Ашық сабақ: "Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, басқа орынға ауыстыруды рәсімдеудің тәртібі".
методическая разработка на тему
Бұйрықтың түрлерімен таныстыра отырып, өз беттерімен оларды құжат барысында дұрыс қолданыла білуге үйрету.
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
ospanova-ashik_sabak.doc | 55.5 КБ |
Предварительный просмотр:
Сабақтың тақырыбы: Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, басқа орынға ауыстыруды рәсімдеудің тәртібі.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға жалпы бұйрықтың орындалу тәртібін меңгерту. Бұйрықтың түрлерімен таныстыра отырып, өз беттерімен оларды құжат барысында дұрыс қолданыла білуге үйрету.
2. Тәрбиелік: Іс құжаттарын дұрыс жүргізе отырып, оқушыларды өз ісіне ұқыпты және тиянақты болуға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрістерін, ойлау қабілеттерін дамыту. Өз ойларын толық жеткізе білуге және құжаттар жүргізу кезінде үздік нәтижелерге жете білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Оқу-түсіндіру әдісі; аралас сабақ.
Сабақтың көрнектілігі: Мультимедиялық проектор, компьютер, әр-түрлі құжаттардың үлгілері.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, жоқ оқушыларды белгілеу, үй жұмысын тексеру.
II. Жаңа сабақ түсіндіру.
Бұйрық – бұл ұйым басшысының немесе оның өкілінің өндірістік-шаруашылық және өзге де жедел міндеттерді, сондай-ақ еңбек және содан туындайтын қатынастарға байланысты мәселелерді шешу мақсатында шығаратын құқықтық акті.
Еңбек құқықтық қатынастары саласындағы міндетті құжаттардың бірі болып жеке құрамы бойынша бұйрықтар табылады.
Жеке құрамы бойынша бұйрықтарға қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, көтермелеу, сыйлықақы беру, ұзақ мерзімді іс сапарлар және қызметкерлерді босату туралы бұйрықтар жатады.
Жеке құрамы бойынша бұйрықтар жалпы бланкіде немесе ұйымның бұйрық бланкісінде рәсімделеді. Бұл бұйрықтар бір данада жасалады да кадр қызметінде қалады, ұйым басшысы қол қояды, мүдделі мамандар бұрыштама қояды. Кадрлар жөніндегі инспектор бұйрыққа ұйым басшысы қол қойғаннан кейін оны тіркеу журналында тіркейді.
Кадрлар бойынша бұйрықтарға демалыс беру, жазалау, іссапарлар туралы бұйрықтар жатады және олар жеке құрамы бойынша бұйрықтардан бөлек қалыптастырылады.
Бұл бұйрықтар мәтінінің тақырыбы былай жазылады: жұмысқа қабылдау туралы; басқа жұмысқа ауыстыру туралы; көтермелеу туралы; сыйлықақы беру туралы; ұзақ мерзімді іс сапар туралы; жұмыстан босату туралы; демалыс беру туралы; жазалау туралы.
Жұмысқа қабылдауды рәсімдеу.(№ 1 қосымша)
Жұмысқа қабылдау жұмыс берушінің еңбек шарты негізінде шығарған жеке құрамы бойынша бұйрығымен рәсімделеді.
Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықты рәсімдеу кезінде мыналар көрсетіледі: қызметкердің толық аты-жөні; бөлімінің, лауызымының атауы; қабылдаған уақыты (күні, айы, жылы); егер қызметкерге жұмысқа қабылдау кезінде сынақ белгіленсе, сынақ мерзімі; жұмысқа қабылдау талабы.
Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың «Негіздеме» деген деректемесі еңбек шартының күні мен нөмерінен тұрады.
Бұйрықтың расталған көшірмесі дайындалады, бір данасы қызметкердің жеке ісіне орналастырылады, екіншісі есеп-қисап бөліміне беріледі. Бұйрықтың негізінде қызметкердің жеке карточкасы толтырылады.
Басқа жұмысқа ауыстыруды рәсімдеу.
Басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрықта лауазымдарының атауы, бөлімшелердің аттары, уақыты, еңбекақысының мөлшері жазылуы керек.
Қызметкерді жұмыстан босатуды рәсімдеу. (№ 2 қосымша)
Қызметкерді жұмыстан босату, яғни еңбек шартын тоқтату мен бұзу ұйым басшысының бұйрығымен рәсімделеді. Қызметкермен жасалған еңбек шарты Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің бабына сәйкес тоқталады немесе бұзылады. Оның негіздері: мерзімінің аяқталуы; тараптардың келісімі бойынша; жұмыскердің өз еркімімен бұзылуы мүмкін.
Қызметкердің жұмыстан босату туралы өтініші ұйым басшысына бағытталады, қолмен жазылып, мәтінде жұмыстан босату себебі мен күні көрсетіледі.
Бұйрықта: босатылу күні, еңбек шартының нөмері мен күні, аты-жөні, лауазымы мен құрылымдық бөлімшесі, ҚР кодексіне сәйкес еңбек шартын бұзу негіздемесі көрсетіледі.
Қызметкерге ақылы еңбек демалысын беруді рәсімдеу. (№ 3 қосымша)
Қызметкерді ақылы еңбек демалысын беруді рәсімдеу туралы бұйрықта қызметкердің толық аты-жөні, лауазымы және басшының бекітілген кестесіне сәйкес жұмыс күнінің жалпы саны, демалысқа шығу күні және қайта келу күні көрсетіледі.
