Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Көп нәрсенің зиянын біле тұра, күнделікті тұрмыста қолданамыз. Бұл адам табиғатына мәңгілік енгізілген өзгермейтін компьютерлік бағдарлама іспетті. Бүгінде адам ағзасына, денсаулығына пайдалы заттарды кездестіру мүмкін емес. Күнделікті қолданатын тағамдардан бастап, астымызға мінген көлік те адамзат үшін зиянды дейді мамандар. Тіпті әр түрлі экологиялық құбылыстар нәтижесінде ластанудың өте биік деңгейіне жеткен қарапайым ауаның өзімен демалу қауіпті.Жалпы, қай жұрттың болмасын әдет-ғұрпы, салтсанасы, тәрбиесі негізінен ішіп-жейтін ас-суына байланысты болса керек.Пейіл, ұрпақтың мінез-құлқы да соған сай болмақ. Мәселен, жат жұрт сүйсініп жейтін, мұсылмандар иісінен жиренетін шошқа балшықты-батпақты жерде өсіп-өніп, өңешінен өткеннің бәрін талғамсыз жей береді. Қатты ашыққанда өз торайын өзі жеп қоятын хайуан да осы мақұлық. Ал «ішсең - қымыз, жесең – ет, мінсең - көлік» дейтін Қамбар ата тұқымына қараңыз. Жылқы - кешіп жүріп, судың тұнығын ішеді, таңдап жүріп, шөптің құнарлысын ғана жейді, қылқұйрықтың бұдан басқа да оң қасиеттері баршылық. Осындай жануарды малданып, асыраған, ас-суына пайдаланған қазақ бабамыз асқа келгенде де өте кірпияз болған ғой. Ал тәрбие ше? Қазақта бұрын арақ-шарап, түрме, ата-анасын, баласын тастап кету, ата-анасына, баласына, өзіне қол жұмсау деген болды ма? Жоқ. Ас-суымызға әлгіндей харам хайуанның еті араласуынан ба екен, ұлттық пейіл, мінез-құлық өзгерді (бұл жерде тәрбие, орта, қоғамдағы өзгерістер де бар) Әйтпесе, осыдан 30-40 жыл бұрын апа-әжелер айран көже, күріш көже, құрт көже, шалап дейтін сусындарды табиғи таза қалпында әзірлеп, тоңазытқышсыз-ақ сап-салқын күйінде сақтады. Жылқының майлы сорпасына мұз салып әзірленетін томыртқа ше? Бұлар, қазір бір ішсең шөлдетіп, терлете беретін, химиялық қоспасы бар жасанды шырын, «Coca-cola» секілді сусындардай емес, қарын да тоятын, шөлді де басатын, дәруменге де бай болатын. Ұлыс күні келгенде әзірленетін Наурыз көженің дәмі қандай еді десеңізші?! Иә, біздің қазақ осындай болған. Басқасын былай қойғанда, қазір су ысытуға пайдаланатын электр құралын да біздің қазекем ойлап тапқан. Қой баққан қойшылар қойдың сүтін сауып алып, ағаш тостақта пісіріп ішкен екен. Ол үшін тасты жанып жатқан отқа тастап, әбден қызған кезде ағаш тостақтағы сүтке салып жібергенде, иісі бұрқыраған сүт лезде көтеріліп, пісіп шыға келген. Тіпті, құрғақ сүт әзірлеу де біздің жұрттың тапқаны. Малдың терісін жүн-жұрқасынан әбден тазартып алып, жаңа сауылған сүтпен бірге қайнатқан. Сосын сүтті сіңірген теріні желдің өтіндегі сөреге жайып, кептіріп алып, қайтадан жаңа сауып, қайнатып жатқан сүтке салған. Осылайша, бірнеше рет сүт сіңіріп, әбден ісінген, кептірілген теріні сақтап қойған. Мал тұяғымен ілесе көшіп-қонғанда қайнап тұрған суға сүт сіңген терінің бір пұшпағын кесіп алып, салып жібергенде жаңа піскен сүттің иісі аңқып, оны шайға қатып ішкен екен.
Мазмұны:
I.Кіріспе. бөлім – 3 бет
II. Негізгі бөлім
2.1. «Фастфуд деген не?» – 6 бет
2.2. Ауру – астан, Дау – Фаст фудтан! – 8 бет
2.3. «Фастфуд»– тың адам ағзасына әсері – 14 бет
2.4.Фастфут тағамдары өміріңізге қауіпті – 22 бет
2.5. Денім сау болсын десеңіз, Фаст-фуд тағамын тұтынбаңыз – 25 бет
III. Эксперимент бөлімі – 26 бет
IV. Қорытынды бөлім – 29 бет
V. Пайдаланған әдебиеттер – 30 бет
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Көп нәрсенің зиянын біле тұра, күнделікті тұрмыста қолданамыз. Бұл адам табиғатына мәңгілік енгізілген өзгермейтін компьютерлік бағдарлама іспетті. Бүгінде адам ағзасына, денсаулығына пайдалы заттарды кездестіру мүмкін емес. Күнделікті қолданатын тағамдардан бастап, астымызға мінген көлік те адамзат үшін зиянды дейді мамандар. Тіпті әр түрлі экологиялық құбылыстар нәтижесінде ластанудың өте биік деңгейіне жеткен қарапайым ауаның өзімен демалу қауіпті.Жалпы, қай жұрттың болмасын әдет-ғұрпы, салтсанасы, тәрбиесі негізінен ішіп-жейтін ас-суына байланысты болса керек.Пейіл, ұрпақтың мінез-құлқы да соған сай болмақ. Мәселен, жат жұрт сүйсініп жейтін, мұсылмандар иісінен жиренетін шошқа балшықты-батпақты жерде өсіп-өніп, өңешінен өткеннің бәрін талғамсыз жей береді. Қатты ашыққанда өз торайын өзі жеп қоятын хайуан да осы мақұлық. Ал «ішсең - қымыз, жесең – ет, мінсең - көлік» дейтін Қамбар ата тұқымына қараңыз. Жылқы - кешіп жүріп, судың тұнығын ішеді, таңдап жүріп, шөптің құнарлысын ғана жейді, қылқұйрықтың бұдан басқа да оң қасиеттері баршылық. Осындай жануарды малданып, асыраған, ас-суына пайдаланған қазақ бабамыз асқа келгенде де өте кірпияз болған ғой. Ал тәрбие ше? Қазақта бұрын арақ-шарап, түрме, ата-анасын, баласын тастап кету, ата-анасына, баласына, өзіне қол жұмсау деген болды ма? Жоқ. Ас-суымызға әлгіндей харам хайуанның еті араласуынан ба екен, ұлттық пейіл, мінез-құлық өзгерді (бұл жерде тәрбие, орта, қоғамдағы өзгерістер де бар) Әйтпесе, осыдан 30-40 жыл бұрын апа-әжелер айран көже, күріш көже, құрт көже, шалап дейтін сусындарды табиғи таза қалпында әзірлеп, тоңазытқышсыз-ақ сап-салқын күйінде сақтады. Жылқының майлы сорпасына мұз салып әзірленетін томыртқа ше? Бұлар, қазір бір ішсең шөлдетіп, терлете беретін, химиялық қоспасы бар жасанды шырын, «Coca-cola» секілді сусындардай емес, қарын да тоятын, шөлді де басатын, дәруменге де бай болатын. Ұлыс күні келгенде әзірленетін Наурыз көженің дәмі қандай еді десеңізші?! Иә, біздің қазақ осындай болған. Басқасын былай қойғанда, қазір су ысытуға пайдаланатын электр құралын да біздің қазекем ойлап тапқан. Қой баққан қойшылар қойдың сүтін сауып алып, ағаш тостақта пісіріп ішкен екен. Ол үшін тасты жанып жатқан отқа тастап, әбден қызған кезде ағаш тостақтағы сүтке салып жібергенде, иісі бұрқыраған сүт лезде көтеріліп, пісіп шыға келген. Тіпті, құрғақ сүт әзірлеу де біздің жұрттың тапқаны. Малдың терісін жүн-жұрқасынан әбден тазартып алып, жаңа сауылған сүтпен бірге қайнатқан. Сосын сүтті сіңірген теріні желдің өтіндегі сөреге жайып, кептіріп алып, қайтадан жаңа сауып, қайнатып жатқан сүтке салған. Осылайша, бірнеше рет сүт сіңіріп, әбден ісінген, кептірілген теріні сақтап қойған. Мал тұяғымен ілесе көшіп-қонғанда қайнап тұрған суға сүт сіңген терінің бір пұшпағын кесіп алып, салып жібергенде жаңа піскен сүттің иісі аңқып, оны шайға қатып ішкен екен.
...Пицца, ход-дог сынды иісі тәбет ашатын тағамнан аулақ болу керек. Бұлардың сүйкімді дәмі, иісі - оның дайындалу шеберлігінен емес, керісінше, жоғарыда айтылғандай химиялық қоспаларының «нәтижесі» екенін білген жөн. Фри картобы, гриль-тауық, қуырылған құс етінде трансгендік майлар көп болғандықтан, бұл дәмдердің құрамында пайдалы дәрумендер мүлдем жоқ, жүрек, қан-тамырды бүлкілінен адастырып, бауырды «отырғызатындар» да осылар. Енді бір мәселе, осындай дәмдерді балалар таза су немесе шаймен емес, тәтті газдалған сумен ішкенді ұнатады. Есесіне, ағзада су тапшылығы пайда болады. Мұның өзі балалар арасында остеохондроз, несеп жүру жолдарында тастың пайда болуына соқтырады.
