"Төлеу Шаханов рухына" Сайлау Байбосын
материал на тему

Шаханов Толеу

Жергілікті ақынымыз Сайлау Байбосынның Т.Шахановқа арнаған өлеңі

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл saylau_baybosyn.docx11.02 КБ

Предварительный просмотр:

Төлеу Шахановтың рухына

Асыл деп сені көтерсе елің несі мін,

Кешігіп жеттің, етерсің бірақ кешірім.

Мәз болып жатыр бір мектеп беріп атыңа,

Ереймен мына еркелеп өскен бесігің.

Халыққа – мерей, ұрпаққа үлгі болады

Оралып жатса, еліңе қайта есімің,

Киелі жердің, Ереймен сынды, ұлы едің,

Өнерлі едің, өрісті едің, ұлы едің.

Алматы асып, асқақтап атың жүрсе де,

Халықпен, сірә, бірге де болды жүрегің.

Толағай елің көтерді бүгін төбеге

Топ жарып ұшқан туысы бөлек түлегін.

Бәйгенің басын шын жүйрік алмай, кім алсын?

Ұлылыр салған соқпаққа түскен ұлансың,

Ұлағатты елің ұлым деп көкке көтерсе,

Бір аунап, аға, түскен де бүгін шығарсың.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты