Ата-аналар жиналысы

Байгенжина Айгуль Жумагалиевна

Ақмола облысы

Көкшетау қаласы білім бөлімінің жанындағы

МКҚК «№ 2 «Жұлдыз» балабақшасы

МДМ әдіскерлердің қалалық әдістемелік бірлестігіне

арналған  «Мектепке дейінгі кіші жас балаларының дербестігін тәрбиелеу» атты ашық ата – аналар жиналысы.

Мақсаты:

 Бала тәрбиесіндегі мектепке дейінгі кіші жас балаларының дербестігін тәрбиелеу.

Міндеттері:

Балалардың мінез - құлқы, бейімі, қызығушылығының  мүмкіндігін тәрбиелеу.  Ата - ана,  бала,  тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету.

 Балаларды өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру

Жиналыстың түрі: Дөңгелек үстел.

Құрал жабдықтар: гүл, слайдтар, алма ағашы, алмалар, жаднама.

 Жиналыс барысы:

Тәрбиеші: Атамыз қазақ «Бала - адамның бауыр еті», «Балалы үй - базар»- дейді. Ал біз қазіргі уақытта жұмыс бастылықпен балаларымыздың іс - әрекеті, мінез - құлқы, қызығушылығы мен бейімділігіне немесе күнделікті көңіл - күйіне жеткілікті көңіл бөлеміз бе?

 Балаларымыз қалай өсіп келеді?
Алдағы жарты сағат уақыт ішінде, осы сұрақтар төңірегінде ойланып, көрмекке ортамызға бір топ ата - аналарымыз қонақ болып келіп отыр, таныс болыңыздар.

Шаттық шенбер «Танысайық»

Шарты: Ата-аналар дөңгеленіп шеңберге тұрып, кімнің анасы екенін, және атын айтып таныстырады, қасындағы анаға жақсы тілек білдіреді.

Тәрбиеші: Бүгінгі бас қосуымыз әдеттегі іс - шараларға қарағанда өзгеше.
Бүгін сіздер бір сәт балалық шақтарыңызға қайта ораласыздар, бүгінгі жиналысымыздың  нақты тақырыбы кіші жастағы балалардың дербестігін тәрбиелеу.

Дербестік деген не екен?

Дербестік деген - өзі талпынып, алдына мақсат қоя, оған жету жолдарын таба білейін, және қабылданған шешімдерді практикалық орындай алатын адамның еріктік қасиеті.

Баланың дербестігін кіші жастан тәрбиелеу керек. Біздің міндетіміз, балаларымызға ойлау қабілеттерін дамытып, іс-әрекеттерді дұрыс жасай білуге үйрету.  Балаларды дұрыс киінуге, жуына білуге, ойнаған ойыншықтарын жинай білуге, дұрыс қасық ұстауға, киімін жинауға, орамалын бүктеуге т.б.үйретеміз. Былай қарасаныздар  біздің балаларымыздың «Мен өзім» деген талпыныс сөздері байқайсыздар.

Мысалы:

Келші киінейік, мен өзім, мен өзім,

Кел жуынайық, мен өзім, мен өзім,

Кел тамақтанайық, мен өзім, мен өзім дейді.

Үйде, бала киініп жатқанда дұрыс болсын, бұрыс өздері киінгілері келеді, мен өзім киінемін деп, немесе өзім тамақ ішемін дейді, ал біз ата-аналар не істейміз? ( ата – аналардан сұрайсыңдар).

Иә дұрыс: Ой балам тез болшы, мен жұмыстан кешігіп қаламын деп өзіміз киіндіреміз, не болмаса, тамақ ішерде баланы өзіміз тамақтандырамыз, төгесін,  киімінді былықтырасың, қоқымы түседі, деп айтамыз, менде үйде  баламада  осындай әрекеттер болып тұрады.

Ата-аналардың  әрекеттері қалай болу керек деп ойлайсыздар?

Осы балалардың «Мен өзім» деген талпыныстары дұрыс па қалай ойлайсыңдар? (Ата-аналардың жауаптары тыңдалады)

 

Тәрбиеші: І кезеңіміз «Менің балам...» деп аталады.

 Бұл кезеңде сіздерге өз балаларыңызды барынша мақтап қалуға мүмкіндік бар. Әңгімелеріңізді кезек - кезек «Менің балам..» - деп бастап, әрі қарай өз балаларыңыздың тәтті қылықтары, мінезіндегі, түр – сипатындағы ерекшеліктері, т. б. туралы баяндау ұсынылады.

