Акишева Ақсұлу - 10 сынып оқушысы
Мұғалімі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тулешева Мадина Есимгалиевна
Жетімнің зары
(поэма)
Вложение | Размер |
---|---|
aksulu-1.doc | 74 КБ |
Акишева Ақсұлу - 10 сынып оқушысы
Мұғалімі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тулешева Мадина Есимгалиевна
Жетімнің зары
(поэма)
Бір жетім өмір сүрді сорлы бейбақ ,
Басына қонбай қойды оның бір бақ ,
Жөргекте жатқанымда тастанды боп
Жүргені ол жетімнің жылап-сорлап .
Жетімхана - көз ашқан көрген жері ,
Тастанды екенін де білген жері ,
Қорғансыз бір сәбиді тастап кетіп
Осы ма үлкендердің білгендері .
Жалғыздық азабын да тарттым мұнша ,
Жүрегінен арылмады бұлттай тұмша ,
Өмірге келгеніне өкінерлік
Бұл сәбидің жазығы , бар ед қанша ?
Жетімдікті тартқызған баласына ,
Ата-ана , тастап оны барасың ба ?
Балаңның құны саған бір тиын ба
Осыдан соң әке менен анасың ба ?
Жетімге әрбір күні тозақ еді ,
Ата-анасыз күн кешу азап еді .
«Ботам»- деген бір сөзге зар боларлық
Жетім бала қандай қылмыс жасап еді ?
Ілігіп тағдырдың сынағына ,
Қайғы-мұң тек естілді құлағына ,
Сұм өмір кінәліні жазаламай
Бейкүнәні неліктен сынадың ә ?!
Солай байғұс жетімнің азып-тозғаны ,
Нар ботадай жетімсіреп боздады .
Қиын күндер кезіндегі бұл зары
Сол жетімнің жүрегінен жазғаны .
«Мен қанаты қайрылған құстаймын
Бір қанатпен ешқайда да ұшпаймын .
Қиналмай-ақ жүрер екем қашанғы
Қашан енді жаңа өмірді бастаймын .
Көңілім мені лайланды-ау лайланды.
Тағдырым менің бір-ақ нәрсеге байланды.
Достарым жоқ ойлайтын мені, бұл мені
Ата-анам да біржола теріс айналды.
Тастады өмір қылды-ау мені керексіз,
Ата-анам да тастап кетті себепсіз.
Өстім мен қиындық көріп қиналып
Өстім мен жападан-жалғыз көмексіз.
Оқығым келді, күлгім де келді бірақ та
Бәрі де қуаныш та, мененжырақта.
Күлу үшін де себеп керек қой әйтеуір
Алаңсыз күлсем тым болмаса бір апта.
Жетімдер үйі болды-ау панам, анам да,
Бір қызықты көрмедім-ау ғаламда,
Мен жетіммін, жетім деген ат-таңба
Әке менен ана керек маған да.
Менде де бар жүрек деген ғажайып,
Болар ма деп үміттенген бір ғайып,
Тас жүректер кетті-ау,шіркін, көбейіп
Ақ жүректер барады-ау тіпті азайып.
Қасымдағы достарым да, өңкей мендей жетімдер,
Жетім көрсең жебей оны өтіңдер.
Бірақ, мені жебеп жатқан ешкім жоқ
Ей, адамдар, аяушылық етіңдер.
Зарыма мейлің құлақ түрме ешбірің,
Керек емессіңдер маған да сіздер ешкімің,
«Балам-ау, құлыншағым, асылым»
Тек осы ғой келгені менің естігім.
Аямаңдар, мүсіркеп жетім деп мені,
Қайтем енді Алламның басқа бергені,
Ата-анама керексіз болсам өзге де
Керек қылмайды, жетімдей мені, өздері.
Қайтем, енді, сыздайды мына жүрегім,
Жүрегім сыздап қалайша өмір сүремін?
Ауырады бұл жүрегім қан жылап
Айтыңдаршы, тым болмаса бір емін.
