Кең даланың төсінде, көкорай шалғынның ортасында, жағалай сылдырай аққан өзендердің арасында, алыстан көзге мұнартып көрініп жатқан екі биік төбенің келбеті сол кезде патша үкіметінің адамдарын қызықтырады. Олардың басында Қарасай батырдың ақ бейіті болатын.
Ол географиялық тиімді жерде орналасқан, әрі сол табиғаттың сұлу ортасында көшіп-қонып жүрген еркін халықтың еркіндігі, олардың жауынгерлігі үрейлендіріп, жергілікті халықты ұдайы бақылап отыруға, олардың қарсылығын басып-жаныштау үшін әскери бекініс ретінде бой көтерген Ақтөбе қаласының негізі 1869 жылы 14 мамырда осы екі төбанің басынан бастау алып, Ақтөбе деген атауға ие болады. Сөйтіп, еркін халықты ұстап отыру үшін осы кең даладан бекініс жасап, оларды тежеп отыру керек болды. Бекініс салу басталды. Бекініс негізінен 1868 жылғы даланың жаңа ережесінің ендірілуіне байланысты болды. Алғашында көшесі жоқ, ретсіз салынған жер үйлер болғанмен, Ақтөбеге көшіп келушілер көбейді. Ақтөбе теміржолдың бойында орналасқандықтан, мал өнімдеріне айырбасталып жүргізілсе де, сауда жасаушылар да біртіндеп келе бастайды.Онан соң бір қабатты үйлерден, келе-келе екі қабатты үйлерге ұласып, сандары да бірте-бірте өсіп, ұлғая береді. Міне, бұл біздің сүйікті қаламыз - АҚТӨБЕ еді!
Ақтөбе қаласының тарихы туралы өткізілген сабақтардан соң, оқушыларға «Менің қалам – менің тағдырым» тақырыбында әңгіме, эссе, жазуға тапсырылды. Кішкентай балалардың жазған әңгімелерін оқи отырып, жас та болса туған жеріне, туған қаласына деген ойларын, патриоттық сезімдерін байқауға болады:
Вложение | Размер |
---|---|
ardakty_kalam.doc123456789.doc | 21 КБ |
Менің қалам – менің тағдырым.
Аманғали Нұртуған 4ә класс оқушысы.
Менің қалам – Ақтөбе. Менің қаламның негізі 1869 жылы екі биік төбенің басына үйлер салудан басталған. Менің қаламның басынан көптеген қиындықтар өткен. Қалам бірте-бірте үлкейіп, үлкен қалаға айналды. Ол қуғын-сүргін жылдары көп адамынан айрылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен батырлары көп болды. Олар соғысқа кеткенде олардың ауыр жұмыстарын әйелдер мен балалар, үлкен аталар жасады. Әйел аналар машинист, метал балқытушы, трактор жүргізушісі болып жұмыстар жасады. Олар өздерінің қымбат заттарын да майданға көмекке берді. Ұлы Отан соғысында ақтөбелік Ә.Молдағұлова, І.Үргенішбаев, ... аға апаларымыз Батыр атағына ие болды.
Ақтөбе қаласы да тың игеруге қатысты.
Ал қазір заман басқаша, технология дамығын кез. Біз тегін білім алып, оқимыз. Менің осыдан ойға түйгенім – оқуымызды жақсы оқып, қаламыздың болашағын дамытуға үлес қосуымыз керек. Ал менің арманым сәулетші болып, осы қаланың әкімі болып Ақтөбені көркейту, әдемі жерлерін көбейту, қаланың адамдарының басын біріктіріп, егістігін шаруашылығын дамытып, қаланы алға жетелеу. Ақтөбенің ең қымбат асыл қазынасы – оның ауызбіршілігі мықты адамдары. Мен туған қаламды жақсы көремін!
Мен қаламды сүйемін.
Қосназаров Айдос 4ә класс оқушысы.
Ақтөбе қаласы 1869 жылы бастап салынды. 1932 жылы10 наурызда облыс болып аталды. Биыл Ақтөбеге 145 жыл толады. Осы жылдар арасында қаламыз неше түрлі жайларды өткерді: ашаршылық, қуғын-сүргін жылдары, Ұлы Отан соғысы, тың игеру жылдары. Барлық кезде де Ақтөбе халқы қиындықтарды жеңе білді. Ұлы Отан соғысына көптеген аға-апаларымыз кетті. Ол кезде аналарымыз олардың орындарында тұрып, қиын жұмыстарды істеді. Жеңіс үшін ештеңелерін аямады. Асыл бұйымдарын, ақшаларын тамақтарын берді, жылы киімдер тігіп, қолғап-шұлықтар тоқып майдандағыларға жіберді. Әлия Молдағұлова апамыздың соғыстағы ерлігіне қызығамын, үлгі тұтамын. Ақтөбенің 24 адамы Батыр деген атқа ие болды. Соғыс жеңіспен біткен соң, олар бейбіт өмірде еңбек етіп, қаламызды күшейту үшін жұмыс жасады.