 Дайын болсақ бастайық!

(Ата – аналардың  өз балалары туралы әңгімесі)

Тәрбиеші: Әңгімелеріңіз үшін көп рахмет. Өз балаларыңызды өзгемен шатастырмайтындарыңыз белгілі болды. Десе де сіздерге кішкентай ғана бір бейне ұйымдастырған едік, тамашалап көрсек...

Бейнетаспада әр түрлі өз еріктерімен, ойнап жүргендері көрсетіледі).
Тәрбиеші: Мына бейнетаспадан өз балаларыңызды іс - қимыл, жүріс - тұрысынан ойындар көріп, балаларыныздың үйдегі қылықтарын салыстырып айта кетсеңіздер.

 (Ата - аналар жауабы)

Тәрбиеші: Келесі кезең «Жедел  сұрақтар» деп аталады. сіздер үшін:

1. Балаңыздың үйде киімін жинауға кім үйретеді?

2.  Балаңыздың үйдегі күн тәртібін атап беріңізші?

3 Балабақшадағы тәрбиешілерінің есімдерін білесіз бе?

4. Балаңыздың ең жақсы көретін ойыншығы не?

5. Балаңызды қалай еркелетесіз?

6. Балаңыз қандай мультфильмді қызығып тамашалайды?

А) Саяхатшы Дара

Ә) Том және Джерри

Б) Алдар көсе

В) Білмеймін

7. Бала, отбасы, ата - ана тақырыбында бірнеше мақал айтып берсеңіз? (ата –аналардың мақал – мәтелдері)

8. Балаңыздың ұнатпайтын тағамы қандай?

А) Бұршақ сорпасы

Ә) Қарақұмық ботқасы

Б) Қырыққабат сорпасы

В) Сүт көже

9. Балаңызбен соңғы рет бірге жаттаған тақпағыңызды айтып беріңізші?
10. Балаңыздың топта бірге ойнайтын жақын достарын атап бере аласыз ба?

Жарайсыздар. Енді сәл сергіп алайық.

Релаксация әдемі музыка ырғағымен қимыл қозғалыстар жасаймыз.

Шаттыққа толы жүрекпен

Шеңбер болып тұрайық.

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын алайық.

Жүрекке жылу сыйлайық,

Мейірімділік шоғын алайық.

Жиналған жылы шуақты,

Бір-бірімізге сыйлайық.

Тәрбиеші: Белсенділіктеріңіз үшін көп рахмет!

Тәрбиеші: Сіз бен біз үшін ортақ балаларымыздың тұлғалық қалыптасу , түсіну аса маңызды. «Бала тілі - бал» атты келесі кезеңде бүлдіршіндердің балабақшадағы  әңгімесін тыңдайық.

Экранға назар аударыңыздар. (Экранда балалардың өлең – шумақтарын айту).

Бүгінгі біздің кездесуіміздің мақсаты – сіз бен біз болып, осы балаларымыздың тәрбиесіне, өздерінің алдына қойған мақсаттарына, жету жолдарын таба білуге үйретіп,тәрбиелеуіміз керек. Сонда  ғана біздің балаларымыз үлкен белестерге, жетістіктерге жетеді.

Тәрбиеші:  Бүгінгі кездесуіміз аяқтала отырып сіздердің тілектеріңізді  қабыл алғымыз келіп отыр.

Ата – аналардың тілектері : «Менің тілегім.....» (алмаға тілектерін жазып алма ағашына жапсырады).

Менің тілегім – балалар ешқашан ауырмасын.

Тәрбиеші : бүгінгі біздің мақсатымыз мына алма ағаштағы жеміс – баламыз деп, суыққа үсітпей, құртқа жегізбей, шырынды да, тәтті алма қылып өсіруіміз керек. Осы тілектерді суытпай бір-бірімізге деген жақсы сезімде болайық, балаларымыз ешқашан ауырмай бізді қуанта берсін дей отыра, жиналысымызды аяқтап, уақыттарыңызды бөліп, келгендеріңізге көп рақмет айтамыз. Сіздерге естелікке тәрбиеге байланысты мына жаднамаларды табыс етеміз.

Көкшетау қаласы 2015 жыл