Ерте есейтті, жетімдік мені ертерек
Сондықтан да, көрмедім өмір еркелеп,
Таңым мүлде арайлы атып көрмеді
Оятады мені әркез ылғи желкелеп.
Бірақ, бірақ бір үмітім болмады,
Жетімдік те оны өлтіре алмады
Өзгелердей мен бақытты тұрмадым
Балдай тәтті балалығым болмады.
Аялайтын, әлпештейтін анам жоқ.
Қамқор болып еркелетер әкем жоқ.
Я болмаса сүйенішім, панам жоқ.
Қуаныш пен нұрға толы мекен жоқ.
Қу тіземді құшақтадым, ақыры
«Қу жетім»- деп келекелеп барлығы.
Тыңдалмай ма, тыңдалмай ма, ағайын
Тыңдалмай ма, жетімдердің зар мұңы.
Түс көрдім мен бір күні көзім ілініп,
Жүр екенмін әсем бақта жүгіріп,
Мейірімді анам қасыма келді сол сәтте
Құлағанымда шыр-пыр болып бүлініп.
Әкем келіп, бәйек борлып қам жеді.
Жақсы көріп, еркелетті ол мені.
«Балам»- деді арыстаным, арысым,
«Жақсы көрем», «сені балам, мен»- деді.
Содан кейін анашым шай әзірлеп,
«Құлыным»- деп еркелетті мәпелеп,
Тәтті-дәмді, бәрін тосты алдыма
Дастарханға қарай мені жетелеп.
Үшеуміз іштік асымызды отырып
Ұйықтадық ғажайып таңды атырып
Ұйқымнан тұрған кезде бір дауыс естідім
Анамның даусы жатыр мені шақырып.
«Келе ғой балам»- деп бетімнен сипады.
Жылы сөздердің бәрін маған айтады.
Таңғы асыңды іш, содан кейін барайық
Аралайық, бұл қоршаған ортаны
Көңіліме бір қуаныш орнады-ау, орнады.
Орындалды-ау бала жүрек, сәби жүрек арманы.
Анам маған мейірлене қарады-ау сол кезде
Әкемнің де елжіреп күліп тұрғаны.
Үстімде тек қымбат киім, жібегі
Бірақ маған ата-ана тек керегі,
Әкемнің тек қасымда әркез болғаны
Мейірімді, жайсаң ана жүрегі.
Мен мәз болып тұрғанымда, ояндым,
Ояндым да, бар бақытым жоғалды.
Түртіп мені тәрбиеші апай оятты
Бәз баяғы бақытсыз күн оралды.
Тұрдым неге, оянбай мен жатпадым?
Оянғанда жоғалттым бақыт ақ таңын.
Ата-анам жоқ сорлы екенмін әлі де
Шындай болды бұл түс көріп жатқаным.
Сенгім келмед, сенгім келмед басында
Әлі жетіммін, жетіммін бе расында ?
Әлпештеген асыл анам, әкешім
Болса қайда, болмай ма қазір қасымда?
Өзімді-өзім шымшыдым кеп, шын екен,
Бір сәт қана ғажап түс көрген екем,
О, Аллам-ай, бұл неге шындық болмады
Орындалмас арманға сенгем екем.
Жетімдей мені керек қылар ма дейсің кім?
Ата-анасыз тастандыны сүйсін кім?
Осыны ойлап кеш батқанша отырдым
Жыладым да, қайғырдым ды күрсіндім
Ана, әке неге менен бас тарттыңдар, неліктен?!
Өз баласын тастап кеткен ана көріп пе ең.
Мені масыл болады деп қорықтың
Тастадыңдар, айтыңдар, сол себептен.
Дүниеге жылап келгелі бері көз жасым.
Тыйылған жоқ, тыйылмас жетім болғасын,
Жігітпін ғой жыламаймын, мен енді
Мұңнан шығам 18-ге толғасын
Әй, қайдам оған дейін қанша бар?
