Главные вкладки
Муртазина Ардак Тельжановна
Сайт учителя начальных классов
Профессия: учитель начальных классов
Профессиональные интересы: начальное образование
Увлечения: художественное чтение, шитье
Страна: Казахстан
Населенный пункт: Казахстан Карагандинская область Актогайский район поселок Шашубай
Место работы: КГУ "Опорная школа (ресурсный центр) на базе "Комплекс школа-детский сад" (с пришкольным интернатом) поселка Шашубай
Навигация
Ссылка на мой мини-сайт:
https://nsportal.ru/murtazina-ardak-telzhanovnaЕштеңе туралы сұрамайтын адам ештеңе үйренбейді.
Рефлексивті есеп
Қай заман, қай ғасырда болмасын адам баласы барлық өмір құбылыстарын, өздерін қоршаған ортаны тануға ұмтылған. Үйрену мен үйретуден тұратын жердің бәрінде шәкірт пен ұстаз болған. Сол ұстаздардың ізімен ұстаздық жолды таңдағаным үшін өзімді бақытты сезінемін.
Бүкіл әлем жеделдетіп жаһандану үрдісіне көшуде.Болашақта жастар өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болуы керек. Жастардың енжар, өмірге бейімделмеген әлсіз болуы болашағымыз үшін әділетсіздік болар еді.
Мен - ұстаздық еңбек өтілім жеткілікті, кіші мектеп жасындағы балаларды оқытатын бастауыш сынып мұғалімімін. Ұстаздық еңбек жолымда байқағаным: оқушыларымның менің көмегімсіз тәуелсіз оқыту дағдыларын меңгере алмауы еді. Әрқашан мұғалімнің көмегіне жүгінетін оқушы ертең ол білімін өз қажетіне қолдана ала ма? Тәуелсіз оқыту дағдыларын қалыптастыруда менің қолданатын әдіс- тәсілдерімнің тиімділігі аз екеніне көзім жеткен күннен бастап, қалайша тәсілдерді жетілдіріп, оқытудағы олқылықтарды түзете аламын деген толғаныста болдым. Педагогикалық әдіс-тәсілдерді жетілдіру мақсатында осындай білім жүйесіндегі кемшіліктерді түзету, оқытуда түбегейлі өзгерістерге толы жобаны іске асыру және мұғалімдердің педагогикалық әлеуетін арттыру үшін ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін педагогтарының біліктілігін арттыру бағдарламасының үшінші базалық деңгейі курсына келіп, өз сұрақтарыма жауаптар таптым. Енді курстан үйренгенімді тәжірибеме енгізу үшін бүгінгі игерген модульдер мен бұрынғы әдіс- тәсілдерді салыстырып, ой талқысына салдым. Біліктілік арттыру курсынан кейін теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруда көп еңбектендім. Еңбегімнің нәтижесін интернет (ғаламтор) беттерінен(http://azbyka.kz/tegi/murtazina-ardak-telzhanovna), (http://bilimdiler.kz/bastaush/6064-bastauysh-synyp-saba-zhosparlary.html) bilimdiler.kz сайттарынан көруге болады.
Топтамадағы сабақтар тізімі:
1. Адам болам десеңіз
2. Ауылға келген мұғалім
3. Тамақтың иісі мен ақшаның сылдыры
Сабақ жоспарларының жаңа әдістермен құрылған үлгілері, жаңа технологиялардың тиімділігі, жаңа модульдерді тиісінше оқыту үдерісіне енгізу жайында мақалалар «Жаңа форматты ұстаз – заман талабы» - «Қазақстан орта мектебі» ғылыми – әдістемелік журналда жарияланса, «Оқыту үшін бағалау - оқушы белсенділігін арттырудың ең тиімді жолы» атты эссем «Өрлеу» ұлттық Білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығы ұйымдастырған эсселер дистанционды байқауында жинаққа енді.(портфолиоға салынған) Өзім «Ақ желкен» мектеп жастар баспасөз орталығының жас тілшілерінің үйлестірушісімін. Мектеп өміріндегі жаңалықтарды қалың жұртшылыққа таралуына жас тілшілердің қаламын ұштауға септігімді тигізіп жүрмін. Республикалық қашықтықтан қатысу олимпиадасына қатысып, аймақ бойынша ең үздік көрсеткішке ие болдым, яғни мүмкін 40 ұпайдың 37 –сін жинап, «Ең үздік нәтиже» сертификатына ие болдым. (портфолиоға енгізілді)
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді оқыту үдерісіне енгізу, тәжірибеде қолдану арқылы қол жеткізген табыстар
· сабақтар түгелдей оқушыға бағытталды;
· ұжымдық, ынтымақтастық қарым-қатынасқа қол жеткіздік;
· бұрынғы білгендеріне жаңа білім қосылды;
· оқушылардың өзінің серіктестері арасында жауапкершілігі артты;
· проблемалық жағдаяттар туындап, оқушылар шешу жолдарын өз бетінше қарастырды;
· оқушылар өзара сұрақтар қоя бастады;
· өзімде өзгеріс пайда болды ( оқушымен бірге оқимын, ізденемін, оқушыларыммен бірге даму үстіндемін);
Сыныбымда болған оқытудағы өзгерістер менің оқушыларымды қандай нәтижеге әкеледі?
· Оқушы танымдық -іс әрекет иесі;
· өзінің даму аймағын кеңейтуші;
· оқыту үдерісінің белсенді мүшесі;
· өзіндік ой- пікірі бар, сыншыл көзқарас, әділ пікір иесі;
· өзін -өзі тануға әрекет жасаушы;
· зерттеуші, үйретуші;
· бірін-бірі, топтың жұмысын және өзін бағалаушы;
· мақсатын айқындай алушы.
Мен оқушыларымның ақылы, ойы өскенін күнделікті қарым – қатынаста бақылау арқылы білемін. Олардың ақылының, ойының өскенін бағалау үшін мен ұдайы оқуым керек. Іздену, білім қорын құру арқылы менің кәсіби түйсігім қалыптасады, іргетасы қаланады. Джон Дьюи: «нағыз еркіндік білім қорының толығуымен үздіксіз қатынаста болатын рефлективтік ойлаудан шығады,»- дейді.
«Маған айт, мен оны ұмытамын, көрсет, мүмкін, есімде сақтармын, мені қызықтыр, мен сонда түсінемін»,- деген қытай даналығы.Сабақ беруге және оқытуға барынша мақсатқа сай және креативті амалдарды дамытуда орталық аспект мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастардың түсінікті болуы керек. Егер оқытуға белсенділік пен өзара әрекет кіретін болса, ол тиімдірек бола алады.
О себе
Мен бастауыш сынып мұғалімімін. Осы сайт арқылы әріптестеріммен іс- тәжірибе алмасып, бөліскім келеді.
Книги, которые сформировали мой внутренний мир
"Абай жолы" . Қазақ халқының ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтың бұл эпопеясы- қазақ оқырманының мақтанышына айналған туынды.
Моё портфолио
Электронды портфолио кез келген педагогтың іс -тәжірибесін жеткілікті деңгейде таратуға, тәжірибе бөлісу алаңын кеңейтуге таптырмас құрал болып табылады
Добавить творческую работу ученика
Код для вставки списка публикаций на другие сайты