Бақылау-өлшеу құралдарының темір ұстасы мамандығы бойынша қазақ тілінен сабақ жоспары "Менің мамандығым"
план-конспект урока на тему

Заирова Бибигуль Бейсенбековна

Бұл сабақ жоспары БӨҚ темір ұстасы мамандығы бойынша қазақ тілінен сабақ беретін оқытушыларға әдістемелік көмек ретінде ұсынамын. Жоспарда түрлі әдіс-тәсілдер мен АКТ қолданылған.

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon sabaktyn_takyryby_menin_mamandygym.doc47 КБ

Предварительный просмотр:

Сабақтың тақырыбы: Менің мамандығым

Грамматикалық тақырып: Сын есім

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды кәсіби терминднрмен таныстыра отырып, сөздік қорларын байыту, үйренген сөздерін ауызекі тілде қолдануға машықтандыру, «сын есім» жайында алған білімдерін еске түсіріп, практикалық жолмен меңгерту;

2. Оқушылардың ойлау қабілетін, ой-өрісін кеңейту, сұрақтарға дұрыс жауап беруге, түсінгенін, білгенін байланыстырып айтуға жағдай жасау, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру;

3. Таңдаған мамандықтың ыстық-суығына төзіп, оны сүйе білуге тәрбиелеу, оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу;

Типі: аралас сабақ

Түрі: саяхат сабағы

Әдісі: түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап, іздендіру, топтық жұмыс, ойын;

Көрнекілігі: қазақ әліпбиі, кітап көрмесі, кәртішкелер, компьютер мен диапроектор

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (1-2 мин)

а) сәлемдесу        ә) мемлекеттік әнұранды орындау

ІІ. Жаңа материалды үйрену және оған дайындалу:

Оқушылар назарына  «Бақылау өлшеу құралдарының темір ұстасы мамандығы туралы» бейнефильм ұсынылады

        /Бейнефильм көру/

-Қалай ойлайсыздар, неге мен сабақты осы бейнематериалдан бастадым? Бейне не туралы, кім туралы?

-Біз бүгін не туралы әңгімелейміз?

/Оқушылардың жауабы/

Сабақтың мақсаты мен барысын хабарлау:

Бүгін біз сіздермен өндіріске саяхат жасаймыз да, сын есім тақырыбын қайталаймыз. Саяхатымыз бірнеше аялдамадан тұрады:

1 аялдама – «Кәсіби терминдер» цехы;

2 аялдама – «Сұрақ-жауап» цехы

3 аялдама – «Мақал-мәтелдер» цехы

4 аялдама – «Сапа конверті»

5 аялдама – «Техникалық бақылау бөлімі» цехы

Аялдамалардан өту үшін біз түрлі тапсырмалар орындаймыз. Саяхатқа дайынсыздар ма?

1 аялдама – «Кәсіби терминдер» цехында біз жаңа сөздермен танысамыз (оқушылар сөздерді іштей оқып шығады, кейін 2-3 оқушы дауыстап оқиды)

Темір ұстасы –слесарь

Қорғау құралдары – средства защиты

Жарамдылық – исправность

Арнайы киім –спецодежда

Ажырату отключение

Бақылау-өлшеу құралдары – контрольно-измерительные приборы

Резеңке кілемше – резиновый коврик

Өндіріп алу – производить

Электр қоңдырғылар - электроустановки

Сақтағыш –предохранитель

Ажыратқыш –выключатель

Қоршау – ограждение

Жабдық – оборудование

Ауысым – смена

Жетекші –руководитель

Кезекті сынау – очередное испытание

Қауіпсіздік –безопасность

Қалқан - щит

ә/ терминдерді дәптерге жазу;

б/ жаңа терминдерді бірнеше рет оқып, жатқа айту;

в/ АЖЫРАТҚЫШ сөзінен жаңа сөздер құрастыру (1 минут);

        Келесі тапсырманы орындау үшін «Сын есім» грамматикалық тақырыбымызды қайталап шығайық:

  • Сын есім дегеніміз не?
  • Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?
  • Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
  • Тұлғасына қарай неше түрі болады? Мысалы келтіріңдер.

Жақсы, ал енді жаңа термин сөздерге сын есімдерді қатыстырып, сөз тіркестерін ойластырыңдар, мысалы, темір ұстасы қандай?

2 аялдама – «Сұрақ-жауап» цехы.

