10 сынып оқушысы – Хайрушева Әсемгүл
Мұғалімі : Тулешева Мадина Есимгалиевна
Анам сенсің, туған жер!
Вложение | Размер |
---|---|
asemgul.doc | 39.5 КБ |
10 сынып оқушысы – Хайрушева Әсемгүл
Мұғалімі : Тулешева Мадина Есимгалиевна
Анам сенсің, туған жер!
Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің,
Нендей күйге жүрегімді бөледің
Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем
«Арманым жоқ бұл дүниеде» дер едім
Болдым ғашық, туған дала, мен саған,
Алыс жүрсем, арманым – сен аңсаған
Жақын жүрсем, мен төрінде рахаттың
Өз Отаным - өзім туған босағам.
Қ.Аманжолов
Жоспар
І. Кіріспе
Туған жер – тұғырың
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды
Туған жер! Ыстық та қымбат! Анадай қастерлі, балдай мәпелі! Сенде туып, топырағыңда, аунап өскен қазақ баласының арманы жоқ шығар, сірә! Шіркін, туған жер қымбатсың ғой! Түтінің қандай ыстық еді! «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деген бар емес пе? Туған жерін сағынғанда патшалығын да тастап, елге тартқан Бейбарыс баба туралы аңыз да жүрекке жылы. Әркімге өз Отаны ыстық. Сол секілді шағын да жайлы, кіндік қанымыз тамып, асыр салып ойнап-өскен көрікті ауылымыз – Қамысты. Алтын бесігім. Дүние есігін ашқалы бері сенде ойнап, сенде күліп, топырағыңа аунап өскен қазақ баласы емеспіз бе, біз? Шіркін ауылға не жетсін! Тыныш, таза ауа, ата ертегісі, әже тағамы, бала күлкісі, ана мейірі. Құшағын кең ашып, бізге сая болған Қамысты – менің жүрегім, бақытым, ұям, бесігім, тұғырлы өлкем. Қамысты, сен «Қамысты» деп елін сүйетін қанша жүректердің Отанысың. Әсіресе, түндіктегі түтіннің иісін, сылдырлап аққан өзеніңнің иісін, қаулап өсетін жасыл жусаныңның иісін, қара топырағың мен жаңбырыңды сүйетін нағыз қазақ жастарының туған жерісің. Асық ойнап, әткеншек теуіп талай ұрпақтың балалық бал дәурені өтті ғой сенде.
Қамысты – қасиетті мекен. Біздің ауылда аты өшпес даналар да, ержүрек ерлер де туған. Еліміздің басына қауіп төнген кез, 1941-1945 жылдары болған Ұлы Отан соғысы еді. Кең жерге көз тіккен зұлым фашисттермен қасық қаны қалғанша соғысқан ерлер көп. Ауылымыздан аттанған Ерденбек батыр зұлым жаумен соғысып, өршілдік таныта білген. Қарапайым қазақ баласын әлем таныды. Ол ол ма, тыныш елге тиіскен жауыздарға қарсы ерлікпен шайқасқан оттай лап ете түскен жұлдыз, уыздай жас қаһарман қыз Мәншүк те - біздің ауылдың мақтанышы. Қыршынынан қиылған пулеметші қыз Мәншүгімнің ерлігі елге аян. Оны ел құрметтейді, ерлігін дәріптейді. Бұлар осы ауылда туып - өскен ерлер. Ақын атамыз Рахметолла Егізбаев та Қамыстыда дүние есігін ашып, Қамысты атты ыстық ұясына ерекше махабатпен қараған да осындай ұлылар мен ерлер туған, өршіл жастардын арманының бастауы болған, ерлік пен өрлік Отаны, менің ауылым – Қамысты. Бейбіт еліміздің тәуелсіздігін әлем мойындады. Ауылымызда елін сүйетін, жерін сүйетін патриот жастар көп. Мектебіміздің білім сапасы да жоғары. Жыл сайын мектеп бітірген түлектер жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпіріне грант негізінде оқуға түсуде. Мектеп түлектері төрт жыл қатарынын сапалы білім мен саналы тәрбие, қажырлы еңбектің арқасында «Алтын белгі» белгісіне қол жеткізді. Биыл ауылымызда көптен күткен жаңа мектеп салынуда. Мұны әрбір оқушы асыға күтуде. Ауылымыз жылдан-жылға өркендеуде. Ашық аспан астында еркін өмір кешіп жатқан ауыл тұрғындары да бақытты. Мен осындай ғажайып та сұлу ауылыммен мақтанамын! Бәріміздің балалық шағымыздың куәсі сенсің, ауылым! Осы жарқын ауылымызды анамыздай сүйейік! Мен өз басым туған өлкемді әлемге танытып, оны көркейтіп, Қамысты деген тамаша ауылымның кірпіші боп қалансам деймін.
Туған жер туралы толғанысымды «Өлеңі өртке тиген дауылдай» Қасым ақынның жырымен аяқтамақпын.
Мен де өзіңдей байтақ едім, кең едім,
Қызығыңды көріп еркін келемін.
Сен де аямай бердің маған барыңды
Мен де аямай барым саған беремін!
Батыс Қазақстан облысы
Жәнібек ауданы
Е.Ниетқалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі
Тақырыбы:
(эссе)
Орындаған: Хайрушева Асемгүл - 8 сынып оқушысы
Жетекшісі: Төлешева М.Е.
2012 жыл
Белый лист
Два петушка
Флейта и Ветер
Кто чем богат, тот тем и делится!
Рисуем пшеничное поле гуашью