...Қазір еліміздің қай қаласына барсаңыз да жат жұрттың (итальян, француз еті) тағамын әзірлеп, соларды жарнамалайтын мейрамхана, дәмханаларда қазақтың қасиетіңнен айналайын бірде-бір ұлттық тамағы тапсырыссыз дастарқанға қойылмайды. Рас, кейбір ірі қалаларда ұлттық тағам ғана әзірлейтін, сол үшін қазақы қой, сиыр ұстайтын мейрамханалар бар. Бірақ, көп ретте арнайы ұлттық дәм әзірлейтін кәсіп ашуға кәсіпкер азаматтар неге екенін, селқос, құлықсыз.
Ата-әжелеріміздің үстел басында бата қайыра отырып айтатын «Ас — адамның арқауы» деген сөздері өте жағымды естілетін, тіпті, ерекше тәбетіңді шақыратындай әсер етеді.
Әйтсе де тәнді тұралататын “дәмді тағамдар”ды пайдалануды тоқтатқан емеспіз. Сол тағамдардан жапа шеккен кездерімізде «Ауру астан» деп те жатамыз. Бәлкім, бұл мағынасы жағынан бір-біріне қарама-қайшы қос тіркестің бір-бірінен айырмашылығы — алдыңғысы әркімнің де төл шаңырағында берекелі дастархан басында отырып, қолдан пісірілген таза тағам тұтынған көрінісін меңзесе, соңғысы көше бойынан дәм татып, артынан ағзасына ақау жамаған жанның бейнесін көз алдыңа әкелетіндей. Иә, қалай десек те, бүгінгі күні көше саудасы қызып тұр. Оның күннен-күнге жаңа қарқын алуына, пысықай саудагерлеріміздің сауда көрігінің одан әрі жандана түсуіне де түрткі тағы өзімізбіз. Бұл күні адамдардың әсіресе түс мезгілінде уақыттарының шектеулі екенін білетін әккі саудагерлер тез пісетін тағам түрлерін әзірлеп, кішігірім «бизнес» жасауды әдетке айналдырған. Әрине, мұндай тағамдардың қатарына ет пен картоп қосылған бәліштерден бастап, көшенің бұрыш- бұрышында көзіңді ашып-жұмғанша, әп сәтте әзір болатын түріктің донерлері, кебабтары америкалықтардың ғast food-тары, яғни түсінікті тілмен айтсақ, чизбургер, гамбургерлер. Мұндай тағамдар неғұрлым тез дайындалса, соғұрлым тұтынушылардың бірқатар айықпас дерттерге шалдығуына жол ашуда. Ең алдымен адамдарды көшеде тамақтануға мәжбүрлейтін уақыттың тығыздығы ма, қалтаның таяздығы ма, әлде өзгенің қаңсығына құмарлық па деген сауалға жауап іздедім.
2.1. «Фастфуд деген не?»
Фастфуд - өте тез әрі кең қолданылатын тағамдардың бірі. «Фастфуд» термині тағам деген мағынада қолданылады және бұл тағам тез дайындалады, ал бұл тұтынушыға өте қолайлы.
1920 жылдары ең бірінші фастфуд тағамы Америкада қолданысқа ие болды. 1921 жылы Канзаста White Castle атты компания ашылып, алғашқылардың бірі болып гамбургер дайындаған еді. Бұл компания келушілерді гамбургердің бағасының тұрақтылығымен жаулап алды, бірақ тағамның сапасымен құндылығы жөнінде компания басшысы Билли Инграма ойламады. 1940 жылдардың соңында White Castle компаниясының мықты бәсекелесі болып McDonald's компаниясы бой түзеді. Сол жылдан бастап McDonald's компаниясы алпауыт компаниялардың бірі болды.Тоқсаныншы жылдары гамбургер кедейлерге арналған зиянды тағам болып есептелінетін. Оны қала көшелерінде ғана үйсіз-күйсіз адамдарға сататын болған. Тек кейінірек бұл тағам ресторандарға жол тартты. Aмерикада әрбір 10 адамның тоғызы кем дегенде айына бір рет McDonald's ресторанына барады. Америкалықтар 1970 жылы фаст-фудқа 6 миллиард доллар жұмсайтын еді. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 142 миллирд долларға өсті.Солтүстік Кореяда Кока-Кола мен Пепси-Кола сатылымда жоқтың қасы.Гамбургер туралы БАҚ-тарда алғаш рет 1894 жылы Los Angeles Times газетінде сөз болды.АҚШ-тың өзінде фастфуд сататын 300 мың ресторан жұмыс істейді. Ричард және Морис Макдональдтар өздерінің алғашқы ресторанын 1949 жылы Калифорния штатындағы Сан Бернардинода ашты. McDonald's Бразилиядағы халықты жұмыспен қамтып отырған ең үлкен компаниялардың бірі болып саналады. McDonald's ресторандары ашылар тұста желі иелері сатып алушылардың ресторанда ұзақ уақыт отыруын қаламағандықтан, бөлмеге ыңғайсыз орындықтар қойып, ойын-сауық автоматтарының болмауына барынша көңіл бөлген.Фри картофельдерінің көпшілік арасында кең етек жайғанығы соншалық, оның сатылымының көлемі шикі картоптардан да асып түсті. Мысалы, тек 2010 жылы американдықтар 3 миллион тонна фри картофелін жеді.Рональд Макдональд америкалық балалар арасында Санта Клаустан соң ең танымал тұлға болып есептелді. Фаст-фуд тағамдарының кең етек алуы америкалықтардың күрт семіруіне әкелді. Америка ауруларды бақылау орталығының есептеуінше, семіздіктен жылына 248 мың америкалық өледі екен.
Қазіргі уақытта шаурма, сэндвичтер, чебуректер, пицца, чипсы, қуырылған картоп және түрлі газдалған сусындар көп, бірақ олардың сапасы мен құрамында не бар екен? Жоғарыда аталған барлық тағамдар фаст-фуд қатарына кіреді. Осындай тағамдармен тамақтанатын адамдар осыны тиімді, ал тамақ пісіруге уақыттың жетіспеушілігіне байланысты, кейбіреулері өздерінің қалаулары бойынша тамақтанады. Осындай тамақтың зиянды екенін, екінің - бірі ойлай бермейді, білгендердің өзі қуырылған картоптың қытырлағанын газды сусын кока – коламен шөлін басады. Фастфуд тағамдарын біреулер күнде жеп ішсе, кейбіреулері анда санда тамақтанады. Тамақты үйде дұрыстап дайындауға мүмкіндігіміз болмағанда, ол бізге қолайлы, тиімді тамақ ретінде көмекке келеді. Ол қымбат емес, біреқ өте қауіпті. Денсаулығымыздың қауіпті жауы әрқашанда жаныңнан табылады, ол есірткі сияқты, қарның аш болғанда қолың өзі тартылып тұрады. Көбі фастфудтардың зиянды екенін түсінеді. Балаларды кішкентай жастан бастап осындай тағамдарға үйретпеген жөн. Шынына келсек кейбіреулері жалқаулықтың арқасында, тағыда біреулер денсаулығына немқұрайлықпен қарағандықтан осындай тағамдармен тамақтанады. Фастфуд сататын дүкендер өздеріне әдемі жарнамаларымен, төмен бағаларымен, жылдам әзірленуімен тұтынушылардын назарын аудартады. Ал біз денсаулығымызға салғырт қарасақ, балаларымыздың ертеңгі күні не болмақ. Егер сіз осындай тағамдарды жақсы көретіндер қатарына кірсеңіз, онда газеттер мен журналдардағы ақпараттар сіздің пікіріңізді өзгерте алмайды. Дәрігерлердің айтуынша фастфудпен тамақтануға болмайды. Осындай тағамдардың калориялары өте жоғары, майлар мен консерванттар құрамы өте көп болғандықтан, дәрумендер мүлдем жоқ.
2.2.Ауру – астан, Дау – Фаст фудтан!
