Аты – жөні: Айболат Наргиза
Оқу орны: Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ
Сыныбы: 8
Мұғалімі:Р.А.Гиззатова
Адал ұл ер болып туса – ел тірегі
Вложение | Размер |
---|---|
nargiz.doc | 36 КБ |
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай
«Адал ұл ер болып туса – ел тілегі» атты мектеп оқушылары арасындағы облыстық шығармалар байқауына қатысушы
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Е.Ниетқалиев атындағы
жалпы білім беретін орта мектептен қатысушы оқушы туралы мәлімет
Аты – жөні: Айболат Наргиза
Оқу орны: Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ
Сыныбы: 8
Мұғалімі:Р.А.Гиззатова
Адал ұл ер болып туса – ел тірегі
Жоспар
І. Кіріспе.
Тәуелсіздік – тұғырым.
ІІ. Негізгі бөлім.
Біз жастармыз, болашағы қазақтың.
ІІІ. Қорытынды.
Тәуелсіздігіміздің тұғырына ие болайық!
Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн ,
Бізге оңай келген жоқ қой азат күн.
Еркіндіктің желбіретер көк туын
Біз жастармыз, болашағы қазақтың.
Мен бірлігі жарасқан татулық пен тұрақтылықты берік ұстанған тәуелсіз елде дүниеге келгеніме бақыттымын.
Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтын себебі ол оқиғалардың халық тағдырымен байланыстылығында. Қоғам құрсағында жетілген қайшылықтардың салдары ретінде көрінген мұндай құбылыстардың талайы тарихтан белгілі. Соның бірі – дүниені дүр сілкіндіріп тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.
- Иә, бостандық, теңдік, тәуелсіздік те өз бетімен келген жоқ! Қаншама адам құрбан болды. Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы желтоқсан! Ол бір жан түршігерлік уақиға қазақ халқының мәңгі есінде қалады. Желтоқсан –елімнің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін болған күрес.
Қазіргі бұл күн – қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. Бұл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы – қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр көтерілістің бірі. Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апайларымыздың арқасында ата – бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.
Осынау тыныштылық пен егеменділікті алып берген аға-әпкелерімізге мың да бір алғыс айтамын. Қазір біздер ''Тәуелсіздік'' деген сөзді балалық көңілмен мақтан етеміз. Алайда, осы сөздің астында небір тарих,небір қыршын ғұмыр, талай ананың көз жасы, талай сәбидің аш болып шыңғырған дауысы бар екеніне мән бермейміз.''Қанша ғасыр өмір сүрсе бұл қазақ, сонша ғасыр ұмтылды ғой ерлікке’’-деп, Төле би атамыз айтқандай тәуелсіздіктің түп - тамыры сонау бабалар арманынан туындап отырған жоқ па? Дүниеде еркіндікті, бостандықты, теңдікті аңсамайтын адам да халық та жоқ. Ата-бабаларымыз жері үшін, тәуелсіздік үшін көп ерлік етті. Бүгінде дербес мемлекетіміз дүние жүзінің көптеген елдермен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды.
Биыл біздің Тәуелсіз ел болғанымызға 23 жыл толды. Осы жылдар ішінде елімізде, өз ауылдарымызда көптеген оң өзгерістер болды. Бүгінде дербес елім ЭКСПО – 2017 көрмесіне дайындалу үстінде. Сонымен қатар жол мәселелері де өз шешімін табуда. Елбасымыз айтқандай ‘’Жол – шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі’. Сонымен қатар тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту және энергетикалық инфрақұрылымдарды да дамыту көзделген. Қуантарлық жағдайдың бірі үш аусымдағы мектептер жойылды. Орнына жаңа мектептер салыну үстінде. Елбасы жастарға көп қолдау жасауда. Себебі, ``Еліміздің болашағы жастардың қолында``- деп, Елбасы Н.Ә.Назарбаев жастарға үлкен сенім артып отыр. Бұл менің көңіліме қуаныш ұялатып, болашағыма зор қадам нұсқайды.
Білімді ұрпақты тәрбиелеу - Қазақстанның көздеген мақсаттарының бірі. Қазір халқымыздың жағдайын көтеру үшін, шағын және ірі кәсіптерді қолдап несие беру жақсы жолға қойылған. Осының бәрі - Елбасымыздың көреген саясатының көрінісі. Елбасы әр Жолдауында да еліміздің тыныштығы мен бірлігін де шет қалдырған жоқ.
Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар.
Әлемде егемен Қазақстан бар.
Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар.
Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар.
Ең бастысы –бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар.
Сол күнге берік сенімі бар!!Ол менің Қазақстаным!
Қазақстан жастары, біз бақытты ұрпақпыз. Білім ордамыз жарқырап тұр. Отанымыздың байлығы мен бақытын мақтан ете жырлаймыз. Әнұранымызды жатқа айтамыз.
Біз Тәуелсіз қазақ елінде шат - шадыман өмір сүрудеміз. Бейбіт өмірді жалғастырушы азат елдің ұрпағымыз. Мен халықтың болашағы зор, мәдениетті болуын тілеймін. Ол үшін өзім сынды жастардың оқыған, білімді, өз еліне шын жаны ашитын ұлтжанды болуларын қалаймын. Және бұл біздің қолымыздан келетініне сенемін.
Бабалар арманы, бабалар үміті үзілген жоқ. Бірлігі, берекесі мол ел болуды армандаған кешегі армандар орындалып, осыдан 23 жыл бұрын Тәуелсіз ел болып еңсемізді тіктедік. Осы жылдар бойы сындарлы саясаткер басшымыздың арқасында бүкіл дүние танитын ''Тәуелсіз Қазақстан’’ деген елге айналып келеміз. Елбасымыз ''Бізге азаттық азаппен арпалыспен келген''. Тәуелсіздік тәуекелге түскен. Сондықтан да бұл бақытымыз, баянды болады, ұзағынан сүйіндіреді'' деп сендірген. Мен өз Отанымның көркейе бергенін қалаймын. Тәуелсіздігіміз мәңгі де тұғырлы болғай!
Простые новогодние шары из бумаги
Чайковский П.И. "Детский альбом"
Рисуем тыкву
Заповеди детства и юности
Ласточка. Корейская народная сказка