Көрген азап қанша болса сонша бар.
Балалықтың өзі осылай болса егер
Қиындығым әлі де көп қарсы алар.
Не екенін білмей өстім жылу, жылы шырайдың,
Қайғы мұңмен өтетінін білемін тек әр айдың,
Ата-анамды іздеп табам, есейген соң, оларды
Неге мені тастағанын, қалдырғанын сұраймын.
Айтқандары жүрегіме оқ болар ма тағы да
Мен сорлының тағы, тағы сынар ма екен сағы да.
Ата-анам мейірімсіз, қатігездер, тасжүрек
Тағдырына балта шапқан перзентінің бағына.
Зорлы мұңым, ащы даусым, қайғы, нала, барлығы -
Боп қалады өткен күннің қалдығы
Қашанғы енді зарлауменен өтемін
Бақыттың бір ашылсыншы сандығы.
Мен де енді бір бақытты болайын.
Осы жолы соңғы рет тек жылайын.
Арманыма жетемін бе шынымен
Маған өзің көмектесші Құдайым.
Жүрегімде махаббатқа орын жоқ,
Қуанышымнан қайғым менен сорым көп.
Не екенін білмей өстім сезімнің
Өз орнымды тапсам екем жолым боп
Бұл өмірдің бітпеді осы тарлығы,
«Жетім»- деп мені келекелеп барлығы.
Атағанда ауырады жүрегім
Көрсеткен осы жетпейді ме қорлығы.
Соққы алдым, таяқ жедім өмірден
Бақыт құсы бұлбұл ұшты көңілден,
Қалай көрем өз күнімді мен ертең
Кеткенімде сұмдық осы өмірден.
Өмір, өмір әділетсіз неге соншама,
Бақыттылар, бай адамдар қаншама?
Неге теңдік орнамаған, неліктен
Мен жүрмін ғой байғұс, сорлы, бейшара.
Мен әр күні құса болып өлемін
Қиындықты ауыр алып келемін.
Жаныма еш демеу болар себеп жоқ
Жаныма тек демеу болар өлеңім.
Мен осылай қалай өсіп өнемін,
Жана алмаймын, сөне берем, сөнемін.
«Басқа түссе баспақшыл»- дер халқымыз
Амалым жоқ бәріне де көнемін.
Пайда болса үміт деген бір жарық,
Жүрегімде үміт оты бүр жарып,
Үмітім жоқ, өлеңім бар керексіз
Жанымды тек жұбатамын жыр жазып.
Сағым сынды, көңілім өшті, қайырылдым,
Тастанды бала екеніме қайғырдым.
Бар енді аздап жүрегімде мейірім
Қатігезденіп мен содан да айрылдым.
Бұғанам қатты, өстім мен өзім осылай,
Қиындықтарға, ауырпалыққа жасымай.
Өлеңім енді сен болмасаң қайтер ем
Өлеңім менің серігім-ай, досым-ай.
Армандай берсем, арманға сан жетпейді
Армансыз бірақ, уақытым да өтпейді.
Орындалмас, қай-қайдағы қиялдар
Болмас қиял бұл ойымнан кетпейді.
Бірақ та мен өзімді-өзім қайраймын.
Ұғынып бәрін тереңнен терең бойлаймын.
Осы өлеңмен биік шыңға бір шығып
Ақын болып кетермін деп ойлаймын.
Әй, қайдам, жетімдік жайлы өлеңім,
Білмеймін бірақ неге екенін себебін.
Жетім болып өскендіктен шығар-ау
Сол тақырыпты жаныма демеу көремін.
Ана жайлы бұдан басқа жырым бар,
Анама айтар айтылмаған сырым бар.
Ана жайлы өлеңімді тыңдаңдар
Содан-ақ бұл жай күйімді ұғыңдар.
Апатайым, асыл анам, анашым.