Соңғы жылдары мамандар тарапынан көп талқыға түсіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жиі көрініп жүрген басты экологиялық мәселелердің бірі – адамдардың дұрыс тамақтанбауы. Жүріп бара жатып жүрек жалғайтын жылдам дайындалатын тамақ түрлері бүгінде жетіп артылады. Алайда, сырт көзге аты да заты да жағымды Фаст Фуд деп айдарлатып айтып жүрген – гамбургер, хот-дог, бұқтырылған шұжық, тез әзірленетін лапша, сэндвич, пицца және газдалған сусындармен қоректену адам ағзасы үшін нағыз қауіп. Бірақ мұны бәріміз білеміз. Біле тұра істейміз. Бұл үшін кінәні Макдональдс, Бегемот сияқты жеңіл тамақтану орталықтарынан іздейміз бе, әлде химиялық технологияның дамуынан көреміз бе?! Адамдардың мұндай тағамдарды қолдануы олардың тамақ әзірлеуге уақыттарының жетіспеуімен қатар, оны тез-тез жеу қажеттілігінен туған. Оның үстіне арзан, тез дайындалатын, әрі түрлі дәмдеуіштер қосылған дәмді асты тұтынудан кім бас тартсын? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүгінде адамзатты өлімге әкеліп соқтыратын факторлардың 60 пайызы – сапасы нашар, қауіпті азық-түліктен дайындалған тағамдар деп тұжырымдап отыр. Мұндай тамақтарда ағзаға тікелей әсер ететін улы заттар болмаса да, олардың құрамындағы кейбір зиянды нәрселер, ағзаны іштен жегідей жеп, дене мүшелерін істен шығара бастайды. Қазір АҚШ-тың кейбір телеарналарында дәрігерлер ұйымының сұранысымен антимакдональдік жарнамалық роликтер көрсетіліп жүр. Себебі ел тұрғындарының 61 пайызы артық салмақтан емес семіздіктен жапа шегеді. Канадалық ғалымдар фаст фудтың адам психикасына да үлкен әсері бар екенін анықтаған. Psychological Science журналының мәліметіне қарағанда тез әзірленетін тағамдармен тамақтанатын адамдар уақыт өте шыдамсыз болып келеді. Тез тамақтану – басты мақсат. Осындай шыдамсыз әрекеттер адам өмірінің барлық тұсынан көрініс табады. Мұндай астан бас тартудың миллион себептері бар. Төменде солардың бірнешеуін ұсынамын: Артық салмақ қосқыңыз келсе? Бір орташа гамбургер, фри картоптары және жарты литр кола – 1500ккал. Ал бәріміз білетіндей аз есеппен бұл бір адамның бір күнгі кабылдайтын мөлшері. Ал бір күнде сіз осыларды ғана жеумен шектелмейсіз ғой? Американдық журналист Морган Стерн өз тәжірибесінде 30 күн бойы Нью-Йорк қаласының фаст-фуд орталықтарында тамақтану арқылы 14 келі салмақ қосқан. Артық салмақ әр түрлі ауруларға себепші болуымен қатар, адамның көңіл күйіне тікелей әсер етеді. Егер сіз өзіңізді артық салмақтан құтқарғаңыз келсе, фаст фудқа жоқ деңіз! Денсаулығыңызды қатерге тіккіңіз келсе? Әдетте фаст фуд жегеннен ең алдымен ас қорыту нашарлайды. Созылмалы тұмау, сіркесі су көтермейтін ашушаңдық, аллергиялық аурулар, еркектік қабілеттің нашарлауы, бедеулік, инфаркт, инсульт, қатерлі ісік тағы басқа түрлі сырқаттардың бәріне тамақ құрамындағы зиянды нәрселер себепші. Бір сөзбен айтқанда жеңіл әрі тез дайырланатын тамақтардан адам азғасына келер ешқандай пайда жоқ. Көп ақша жұмсағыңыз келсе? Сіз мұнымен келіспеуіңіз мүмкін, себебі сүйікті Макдональдста 500теңгеге тамақтануға болады? Ал енді бір айда жеңіл асқа қанша ақша жарататыныңызды есептеңіз? Осыған фаст фуд әсерінен пайда болған шаш пен теріңіздің зақымдарын жасыру мақсатында сән салондарына жұмсаған қаражатыңызды қосыңыз. Ал егер мұндай асты әлі де қолдана беремін десеңіз, онда болашақта денсаулығыңызға байланысты медициналық орталықтарға кететін ақша мөлшерін тағы қосыңыз. Жаңа сатып алатын киімдеріңіз жайлы тіпті айтпаймын, себебі бұрынғы киіміңіздің тура келуі екіталай. Балаларыңыздың денсаулығы нашарласын десеңіз? Бүгінде тез даярланатын өнімдер үлкен адамдармен қатар мектеп жасындағы балалар арасында да танымал. Әсіресе чипстер, кептірілген нан (сухарики) олардың сүйікті тағамдарына айналған. Шведтік ғалымдардың айтуынша бұл тағамдар акрималид сияқты қауіпті концорогендерге бай. Акриламид – адамның жүйке жүйесін бұзатын, генетикалық мутацияға ұшырататын ақ немесе тұссіз суда еритін зат. Ол көмірсуға бай тағамдарды қуырғанда пайда болады. 1келі чипстың құрамында 2000 микрограмм акриламид түзіледі, бұл 1 келі қуырылған еттен 40 есе көп. Ал газдалған сусындарды күнделікті пайдалану адам ағзасында кальцийдің азаюына алып келеді. Кальцийдің жетіспеуінен 150 түрлі ауруға шалдығуға болады. Олардың бірі – остеопороз. Бұрынырақ бұл аурумен 60 жастағы карт адамдар ауырса, қазір бұл ауру түрі 6-12 жастағы балаларда ұшырасады. Балаларыңыздың шамадан тыс шыдамсыздығы мен жүйкелерінің тез жұқаруын, оған қоса ұмытшақтығын күнделікті қолданып жүрген астан іздеңіз! Ертеден бастап ата-бабаларымыз жылқы, қой, сиыр етін жеген, ақтан жасалған сүт, айран, құрт, май сияқты өнімдерді қолданып, төл сусынымыз шұбат,қымыз ішкен. Бұл тағамдардың пайдасы жайлы айтпасаң да белгілі. Мысалы, Қойдың еті – жылу мен әл-ауқатты , асқа тәбетті арттырады, жылқының еті – іріңді тоқтатып, бүйрек пен белді желден тазартса, сиырдың еті – майлы, ауыр, қызулы, ісік кезінде жақсы көмектесіп, асқазан, бүйрек, бел мен бастан ұстаған суықты шығарады екен. Бұл қасиеттер гамбургер арасына салынған еттің қызметтерінен мүлдем бөлек. Ал сары май, жұлын мен іш май ішкі ағзаны жұмсартса, сүр май ақылынан адасқан, есінен айрылған, танған адамдарға көмектеседі. Шыжғырылған май ойды өткірлейді, жадты кеңейтеді, жылу мен күш-қуат береді, өмірді ұзартады. Табиғи таза тағамдардың арқасында біздің тектілігіміз артып отырды. Міне, содан кейін біз қуатты ел болдық. Егер ұлттық тағамдарымызды өгейсітіп, шеттен келген зиянды асқа әуестенуімізді қоймасақ, күні ертең бақа-шаян, құрт-құмырсқаға айналарымыз хақ. Бұл – теңіздің тамшысындай ғана себептері. Өзгесін айтпасаң да белгілі. Заманауи жедел астың зиянын айтқанмен, өз тәжірибеңде көрмей оған сене қою қиын. Ал фаст фудты әлемде миллиондаған халық қолданады: әр түрлі ұлт өкілдері, әр жастағы адамдар, әлеуметтік сатысына қарай да түрлі адамдар. Барлығы да жеңіл әрі тез әзірленетін тағамдардың пайдасы мен үнемділігін ғана алға тартады. Ал оның орасан зияны жайлы айтатын ешкім жоқ. Тіпті тұмаумен ауырып, артритке шалдығып, үлкен күйзеліске ұшырап жатса да оны өзі тұтынған аспен байланыстыруды ойламайды да. Бекер, себебі «ауру – астан» немесе «өз ауруыңды табағыңның түбінен ізде» деп бекер айтылмаса керек. Бұл мәселе қазіргі таңда әлем қасіретіне айналған ЖИТС-тен немесе қоғамда орын алған халықаралық өзекті мәселелерден кем түспейді. Мұның себебі адамды ішінен улайтын фаст фуд өнімдерінің ерекше қамқорлыққа алынып, тыс мөлшерде жарнамалануында. Әрине, бұл өте тиімді бизнес жол. Өнімдерін тегін таратып, халықты өзіне тәуелді ету арқылы өз саудасын жүргізіп ақшаға кенелген саудагерлер үшін тиімді табыс көзі. Өзгені ойламақ түгілі өз қарабасының қамы мен қалтасының қалыңдығын ойлаған бизнесмендер әлемнің айықпас дертке шалдыққанын байқайтын қауқары да жоқ. Бұл, әсіресе, демографиялық өсім жағынан кенжелеп келе жатқан Қазақстан үшін тағы бір кедергі десе артық болмас. Егемендігін алып нық баса бастаған еліміздің аяғынан шалған тағдырдың тағы бір сыны. Әйтпесе бұрын соңды суға дейін талғап ішетін текті халқымыздың дүдәмәл азықпен қоректенбегені бесенеден белгілі. Ендеше аранымызды әр нәрсеге алаңсыз аша беруден бұрын сәл пәл ойланғанымыз жөн болар, текті де талғампаз атаның ұрпақтары!
Жаңбырдан кейін шыққан саңырауқұлақтар секілді «фаст фуд» дүкендері де қаламыздың кез-келген бұрышында қаптап кетті. Осыдан-ақ қоғам тамақтану проблемаларына қаншалықты көңіл аударуда деген ойға келесің? Таңғы ас қазіргі адамдардың күн тәртібінен мүлдем шығып кеткендей. Жұмысбастылық пен пен тұрмыстағы қауырт кезеңдер адамды апыл-ғұпыл тамақтануға мәжбүрлеп отыр. Уақыт тапшылығына байланысты, түскі үзілісте гамбургер, донер сияқты тағамдарды жей салады немесе жақын арадағы «фаст фуд» дәмханаларына бара салады.
Казіргі уақытта жедел дайындалатын тағамдар сататын дүңгіршектер, орталықтар мен дәмханалар саны күннен күнге артуда. Ол аз болғандай, көк жәшікке телмірген балаларымызға арналған зиянды тағамдардың жарнамалары да көрсетіліп жатады. Түрлі «фаст фуд» сататын орындарда балаларды тарту мақсатында ойыншықтармен алдау сияқты акциялар да ұйымдастырылып жатады. Сатылымдарда пайда болған тез дайындалатын тағамдар халықтың сүйікті тағамдарына айналуда. Жұртты құмартып, еліктіріп жатқан «фаст-фудтың» денсаулыққа зиян екенін жасөспірімдердің көбі білмейді, тіпті біле тұра барудан бас тартпайтын адамдар бар.
