Киіз үй – қазақ халқының өзімен бірге жасасып, тарих белестерінен бірге келе жатқан заттық, тұрмыстық мәдениеттің көрінісі. Бұл жұмыстың мақсаты киіз үйдің ата-бабаларымыздың өмірінде алған орны туралы түрлі пікірлерді келтіре отырып, бүгінгі ұрпақтың бойына мәдени мұраларға деген көзқарасты қалыптастыру, тәуелсіз елімізге деген патриоттық сезімдерін дамыту болып табылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер біз осы бабаларымыздан қалған ең қымбат мұралардың бірі – киіз үйді сол кездегі ата-бабаларымыз сияқты қастерлеп, оның қасиетін, құдіретін келер ұрпаққа жеткізер болсақ олардың бойына рухани құндылықтарды бағалай білетін ұлттық және патриоттық санасы жоғары тұлға қалыптасады.
Зерттеудің теориялық мәнділігі: Киіз үй туралы ғылыми жоба немесе курстық жұмыс дайындағанда көмекші құрал болады. Сонымен қатар оқушыларға мәлімет жинауға септігін тигізеді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: Оқушыларға киіз үй жабдықтағанда немесе кездестіргенде көмегін тигізеді және өз елінің ертедегі тұрмысымен танысады.
Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:
- киіз үй туралы тәлімдік, тәрбиелік көзқарастарға талдау жасалды;
- киіз үйдің ата-бабаларымыздың өмірінде алған орнын көрсету;
- киіз үйдің бөліктері мен түрлері жайында түсінік берілді;
- киіз үйді жаңа ғасыр талабына қарай жабдықтау
Жұмыстың орындалу әдістері: Тарихи деректермен танысу, оларды жинақтау, қорыту, салыстырмалы талдау жасау, тұжырымдау.
Вложение | Размер |
---|---|
киіз үй | 2.86 МБ |
Гном Гномыч и Изюмка. Агнеш Балинт
О путнике
Солдатская шинель
Новогодняя задача на смекалку. Что подарил Дед Мороз?
Тупое - острое
Комментарии
Киіз үй
Киіз үйдің маңыздылығын оқушылар осыдан жақсы түсінген болар.
"Киіз үй -жер шарының жарты моделі"
Оқушыларың жетістікке жете берсін.
Ынтымағы жарасқан, туғн өлкем -Қазақстан
Тәрбие сағатының құрылымы жақыс құрылған.Тәрбиелік маңызы бар