Бұл өмірде маған өзің дарасың,
Анасың ғой, неге мені тастадың
Бола ма ана тастап кеткен баласын.
Өз балам деп ойламадың сен мені,
Көрмейсің бе жақсы көрген өзгені.
Саған сезім, тебіреніс те емес пе?
Өзге ананың тебіренгені сезгені.
Біреулер жүр бір балаға зар болып,
Бала берер құдай оған жар болып,
Ал сен болсаң өз балаңды тастадың
Жүрген жоқ па кең дүние тар болып.
Ақталсаңшы, сен не айта аласың?
Анамын де, тастап кеткен баласын.
Себебіңді, айт, кешірейін мен сені
Кешірейін, ақталсаңшы, анашым.
Бірақ сенің ойыңда ондай жоқ шығар.
Көңілін шат, қарның да тоқ шығар.
Балаң барын, бәлкім, мүлде ұмыттың
Менің жоғым саған үлкен бақ шығар.
Тас жүрексің, жүрегің сенін тап-тастай,
Жібімейді мейірімдей шоқ баспай,
Қаршадай бір сәбиіңді тастадың
Күнә қылдың, кешіруге болмастай.
Осы өлеңде қанша мұң мен сыр жатыр.
Осы өлеңде жүректегі жыр жатыр.
Осы өлеңде қанша ыза кек жатыр
Осы өлеңде махаббат пен нұр жатыр.
Өтеді өмір,тоқтамайды өтеді,
Уақытың да зымырап өтіп кетеді.
Мен де өмірден түңілмеуім керек қой
Жетелейді осы арманның жетегі»
Деп жетімің ағызады көз жасын,
Оны аяймын, жаным ашыр өз басым.
Өзгелер де оны аяр ма осылай
Барлығының жүректері сыздасын.
ЭПИЛОГ
Айлар өтті, жылдар өтті, уақыт та
Тоқтау ешкім сала алмайды уақытқа.
Сол жетімнің тағдыры да өзгерді
Оның қолы жетті ақыры бақытқа
Еңбек етті, жұмыс жасап, тер төкті.
Жұмыс іздеп, аралады жер көкті
Ақша жинап, бірте-бірте байыды
Үй де салды өзіне арнап көрнекті.
Жетім барлық өткенді алып тастады.
Еңбек етіп терлеуден де қашпады.
Ата-анасын ойына да алмады
Жаңа өмірді, бәрін жаңа бастады.
Жетім бала қамсыз енді күн кешті
Оның үні бақытты үнмен үндесті.
Аты оның танылып ел, халыққа
«Еңбекпенен көгере өскен ұл»- десті.
Әлгі жетім отау құрды, үйленді.
Таңдап алды жүрегімен сүйгенді.
Бала өсірді, қамқор болды оларға
Балалары әкесінен үйренді.
Не керек-ау, төрт құбыла сайланды.
Барлық арман шындыққа енді айналды.
Өз орнын да тапты осы өмірден
Өткен өмірі жайлы отырып ойланды.
«Бекер зарлап, текке уақыт өткіздім,
Үмітімді бұл өмірден текке үздім.
Мен әкемнен көрмей өскен өмірі
Мейіріммен перзентімді жеткіздім»
Мейлі жетім, мейлі бейбақ бол мейлі
Тек байлардың ісі ғана өнбейді.
Еңбек деген жалқауға көз ілмейді
Еңбек еткен ешқашан да өлмейді.
Жетім зарлап өтер ме еді өмірден
Бұл ғаламнан өз орнын таппаса,
Өз өмірін табу деген өмірден
Халық артқан зор сенімді ақтаса.
Жетім әркез бала қамын ойлады.
Әр шаттықты баласымен тойлады.
Өзі әкеден көрмей өскен мейірімді
Ұл-қызына артығымен сыйлады.
Астрономический календарь. Ноябрь, 2018
Ласточка. Корейская народная сказка
Алые паруса
Фотографии кратера Королёва на Марсе
Рождественские подарки от Метелицы