Аталған тағам түрі адамды психологиялық және химиялық тәуелділікке әкеп соқтыратын бірден-бір себеп екендігін ғалымдар әлдеқайда дәлелдеген. Оның жауабы мынада: аталған өнімдерді жасаушылар оның дәмін күшейту мақсатында арнайы қоспаларды қосып, сол арқылы тұтынушыларды өзіне тартады екен. Құрамында дұрыс мөлшер сақталмағандықтан, ароматизаторлардың шектен тыс қолданылуынан «фаст-фуд» өнімдері адамды семіздікке алып соқтырады.
Осыған орай әлемдік тәжірибеде тез дайындалатын тағамдардың әсерінен орын алған фактілерді келтірсек:
* Британдық ғалымдар өткізген санақ негізінде 40 мың британдық азамат жыл сайын фаст фудтың кесірінен құрбан болатындығын анықтаған.
* Ұлыбританияның Ұлттық сапа және денсаулық институтының жедел жәрдемі зиянды тағамдардың адам өліміне себепкер болу мүмкін екендігін ресми түрде растаған. Фаст фудтың жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруына әкеп соқтыратыны белгілі. Ұлыбританияда жыл сайын жүрек ауруларынан 150 мың адам көз жұмады, олардың 40 мыңы дұрыс тамақтанбаудың себебінен екен.
* Шведтық ғалымдардардың пайымдауынша: чипсы, фри картобы мен гамбургерлердің құрамындағы канцерогендердің мөлшері соншалық, жәй шайнау кезінде-ақ онкологиялық ауруларға душар етуі әбден мүмкін екен. Оның басты себебі- құрамындағы акриламид канцерогеніңің болуында. Тіпті 1 чипсы қорапшасының өзінде акрималидтің мөлшері әдеттегіден 500 есе артық екендігі анықталған.
* Халықаралық ракті зерттеу агентігінің мәліметі бойынша, акрималид гендік мутация ауруларын қоздырады. Жануарларға жасалған эксперимент негізінде акрималидтің орталық және шеткі жүйке жүйесіне зақым келтіретіндігі, асқазанның қатерлі ісік ауруларына шалдықтыруы әбден мүмкін екені дәлелденді.
Фастфуд өнімдерін шамадан тыс қолдану:
— целюлит,
— безеулер
— гипертония,
— иммунитеттің төмендеуі,
— ішкі ағзалардағы аурулар.
— қантты диабет,
— эндокринді жүйе мен имунды жүйенің бұзылыстары,
— жүрек қан тамырларының аурулары
— асқазан жарасы
— созылмалы гастрит,
— өттің толуы,
— ұйқы безінің қабынуы,
— жүрек-қан тамыр аурулары,
— семіздік сияқты көптеген кері әсерлерге әкеліп соқтыруы
Адамның толыққанды бір күндік тамағы 1500 колорияны құраса, бір ғана гамбургердің өзінде 1500 калорий болады екен. Оған ішетін колаңызды, картопты, соустарды, одан қалды жарты сағаттан соң қарныңыз тағы ашатындығына күмән тудырмасаңыз да болады. Американдық документалист Морган Сперлок фаст фудтың қаншалықты зиян екендігін тексеру мақсатында эксеримент жүргізген. Бір ай бойы күніне үш реттен «МакДональдста» тамақтанған. Тәжірибе соңында, 12 кг артық салмақ қосып, бауыры ауырып, қанындағы холестерин деңгейі артқан.
Өзінің тартқан азабы жайында түсірген «Super Size Me» деректі фильмі американдық прокатта көш басып үлгерген.
Ал, елімізде «Burger King, Pizza Hut, KFC, Krispy Kreme, Carl’sJR (Hardees’s), TGI Friday’s, Mag Dak ,Gippo, Bibigon, Gold`n`Brown, „Burger Land” сияқты брендке айналған сансыз фаст фуд дәмханалары кеңінен таралуда. Франчайзинг агентігінің санағы бойынша Қазақстанда жеңіл тамақтану орындары 4000-нан асып жығылады екен. Бұл ірілері ғана. Ал, Қарағандыда ше? Өзім тұратын оңтүстік-шығыс, нақты айтқанда Құрылысшылар даңғылының өзінде-ақ он шақты фаст фуд дәмханалары мен мейрамханалары бар. Қиын жағдай. Тіпті әрбір аялдамада тұрғанда жақын арада міндетті түрде хот-дог, сэндвич, чизбургер, шаурма сияқты тағам түрлерін сататын дүкендер қаптап жатады. Жоғарыдағылар қайда қарап отыр?! Сонда осындай денсаулыққа кері әсерін тигізетін тағам түрлерінің, шет елдік брендтердің көбеюіне тосқауыл жасалмайды ма? Осылайша, халқының денсаулығына немқұрайлықпен қарағандары ма? Халықтың дұрыс тамақтануы кезек күттірмей шешілуге тиіс мәселе емес пе? «Фаст-фуд» сияқты жеңіл дайындалатын тағамдардың зияны жайлы мектептерде, ЖОО-да көбірек айтылып, жан-жақты құлақтандырылса екен. Жас ұрпағымыздың денінің саулығын осы бастан ойлап, жастық шағынан-ақ дұрыс тамақтануға үйретіп, сайдың тасындай шыңдалған, тепсе темір үзетініндей шымыр болуына баса назар аударуымыз қажет сияқты.
«Адамның денсаулығы үшін тиімді тамақтана білу өте маңызды. Тиімді тамақтану дегеніміз – құрамында түрлі қоректік заттардың толық мөлшері бар тамақпен ағзаны дұрыс, уақтылы қамтамасыз ету. Жақында американдық ғалымдар зерттеулер жүргізіп, өте жоғары температурада дайындалатын тағамдардың құрамынан адамның денсаулығына өте зиянды «акриламид» деген затты тапқан. Жоғарыда айтылға шаурма, донер-кебабтарға қоса гамбургер, хот-дог, гриль, поп-корн, чипсы, кириешки, картошка фри, қақталған шұжық секілді тағамдар өте жоғары температурада дайындалады. Дәл осы тағамдарды ұзақ күнделікті пайдалану салдарынан асқазан жарасы, созылмалы гастрит, өттің толуы, ұйқы безінің қабынуы, жүрек-қан тамыр аурулары, семіздік пайда болатыны, әсіресе ас қорыту жолдарына өте зиян екені анықталған. Сондықтан мен қалың көпшілікке көшеде даярланатын тағамдарды өте абайлап жеген дұрыс екенін айтар едім».«Ауру – астан...» деген дана қазақтың сөзі бекер айтылмаған сияқты!
2.3. «Фастфуд»– тың адам ағзасына әсері. Газдалған сусынның зияны.
Өткен ғасырдың 80-90 жж. «жүгіріп жүріп қоректену» деп аталатын немесе Фаст-фуд мәдениеті бүкіл әлемге тараған, бірақ ақырғы уақытта ғалымдар дабыл соқты, ал қоғамдық ұйымдар зиянды тағамға белсенді қарсы шықты. Мамандардың айтуы бойынша – фаст-фуд әдеттенуді туғызады, көбінесе балалар мен жасөспірімдерде. Олардың денсаулықтарына үлкен зиян келтіретін гамбургерлер, чипсілер және пицца біздің балаларымыздың сүйікті тағамдары болды. Артық салмақ, гастрит және жалпы әлсіздік – осылар зиянды дағдылардың нәтижесі болып табылады. Салауатты өмір сүруді құру мәселесінің Ұлттық орталығының мамандары бұл мәселеге үлкен көңіл бөлуге шешім қабылдады.
Қазіргі уақытта бигмак, шаурма, сэндвичтер, чебуректер, пицца, чипсы, қуырылған картоп және түрлі газдалған сусындар көп. Бірақ, олардың сапасы мен құрамында не бар екен? Оны көпшілік біле бермейді. Бұл тағамдардың барлығы фаст-фуд (тез әзірленетін тамақ) қатарына жатады. Сондықтан, осындай тағамдар адам денсаулығы үшін өте зиянды болып табылады. Фаст-фуд тағамдарын біреулер күнде ішіп-жеп жүрсе, кейбіреулер анда-санда ғана пайдаланады. Тамақты үйде асықпай дайындауға мүмкіндік болмағандықтан, ол бізге қолайлы әрі бағасы қымбат емес. Алайда, өте қауіпті. Соған қарамастан кей адамдар еріншектігінің салдарынан дайын асқа жүгіретіні шындық. Бұл дұрыс емес. Әсіресе, балаларды кішкентай кезінен бастап мұндай тамақтарға үйретпеген жөн. Фаст-фуд сататын дүкендер әдемі жарнамалары арқылы өнімдерін төмен бағалармен ұсынып, жылдам әзірленетінін айтып, тұтынушылардың назарын өздеріне аударады. Егер, сіз осындай тағамдарды жақсы көретіндер қатарына кірсеңіз, онда газеттер мен журналдардағы ақпараттар сіздің пікіріңізді өзгерте алмайды. Мамандардың айтуынша, фаст-фудпен тамақтануға мүлдем болмайды. Осындай тағамдардың құрамында майлар мен консерванттар көп болғандықтан, дәрумендер мүлдем жоқ. Ал ол несімен қауіпті десек, фаст-фуд тағамдарын дайындау барысында маргарин көп мөлшерде қолданылады. Маргариннің құрамында жасанды өнім, яғни транс майлар көп. Кейбіреулер фаст-фудтың денсаулыққа зиян екенін біле тұра, одан бас тартпайды. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жағдай адамды психологиялық және химиялық тәуелділікке әкеп соқтырады. Өйткені, аталған өнімдерді жасаушылар оның дәмін күшейтетін арнайы қоспаларды қосады да, сол арқылы тұтынушыларды өзіне тартады екен.
