4-сынып сабақ жоспары
Сабақ: Қазақ тілі
Сынып: 4
Сабақтың тақырыбы: Саябақта.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бау-бақшада өсетін жемістер мен көкөністер туралы мәлімет беру. Тілдесу әрекетіне бағыт жасау.
Дамытушылық: Сауатты оқуға, жазуға баулу.
Тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікке, әдемілікке, тазалыққа баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сурет бойынша жұмыс, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, оқулық
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
III.Жаңа сбақ.
Тақырып бойынша жемістер мен көкөністердің адам өміріне, денсаулығына тигізетін пайдасы туралы түсініктер беру. Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыра өткізу. 1-тапсырмадағы сурет бойынша сұрақ – жауап жасау.
1. Сөздікпен жұмыс.
2. Оқылым әрекетін тыңдалым әрекетіне ұштастыру мақсатында 1-тапсырмадағы мәтінді оқушыларға кезекпен оқыту. Мәтіннің мазмұнын түсіндіру. Оқу техникасын жетілдіру.
3. Қисынды ойлау, еске сақтау қабілетін дамыту үшін 2 – тапсырманы орындау. Бірнеше рет қайталап алған соң, оқулықты жауып, әр оқушы неше суретін атауын естеріне сақтағандарын тексеру. Оқушыларға қолдау көрсетіп, мадақтап отыру. Осы тапсырманы сауатты жазу дағдысын молайту мақсатында тақта алдында жалғастыру.
4. «Кім ең әдемі сурет салады?» атты жарыс ұйымдастыру. Суреттерді сараптап, ең әдемі суреттерді тақта алдына іліп қою.
5. Жазылым.
Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін жандандыра отырып, 3 – тапсырманы оқушылардың өз бетімен орындауларын қадағалау. Тапсырманы тексеру.
Сергіту сәті.
6. Тілдесім.
Тілдесім әрекетін 4 – тапсырма арқылы жалғастыру. Суреттегі жемістер мен көкөністердің атауларын қайталап алған сон, оқушылармен жеке-жеке жұмыс жасау.
7. Айтылым.
«Саябақ » тақырыбы бойынша (осы жыл мезгіліне байланысты) түсініктерді қалыптастырып бекіту үшін 5 – тапсырмадағы сурет бойынша сурет жасау. Айтылым әрекетін үй жұмысымен ұштастыру.
IV. Сабақты қорытындылау
а) күзгі жемістер мен көкөністердің атауларымен сөз тіркесін жасату;
ә) күзге байланысты атауларды жатқа қайталау.V. Үйге тапсырма. Бағалау.