Microsoft Word редакторы. Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау.
план-конспект урока на тему

Досанова Биганым Бериккалиевна

Оқушыларға Word мәтіндік редакторында кесте құру түрлері,   оны өңдеу бойынша білім-біліктілік қалыптастыру.  Кестемен жұмыс жасаудың  мүмкіндіктерін игерге отырып практикада кеңінен қолдануға және ақпараттық –технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту. Өз ойларын, пікірлерін тұжырымды түрде қорғай білуге, сыпайы қарым-қатынас  жасауға, ұжымдық сезімді ояту, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Скачать:


Предварительный просмотр:

Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Word мәтіндік редакторында кесте құру түрлері,   оны өңдеу бойынша білім-біліктілік қалыптастыру.

Дамытушылық: Кестемен жұмыс жасаудың  мүмкіндіктерін игерге отырып практикада кеңінен қолдануға және ақпараттық –технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Өз ойларын, пікірлерін тұжырымды түрде қорғай білуге, сыпайы қарым-қатынас  жасауға, ұжымдық сезімді ояту, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі.Амандасу. Жоқ оқушыларды белгілеу.

Үй тапсырмасын тексеру. Өткен материалды қайталау. Қайталау сұрақтары және тапсырмалар.

1. Мәтіндік процессор деген не? Мәтіндік редактордың мәтіндік мәтіндік процессордан айырмашылығы неде?

2. Мәтіндік редакторды қалай іске қосамыз?

3. Microsoft Word мәтіндік процессоры терезесінің негізгі элементтерін атаңдар.

4. Жанама мәзір деген не?

5. Қалып-күй жолы не үшін керек?

6. Құжатты сақтаудың қандай әдістерін білесіңдер?

7. Пернетақтада жоқ символды кірістіруге көмектесетін бұйрық қандай?

8. Мәтіндік редакторда тізімнің қандай түрлері бар?

Тапсырмалар:

1-тапсырма: Word мәтіндік редакторының мүмкіндіктерін жаз.

2-тапсырма: Мәтіндік процессордың терезесінің элементтерін сәйкестендіру арқылы көрсет.

  1. Айналдыру жолағы
  2. Office батырмасы
  3. Тақырып жолы
  4. Масштаб
  5. Жылдам қол жеткізу батырмасы
  6. Қалып-күй жолы
  7. Жолақ
  8. Пішімдеу сызғышы

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

     Кестелер мәтіндер мен бейнелер орналасатын жолдардан, бағандардан және ұяшықтардан тұрады. Кестелер деректерді реттеу және бейнелеп көрсету үшін пайдаланылады. Microsoft Word әртүрлі құрылымдағы саны әртүрлі жолдар мен бағандардан, біріктірілген ұяшықтардан тұратын кестелер тұрғызуға мүмкіндік береді.  Кестелер ұяшықтарының шекараларының түрі, жуандығы және түсі әртүрлі қоршау сызықтарымен сызылуы мүмкін.

    Кесте құру батырмасы жолақтың Кірістіру (Вставка) тіркеме парағында орналасқан. Осы батырманы басқанда төмен қарай жайылатын терезе ашылып, онда тінтуірмен жаңадан құрылатын кесте ұяшықтарының қажетті санын бояймыз.

     Жаңа кесте құру үшін Кірістіру→Кесте→Кестені кірістіру ( Вставка→Таблица→Вставить таблицу) бұйрығын пайдалануға болады.  Бұл жағдайда пайда болған терезеде жаңа кестенің жолдары мен бағандарының қажет санын көрсету керек.

     Кестелермен жұмыс істеу барысында жолдар мен бағандар оңай жойылады және қосылады, сондықтан құру кезінде жолдар мен бағандардың дәл санын көрсету міндетті емес. Жолдар мен бағандардың бастапқы бірнешеуін көрсету жеткілікті.

     Кестені сондай-ақ жай қарындаштың көмегімен салып, керек емес сызықтарын өшіргішпен өшіруге болады. Кестенің суретін сызу үшін жолақтың Кесте (Таблица) тіркеме парағында Қарындаш (Карандаш) батырмасын іске қосамыз. Одан кейін тінтуірдің сілтемесі кестелер салуға болатын қарындаштың түрін қабылдайды. Өшіргіш Жолақтың (Лентаның) Конструктор→Шекаралар сызу (Конструктор→Нарисовать границы) тіркеме парағында орналасқан.

     Кесте құру үшін бірінші және екінші тәсілді қолданған ыңғайлы. Ал артық сызықтарды жоюды немесе олардың жаңаларын қосуды қарындашпен және өшіргішпен орындаған дұрыс.