Соңғы кезде «фаст-фуд» өнімдерінің көбеюі де көп адамды семіздік дертіне ұшыратып жатқанын байқай бермейміз. Иісі мұрын жаратын, тез дайындалған тағаммен жүрек жалғап алуға үлкен-кішінің бәрі құмар. Мұндай тағамдарды жасау үшін көбіне май қышқылындағы трансизомерді көбейтетін қатты маргаринді қолданады. Сондықтан бұл тағамдардың құрамында дәрумендер болмайды, есесіне қоректік қуаты (калориясы) жоғары. Құрамындағы белгілі бір мөлшер сақталмағандықтан, «фаст-фуд» өнімдері адамды семіздікке алып келеді. Ал семіздіктен адам бойындағы зат алмасу бұзылып, әр түрлі ауруға шалдығады. Диетолог-дәрігерлер семіздікке апаратын «қауіпті» тағамдарды атап өтті. Бірінші орында тәтті газды сусындар тұр. Шөл басу үшін емес, қайта шөлдетіп, қайта-қайта ішуге мәжбүрлейтін құтыдағы бұл сусындардың құрамында қант шектен тыс көп. Үлкен-кіші құмарланып ішетін бір стакан коланың өзінде 5 шай қасық қант бар, ал бір литр колада 25 шай қасық немесе 125 грамм қант болады
екен. Сол сияқты картоптан жасалған чипсыларды бала біткен жақсы көреді. Бұлар пюреден жасалғандықтан, оның құрамына жасанды май мен жасанды түрлі дәмдеуіштер қосылып, адамды жеген үстіне жей түсуге шақырады. Сонымен бірге сосискалар, пісірілген шұжықтар, паштеттер еттен жасалғандай көрінгенімен, негізінен жартысына жуығы майдан жасалып, түрлі тәтті дәмдеуіштермен бүркемеленеді. Қуырылған семіз ет, кофе, шоколадтар, арзан әрі калориясы көп нан-жарма, кондитер өнімдері де адамды семіздікке апарып тірейді.
Адам организімінне өте зиянды фастфуд тағамдары туралы айтқанда сосиска, шұжықтар және неше түрлі еттен жасалатын қарапайым халық көп тұтынатын тамақтар келеді. Бұндай ас тамақтардың құрамында майлар көптеп кездеседі. Сонымен қатар қуырылған түрде фастфуд өнімдерінде көптеп кездесетін адам ағзасына зиянды еттердің майлы түрлері де жатады.Түрлі елдердегі медециналық зерттеулердің нәтижесі фастфуд өнімдерін күнделікті қолдану семіздікке әкеледі дейді. Бір ғана орташа көлемдегі гамбургер немесе бір стакан кока кола 1500колорияға тең күнделікті адамның бір күндік тамағы 1500 колорияны құрау керек. Ал сіз бір ғана гамбургер мен шектеліп қоймайсыз ғой. Фастфуд өнімдері адамды толық қанағаттандыра алмайды ол тек қана аз ғана уақытқа аштықты жасырып қояды. Жарты сағаттан соң адам тағыда тамақтанғысы келеді.Фастфуд өнімдерінен целюлит , безеулер, тері кеуіп және шаштар әлсіздене береді. Ал күнделікті қолданатын болсаңыз гипертонияға, иммунитеттің төмендеуіне , ішкі ағзалардағы түрлі ауруларды шақырады. Фастфуд өнімдерінің құрамында холестериннің көп болуынан тамырларда таяқшалар пайда болады.Әлі қатаймаған балалардың организмі фастфуд өнімдерінің зиянды элементтерін тез қабылдап алады. Балаларда қантты диабет, эндокринді жүйе мен имунды жүйенің бұзылыстары, жүрек қан тамырларының аурулары және басқа да көптеген аурулар туындауы мүмкін.
Адамның денсаулығы үшін тиімді тамақтана білу өте маңызды. Тиімді тамақтану дегеніміз – құрамында түрлі қоректік заттардың толық мөлшері бар тамақпен ағзаны дұрыс, уақтылы қамтамасыз ету. Жақында американдық ғалымдар зерттеулер жүргізіп, өте жоғары температурада дайындалатын тағамдардың құрамынан адамның денсаулығына өте зиянды «акриламид» деген затты тапқан. Жоғарыда айтылға шаурма, донер-кебабтарға қоса гамбургер, хот-дог, гриль, поп-корн, чипсы, кириешки, картошка фри, қақталған шұжық секілді тағамдар өте жоғары температурада дайындалады. Дәл осы тағамдарды ұзақ күнделікті пайдалану салдарынан асқазан жарасы, созылмалы гастрит, өттің толуы, ұйқы безінің қабынуы, жүрек-қан тамыр аурулары, семіздік пайда болатыны, әсіресе ас қорыту жолдарына өте зиян екені анықталған. Сондықтан мен қалың көпшілікке көшеде даярланатын тағамдарды өте абайлап жеген дұрыс екенін айтар едім. «Ауру – астан…» деген дана қазақтың сөзі бекер айтылмаған сияқты!
Гастроэнтолог дәрігерлердің есебінше жыл басынан бері асқазан,ішек ауруларымен 120-дан астам адам келіп түскен. Тез тамақтанудың кесірінен ас қорыту жолдары қиындайды.Фаст фудқа үйір жандардың асқазан жүрек аурулары қан қысымы қант диабеті аурулары күн өткен сайын үдей түседі.
Қазір дүниежүзінде 177 миллион бала семіздіктің зардабын тартып келеді екен. Оның ішінде 22 миллионы 5 жасқа дейінгі балалар. Ал бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда, әлемде 155 миллион салмағы артық балалар бар екен. Оның ішінде 45 миллионы 5 пен 17 жас аралығындағылар. Мұның қауіпті жағы сол, сәбилер арасында семіздік салдарынан жүрек-қантамы рлары мен диабет ауруына шалдыққандар да күрт көбейген. Оның ішінде біздің елдің де мыңдаған бүлдіршіні бар. Өкініштісі сол, біздің елде әлі күнге дейін балалар арасындағы семіздік пен оның қауіпті салдарына әзірше тиісті дәрежеде назар аударылмай келеді.
Семіздік – белең алып бара жатқан қауіпті әрі құрықтауға көнбей тұрған аурудың бірі болып тұр. Бүгінде аузын айға білеген Жапония, Қытай мен АҚШ сияқты алпауыт мемлекеттердің өзінде ересектерді былай қой-
ғанда, жас балалардың өзі осы ауруға жиі шалдығып жатыр . Ұлыбританияда сәбилердің 30 пайыздан астамы семіздіктен зардап шегеді. Ал Швецияда соңғы 20 жылдың ішінде 20 жасқа дейінгі жастар мен балалар арасында артық салмақтық барлардың саны 6 есе өскен. 2050 жылдары аталған елдерде балалардың тең жартысы семіздікке шалдығуы мүмкін деген болжам айтылады. Сондықтан семіздік Еуропа елдері үшін алаңдатарлықтай дәрежеге жетті. Олар бұл аурумен күресті 2006 жылы бастаған.
Осы мәселені назарға алып, әлемнің 11 елінде зерттеу жұмыстарын жүргізген Австралия маманы Бриджет Келли «Семіздікті қалай тоқтатуға болады?» деген кітап жазыпты. Онда Бриджет Келли ең бірінші теледидар жарнамаларын сынға алған. Одан кейін жарнамаға сеніп балаларына зиянды нәрсені әперетін ата-аналарды сауатсыз деп жазғырады. Өйткені бой бермей бара жатқан семіздік нақ осы себептерден азаймай отырған көрінеді.
Маманның зерттеуіне қарағанда, семіздікті арттыратын тағамдар жоғарыда аталған елдер нарығының 90 пайызын құрайды екен. Сондықтан Келли жоғары калориялы тағамдардың жарнамасын тез арада шектеу жөнінде ұсыныс айтып отыр. «Сәбилер жылына телеарналардан шамамен 4-6 мың аралығында жарнамалық роликтер көреді, оның ішінде 2 мыңнан астамы денсаулыққа зиянды тағамдар», – дейді ол.
