Облыстан танылған «Көңілді бақша»
Айталиев Биболат – 8 сынып оқушысы, БҚО Жәнібек ауданы
Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ-тің 8 сынып оқушысы
Мұғалімі – Райхан Амантаевна Гиззатова
Вложение | Размер |
---|---|
bibolat.doc | 25.5 КБ |
Облыстан танылған «Көңілді бақша»
«Жасыл желек, бұл – біздің болашақ ұрпаққа жасап отырған сыйымыз» - деп, Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай сол бағыттағы «Жасыл даму» бағдарламасы аясында мектебімізде атқарылған істер қатары көш ілгері деп мақтануға тұрарлық.
Елбасының «Жасыл даму» көгалдандыру бағдарламасының басты мақсаты – тек көшеттер отырғызу емес, ең алдымен жастарды туған өлкенің табиғатын аялап, қорғай білуге үйретіп, туған өлкені абаттандыруға белсене қатыстыру.
Осы мақсатта мектебімізде «Менің атаулы терегім», «Түлектер аллеясы», «Менің сыйым» тақырыбымен ағаш отырғызу акциялары ұдайы ұйымдастырылуда. 2004 жылдан бері мектеп оқушыларын еңбекке баулу, көкөністерді отырғызып, оны баптау және зерттеу жұмыстарына үйрету мақсатымен «Жасыл желек» оқу-тәжірибе үлескісінде түрлі көкөністер өсіріліп, оның өнімдерінен қысқыға түрлі салаттар дайындау сабақтары да жүргізіледі.
Осы орайда аудандық және облыстық жыл сайын сырттай ұйымдастырылатын байқаулардан да біздің «Жасыл желек» оқу-тәжірибе үлескіміз жүйелі жұмыстары үшін жүлделі орындарға ие болуда. Биыл да міне, мектеп жұмысы ауданнан І орын, облыстан ІІІ орынға қол жеткізіп, «Мектеп бригадасының тұрғылықты жерлерді абаттандыру және жасылдандыру» номинациясына ие болды.
Сондай-ақ, жыл сайын аудан, облыс көлемінде өтетін «Күзгі өнімдер» мерекесінде де биылғы қатысқан «Көңілді бақша» тобы ауданнан жүлделі орынды жеңіп алып, облыстық кезеңде өткен байқауда «Үздік өнімді бақша» және «Үздік үгіт бригадасы» номинациясы бойынша І орынмен алға шықты. «Көңілді бақша» тобының үздіктері Айнұр Асылбекова, Берік Беркінбаев, Әсем Кенешева және Алияна Мұханбедияроваларға облыстан бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздары табыс етілді.
Жомарт жердің пайдасын уақытында игерер, осындай білімді, тәрбиелі, алғыр да белсенді оқушыларымыздың қатары әрқашанда көбейе берсін демекпіз.
Айталиев Биболат – 8 сынып оқушысы, БҚО Жәнібек ауданы
Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ-тің 8 сынып оқушысы
Мұғалімі – Райхан Амантаевна Гиззатова
Рукавичка
Злая мать и добрая тётя
Ручей и камень
Филимоновская игрушка
Сочинение