Е.Ниетқалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп
Туған жерім - алтын қазығым.
Орындаған: 8 сынып оқушысы Абулкаримова Айна
Жетекшісі:
қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі
Ғиззатова Райхан Амантайқызы
Вложение | Размер |
---|---|
ayna.doc | 33 КБ |
Е.Ниетқалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп
Туған жерім - алтын қазығым.
Орындаған: 8 сынып оқушысы Абулкаримова Айна
Жетекшісі:
қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі
Ғиззатова Райхан Амантайқызы
Қазан, 2014 жыл
Туған жерім - алтын қазығым.
Жоспар
1.Кіріспе
Туған жердей жер болмас...
2. Негізгі бөлім.
а) Ауылым, қымбатсың сен маған!
ә) Өз еліме борыштымын әрқашан...
3.Қорытынды бөлім.
Өз елімнің басы болмасам да,
Сайын тасы болайын.
Эпиграф:
Өз жеріңе деген сүйіспеншілігіңді ең алдымен отбасыңа, ауылдастарыңа арнамай тұрып, барша әлемді сүю мүмкін емес.
М. Шаханов
Туған жер. Осы бір сөзде ұлағатты ұғым, адамға өте бір жақын, ауызбен айтып болмайтын түсінік бар. Өйткені адамзат ата – бабасының қоныстанып, мекендеген жерін, мейлі ол құмды шөл, құрғақ дала, суық Сібір, биік тау болсын өзінің кіндік кесіп, кірін жуып, өсіп – өнген жерін туған елім, жерім деп жанындай жақсы көреді.
Сондықтан адамзаттың асылы да, ардақтысы да, қысылғанда тірек сүйенері де – өз туған жері. Ертеден ақындардың ел – жұртын, өзінің туып – өскен жерін жырға қосуы, батырлардың туған ел топырағында өлсем деп арман етуі тегін емес.
Біздің ата – баба қонысымыз, ата – мекеніміз – Қазақстан. Мұнда ерте заманда орта ғасырларда мекендеген жүздеген тайпалар, ондаған халықтар болған. Олар да оны туып өскен жерім деп сүйген. Ол үшін талай жорық, соғыс майданын басынан өткізген. Міне, осыдан халқымыздың туған жерін, елін ардақтап, құрметтеп, кие тұтып, сүйгенін білеміз.
Туған жерді сүю дегеніміз өмір бақи өз жерінде байланып қалу емес. Әлемге назар аудармай, табандап отырып алсақ, ақпайтын көл секілді, өз - өзімізбен тұйықталып, әлемдік даму мен өркениеттен құр алақан қалар едік. Десе де, жер шарының қай ендігі, экватордың қай белдеуінде жүрсең де, қайта соғар, сағынышыңды басар темірқазығың – туған жер атты ұлы ұғым біреу. Сонымен рухани байланысыңды үзбесең ғана, айдарыңнан жел еспек. Өзге топырақ, өзге ауа, өзге су өз туған жеріңнің топырағының, ауасының, суының орнын толтыра алмайды. Себебі туған жердің топырағы, суы, ауасы, түтіні мен тезегі де қымбат.
Табиғаты өте керемет. Әсіресе таңертеңгі шақта жүгіріп жүрген кезде ауылдың кереметтей ауасы бойыңа кермет күш бергендей болады. Шіркін ауылдың әсем табиғатына, таза ауасына не жетсін...
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, халқымен, өткенімен және болашағымен байланыстырады. Туған жер, атамекен әр адамның тағдырын құрайды. Тек одан барлық алғаныңды көңіл сүзгісінен өткізіп, бал жинаған арадай жүрегіңе құя білуің шарт. Адамның өскен жері жанына сана – сезіміне әсер етіп, мәңгілік есінде қалады.
Әркімнің өзінің туып – өскен ата – мекені, кір жуып, кіндік кескен жері болады. Сол секілді менің де үлкен қуанышпен айтар туып - өскен жерім бар. Ол - Қамысты ауылы.
Мен өзімнің туған жерім – Қамысты ауылын мақтаныш етіп айта аламын. Ауылдан шырақ кете қалсам, мен үшін өте қымбат ауылымның шөбін де, топырағын да, тіпті бәрін – бәрін де қатты сағынамын. Себебі менің ауылым – маған ең қымбат менің атам мен әжемнің, ата – анамның туған ауылы, олардың еңбек етіп, өмір сүрген мекені. Дүниеге келгеннен бастап, араласып келе жатқан көрші аға – апаларымның, құрбы- құрдастарымның, бір үйдің баласындай болып кеткен сыныптастарымның ауылы. Сонда мен туған ауылымды осы адамдармен байланыстыра отырып, мен олардың өзіме ыстық екенін, сезімім арқылы ауылымның да өте қымбат екенін түсінемін...
Туған ауылымның болашағы зор. Себебі ауылымыз күннен – күнге көркейіп, жаңарып келе жатыр. Жаңа заманның сұранысына сай Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен болашақта еліміздің өсіп – өркендеуіне ең қажетті білімнің мектеп қабырғасында қаланатындығын ескере отырып, салынған жаңа заман үлгісіндегі сәні мен сәулеті жарасқан мектебіммен де мақтанамын. Мектебіміз де берілетін білім сапасы өте жоғары. Ауылымыз білім жағынан да, спорт, өнер жағынан да аудан, облыс бойынша алдыңғы қатарлардың бірінде. Оның дәлелін, мектепті бітірген жеті «Алтын белгі» иегері танылған түлектермен, жоғары оқу орнын шетелдерде, Қазақстанның ең таңдаулы оқу орындарында оқып жатқан аға – апаларымның жүрген, сара жолдарынан көріп отырмын.. Болашақта мен де білімнің биігін бағындырып, өзімнің қалаған мамандығым бойынша оқуға түсіп, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылыма келіп,ел қатарлы еңбек ету ,елімнің болашағы үшін үлес қосу. Ауылымыздың көркейуіне ат салысып жүрген адамдардың еңбегі өлшеусіз. Сол сияқты мен де ауылымның гүлденуіне, көркеюіне бар күшімді саламын демекпін.
Весенняя гроза
Лиса-охотница
Как представляли себе будущее в далеком 1960-м году
Для чего нужна астрономия?
Подарок