Смагулова Бейбиткул Муптиевна

Бастауыш сынып мұғалімінің сайты

Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз. Сенека.

Профессия: учитель начальных классов

Профессиональные интересы: учитель начальных классов

Увлечения: кулинария

Населенный пункт: Карагандинская область Актогайский район Поселок Шашубай

Место работы: КГУ "Опорная школа (ресурсный центр) на базе "Комплекс школа- детский сад" поселка Шашубай

Навигация

Ссылка на мой мини-сайт:
https://nsportal.ru/cmagulova-beybutkul-muptievna
Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз.
Сенека

О себе

ЭССЕ

Мен бастауыш сынып мұғалімімін

 

Басқаларды  үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз.

   СЕНЕКА

 

         Бүгінгі жазар ой толғауымды қазақтың қаһарман ұлы батыры  Б.Момышұлының мына сөзімен бастағалы отырмын: «Ұстаздық ұлы құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаздар тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да ,данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген еді.

Ұрпақ тәрбиесі- ұстазынан деген қағида жалпыға аян.Үлгілі, өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығады.Ұстаз еңбегі шексіз, шетсіз қиыр кең дала іспеттес.Өз мамандығын және алдыңда отырған шәкіртін ұстаздық жүрекпен, адал пейілімін сүйе білген адам ғана нағыз ұстаз бола алады. Ұстаз-қасиетті тұлға...

«Армансыз адам-қанатсыз құспен тең»-дегендей, ұстаз болу менің бала кезден басталған арманым еді. Мектеп табалдырығын аттап, сүйікті ұстаздарымның алдын көріп, білім алдым.  Осылай ұстаздық мамандық мені қызықтырған үстіне қызықтыра түсті. Жылдар өтті.... Арманым орындалып, мен де бастауыш сынып ұстазы болып үлгердім. Міне, содан бері отыз жылдан аса уақыт өтіп, қаншама шәкіртті білім нәрімен сусындатып, шығарып салудамын. Білім негізі бастауыш сыныпта қалыптасады. Ол шындық. Білімнің бұл баспалдағын аттамаған азаматтар кемде-кем деп айта аламын.

       Ұрпақ тәрбиелеуде бастауыш сынып мұғалімдерінің жауапкершілігі орасан  зор. Бүгінгі бірінші сынып есігін жасқана ашқан әрбір бүлдіршін-ол ертеңгі қоғам иесі. Сондықтан бірінші күннен бастап сапалы білім мен саналы тәрбие беру бастауыш сынып ұстазының бірден бір қағидасы болу керек. Бастауыш сыныпта ұстаз болу өте жауапты, күрделі де, сондай-ақ, қызықты жұмыс.

Әрине, заманымызға сай жаңа талаптар, жаңа өзгерістер, жаңа ойлар туындауда. Меніңше, ХХI ғасыр мектебін қиыншылықтарға қарамай, өркендету, оның сапасын арттыру, ақпараттандыру біздің басты мақсатымыз деп ойлаймын.

Күнделікті өзгеріп отырған заманда қатаң бәсекеге қабілетті ортада өмір сүре алатын, ғылым негіздерін меңгеріп қана қоймай, тиісті орында қолдана білетін, оны әлемдік білім аренасына және ақпарат, экономика кеңістігіне шығара алатын , өзіндік «мені» қалыптасқан, өзін-өзі қорғай алатын тұлға тәрбиелеу нағыз ұстаз қолынан ғана келеді.

Ал нағыз ұстаз болу үшін өз басым мына қасиеттерді жадыма берік ұстаймын:адалдық, төзімділік, кешірімділік, ізденгіштік, өзбетімен үнемі білімімді жетілдіру, жаңашылдыққа ұмтылып, өзгеріске бет бұру, АКТ-ны сауатты меңгеру, желілік қауымдастық арқылы  кәсіби деңгейімді көтеріп, тәжірибе алмасу. Осы қасиеттерді бойыма сіңіре отырып, сабағымның сапасының артқанын, еңбегімнің жандана түскенін байқадым.

Книги, которые сформировали мой внутренний мир

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. "Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. 

"Кітап маған тақтан да қымбат", - деп көрсеткен Шекспир. Бұл сөзден түйер ойымыз, адамға жан азығы, рухани байлығы бола білген - кітап. Cол себепті оның орны тақтан да жоғары. "Наданмен қас болғанша, кітаппен дос бол", - дейді Баус. Кітап - сенің асып-таспайтын асыл досың. Себебі кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз. Білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын таңытқан, оқытып-үйреткен - кітап. 

Әр ұлттың, елдің келешегі мен болашағын баян еткен, тарихы мен өткенін жыр еткен де - кітап болатын. Сондықтан да, "кітап әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі", - дейді Горький. Онда біз әлі білмейтін, естіп оқымаған қыр-сыры көп. Оны тек кітаппен дос болған адам ғана құпиясын ашып, ғажабын танып біле алады. 

Достар, "Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге", - деп ұлы ақынымыз Абай жырлағандай ерінбей білім алуға асығайық. Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық.

Добавить грамоту в портфолио
Портфолио: