Алматыдан жүлдемен
Зулкарнайева Гульбарам - 7 сынып оқушысы
БҚО Жәнібек ауданы Қамысты ауылы
Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ
Вложение | Размер |
---|---|
gulbaram.doc | 35 КБ |
Алматыдан жүлдемен
Мектебімізде жалпы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда, білімдерін тереңдетуде және таңдаулары бойынша кәсіптік бағдар беру мақсатында сыныптан тыс әр түрлі тақырыпты шаралар дәстүрлі ұйымдастырылады. Сонымен қатар қазіргі таңдағы ғаламтор желісі арқылы өткізілетін сырттай түрлі зияткерлік, пәндік байқауларға да қатысу жақсы жолға қойылған. Тек осы жылдың өзінде –ақ, «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығының ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін Қазақстандық Интернет Олимпиадасының өзіне мектептен әр пән бойынша 5-11 сыныптарынан 60-қа жуық оқушысы қатысып, жеңімпаз танылған 10 сынып оқушысы Р.Мұратов қазақстан тарихы пәні бойынша Щучье қаласында өткен «Тарих ата» ІХ республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, сертификатталған болса, 8 сынып оқушылары Р.Қабдырова мен Ә.Тайланова физика пәні бойынша үздік танылып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Ал кейбір жекелеген оқушылар арнайы сертификатқа ие болды.
Сондай – ақ, өткен оқу жылының қыркүйек айынан бастап республикалық «Дарын» орталығының сырттай оқыту мектебінің төрт кезеңнен тұратын 8-10 сынып оқушылары үшін негізгі пәндер бойынша қашықтық олимпиадасына мектебімізден 32 оқушы қатынасты. Алдымен қабылдау кезеңіне ұсыныс жасаған оқушыларға арнайы тапсырмалар берілген болатын. Қатысушылар пән бойынша өздеріне берілген жеке тапсырмаларын талапқа сай арнайы оқушы дәптерінде орындап, жауаптарын пошта арқылы жолдады. Келесі кезеңге өткен оқушыларға бірте – бірте күрделенген тапсырмалар арнайы берілген болатын. Қорытындысында төрт кезеңнен сүрінбей өткен республикалық олимпиаданың БҚО бойынша жеңімпаздары болып тарих пәні бойынша 8 сынып оқушылары Г.Құсенова мен Ә.Абатова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Ә.Хайрушева, химия пәні бойынша Г.Сариевалардың жұмыстары үздік танылды. Бұл қашықтық олимпиадасының мақсаты - оқушылардың таңдаған пәндері бойынша білімдерін кеңейту, мамандық таңдау жолында дұрыс бағдар беру, ғылыми көпшілік әдебиеттермен жұмыс жасай білу қабілетін дамыту және республикамыздың шалғай аймақтарындағы білімді балалардың талабын ұштау, оларға қолдау көрсету.
Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ-тің аталған төрт оқушысы маусымның 23-29 аралығында Алматы қаласындағы «Самал» пансионатындағы «Талапкер» бейіндік лагеріне тегін демалуға жолдама алды. Оқушылар мектебіміздің биология пәнінің бірінші санатты мұғалімі Э.Негметованың жетекшілігімен үлкен қалаға саяхаттап, жақсы демалып қайтты.
Ендігі кезекте олардың Алматы қаласынан алған әсерін өз ауыздарынан тыңдасақ. Гүлназ: - Жалпы бұл қашықтық олимпиадасына еліміздің барлық облыстарынан 8-10 сыныптары аралығында 1650 оқушы әр түрлі пәндер бойынша қатысқан. Қорытындысы бойынша 500 оқушы дипломант атанып, ең үздік 35 оқушы тегін лагерге шақырылған. Сол оқушылардың бірі болып Алматыны көріп, білімімді тереңдетіп қайтқаныма ризамын. Білімді болсаң, әрқашан да мерейін көресің.Келесі жылы да қайтадан өткізілетін осы олимпиадаға қатысуды жіберіп алмайық. Оқушылар үшін жасалып жатқан білім додасы –баршаға ортақ. Жаңа заман ағымына сай сырттай өтетін осындай байқауларға қатысыңыздар!
- Әсем мен Гүлсина: -Лагерге ең шалғайдан келсек те біз бірінші болып барыппыз. Таныса келе, барлық оқушылар да облыс орталығынан Н.Назарбаев зияткерлік мектептері мен гимназия, лицейлерден келген білімпаздар екен. Тек қана Орал қаласының өзінен де немесе басқа аудан мектептерден де ешбір оқушы бұл олимпиадаға қатыспаған болып шықты. Біздерді БҚО бойынша облыстың намысын қорғап келген жеңімпаздары, соның ішінде ауыл мектебінен келген үздіктер деп ерекше атап таныстырды. Онда түске дейін пән бойынша білімімізді тереңдету мақсатында қосымша жұмыстандық. Түстен кейін Алматының әсем де көркіне көзің тоймайтын орындарын араладық. Табиғатына, тарихқа толы әлеміне үңіліп, тәнті болдық.
- Әсемгүл: - Демалыс бағдарламасы бойынша «Медеу» мұз айдыны, «Көктөбе», М.Әуезов атындағы драмтеатрда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұражайында, орталық саябақ пен спорт кешенінде, тарихи орындар мен ескерткіштерді араладық.Көп дос таптық. Ой – өрісімізді кеңейтуге бағытталып оздырылған мәнді шараларға бәріміз де атсалыса қатыстық.Осы орайда, терең біліммен сусындатқан Е.Ниетқалиев атындағы білім ордасының білікті де білімді ұстаздарын мақтан етеміз.Ұстаздарымыздың берген білімінің арқасында лагерде де өз білімдеріміз бойынша пәндік олимпиада сынынан сүрінбей өттік. Химия пәні бойынша өткен олимпиадада Гүлсина ІІІ, Әсем ІІ, ал Гүлназ І орынға қол жеткізсе, мен қазақ тілінен ІІ орынды қанжығаладым.
Сөзбен жеткізе алмас қызығы мен әсері мол арманға айналған Алматыны көрдік, ендігі арман - одан әрі өте жақсы оқып, мектепті аяқтағаннан кейін өз білімдерімізді сонда жалғастыру яғни, таңдаған жоғары оқу орнына түсу.
«Білімді мыңды жығады»- демекші, оқушылардың қабілет – қарымын ұштап, елдегі жаңа үрдістен қалдырмай, біздермен ерінбей еңбектеніп, жеңістің биігінен көрінуімізге қашанда шаршамайтын, бақытымызды аялайтын ұстаздарымызға шәкірттік сезімдеріміз шексіз – деп, оқушылар алған әсерін тауыса алар емес.
Әңгімелескен : Зулкарнайева Гульбарам - 7 сынып оқушысы
БҚО Жәнібек ауданы Қамысты ауылы
Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ
Глупый мальчишка
Рисуем домики зимой
Украшаем стену пушистыми кисточками и помпончиками
Две снежинки
Рисуем ветку берёзы сухой пастелью