1 тапсырма: термин сөздерді пайдаланып, сурет бойынша сұхбаттасу құру;

2 тапсырма: Сен-маған, мен – саған

Берілген мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, басқа топқа қою: 1-2-3-1

Мәтін. Жұмыс алдында арнайы киімді киіп, қорғау құралдарының бар болуы мен жарамдылығын тексер. Кезекшіден алдыңғы ауысымда болған бүкіл өзгерістер және істелген іс туралы білі. Ауысым журналындағы жазулармен танысып ал. Кезекті сынауды өтпеген  қорғау құралдарының қолдануына рұқсат етілмейді. Бақылау-өлшеу құралдарының тексеру және жөндеу нәтижелері арнайы журналда тіркеледі.. Сынау құралдарымен жұмыс тек арнай жабдықталған және шеттетілген бөлмелерде ғана жүргізіледі. Электр қоңдырғылар қалқандарының есіктері кілттеулі болу керек. Егер жабдықтар ары қарай пайдалануға дайын болса, сақтағыштарды қойып, ажыратқышты қос.

3 аялдама – «Мақал-мәтелдер» цехы (мақсаты: шешендікке баулу)

Міне, біз «Мақал-мәтелдер» аялдамасына да жетік. Үйге «Еңбек» тақырыбына байланысыты мақал-мәтелдерді жаттап келу деген тапсырма берілді.Ал, енді, топтарға сөз берейік (7-9 мин)

1 тапсырма: 3 топ мақал-мәтелдерді кезекпен айтып шығады.

2 тапсырма: Ребустарды шешу: (слайдтар арқылы)

- Көз –қорқақ, қол- батыр

- Не ексең, соңы орарсың

- Темірді қызған кезде соқ

- Еріншектің ертеңі таусылмас

- Ердің атын еңбек шығарады

4 аялдама – «Сапа конверті» (Конверт качеств)

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев халқына жолдаған Жолдауында кәсіби оқытуға да мән берген. Жолдауда кәсіби оқыту туралы не айтылғанын анықтау үшін берілген сандардың орнына әріптерді қойып, жасырынған сөздерді таба аласыңдар.

1 тапсырма: Берілген сандар алфавиттегі әріптің орнын білдіреді. Сандар орнына әріптерді қойып, Елбасының сөздерін анықтайсыз (2 минут)

2

23

1

7

1

17

21

11

17

1

17

1

18

7

37

6

37

18

37

19

34

8

3

8

23

38

3

20

16

26

37

14

8

23

8

14

«Әр адам өз мамандығының шебері болуы керек»

Н.Ә.Назарбаев

Ал, енді темір ұстасы қандай мамн болуы керек, қалай ойлайсыздар? Мына конверттер ішінде парақтарға адам бойындағы жақсы қасиеттер жазылған, яғни, сын есімдер. Сол сөздерден темір ұстасына лайықты ең қажетті 5 сөзді таңдап аласыздар.

Сын есімдер: еңбекқор, ұқыпты, тәртіпті, жауапты, зейінді, әдепті, мақсатты, тіл алғыш, тапқыр, қатал, ұқыпты;

Ал, қай топ бастайды? Темір ұстасы қандай маман болуы керек және неге бұл сапаны таңдағаңыңызды дәлелдеңіз.

(Оқушылар таңдаған сөздерді оқып, неліктен осы қасиеттерді таңдағандары жөнінде айтады)

Ұлы дана Абай атамыз айтқандай, әрқашан жақсы қасиеттерге асық болып, жаман қасиеттерден қашық болайық.

5 аялдама – «Техникалық бақылау бөлімі» цехы.

Тапсырма: Грамматикалық және лексикалық тақырыптары бойынша алған білімдерін тест сұрақтары арқылы тексеріңіз.

(Тест жұмысы)

Сабақтың қорытындысы.

Бағалау.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Ашық сабақ: "Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, басқа орынға ауыстыруды рәсімдеудің тәртібі".

Бұйрықтың түрлерімен таныстыра отырып, өз беттерімен оларды құжат барысында дұрыс қолданыла білуге үйрету....

Ашық сабақ « Сын есім»

Сабақтың тақырыбы: Сын есім.Сабақтың мақсаты: Білімдік: Сын есім туралы берілген білімді қайталау.Дамытушылық: Ойлау,есте сақтау қабілетін арттыру, сөздік қорын молайту, сөйлеу мәдениетін дамыту.Тәрби...

8- сыныпқа арналған "Ыбырай Алтынсарин " атты ашық сабақ

Қазақ тілінен 8- сыныпқа арналған сабақ...

Сабақтың тақырыбы: Атам мен әжем.

Сабақтың тақырыбы: Атам мен әжем.Сабақтың мақсаты: 1.     Отбасы тақырыбында әр оқушыны өз білім деңгейінде сөйлетіп, тілдесім әрекетіне жетелеу. Жаңа сөздерді меңгерту.2....