Басқа лауазымға ауыстыруды рәсімдеу. (№ 4 қосымша)
Басқа лауазымға ауыстыруды рәсімдеу туралы бұйрықта басқа лауазымға ауыстырудың себебі мен түрі, қызметкерге орнатылатын айлықақы, ал уақытша ауыстыру жағдайында оның мерзімі көрсетіледі. Қызметкердің басқа лауазымға ауыстыру туралы өтінішінің негізі ретінде жолдау беріледі.
Қызметкерді көтермелеуді рәсімдеу.
Қызметкерді көтермелеуді рәсімдеу туралы бұйрықта қызметкердің аты-жөні, кәсібі, лауазымы мен құрылымдық бөлімшесі, көтермелеу түрі (алғыс, бағалы сыйлық, сыйлықақы және т.б.) көрсетіледі. Бұйрықта қызметкердің аты-жөні, тегі толық көрсетіледі. Бұйрық оған қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.
Қызметкер өзінің қолынан және онымен танысу күнінен тұратын бұйрыққа «Бұйрықпен таныстым» бұрыштамасын қоюы тиіс.
III. Алған білімдерін бекіту (сұрақ-жауап әдісі).
- Бұйрықтың қандай түрлері бар?
- Жеке құрам бойынша бұйрықтарға қандай бұйрықтар кіреді?
- Жұмысқа қабылдау бұйрығы қалай рәсімделеді?
- Жұмыстан босату бұйрығы қалай дайындалады?
- Еңбек демалысын беру бұйрығы қалай рәсімделеді?
- Қызметкерді басқа лауазымға ауыстыру бұйрығы қалай рәсімделеді?
- Қызметкерді көтермелеу бұйрығы қалай дайындалады?
IV. Сабақтың тәжірибелік бөлімі
Кіріспе инструктаж: Техника қауіпсіздік ережелерін сақтау, құжаттарда
деректемелерді дұрыс орналастыруы, олардың үлгілерін үлестіру.
Сарамандық жұмыс: Бұйрықтарды орындау, компьютерде өз бетімен басу. Басылған бұйрықтардың қателерін тексеріп, сақтап қою.
Бекіту инструктажы: Сабақты қорытындылау, бағалау, үйге тапсырма беру.
№ 1 қосымша
Б Ұ Й Р Ы Қ
00.00.00 № 21-л
Алматы
Жұмысқа қабылдау тұралы
ТАУКЕНОВА Асель Маратқызы 2011 ж. 3 наурыздан бастап штат кестесіне сәйкес кесімді жалақымен мұрағатшы лауазымына
ТАҒАЙЫНДАЛСЫН.
Негізі: 03.03.11.ж. жасалған еңбек шарты, жеке өтініші.
Мұрағат директоры И.Т.Аханов
Визалар:
Кадрлар бөлімі
Құрылымдық бөлімшенің
басшысы
Бұйрықпен, лауазымдық нұсқаулықпен,
еңбек тәртібімен таныстым_____________________
(жеке қолы)
Дата
№ 2 қосымша
Б Ұ Й Р Ы Қ
00.00.00 № 24-л
Алматы
Жұмыстан босату тұралы
Жинақтау және құжаттама басқармасының бас сарапшысы ИВАНОВА Галина Сергеевна 2011 жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» заңының 27-бабы 1-тармағы 1-тармақшасына сәйкес өз еркі бойынша жұмыстан
БОСАТЫЛСЫН.
Негізі: Г.С.Иванованың 2011 жылғы 23 мамырдағы өтініші.
Мұрағат директоры И.Т.Аханов
Визалар:
Кадрлар бөлімі
Құрылымдық бөлімшенің
басшысы
Бұйрықпен таныстым_____________________
(жеке қолы)
Дата
№ 3 қосымша
Б Ұ Й Р Ы Қ
00.00.00 № 48-л
Алматы
Еңбек демалысы туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 100,101-баптарына сәйкес
БҰЙЫРАМЫҢ:
Жалпы бөлімінің меңгерушісі Сауле Женисовна АЛИБАЕВАға 2010 жылдың 3 қаңтардан 2011 жылғы 2 қаңтарға дейінгі жұмыс кезеңі үшін 2010 жылдың 9 маусымынан бастап 5 тамызға дейін 30 күнтізбелік күн мөлшерінде жыл сайынғы кезекті еңбек демалысы
БЕРІЛСІН.
Негізі: мұрағат қызметкерлекінің 2011 жылғы арналған еңбек демалысы кестесі.
Мұрағат директоры И.Т.Аханов
Визалар:
Кадрлар бөлімі
Құрылымдық бөлімшенің
басшысы
Бұйрықпен таныстым_____________________
(жеке қолы)
Дата
№ 4 қосымша
Б Ұ Й Р Ы Қ
00.00.00 № 50-л
Алматы
Орын ауыстыру жолымен тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» заңының 12-бабы 2-тармағына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
АСҚАРОВА Айгерім Талғатқызы 24 қаңтардан бастап Жинақтау және құжаттама басқармасының бас сарапшысы лауазымына тағайындалсын. Осы бұйрыққа сәйкес ол Мұрағат қорларының сақталуы мен мемлекеттік есепке алынуын қамтамасыз ету басқармасындағы сарапшылық қызметінен босатылады.
Негізі: А.Т.Асқарованың 2010 жылғы 20 қаңтардағы өтініші Мемлекеттік істер жөніндегі
ҚР агенттігі Алматы қаласы бойынша басқармасының 2010 жылғы 23 қаңтардағы № 04-12/2 келісімі.
Мұрағат директоры И.Т.Аханов
Визалар:
Кадрлар бөлімі
Құрылымдық бөлімшенің
басшысы
Бұйрықпен таныстым_____________________
(жеке қолы)
Дата