    Экспресс – кестелер бұйрығы кестелердің дайын шаблондарын қосады. Бұл кестелер әрленіп қойған, тек мазмұнын өзгерту ғана қажет.

    Кестелерді толтырғанда ұяшықтар бойымен тінтуірдің немесе меңзерді басқару пернелерінің көмегімен жылжиды. Ұяшықтан ұяшыққа ауысу үшін Tab пернесі қолданылады. Бұл перне меңзерді кестенің келесі ұящығына ауыстырады. Егер осы пернені меңзер кестенің соңғы ұяшығында орналасқанда басатын болсақ, онда кестеге жаңа жол қосылады. Бұл функцияны көбіне кестені ұяшықтан ұяшыққа Tab пернесі көмегімен жылжып отырып толтығанда қолданады. Меңзерді алдындағы ұяшыққа ауыстыру үшін Shift+Tab пернелер комбинациясын басу керек.

Жаңа тақырыпты бекіту.

Бақылау сұрақтары:

  1. Кестелермен жұмыс жасағанда Microsoft Word терезесінің қандай элементтері пайдаланылады?
  2. Кестені құжатқа қандай тәсілдермен кірістіруге болады?
  3. Кестені қалай салуға болады?
  4. Алдымен кестені кірістіріп алып, элементтерді одан кейін салып, толықтыруға бола ма?
  5. Кестенің бойымен қалай жылжуға болады?
  6. Кестенің соңына жаңа жолды қалай қосуға болады?

Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау

А деңгейі

1. Өздеріңнің апталық сабақ кестелеріңді кесте түрінде басып шығыңдар. Жолдарға сабақтардың нөмірін, ал бағандарға апта күндерін орналастырыңдар.

   

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Сенбі

1- сабақ

2-сабақ

3-сабақ

4-сабақ

5-сабақ

6-сабақ

2. Кестені «Сабақ кестесі» деген атаумен сақтаңдар.

В деңгейі

1. Өздеріңнің достарың туралы анықтамалық мәліметтерден тұратын мынадай түрдегі кесте құрыңдар:

Аты-жөні

Телефон

E-mail

Мекен-жайы

2. Кестені толтырыңдар.

3. Кестені «Менің достарым» деген атаумен сақтаңдар.

Үйге тапсырма беру. §22 140 бет оқу, мазмұндау. Тест тапсырмалары.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Методические указания для студентов по выполнению практических работ. Тема "Microsoft Word"

Методические указания предназначены для студентов , изучающих дисциплину «Информатика». Целью методических указаний является обучение студентов работе в Microsoft Word. Методические указания...

метадическая разработка планирующей документации профессионального обучения тема: ВВод и редактирование текста средствами Microsoft Word

Задачи подготовки всесторонне развитых, технически образованных молодых квалифицированных рабочих решаются в процессе производственного обучения.Процесс производственного обучения представляет с...

МЕТОДИЧЕСКИЕ УКАЗАНИЯ для студентов СПО ПО ВЫПОЛНЕНИЮ ПРАКТИЧЕСКИХ РАБОТ ПО ДИСЦИПЛИНЕ «ИНФОРМАТИКА» Тема: «Текстовый процессор Microsoft Word»

Методические указания предназначены для студентов среднего профессионального образования второго курса  изучающих дисциплину «Информатика».Целью методических указаний является обучени...

Технологии обработки текстовой информации в среде текстового процессора Microsoft Word 2010 (Часть I)

В данном методическом пособии рассматриваются основные приемы работы с текстовым процессором Microsoft Word 2010. Основные группы команд на вкладках ленты: «Главная», «Разметка страницы», «Вид»; основ...

СЕМЬ ШАГОВ В ИЗУЧЕНИИ ТЕКСТОВОГО РЕДАКТОРА MICROSOFT WORD

         Учебно-методическое пособие соответствуют Федеральному государственному образовательному стандарту начального профессионального образования по профессиям 1.9 «...

МЕТОДИЧЕСКАЯ РАЗРАБОТКА ПРАКТИЧЕСКОГО ЗАНЯТИЯ ДЛЯ ПРЕПОДАВАТЕЛЕЙ по дисциплине: Информатика Тема: «Создание документов в текстовом редакторе Microsoft Word»

методическая разработка предназначена для подготовки к практическому занятию преподавателей информатики на тему «Создание и редактирование текстового документа»...

Лекция. Текстовый редактор Microsoft Word

Общие сведения о текстовом редакторе Word, основные приемы форматирования текста, настройка страницы....