Тілі мәңгі жасаған халық өзі де өлмейді.
Шыңғыс Айтматов
Әр ұлттың өзінің ана тілі бар. Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Ана тілім менің – таусылмайтын байлығым. Туған тілім арқылы алғашқы әліппені таныдым. Содан бері міне, өз тілімде мен сөйлеп, құрметтеп келемін. Туған тіліміздің ұмытпау – әрбір азаматтың борышы. Себебі, біздің дәулетіміз, салт-дәстүріміз, дініміз, мәдениетіміз осы тілімізде жатыр. Өйткені, тіл – ата-бабамыздан бізге қалған аманаты. Тілдің көмегімен өнерді, білімді, салт – дәстүрімізді, ғылымды игереміз, өткен-кеткенімізді саралап, сабақ аламыз. Тіл бізбен бірге жасайды, дамиды, өркендейді. Ендігі біздің міндетіміз тілімізді сақтап, осы тілде сауатты жазып, ойымызды ана тілінде таза жеткізу, ардақтап құрметтеу.
Вложение | Размер |
---|---|
tugan_tilim-_baylygym.docx | 14.41 КБ |
«Туған тілім байлығым»
(шығарма)
П.И.Оськина атындағы Шаған-Ұзын орта мектебінің
8 сынып оқушысы
Абдрахманов Алим Айдосұлы
Жетекшісі Джанабилова Назгуль Баймухамбетқызы
Тілі мәңгі жасаған халық өзі де өлмейді.
Шыңғыс Айтматов
Әр ұлттың өзінің ана тілі бар. Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Ана тілім менің – таусылмайтын байлығым. Туған тілім арқылы алғашқы әліппені таныдым. Содан бері міне, өз тілімде мен сөйлеп, құрметтеп келемін. Туған тіліміздің ұмытпау – әрбір азаматтың борышы. Себебі, біздің дәулетіміз, салт-дәстүріміз, дініміз, мәдениетіміз осы тілімізде жатыр. Өйткені, тіл – ата-бабамыздан бізге қалған аманаты. Тілдің көмегімен өнерді, білімді, салт – дәстүрімізді, ғылымды игереміз, өткен-кеткенімізді саралап, сабақ аламыз. Тіл бізбен бірге жасайды, дамиды, өркендейді. Ендігі біздің міндетіміз тілімізді сақтап, осы тілде сауатты жазып, ойымызды ана тілінде таза жеткізу, ардақтап құрметтеу.
Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың. Егер біздің тіліміз жойылып кетсе барлығы бірін бірі түсінбейді. Қазір балалар балабақшадан бастап көбіне орыс тілінде сөйлейді. Басқа тілде сөйлеген адам өзін дамып кеткен адаммын деп ойлайтын сияқты. Ал туған тілінде ешқандай басқа тіл араластырмай сөйлеген адамды дымға қолы жетпеген, дамымаған адам деп ойлайды. Негізі бұл пікірлер дұрыс емес. Ана тілін бағаламайтын адам өз елін, жерін, халқын түсінбейді және оларға жат сияқты болады.
Тіліміздің жаңа көркемдік деңгейге жетуіне үлес қосқан ұлы Абай атамыз.
Ұлт ақыны Қадыр Мырза Әли:
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп, тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте! – деп жырлағандай біздер сауатты болу үшін алдымен ана тілін жетік меңгеріп, кейін өзге ұлттың тілінде еркін сөйлей білуі тиіс деп ойлаймын. Ана тілін толық білмейінше, өзге тілді үйрену қате деп ойлаймын. Себебі, біз ата - анамыздың тәрбиесін ана тілінде алып, салт - дәстүрімізді бойымызға қазақ тілінде сіңіру керекпіз.
Мұхтар Шаханов:
Қай тілде ойлап, қай тілде сөйлеп,
Қай тілмен ақса -
Перзенттік түйсік, өрісің,
Сол тілдің гүлі, сол тілдің қайраткерісің – деп жырлаған. Әрине көп тіл білу, көп құлыптың кілтін тапқанмен бірдей.
Алдымен жақсылықты басыңа қыл, қала берді досыңа қыл – деген халық даналығы бар. Ана тілімізде сауатты сөйлеп, өзге тілде де сайрап тұрсақ, болашақта үлкен істер атқаруға, туған халыққа қызмет етуге мүмкіндік зор.
Сөз соңында айтарым, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте». Біз, жастар, болашақ ұрпақ өзге тілді білу арқылы өз тілімізді байлығымызды қастерлеп, сақтап алу керекпіз.
Как нарисовать зайчика
Голубая лягушка
Снежная зима. Рисуем акварелью и гуашью
Ручей и камень
Карандаши в пакете