БҚО Жәнібек ауданы
Е.Ниетқалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп
Тақырыбы «Ауылым –алтын бесігім»
Орындаған: 8 сынып оқушысы Құсенова Эльнара
Жетекшісі:
қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі
Ғиззатова Райхан Амантайқызы
Вложение | Размер |
---|---|
elnara-2.doc | 34.5 КБ |
БҚО Жәнібек ауданы
Е.Ниетқалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп
Тақырыбы «Ауылым –алтын бесігім»
Орындаған: 8 сынып оқушысы Құсенова Эльнара
Жетекшісі:
қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі
Ғиззатова Райхан Амантайқызы
Қазан, 2014 жыл
Ауылым –алтын бесігім
Жоспар
Өз елімнің басы болмасам да,
Сайының тасы болайын.
«Отансыз адам - ормансыз бұлбұл» - деп дана халқымыз бекер айтпаған. Әр адамға туған ата – анасы секілді өте қымбат мекені - оның туған жері болады. Менің Отаным – Қазақстан. Мен өзімді - Қазақстан жерінде туғаныма өте бақытты деп есептеймін. Көп ұлтты мемлекетіміздің татулығы жарасып, еліміз тыныш, халқымыз бірлікте, бейбіт өмір кешуде.
Ал менің кіші Отаным туған жерім тағы бар.Туған жер – әркімнің де жүрегінен ыстық орын алады. Сол сияқты менің де кішкентай жүрегімде мәңгі қалатын Қамысты деген киелі туған жерім бар.
Қамысты... Бұл жерден елі үшін қасық қанын аямаған хас батыр да, көмейінен күміс үні күмбірлеген әнші де, күйімен даланы тербеткен күйші де, ұрпақ үшін аянбай тер төккен ұлы ұстаз да шыққан. Мен осындай ардақты адамдарыммен әрдайым да мақтанамын.
Туған жер ол өз үйімізден басталады. Әр адам туған жерін құрметтеуі және сүюі керек. Елін шын сүйетін адам туған жерінің нағыз патриоты. Алыс сапарға шыққанда туған жерімді қатты сағынамын. Себебі, адам баласы туған жерінсіз ғұмыр кешпейді. Менің Қамыстыма жетер жер жоқ шығар. Егер де мен жеті қат жерді араласам да туған жерімдей, яғни Қамыстыдай жер таба алмаймын. Қамысты ауылы маған өте ыстық, жұмақ мекені дерсің. «Әркімнің өз жері - жұмақ» - дегені рас. Осы жөнінде: «Өзге елдің ұлтаны болғанша, өз елінде сұлтан бол» деген мақалды халқымыз жайдан жай айтпаған болар. Мен әрқашан өз ауылым үшін қызмет еткім келеді.
Туған жерім – алтын бесігім. Менің ойымша, туған жер әр адамның ата-тегінің бесігі, арқа сүйер балалық шақтық мекені.
Мен бақыттымын,
Бақытты жерде туылдым.
Айналайын қарасаз,
Қасиетінен суыңның! – деп Мұқағали ағамыз да өз туған жерін жырға қосқан. Сол секілді мен де туған жерімді жырға қосып, елге әйгілі еткім келеді.
Иә, туған ауылға не жетеді десеңізші... Тіпті туған ауылымның әрбір күнімен тыныстап жатқан мына мен, ауылым туралы әндеткім де, жырлағым да келеді. Себебі туған ауылыммен өтіп жатқан әрбір кез маған бақыт, қуаныш сыйлайды. Жыл бойы осы туған жерімнің ауасымен демалып, жаз болса мөлдір суына шомылып, күз болса әр түрлі бақша көкөністері мен жемістерін жеп, қыс келген кезде сықырлаған сары аязы мен жарқырап жатқан ақ қарына таң қалып, ал көктем келсе, тіршілікпен бірге өзің де жанданғандай боласың. Па шіркін! Осындай кереметімен де ауылымыз біздің жүрек түкпірімізде мәңгі орын алады. Кішкентай кезімнен осы ауылдың таза ауасымен, хош иісі аңқыған сан түрлі әсем гүлдердің иісімен, ауылымның ыстық түтінімен демалып келемін. Осылардың бәрі де маған бақыт, сезімге қуаныш сыйлағандай болады. Туған ауылымда жүрсем, өзімді таңғажайып әлемде жүргендей сезінемін. Иә, сірә бұл сезімім бекер емес те шығар.
«Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас» - деп ата-бабаларымыз бекер айтпаған екен. Туған ауылың кеудеңдегі жүрегің секілді жадырап, жайнап тұрады. Әркім өзінің туған жерін көркейтіп, оның дамуын қалайтыны айтпаса да белгілі. Себебі, туған жерін сүйетін адам ауылына жамандық ойламаса керекті. Менің ойымша, ауыл әр адамның ата-тегінің бесігі, арқа сүйер, балалық шақтың бесігі. Атамекенге деген махаббат, Атамекенге деген сағыныш ауылдан басталса керек. Қазақ хандары мен батырлары, ғалымдары мен қаламгерлері осы ауыл даласынан қанат қағып қияға ұшқан. Қазақтың ұлы ақыны Абай, ұлы жазушы Мұхтар да, Бауыржан Момышұлы да ауылдан шыққан ауыл баласы болған. Ауылдың таза ауасымен демалып, көк шөпте аунап өскен әрбір қазақ баласы ұлы ақын, қаламгер, батыр болып шығатыны бізге мәлім дүние. Себебі ауыл шабыт беретін тылсым дүние секілді. Ауылдың жеңісі мына біздің де жеңісіміз.
Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының ертеден-ақ ежелгі мекені – ауыл болған анық. Яғни, ауыл – ұлтымыздың ұйытқысы. Ата-бабаларымыздың туып-өсіп, қаны тамған жері деп түсінемін. Ауыл – қазақтың алтын бесігі, салт-дәстүрі, өлең жыры, өнері, мәдениет пен адамгершілік ортасы. Сөз өрнегін оймақтап, жырдан кесте төккен ақын-жазушыларымыз да, қазақ жерінде құйқылжыта әндеткен әнші де, күйші де, аты аңызға айналған даналарымыз да сол қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан адамдар. Саналы әрбір азаматқа ауылдың ұлтарақтай жерінің өзі қымбат болуы тиіс.
Міне, осы жазғанымның бәрі шындық дүние. Мен бұл эссені ойдан өтірік секілді құрап жазғаным жоқ. Бұл жазғандарымның бәрі таза шындық. Шындық әр уақытта таза парақтарда сақталуы тиіс деп ойлаймын. Себебі ауылың саған әлемдегі ең ыстық жер саналар. Менің бар тілерім «Қамысты» деген ауылым мәңгі жасасын. Өркендеп, өсе берсін, дами берсін! Ауылым деп соққан кеудемдегі арманым орындалғай деп тілеймін.
Прекрасная арфа
Упрямый зяблик
Крутильный маятник своими руками
"Морская болезнь" у космонавтов
Рукавичка