Бұл проблеманың басты себебі ,әрине дұрыс тамақтанбауда. Ас адамның арқауы деген нақыл сөз бекерден бекер айтылмаған шығар. Қазіргі жас өспірімдер мен балалар ыстық тамақ жемей, «фастфудты» азық етуге құмар. Әрине, бұндай тағамдар тез арада семіру, іштің қатуы және асқазан ауруларына шалдығуға әкеп соғады. Бүкіл әлем балаларының құмарлана жейтін гамбургер,чизбургер және «картофель фри» деген тамақтарының денсаулыққа деген зияны осындай. Ал тәтті сусындардың зияны қандай? Әңгіме тамақты тез қортуға көмектеседі деп сылтауратып кішкентай балалр ғана емес үлкендерде ішетін «Кока-кола», «Пепси» туралы болмақ.. XIX ғасырдың аяғында «Кока-кола» құрамында кокаины бар дәрі ретінде патенттелген. Дәріханаларда бұл дәрілік сусынды морфии мен басқа есірткелік заттарды қолданатын адамдарға берген. Ол есірткінің күшін басатын дәрі ретінде (есірткі орнына) қолданыл-
ған. Әрине, қазіргі газдалған тәтті сусындардың құрамы өзгергенмен, денсаулыққа қауіпсіз деп айтуға болмайды. Бір стақан тәтті сусынның қанты шамамамен он қасық қантқа тең келеді. Он қасық қант қосылған сусын ішу адамда жүрегі айныту және құсу рефлексін тудыратын көрінеді. Өнім шығарушылар жоғарыда айтылған рефлексті болдырма ушін арнайы ерітіндеге ортофосфор қышқылын қосады екен. Міне, осындай ерітінді «коко–кола» мен «пепси» құрамында бар.Қантты мөлшерден тыс қолдану балаларда бауыр мен асқазан ауруларын тудырады.
Ғалымдардың зертеуінің нәтижесіне сүйенсек балалар семіздігіне әкеп соқтыратын мынадай себептер екен:
1. Артық салмақпен туылу.
2. Ата-аналарында бар семіздік.
3. 10 сағаттан артық ұйықтау.
4. Үш жасқа дейін салмақтың артық болуы.
5. Мектеп жасына жетпей тері астында майдың пайда болуы.
6. Теледидар алдында тапжылмай отырып тамақ жеу.
Соңғы, алтыншы себепке ерекше тоқталуға тура келіп отыр. Себебі қазақ баласының семіздігі көбіне нақ осы алтыншы себептен туындап отырған сыңайлы. Мынаны қараңыз: өткен ғасырдың 90-шы жылдарында 2-4 жастағы сәбилер арасында артық салмақ барлық баланың 17 пайыздайын ғана құраса, соңғы жылдары ол екі есеге көбейіп кетіпті. Мамандардың айтуынша, теледидар көріп отырып тамақ жеу баланың тәбетін арттырады екен. Теледидар көріп отырып тойғанын білмей тамақ жей беру бала үшін осылай біртіндеп әдетке айналады да, оның ағзасында өзгерістер пайда бола бастайды. Ал қазіргі қазақи отбасыларда баланы алдансын деп теледидар немесе DVD-ға телміртіп қою сәнге айналып барады.Өйткені бүгінгі ата-ананың уақыты аз. Ал сәбилердің сүйіп көретін мультфильмдеріндегі кейіпкерлер де әлгі тәтті, бірақ зиян тағамдарды елеусіз түрде жарнамалайды. Мұндай көріністер тым көбейіп барады.
Жуырда америкалық ғалымдар назар аударарлық мәліметтерді жариялады: қазір төрткүл дүниенің 800 миллионға жуық тұрғыны ашаршылыққа жетіпті. Ойланатын жағдай. Бұл құбылыс Еуропада өткен ғасыр соңында-ақ басталған. Ал қорқыныштысы, ол енді Азия аумағына қарай ауа бастады. жағдайында өмір сүріп жатса, ал керісінше семіздердің саны 1 миллиард.
Бұрын бұл көрсеткіш рейтингісінде америкалық балалар алдыңғы орында болатын. Қазір Оңтүстік және Солтүстік Еуропада балалардың 15-30, ал Оңтүстік Африкадағы мектеп жасындағы сәбилердің 25 пайызы тым томпақ екен. Көрші Ресейде де соңғы жылдары томпиған балалардың саны екі есеге көбейген. Ал орташа салмақ 2 келіге артқан. Ал Қазақстандағы нақты деректі анықтау мүмкін болмады. Өйткені ресми мәлімет алу қиындау және өте көп уақытты талап етеді. Интернет беттерінен қазақстандық балалар туралы мұндай мәлімет табу қиын.
Семіздіктің болашағымызға шабылған балта екенін ұққан шетелдіктер қазір теледидарға берілетін жарнамаларды мұқият тексеріп, сүзгіден өткізуді қолға алды. Сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстануға бел буған олар тәтті әрі жасанды тамақтардың жарнамасын барынша қысқартып тастады. Тіпті онда мектептерде мұндай тағамдардың сатылуына түбегейлі тыйым салынған.
Ал бізде ше? Теледидарды қосып көріңіз. Басы қарныңды аштырмайтын «Сникерстен» басталып, соңы әдемі суреттер мен құрастырмалы пластмасс ойыншықтармен алдайтын сағыз, «витамин-сымақ», шоколад дегеніңізден көз аша алмайсыз. Ал балалар бұрынғыдай көкке аунап, асыр салмайды. Олар теледидарға телміреді. Уақыты тығыз ата-ана үшін осы орынды әрі ыңғайлы: соңынан іздеп, не алаңдап әуре болмады. Көз алдыңда оған қоса қарны тоқ. Әрі топ-томпақ...
«Семіз» бабалар кішкентай кездерінен-ақ жүрек –қантамыр ауруына , жоғары қан қысымы және қан құрамында холестерол мөлшерінің жоғары болуна шалдығады. Осындай балалар кейін артық салмақтан оңайлықпен арыла қоймас. Тоғыз жасында артық салмағы болған баланың алдында он бір жасында да осы проблема тұрады. Ал бұл балалар есейген кезінде де артық салмақтан арыла алмауы мүмкін екендігін білдіреді.
Бір жұтым газдалған сусынның адам денсаулығына қаншалықты зиян екенін білсеңіз...
Бәрімізге белгілі, кока-кола, спрайт секілді өзге де (соның ішінде, «диетикалық») сусын түрлері бір қарағанда бойға қуат бергендей көрінгенімен олардың адам ағзасына ешқандай пайдасы жоқ. Бұл мәселенің тек бергі жағы ғана. Мұндай сусындар дені сау адамға ауру тауып берсе, сырқаты бар жандарға дерт жамап, ауруын асқындырады. Солардың бірқатарын айта кеткенді жөн көріп отырмыз:
Демікпе
Газдалған сусындардың құрамында консервант ретінде пайдаланылатын натрий бензонаты кездеседі. Натрилік консервант рационға натриді енгізіп, калиді азайтады. Ғалымдардың пайымдауынша, натрий бензонаты демікпеге, экземге ұрындырып қана қоймай аллергияны қоздырып, өзге де кері реакция тудырады.
Бүйрекке зияны
Колада фосфорлық қышқыл мөлшерден көп болғандықтан бүйрекке тас байланады және өзге де бүйрек ауруларына бастайды.
Қандағы қантты арттырады
Газдалған сусынды ішкеннен кейін жарты сағатқа жетпей қан құрамындағы қанттың мөлшері күрт артады. Бұл өз кезегінде қан құрамындағы инсулинді айдап шығарады. Бауыр шекерді майға айналдырады.
Ал 40 минуттан соң адам ағзасына кофеин сіңеді. Адамның көз қарашығы үлкейіп, артериялық қысымы артады – соның салдарынан бауыр қан құрамына көп мөлшерде қантты бөліп шығарады. Мидағы аденозиндік рецептордың жолы жабылады да сізді ұйқы қысады.
Семіздік
Газдалған сусын ішкен адам салмақ қоспай тұрмайды. Зерттеушілер анықтағандай, әрбір ішілген бір шөлмек кола адамның семіру қатерін 1,6 есеге артырады. Бұл арада мынаны да қаперге ұстаған жөн:
– жүрек-қан тамыр ауруларының 70 пайызы семіздіктен болады;
– омырау обыры мен тоқ ішек обырының 42 пайызы артық салмақтан пайда болады;
– өт қабына жасалатын отаның 30 пайызы да семіздікпен байланысты.
Тіс ауруы
Газдалған сусынның құрамындағы қант пен қышқыл тіс эмалын қатты зақымдайды.
Жүрек ауруы
Газдалған сусын түрлерінің көбісінде жеміс шәрбаты бар. Ол инсулиннің резистент синдромының пайда болуына алып келеді. Ал ол өз кезегінде сусамыр және жүрек ауруларына ұрындыруы мүмкін.
Сусамыр
Газдалған сусынды жиі ішетін адамның 2-ші типтегі сусамырмен сырқаттану қатері 80 пайызға артық екенін айта кеткіміз келеді.
Ұрықтандыру жүйесіне зиян
Құрамында А бисфеноп кездесетін газдалған сусын. Аталмыш канцергон эндокриндік жүйені зақымдайды. Ол өз кезегінде адамның жынысын ерте жетілдіріп, ауытқушылыққа алып келеді. Ал жыныстық ауытқушылыққа ұшыраған адамның перзенті сүю қабілеті кемиді немесе белсіз қалдырып, бедеулікке ұрындырады.
Остеопороз
Газдалған сусынның құрамында фосфорлы қышқыл кездесетіндіктен остеопороз дертінің пайда болуына алып келуі мүмкін. Фосфор адам ағзасынан зәрмен шыққан кезде онымен бірге калций де жоғалып, адам ағзасына пайдалы осынау минералдардан айырады.
Газдалған сусынның зияны
Ми қайнатар ыстықта аңқасы кеуіп шөліркеген жұрт неше түрлі құты - қалбырлардағы суларды сатып алып жатады. «Кока - Кола», «Фанта», «Спрайт», «Макси чай», «Либелла», «Некси чай» дейсіз бе, толып тұр. Бұрын - соңды аты белгісіз «су жаңа» сусындар қаншама? Ол қайдан шыққан, қалай жасалған, бауырға әсер етіп, бүйректі сыздатып, асқазан ауруын қоздырмай ма, бұл мәселеге бас қатырып жатқан халық жоқ, шөлі қанса болды. Әсіресе, балалар жағы бояғыштар мен стабилизатор, консерванттар, эмульгаторлар қосылып жасалған осындай қызылды - жасылды сусындарға тым құмар.
