Педагогикалық ситуациялар
Педагогикалық жағдаяттар
1 – жағдаят
Тоқсандық баға шығарғанда талас бағаны байқамай оқушыға төмен баға шығардыңыз. Әрі оны ұмытып кеттіңіз. Оқушының ата - анасы директорға шағымданып келеді, сізді шақырады.
1. Директорға не дейсіз?
2. Ата - анаға не дейсіз?
3. Өзіңізге өзіңіз не дейсіз?
2 – жағдаят
Талғат нашар оқумен қатар, мектеп ережелеріне сай тәртіп сақтамаушы еді. Сол себептен де сынып жетекшісі үйіне жиі баратын. Оны ата - анасы мектепке сирек келуімен қоймай, баласын жақтап, мұғалімдердің өздері кінәлі деп санайтын. Талғаттың әке - шешесі тек баланы тамақтандырып, киіндірсек болды, ал оқыту мен тәрбиелеу мектептің ісі дейтін.
Талғат сотқа тартылды. Ата - анасы бұған кінәлі мектеп деген ойда болатын.
1. Балаға адамгершілік тәрбие берудегі отбасының жауапкершілігі неде?
2. Ал мектеп бұл істен сырт қалуы керек пе?
3 – жағдаят
Он жасар Қуан мектепте «қиын» бала аталған. Наурыз мейрамы күні сынып жетекшісі оған бір - екі жолдасын ертіп мектеп ауласына он шақты тал отырғызуды міндеттеді. Ол өз жолдастарымен қоғамдық тапсырманы тиянақты орындап шықты. Мектеп линейкасында оларға алғыс айтылды. Осы кезден бастап бала өміріне өзгерістер ене бастады.
1. Жеткіншекке жасалған педагогикалық ықпалдың нәтижелі болу себебі неде?
2. «Қиын» бала мен педагогтың арасындағы қарым - қатынас қалай болу керек?
4 – жағдаят
Мұғалім оқушыларға жүргізген диагностика нәтижесінде өзінің момын, үндемейтін, мінезімен көзге түсетін Серік ең беделді оқушы қатарына шықты да, ал көңілді, жарқын мінезді, балалармен қарым - қатынаста үнемі белсенділік көрсеткен Нұрлан үш - ақ дауыс алды.
1. Алынған мәлімет бойынша Нұрлан белсінділер құрамына кезінде дұрыс тағайындалған ба?
2. Мұндай жағдайда мұғалім қандай шешім жасау керек?