Ана туралы
Ананың тілі,ананың махаббаты,ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе! Шіркін,ананың айналып-толғанғаны кімнің есінен кетеді! Шырылдап жерге түскеннен -ақ сенің ең бір жақының,ең бір досың,ең бір ұстазың бар.Ол -ана:қара жерді баспай жатып,есіңді білмей жатып,тырмысып бауырына жабысатының,шырылдап уанбай,жылап іздейтінің-ана.Сен жан болып дүниеге келдің.Сенің іздейтінің бір-ақ жан.Ол-ана.Ол саған бәрінен де қымбат.Сен үшін ол жалпақ дүниеден де үлкен .Сондықтан да сен бір-ақ жанды білесің.Ол -ана. Міне,анаға деген махаббат сенің құндықта жатқан күніңнен-ақ басталады.Ананың жолы басқа.Ана деген сезбейтін сезім болуға мүмкін емес! Мен білетін қазақ әйелі-қазақпын дейтін қара көз,қара баланың анасы,сенің жүрегің нәзік,сенің махаббатың балаға тіл жеткісіз биік...