Сонымен, бұлар қандай сусындар? Шөл қандырам деп жүріп денсаулығымызды бүлдіріп алып жүрмейміз бе? Бұл туралы мамандар не дейді екен? Батыс Қазақстан облыстық сараптама және сертификациялау ұлттық орталығы АҚ - ның қызмет және тағамның сәйкес келуі және мақұлдануы бөлімінің жетекші маманы Галина Капустинадан өзімізді мазалаған сұрақтарға жауап тапқандай болдық.
– Салқындатылған алкогольсіз сусындардың құрамы туралы не білеміз?
– Неге екені белгісіз, осындай алкогольсіз сусындарды көпшілік шырын деп жиі қателеседі. Бұлар ешқандай да шырын емес. Бұл – су, синтетикалық ароматизатор, тәттілегіштер, бояғыштар, яғни осы төрт құрамнан жасалған жасанды дүниелер. Неше түрлі жарнамаларда бұл сусындардың «еш зияны жоқ» деп жақауратқанмен, бәрібір бұлардың адам ағзасына зиянды екені даусыз. Мұндай сусындарды балаларға мүлдем беруге болмайды
Елімізде кең қолданысқа ие болған «Кока - кола», «Пепси» сусындарының адам ағзасына қаншалықты зиян келтіретіні туралы ғаламторда жарияланған деректерді алға тарта отырып, Америка Құрама Штаттарының ғалымдары бұл сусындарды жасауға пайдаланатын карамельдің негізінде жасалған бояғыштар қатерлі ісіктің дамуына себеп болатындығын айтты депутат.
Атап айтқанда, бұл заттар өкпе - бауырдың, қалқанша бездің қатерлі ісігіне және лейкомияға әкеліп соқтырады екен. Қауіпті қоспа «Кока - кола» компаниясының 5 түрлі өнімінде айтарлықтай мөлшерде табылған».
Тағы бір қызығы, тағамдардың зат таңбасында (этикетка) денсаулыққа қауіпті деп көрсетілмеген. Қант орнына қолданылушы зат – аспартаманың тағам құрамында бары да жазылмаған көрінеді. Ағзаға түскен бұл қышқыл метилдік спиртті құрап, ол қатерлі ісікке апарып соқтыратын формальдегидке (канцерогенге) айналатындығы бертінде анықталған.
Біз сөз етіп отырған мәселені Ресей Федерациясы тұтынушылар құқығын қорғау ұйымы әлдеқашан сезіп, «Кока - Кола Лайт» сусынын сатуға тыйым салу жөнінде сотқа жүгінген.
Жан шошырлық мынадай хабар таратылғалы біраз болды. «Кока - коланың» керемет «қасиетін» түйсінген кей адамдар мәшиненің радиоторын жууға, трубаларды тоттан тазартуға пайдаланады екен. Тәжірибе жасағандардың айтуынша, «нәтиже» жаман емес тәрізді. Кез келген датты «жұлып» алып, айнадай жалтыратып қоятын «қызметін» айтсаңшы.
2.4. Фастфут тағамдары өміріңізге қауіпті.
Халықтың денсаулығы — қоғамымыздың заманауи талаптарының басты мәселесі болып табылады. Бүгінгі таңда орын алып отырған экономикалық дағдарыс, әлеуметтік мәселелердің ушығуы халық денсаулығына кері әсерін тигізді. Сондықтан, Қазақстан халқының денсаулық жағдайын көңіл қынжыларлық жағдайда деп бағалауға болады және соған орай медициналық қызметкерлердің барлық күш-жігерін, халықтың денсаулығын сақтауға жұмылдыру қажет. Оның ішінде, кейінгі қауым, жас ұрпақ — балаларымыздың денсаулығын сақтап, нығайту — қоғам мен мемлекеттің негізгі, кейінге қалдыруға болмайтын міндеттерінің бірі болып табылады.
Көне заманғы қағидада бойнша: «Ас — адамның арқауы» — делінген. Өкінішке қарай, біздің замандастарымыз өзін дені сау және сымбатты сезіну үшін қалай тамақтану керектігін біле бермейді. Тамақтанудың да өзіндік ережелері бар және оларды ескермеуге болмайды, өйткені тамақтану — біздің денсаулығымыздың құрамдас бөлігі екенін есте сақтауымыз қажет. Өткен ғасырдың 80-90 жж. «жүгіріп жүріп қоректену» деп аталатын немесе Фаст-фуд мәдениеті бүкіл әлемге тараған болатын.Мамандардың айтуы бойынша, көбінесе балалар мен жасөспірімдерде фаст-фуд әдеттенуді туғызады. Олардың денсаулықтарына үлкен зиян келтіретін гамбургерлер, чипсілер және пицца біздің балаларымыздың сүйікті тағамдары болып саналады. Артық салмақ, гастрит және жалпы әлсіздік -зиянды дағдылардың нәтижесі.
Қазіргі уақытта бигмак, шаурма, сэндвичтер, чебуректер, пицца, чипсы, қуырылған картоп және түрлі газдалған сусындар көп. Бірақ, олардың сапасы мен құрамында не бар екен? Оны көпшілік біле бермейді. Бұл тағамдардың барлығы фаст-фуд (тез әзірленетін тамақ) қатарына жатады. Сондықтан, осындай тағамдар адам денсаулығы үшін өте зиянды болып табылады. Фаст-фуд тағамдарын біреулер күнде ішіп-жеп жүрсе, кейбіреулер анда-санда ғана пайдаланады. Тамақты үйде асықпай дайындауға мүмкіндік болмағандықтан, қазіргі таңда қолайлы әрі бағасы қымбат емес. Алайда, өте қауіпті. Соған қарамастан, кей адамдар еріншектігінің салдарынан дайын асқа жүгіретіні шындық. Бұл дұрыс емес. Әсіресе, балаларды кішкентай кезінен бастап мұндай тамақтарға үйретпеген жөн. Фаст-фуд сататын дүкендер әдемі жарнамалары арқылы өнімдерін төмен бағалармен ұсынып, жылдам әзірленетінін айтып, тұтынушылардың назарын өздеріне аударады. Мамандардың айтуынша, фаст-фудпен тамақтануға мүлдем болмайды. Осындай тағамдардың құрамында майлар мен консерванттар көп болғандықтан, дәрумендер мүлдем жоқ. Ал ол несімен қауіпті десек, фаст-фуд тағамдарын дайындау барысында маргарин көп мөлшерде қолданылады. Маргариннің құрамында жасанды өнім, яғни, транс майлар көп. Кейбіреулер фаст-фудтың денсаулыққа зиян екенін біле тұра, одан бас тартпайды. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жағдай адамды психологиялық және химиялық тәуелділікке әкеп соқтырады. Өйткені, аталған өнімдерді жасаушылар оның дәмін күшейтетін арнайы қоспаларды қосады да, сол арқылы тұтынушыларды өзіне тартады екен. Тез тамақтанудың кесірінен ас қорыту жолдары қиындайды. Фаст-фудқа үйір жандардың асқазан, жүрек аурулары, қан қысымы, қант диабеті аурулары күн өткен сайын үдей түседі. Әсіресе өз денсаулығына көңіл бөлмейтін жастарға обал. Олар диета сақтамай, тамақтанатын болса, саулығы күн өткен сайын әлсірей түседі. Түрлі елдердегі медициналық зерттеулердің нәтижесі фаст-фуд өнімдерін күнделікті қолдану семіздікке әкеледі дейді. Бір ғана орташа көлемдегі гамбургер немесе бір стакан кока кола 1500 колорияға тең күнделікті адамның бір күндік тамағы 1500 колорияны құрау керек. Ал сіз бір ғана гамбургер мен шектеліп қоймайсыз ғой. Бұл өнімдер адамды толық тәбетін қанағаттандыра алмайды, ол тек аз ғана уақытқа асқазанды алдау десе болады. Жарты сағаттан соң адам тағыда тамақтанғысы келеді. Диетолог-дәрігерлер семіздікке апаратын «қауіпті» тағамдарды атап өтті. Бірінші орында тәтті газды сусындар тұр. Шөл басу үшін емес, қайта шөлдетіп, қайта-қайта ішуге мәжбүрлейтін құтыдағы бұл сусындардың құрамында қант шектен тыс көп. Үлкен-кіші құмарланып ішетін бір стакан коланың өзінде 5 шай қасық қант бар, ал бір литр колада 25 шай қасық немесе 125 грамм қант болады екен. Сол сияқты картоптан жасалған чипсыларды бала біткен жақсы көреді. Бұлар пюреден жасалғандықтан, оның құрамына жасанды май мен жасанды түрлі дәмдеуіштер қосылып, адамды жеген үстіне жей түсуге шақырады. Сонымен бірге, сосискалар, пісірілген шұжықтар, паштеттер еттен жасалғандай көрінгенімен, негізінен жартысына жуығы майдан жасалып, түрлі тәтті дәмдеуіштермен бүркемеленеді. Қуырылған семіз ет, кофе, шоколадтар, арзан әрі калориясы көп нан-жарма, кондитер өнімдері де адамды семіздікке апарып тірейді. Иісі мұрын жаратын, тез дайындалған тағаммен жүрек жалғап алуға үлкен-кішінің бәрі құмар. Адамның денсаулығы үшін тиімді тамақтана білу өте маңызды. Тиімді тамақтану дегеніміз — құрамында түрлі қоректік заттардың толық мөлшері бар тамақпен ағзаны дұрыс, уақтылы қамтамасыз ету. Жақында американдық ғалымдар зерттеулер жүргізіп, өте жоғары температурада дайындалатын тағамдардың құрамынан адамның денсаулығына өте зиянды «акриламид» деген затты тапқан. Шаурма, донер-кебабтарға қоса гамбургер, хот-дог, гриль, поп-корн, чипсы, картоптан дасалған фри, қақталған шұжық секілді тағамдар өте жоғары температурада дайындалады. Дәл осы тағамдарды ұзақ күнделікті пайдалану салдарынан асқазан жарасы, созылмалы гастрит, өттің толуы, ұйқы безінің қабынуы, жүрек-қан тамыр аурулары, семіздік пайда болатыны, әсіресе ас қорыту жолдарына өте зиян екені анықталған. Сондықтан қалың көпшілікке көшеде даярланатын тағамдарды өте абайлап жеген дұрыс екенін айтар едім. «Ауру — астан...» деген сөзі бекер айтылмаған. Денсаулығымызды сақтай білейік замандастар!
