақша қар»

Түлкі: Аяз ата, сыйлықтарды да беруге уақыт келді ғой.

Қоян: Сыйлықтар қайда? Бұл құпия!

Оң жағында да, сол жағында да жоқ.

Аяз ата: Орманда түсіріп алдым ба? Ойланып тұрып,қоян мен түлкіні жолдан тауып әкелуге бұйырады.

Қоян мен түлкі жылдам жүгіріп шығып кетеді.

Аяз ата шыршаны айналып, сыйлықтарды іздеп  жүреді.

Есік ашылып үлкен қар бүршігін қоянмен түлкі дөңгелетіп алып келеді.

Аяз ата: Мынау қарды неге алып келдіңдер, Аяз ата мынау сенің түсіп қалған сыйлығын,  қар жауып, сыйлығын қар бүршігіне айналыпты, енді не істейміз?

Аяз ата: Уайымдамаңдар қазір  менің сыйқырлы таяғым бәрін ойдағыдай қылады.

Сиқырлы таяғын ұстап, сиқырлы сөз айтады. Сол кезде қар бүршігі ашылып, сыйлықтар көрінеді.

Балақайлар, міне сендерге  сыйлықтар.

Сыйлықтар таратылады. Содан кейі Аяз ата, түлкі, қоян барлығын Жаңа жылмен құттықтайды. Қоштасып, кетеді.

Осымен біздің шағын ертеңгілігіміз аяқталды. Құрметті ата-аналар және қонақтар. Сіздерді Жаңа 2015 жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыларыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін!  Қой жылында әрқайсыңызға, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа – бақыт пен шаттық тілейміз. Жаңа Жыл құтты болсын!

Сөз кезегін балабақша меңгерушісі Пилипенко Л.Ю. беріледі.