Аты – жөні: Құсенова Эльнара
Ата – баба салған жол.
Оқу орны: Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ
Сыныбы: 8
Мұғалімі: Р.А.Гиззатова
Вложение | Размер |
---|---|
elnara.doc | 41 КБ |
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай
«Адал ұл ер болып туса – ел тілегі» атты мектеп оқушылары арасындағы облыстық шығармалар байқауына қатысушы
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Е.Ниетқалиев атындағы
Жалпы білім беретін орта мектептен қатысушы оқушы туралы мәлімет.
Аты – жөні: Құсенова Эльнара
Оқу орны: Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ
Сыныбы: 8
Мұғалімі: Р.А.Гиззатова
Адал ұл ер болып туса – ел тілегі
Жоспар
І. Кіріспе.
Ата – баба салған жол.
ІІ. Негізгі бөлім.
ІІІ. Қорытынды.
Тәуелсіздік – елдігім, еркіндігім, тарихым, тілім және дінім.
Данасы мен батыры көп қазақпын,
Көрген талай қияметін азаптың.
Аршындаймын көк туымды шалқытып,
Жасай берсін тәуелсіздік, азат күн.
Тәуелсіздік! Бостандық! Кім – кімнің де жүрегіне жағымды, жайлы сөз. Қалай тебіренбессің? Қалай толқымассың?
Жол! Тәуелсіздік жолы. Ол алыс пен жақынды қосады. Кешегі мен болшақты жалғайды.
Біз, қазақ, ғасырлар бойы жоқ іздеген халықпыз. Жоғалтқанымыз, ең асылымыз– тәуелсіздік еді. Біз осы асылды іздеп соқпақпен де, сүрлеумен де жүрдік, кейде жолға да түскендей болдық, тығырыққа да тірелгендей болдық. Сол кезде халқымыз жоңғарлардың тегеурінді тепкісіне, ойраттадың ойранына, орыстардың үш ғасырдай отаршылдығына төтеп беріп, ұлттың, ата-баба дәстүрін қалтарыста қалдырмай, ұлт болмысын ешбір жауға алдырмай келді. Халқымыз талай қиын кездерді басынан кешірді. Сонау «Қасым хан» тұсында миллиондаған қазақ «Ақтабан шұбырынды» кезінде үлкен қанды қырғынға ұшырады.
Қазақ ұлтының бүгінге дейінгі қат –қабат тарихының басты мазмұны сайып келгенде, азаттық үшін күреске тірелді. Кешегі шерлі желтоқсанға дейінгі сан алуан шежіресі бар. Соның ішінде, қазақ елін бір тудың астына жинап, біртұтас ел болу үшін күрескен алаш арыстары – Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұстафа Шоқай, Халел Досмұхаметұлы т.б. Олар қазақ елінің тәуелсіздігі үшін өмірлерін қиды. Алаш ұлдарының арман – тілегі ұлттық сананы оятуда рухани түрткі болды. Олар қазақ елінің дамуы мен өркениетті ел қатарына қосылуының іргесін қалады.
Табанды күрестің арқасында ата-бабаларымыз өзінің бірлік – берекесін сақтап қалғаны қазақ еліне мәлім. Елмен елдесті, жаумен жауласты, дәуірлеу мен тоқырау, шарықтау мен құлдырау кезеңдерін бастан кешірді, сөйтіп халқымыз еркіндігінен айырылды.
Енді, міне, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялағаннан кейін Елбасымыз сайланды. Бұл қуаныш Отаным, елім, жұртым деген әрбір азаматтың жүрегінен орын алатыны айдан анық. Шет елден қаншама қандастарымыз оралды. Олардың қуаныштары қойнына сыймай, төбелері көкке жеткендей қуанды. Біздің туысымыз –тәуелсіздік, тілегіміз – бейбітшілік, сондықтан жанжал атаулыны болдырмау үшін бар ерік – жігерімізді аямауымыз керек.
Ел тірегі, арман мүддесі – тәуелсіздік. Еркіндік жолында еліміздің алдыңғы қатарлы азаматтары күрес жүргізді. «Көп ащыдан кейін бір тұщы» дегендей, солардың ерен еңбегінің арқасында азаттыққа қол жетті. Дегенмен де, ол азаттық оңайлықпен жеткен жоқ. Осы жолда мыңдаған боздақтар қаза тапты, аштан қырылды, шетелдерге тентіреп кетті, зиялы қауымын жоғалтты, халықы мен ұлтының мәдениетінен айырылуға айналды. Осындай шақта жеткен тәуелсіздік еді бұл.
Бабаларымыздың қолы жетпеген арманына біздің қолымыз жетіп, азат ел болдық. Бұл біздің ХІХ ғасырдағы тарихтың баға жетес сыйы еді. Қазақстанның тәуелсіздік алуына оның аумағында тұратын басқа ұлт өкілдері де едәуір үлес қосты. Суын ішіп, жерін жайлап, төріне шығарған қазақ халқын сыйлай білетін олардың көпшілігі тәуелсіздігімізді шын жүрегімен қолдады.
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Бүгінде Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел. Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Жеріміздің шекарасы халқаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елді өзінің тез көркейіп өсуімен таңқалдырып, жаңа Астанамыз дүниеге келді. Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты ел екенін мойындаттық. Өзіне тән барлық рухани, мәдени қасиеттері бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылған тәуелсіз мемлекет құрылды.
Еркін елміз азаттықты аңсаған,
Тәуелсіздік, тәубе деймін мен саған.
Сақтайық деп тіл мен дінді басқадан,
Барша қазақ, мен сендерге жар салам!
Бойымда қайрат, тұрғанда сенім,
Құрбаның болам жолыңда сенің.
Құлпырып мәңгі жасай бер, жаса,
Сүйікті Отан, сүйкімді елім!
Қазақстан Республикам менің!
Мен қазақ болып туғаныма мақтанамын.
Өйткені мен тәуелсіз, еркін елдің ұланымын.
Бақ жұлдызым сөнбейтұғын маңдайдағы,
Тәуелсіздік тәтті ұғым таңдайдағы.
Қазақстан қарыштап күннен – күнге,
Азат елдің қыраны самғайды әлі.
Біз – осы тәуелсіз елдің ұрпақтарымыз. Біз үшін мұнан үлкен мақтаныш жоқ шығар. Нендей жақсылық, ерлік жасасақ, өзіміздің тәуелсіз еліміз үшін, Отанымыз үшін жасайтын, ешкімге жалтақтамайтын еркін елдің ұрпақтарымыз!
Тәуелсіздік – елдігім, еркіндігім, тарихым, тілім, дінім деп, осы елде туғанымды әрқашан мақтан тұтамын.
Акварель + трафарет = ?
Что общего у травы и собаки?
Астрономический календарь. Март, 2019
Хитрый коврик
Нарисуем попугая цветными карандашами