Рефлексия
опыты и эксперименты на тему

Батыс Қазақстан облысы

                                                                                   Бөрлі ауданы Ақсай қаласының

                                                                                   №3 жалпы орта білім беретін

                                                                                   мектебінің ІІІ (негізгі) деңгейлі

                                                                                   қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

                                                                                  Досжанова Аягуз Жаксыбаевна

                                  Табысты көздеген - 7 модуль

Мен 7 жылдан бері қазақ тілі мен әдебиті пәні мұғалімі ретінде қызмет атқарып келемін. Әр сабақ бір жаңашылдықты, ерекше дайындықты талап етеді. Мұғалімнің басты міндеті – оқушыларды өз соңынан ілестіре білу.

Өзінің еңбек жолында ұстаз педагогика шеберлерінен үлгі алады. Ал шебер педагог дегеніміз кім? «Шебер» сөзінің мағынасын мен қалай түсінемін?

Ш – шығармашыл, өзгелерге күн шуағын шашу үшін, өзінің бойында күн сәулесі бар;

Е – епті, уақытын тиімді пайдаланатын;

Б – бейімді, кез келген жаңашылдықты қабылдайтын;

Е – еңбексүйгіш, өз уақытын өзгеден аямайтын;

Р – ризашыл, оқушының кішкене болса да  жеңісін орынды бағалайтын.

         Ал, енді дәстүрлі сабақты көз алдыңызға елестетіп көріңіз...

Сіз:            

-бірінші сәтсіздіктен соң сабы суға кететін;

-қиындықтан өтуге тырыспайтын;

-өзіне қиындық тудырған тапсырманы орындаудан бас тартатын;

-енжарлыққа салынатын;

-танымдық қабілеті төмендеген;

-сыныптастарымен, үлкендермен сөйлесуде өзін  ыңғайсыз сезінетін оқушыларды кездестіріп көрдіңіз бе? Егер де жауабыңыз «иә» болса, осыдан шығу жолын қарастырдыңыз ба? Ал, мен осы мәселеден шығу жолында біраз ойландым. Оқушының сабаққа деген ынтасын қалай арттыруға болады, олардың жан- жақты дамуын, рухани  бай тұлға ретінде қалыптасуында менің ұстаз ретінде берер көмегім қандай? деген  сұрақтарыма жауапты мен ҚР педагогтерінің  біліктілігін арттыру курсының үшінші (негізгі) деңгейлі бағдарламасынан таптым. Бұл бағдарлама сындарлы оқытуға негізделген. Мен үшін Бағдарламаның 7 модулі әлемнің 7 кереметі секілді әсер берді. Бағдарламаның ғылыми-теориялық негізі  сындарлы оқытуда жатыр. Мақсаты оқушының  тапсырманы орындауда алған білімдерін бұрынғы білетіндерімен ұштастыру болып табылады. Оқушы сабақ барысында жан-жақты  дамып, сыныптастарынан үйренеді, бір-бірін үйретеді.

Мен 2013 жылдың мамыр айында сертификатталған болатынмын. Мүмкін, менің тәжірибем біреулерге аздық етер, әйткенмен де мен өз тәжірибеммен бөлісуді жөн санадым.  Ал, енді осы Бағдарламаның 7 модулін сабағыма енгізуде мен қандай жетістірге жеттім, Бағдарлама маған не берді, модульдерге жеке-жеке тоқталып көрейік.

1-модуль. «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» жекелеген құбылыс немесе дағды емес. Бұнда біз «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйретуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік –сындарлылық көзқарасымен тығыз  байланысты. «Қалай оқу керектігін үйрету » немесе метасана оқушыларға оқуды өз бетінше  жалғастыра   алатын  білім  жинау жауапкершілігін  түсінуге  және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді. Оқыту мен оқудағы оқушы мен мұғалімнің арасындағы байланыс ол диалог арқылы болары сөзсіз. Осы диалогтік оқытуды сабақ барысында тиімді қолданғанда оқушылар өз ойларын, көзқарастарын білдіріп, еркін сөйлеп, қарым-қатынасқа түсе бастайды. Ал, «қалай  оқу керектігін үйретуде» оқушы алған білімін есте сақтап, өз бетімен іздене отырып, жауапкершілікке үйренеді. Қалай оқу керектігін үйрету бұл оқушының  «өзін-өзі реттеуі» болып табылатыны анық. Бұл үдерісте оқушылар түсінеді, бақылайды,  өздерін қадағалап қабілеттерін шыңдайды.  Берілген тапсырмалар арқылы өзін-өзі реттей отырып білімге құштарлығын оятады.

2-модуль. «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»,  бұл - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылықпен жұмыс жасау. Өз сабақтарымда түрлі әдістерді (миға шабуыл, инсерт, синкейн, кластер, т.б.) қолдану  арқылы мен төмендегідей нәтижеге жеттім:

  • оқушылар сабақта тығырықтан шығу жолдарын өздері іздейді;
  • сабақтағы танымдық қабілеттері көтерілді.

3-модуль. «Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау». Беймазалық сезімін жою, керісінше баланың сабақта белсенді болуын арттыру үшін мен сабақтарымда өзін-өзі, топтық, жұптық,  табыс өлшемдері арқылы бағалау түрлерін қолданамын. Бағалаудың бұл түрлері (смайликтер, бағдаршам, жетістік баспалдағы, бағалау парақтары, т.б.) оқушыларға өз білімінің деңгейін анықтауға және  жетістікке жетуіне, тақырыпты игеруде алға жылжуына ықпал етеді. Нәтиже:

  • бағалау жүргізуде қызығушылық туды;
  • білім деңгейі анықталды;
  • қобалжушылық жоғалды;
  • кері байланыстың нәтижелілігі көрінді;
  • бағалау оқушының уәждемесіне және өзін-өзі бағалауына әсер етті;
  • табыс өлшеміне дағдыланды.

