Белгілі күйші Қазанғаптың өмірі мен шығармашылығы туралы.Оның өнерін жалғастырушы шәкірттерінің еңбектері.
Вложение | Размер |
---|---|
kazangap_tilepbergenuly.pptx | 1.07 МБ |
Слайд 1
Баяндама Тақырыбы: «Саз зергері қазанғап тілепбергенұлының туғанына 160 жыл» Дайындаған : 7 «ә» класс оқушысы лесова жұлдызСлайд 2
Саз зергері Қазанғап Тілепбергенұлының туғанына 160 жыл
Слайд 3
Кіріспе Ақтөбе жері талантты өнерпаздарға бай. Белгілі күйші Қазанғап Тілепбергенұлының туғанына биыл 160 жыл. Мақсаты : жас ұрпақтың бойында атадан мұра болып келе жатқан асыл өнерді құрметтеу, үлгі тұту қасиеттерін қалыптастыру. Міндеттері : білімділік : Ақтөбе өңірінің белгілі өнер қайраткерлерін танып, білуге үйрету, шығармашылығымен таныстыру; тәрбиелік : адамгершілікке, өнермен қарым – қатынаста саналы болуға, өнерпаз болуға тәрбиелеу; дамытушылық : қабылдау, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Слайд 4
Қазанғап Тілепбергенұлы – қазақтың әйгілі күйші – композиторы. Қазанғап екі дәуір аралығында өмір сүрген (1854 - 1921 ). Күйші Арал теңізінің жағалауындағы Құланды түбегінің Ақбауыр деген жерінде қойшының жанұясында туған . Есейе келе домбырашы болып, өнер қууға бекем бел буады. Күй құпиясына бойлай түссем деген арман көкейін мазалаған Қазанғап әкесінің жалғыз атын мініп, елге аты мәлім домбырашыларды іздеп сапарға шығады. Алдымен Доңызтау – Аққалқа деген жерде тұратын Төреш күйшіні іздеп барады. Жас домбырашының дарынына таң қалып, таңдай қаққан Төреш оған күйлер үйретіп, домбыра шертудің құпияларын құлағына құяды. Күйші талапты жасқа батасын беріп, өнер жолындағы тұсауын кеседі. Қазанғап Бесқалада тұратын Орынбай, Ембідегі Құрманияз , Қарақамыстағы Үсен күйшілермен кездесіп, шеберлік сырларын көкейіне тоқи береді. Аты шулы домбырашылардан дәріс алып, олардың орындаушылық мәнеріне көзі қаныққан Қазанғап өзі де күй шығарып, ойнау стилін қалыптастыра бастайды . Қазанғап өз өнерін ұштау, жетілдіру жолында көп еңбек еткен. Жалпы Қазанғаптың күй ойнауда өзіндік өзінің ерекше стилі бар. Мысалы « Көкіл » күйінде өзінің ауыр өмірі туралы сыр шертеді. Мұңлы шерлі күй сазы тағдыр тауқыметін тартқан күйші өмірін көз алдыңызға әкеледі.Қазанғаптың Қазан төңкерісі таңы атысымен шығарған күйі « Учитель ». « Учитель » күйі – бөлекше дүние, Тіпті Қазанғап шығармашылығында оқшау тұрған шығарма. Бірақ бұл сырт көзге ғана. Ден қойып, тереңірек үңілсеңіз жарқын пейілмен, оптимистік философиясы бар. Күй басынан аяғына дейін бұл атырапта белгісіз марш екпінімен жазылған. Әуен характері сергек, ойнақы, ашық – жарқын. « Учитель » күйінің нық аяқ алысы –Қазанғаптың үлкен шығармашылық пайымдауларға өз міндетін жете түсіне отырып барғанын көрсетеді. Бұл күй тыңдаушының санасын оятып, алға ұмтылуға, тынымсыз күреске, жасампаздыққа үндейді . Алайда атақты домбырашы, талантты сазгер өзінің шығармашылық ойларын түгел жүзеге асыра алмады. 1921 жылы 67 жасында дүние салды.
Слайд 5
Қазанғаптың артында оннан аса шәкірті қалды. Оның шығармаларын орындаушы домбырашылардың ішінде Жәлекеш Айпақов , Сәдуақас Балмағамбетов, Бақыт Басығараев , Машалақ сияқты домбырашылар ізін жалғастырған. Бүгінгі таңда Қазанғап күйлерін насихаттап жүрген Абдулхамит Райымбергенов , Жайлау Асылханов, Еділ Басығараев ағаларды айтуға болады. Сондай-ақ осы күйшілердің ізденісі арқылы Қазанғаптың өзгеде жаңа күйлері табылуда. Мысалы Жайлау Асылханов ағамыз Машалақ күйші шалдан «Кәрі Ақжелең », күйінің өзгеше нұсқасын үйреніп және «Ұршықтың жұртта қалғаны», «Торы аттың табақ тартуы» атты күйлерді қазақ жұртына жеткізді. Сондай-ақ Келбет Тілеулин « Алиманның боз жорғасын» алып келген. Нұрболат Жанаманов «Өмір жайлау» күйінің жаңа нұсқасын жеткізді. Бұл күйлер қазіргі заманда ойналып өз орынын тауып жүрген күйлер. Қазанғап қазақ күй мұрасына ерекше сазды күйлер әкелген айрықша дарын иесі. Оның күйлерінің даралығы – сезімге байлығында. Әрбір көрген, көңілге түйген оқиғаларын саз арқылы сезімге бөлеп ерекше толғауында. Өз заманының озық суреткері – Қазапғап күйші – күй өнерін жарып өткен жаңа соқпақтың иесі, ой мен сезімді қатар қолданған айрықша талантты сазгер. Қазанғап күйлері – адам жанының нәзік қылын дөп басатын сұлу саздар. Қазанғаптан мұра боп бізге жеткен күйлердің тақырыбы сан – алуан. Оның шығармалары бүгінде халық арасында кең тарап кетті. Республиканың музыкалық жоғары және орта оқу орындарында Қазанғап күйлері оқу бағдарламасына енгізіліп орындалуда. Қазанғап ойнау дәстүрі өзіндік бір мектеп болып қалыптасты.
Слайд 7
Көңіл бөлгендеріңізге көп рахмет!
Рисуем подснежники гуашью
Три загадки Солнца
Рисуем белые грибы пастелью
Сказки пластилинового ослика
Убунту: я существую, потому что мы существуем