Қуырылған картоп-фри, бигмак, шаурма, сэндвич, пицца, пончик, түрлі қоспалар салынған құймақтар, чипс, қатырылған нан және газдалған сусын, бұлардың бәріне ортақ не бар?Бүгінгі таңда біздер бұлардың бәрі тез дайындалатын, фаст-фудқа жататынын білеміз. Оларды кейбіріміз тамақ дайындауға уақыт болмағандықтан, ал, кейбіріміз тәбетіміз шауып қалауымызбен жейміз. Бірақ жеп жатқанда сол тағамдардың денсаулыққа зиян екенін ойлана бермейміз.Қытырлақ картопты сүйсіне жеп, гамбургерді ең пайдалы , дәмді асты жеп отырғандай қылғытамыз, артынан кока-коланы сылқита төңкереміз. Мұндай Астан бас тартуға кез-келгеніміздің күш-жігеріміз жете бермейді.Әрине, көзіміз ашық естиміз, оқимыз, фаст-фудтың пайдасыз, тіпті зиян екенін бәріміз білеміз. Сол зиянды не туындатып отыр осыған көңіл аудармаймыз, кейбіріміздің тіпті көңіл аударғымыз келмейді. Көңіл-күйге кірбең түсіріп керегі не, басқа мәселелер де жетіп-артылады. Осылай ойлаймызда тез дайындалатын тағамдарды жей береміз. Кейбіреулер күнде жейді, қайсыбірі күнара. Ол сиқыршының таяғы сияқты, тамақ дайындауға уақыт таппай, жанығып жүргенде көмекке келе қалады. Іздеп әуре болудың, уақыт кетірудің де қажеті жоқ , кез-келген дәмхана, дүкен, тіпті қала көшелерінің бұрыш-бұрышынан да кездестіруге болады. Қымбат та емес. Бірақ соншалықты қауіпті. Денсаулықтың біздің денсаулығымыздың қас жауы, кетіп бара жатқанды елітіп, еліктіретіні сонша, көңіліміз жоғын іздегендей алаңдап жегіміз келіп тұрады. Өзге ел, өзге қаланы айтпай-ақ қояйық, ас мәзірімен Қазақстанға мақтана алатын Шымкенттің өзінде мұндай жеңіл-желпі тамақ орындары күн санап саңырауқұлақтай қаптап келеді. Таяқ тастам жер жүрсең болды, шыға келеді, соған қарағанда сұраныс көп.Сондықтан да бүгінгі таңда тез дайындалатын тағамдар осы заман адамының тамақтану мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналып кетті. «Макдональдс» «Маку» «Ростиксы», «Крошки-картошки» тағы-тағы, осының бәрі тез әзірленетін тағам оырндары. Бұл-индустрия. Өткен ғасырдың соңғы онжылдығында пайда болып қарқынмен дамыды. Ерте заманнан-ақ белгілері біліне бастаған бұл бағыттың индустрияға айналуы Америкадан басталды. Ал, қазір сол американдықтар семіздікті жеңе алмай жатыр. Семіздік- бұл сан аурулардың тоғысуы, бәрі тамақтан басталады. Бүгінде қазақстандықтарды да осы ауру алаңдата бастады. Қазақ қызының сымбатын талшыбықтай бұралған деп мақтаныш ететін. Қазір арықтаймын деп әбігерге түскен қыз-келіншек қауымын көресіз. Асықтай ұлдарымызда солай, «дөңгеленіп» барады, амалсыздан ата-аналары астан шектеп отырады. Бәрі қайдан шығып жатыр? Ішіп жүрген асыңызға бір мезгіл көңіл аударыңызшы!
III. Эксперимент бөлімі
«Кока-кола» өнімдерінің пайдасы мен зияны
Зиянды жақтары:
«Кока-Кола» және «Пепси» сусындарын дайындау кезінде пайдаланылатын карамелдердiң құрамындағы бояулар қатерлі ісіктің дамуына әкеліп соғады», — деп жазады газет.Дұрыс тамақтану қозғалысының американдық белсенділері өндіруші-компанияның «Колаға» карамелдер түс береді деп мәлімдеме жасауы – жалған. Шындығында, олардың айтуынақарағанда, ол толығымен жасанды канцерогендердiң қарақошқыл балқымаларынан тұрады.
Бұл заттар организмге түсе отырып, қатерлі ісікке алып келетін формальдегид-канцерогенге айналатын метил спиртін бөледі.Оның ағзаға пайдасы бар деген пікірмен келіспеймін. Себебі адамның орталық жүйке жүйесін белсендендіріп, жұмыс істеу қабілетін арттыруға бағытталған бұл сусындардың құрамында кофеин, таурин сияқты қоспалар бар. Оларды белгілі мөлшерден көп қолданса, адамның энергиясы немесе бұрын байқалмаған қандай да бір ауруы қозады. Қозудың әсерінен адам әлсірейді. Ол бірден байқалмағанымен, уақыт өте келе тұрақты тұтынушының денсаулығы күрт нашарлауы мүмкін. Өнім адамға қосымша қуат береді деу – қате пікір. Аты «энергетик» болғанымен, заты оған сай емес. Керісінше, бойдағы бар энергияны артығымен жұмсап, түгелімен шығарады. Былайша айтқанда, адамның энергиясын өзінен «қарызға алады». Мәселен, «Кока-кола», «Пепси» сусындарының денсаулыққа кері әсері бірден анықталған жоқ қой. Жиырма жылдан кейін ғана белгілі болды. Қазір, яғни бұлардың зияны анық дәлелденген уақытта ғана аталғанөнімдердің отаны Американың кей штаттарында оларды сатуға мүлде тыйым салыныпжатыр. Біз де осы бағытта біраз жұмыстарды қолға алудамыз. Нақты айтсам, «Кока-кола» мен «Пепсиді» мектептерде сатуға тыйым салынуда. Жақында осыған байланысты еліміз аймақтарының әкімдіктеріне ұсыныс хат жолданды. Сол сияқты энергетикалық сусындардың құрамын да мүмкіндік болған кезде ғылыми тұрғыда зерттеп, сауда нүктелерінен кез келген уақытта алып тастауға болады. Бірақ дәл қазіргі уақытта бұлай деп үзілді-кесілді кесіп айта алмай отырмын. Себебі қолымда оның қауіптілігі жөнінде қандай да бір дәлел болмаса мәлімет жоқ. Мысалы, «Кока-колаға» келсек, оны сатуға тыйым салу керек деп сенімді түрде айта аламыз. Өйткені күшті газдалған бұл сусынның құрамында қанттың мөлшерден көп екені анықталған. Оның адамның сүйектерін әлсіретіп, сусамырдертіне шалдықтыратыны да белгілі болды. Ал республика халқының энергетикалық сусындарды пайдалана бастағандарына көп бола қоймағандықтан, оның зиянды әсерлері әзірге байқалған жоқ. Дегенмен жақында Швецияда үш адам және бір норвегиялық тұрғын осы сусыннан көз жұмғаны туралы деректер тіркеліпті. Қазір бұл елдер «энергетиктердің» құрамын зерттеуге кірісіп кетті. Енді бізге де бұл өнімдерді толыққанды клиникалық зерттеуден өткізіп, зиянын нақты дәлелдеу қалды. Ол үшін жан-жануарларға болмаса ерікті адамдарға тәжірибе жасау арқылы сынақ жұмыстарын жүргізу керек. Бірақ тағы қайталап айтамын, біз, Қазақ тағамтану академиясының мамандары, бұл мәселені өз бетімізше көтере алмаймыз. Өйткені аталмыш өнімдердің зияны туралы өзіміз бастап айтатын болсақ, онытексеру үшін қаржыны да өзімізге қарастыру керек болады.
Пайдалы жақтары:
IV. Қорытынды бөлім
V. Пайдаланған әдебиеттер
1. Ғаламтор
2. «Алаш айнасы»
Қосымша
Зимовье зверей
Центральная часть Млечного пути приоткрывает свои тайны
Астрономический календарь. Январь, 2019 год
Прыжок (быль). Л.Н.Толстой
Кто чем богат, тот тем и делится!