4-модуль. «Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану». Ақпараттық сауаттылық – мұғалім жұмысының басты қыры.  Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой-өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді.

5-модуль. «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту». Барлық оқушының білім алуына жәрдемдесу үшін мұғалім олардың жеке қажеттіліктерін, даму мен қызығушылық ерекшеліктерін ескергені жөн.

Бұл модуль рефлексиясы мына нәтижелерді көрсетті:

  • сабақта ынтымақтастық атмосферасы орнады;
  • «іші пысқан» оқушылар жанданып, сабаққа араласа бастады;
  • «тыныштар» ашылды;
  • даму мүмкіндігі шектеулі оқушылар сабақ үдерісінің тікелей қатысушысы болды.

6-модуль. «Талантты және дарынды балаларды оқыту».  Мұғалім оқушының өте жоғары жетістікке жетуі үшін қолайлы орта жасауға ұмтылуы қажет. Бұл модульдің мақсаты: талантты әрі дарынды балаларды сабақ үдерісіне тарта білу, олардың әрі қарай дамуына жағдай жасау. Талантты әрі дарынды балаларды оқыту тереңдетілген, кеңейтілген тапсырма беру арқылы жүргізілген болатын. Оларға жайлы орта жасау үшін әр түрлі деңгейлі АВС тапсырмалары дайындалады. Бұндағы «С» тапсырмасы - жоғары дәрежелі. Бұл оқушылар осы тапсырмаларды қызығушылықпен орындайтын болды және олар әлсіз оқушыларға көмектесіп, өздерін ұстаз, әрі кеңесші рөлінде сезінді.                                                                                                                                         7-модуль. «Білім берудегі  басқару және көшбасшылық». Бұл модуль, біріншіден, мұғалімнің көшбасшылығы туралы.  Себебі, білім беру жүйесіндегі кез келген өзгеріс мұғалімнен басталуы тиіс. Әр мұғалім өзінің тәжірибесіне дәл осы өзгерістің қажеттілігін енгізуі жайлы сенімін қалыптастыруы керек.   Ол өзінің соңынан оқушыларды және әріптестерін еліктіре білуі керек.                                                                          Бағдарламаның 7 модулін өз сабақтарыма енгізу нәтижесінде мынадай өзгерістер анықталды:                                                                                                                      Мұғалім
-неге және қалай оқыту керектігін түсінді; 
-білім беру нәтижесін бағалауды ұғынды;  
-«ынтамақтастық атмосферасын» орнатудың маңыздылығын игерді.                                    -өзінің сыни ойлауын жаңа деңгейге көтерді.
Оқушы                                                                                                                                              - сабақтағы әрекеттік уәждемесі көтерілді;                                                                                 -әңгіме-сұхбатқа белсенді араласа бастады;                                                                                          -толық жауап беруге дағдыланды;                                                                                                                  -ойлау белсенділігін арттырды;                                                                                                            -сөздік қорларын молайтты;                                                                                                        -сөйлесім қатынас қызметі қалыптасты.

Енді, мен бұдан да жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін  осы  жерден тоқтап қалмауым тиіс. Маған осы Бағдарлама бойынша білімімді тереңдетіп, әрі қарай  енгізу жолында тыңбай жұмыстану қажет.  Ұстаз ретінде мен өзіме жаңа тәжірибе жинақтадым. Әрине, көңілімнен шықпайтын жайттар да аз емес, бірақ сол кемшіліктерді жою, өзімді дамыту, жетілдіру үшін де мұғалім емеспін бе? Себебі, мұғалім өмір бойы үйренеді. Мен енді дәстүрлі бағыт бойынша жұмыстана алмаймын, ал жаңаша жұмыстану үшін тырысатын боламын. Өзімнің еңбек жолыма, тәжірибеме білім беру үдерісіндегі кез келген өзгерісті енгізуде қызмет атқарамын. Әзірге мен таңдаған жолым бойынша жаңа-жаңа қадам жасап келе жатырмын. «Көз – қорқақ, қол - батыр» деген мақалдың мәні де осы шығар.

Өркениет көшіндегі білім кемесінің сапары осы Бағдарлама аясында жұмыстанып жүрген барлық ұстаздарға сәтті болғай!

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл refleksiya_1.docx24.52 КБ

Предварительный просмотр:

По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Метод синквейна как средство итоговой рефлексии при обучении английскому языку в образовательных организациях СПО.

В данной статье дается обзор поэтапного освоения обучающимися приемов написания синквейна - мощного средства рефлексии, самопознания и творческого самовыражения.Статья будет полезна преподавателям...

Рефлексия и аргументация

Выступление на школьном совещание по теме "Рефлексия и аргументация"....

Рефлексия урока

Данный материал описывает традиционные методы, находки коллег и собственные мини-находки автора при проведении рефлексивного этапа урока. Представленные методы и приемы универсальны и могут быть испол...

формы рефлексии на уроке

Рефлексивное пространство урока, формы рефлексии....

Рефлексия участника конкурса профессионального мастерства

Презентация раскрывает сущность и возможности профессионального развития педагога через участие в конкурсе профессионального мастерства. ...

Реализация ФГОС: рефлексия на уроках «Искусство»

Новые формы работы по ФГОС в 1 классе...