Қаламыз өте әдемі, үлкен-үлкен үйлер, сәулетті ғимараттар көптеп салынуда. Мен туған қаламның әдемі болғанын қалаймын. Өскенде мен де туған қалам үшін, оны кеңейту үшін ат салысамы. Сонда біздің тағдырымыз жақсарады. Мен де өз қаламды, тағдырымды Ақтөбе үшін жақсартамын. Туған жердей жер болмас» дегенді осыдан түсінуге болады. Ақтөбе кеңейе берсін, өсе берсін, Ақтөбе менің қалам – менің тағдырым. Әркімнің өз жері – мысыр шаһары!
Менің қалам – менің тағдырым.
Айялита Оңғарова 4 класс оқушысы.
«Менің қалам – менің тағдырым» дегеніміз менің қаламның болашағы қандай болса, менің де болашағым сондай болады. Менің қалам ол – Ақтөбе. Ақтөбе әдемі, көрікті қала. Ақтөбеде жоғары оқу орындары, ауруханалар, адамдар демалатын саябақтар, театрлар бар. Ақтөбе мен үшін қалалардың ең әдемісі, ең көріктісі. Мен туған қаламды дамыту үшін оқып білім аламын, жақсы жұмыс істеймін болшақта. Себебі менің қалам Ақтөбенің болашағы қандай жарқын болса, менің де болашағым сондай жарқын болады деп ойлаймын. Көркейе бер, Ақтөбем!
Мен өз қаламды сүйемін.
Қуанышева Айкөркем
Ақтөбе қаласында тұрамын. Ақтөбе қаласы көп қиыншылықтар көргенін білемін. Олар: аштықтан, соғыстан өткен.Ұлы Отан соғысына кеткен ағаларымыз бен апаларымыз батырлық көрсетті. Солардың бірі - Қобдада туған Ә.Молдағұлова апамыз. Ол жас болса да Отанды қорғауға сұранып кеткен. Ерлікпен қаза болғанды 19 жаста ғана еді Әлия апамыз. Біз Әлия Молдағұлованың мұражайына барып, ол туралы көп мәлімет алдық.
Ақтөбе қаласында көптеген әдемі жерлер бар. Мысалы: Н.Назарбаевтың атындағы саябақ, Мега ойын-сауық орталығы, Қобыланды батыр атындағы стадион т.б. әдемі жерлер көп. Ақтөбе екі үлкен төбенің басына қорған салудан басталған. Баста сегіз-ақ үй болған. Бірте-бірте өсті, Ы.Алтынсарин халықтан қаражат жинап мектеп ашты
Мен өз қаламды сүйемін. Өз ізімді қалдырғым келеді.
Ақтөбе – менің қалам, менің тағдырым.
Садуақасова Аружан. 5класс оқушысы.
Менің туған жерім, туған өлкем – Ақтөбе.Жалпы Қазақстан қанша қиын күндерді басынан өткізді, бірақ ол қиындықтарды жеңе білді.Сұрапыл соғыс жылдары, аштық, қуғын-сүргін жылдары.
Ақтөбе тың игеру жылдарын да басынан өткізді. Еліміз, жеріміз тыныш, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүрсін деп еңбектерін аямаған ақтөбеліктер, қазір гүлденген, көркейген , зәулім-зәулім үйлері бар, әдемі көшелері бар әсем қала Ақтөбеде тұрып жатыр. Әсіресе Ұлы Отан соғысы жылдарында азық-түлік, қаражат тапшы болды, соған қарамастан ақтөбеліктер қолдарында барын майдан үшін, жеңіс үшін аямастан берді.
Қазір Ақтөбе - әсем қала. Жоғары оқу орындары, жаңа мектептер, дем алатын орындар бар. Мамандақтар да жетіп жатыр. Менің алдыма қойған мақсатым – мұғалім болу. Балаларға білім, тәрбие беру үшін еңбек етіп мақсатыма қол жеткізуге тырысамын. Кішкентай кезімнен мақсат қоймасам, өскен соң өз орнымды табу қиын болады деп ойлаймын. Қазір өз жанұяммен тату-тәтті өмі сүріп жатырмын. Менің қалам - өте мықты қала. Сондықтан өз қалама, елім мен жеріме ризамын!
Жақында бастауыш класс оқушылары арасында «Туған қалам – Ақтөбем» тақырыбымен олмпиада өтті. Оған қатысуға тілек білдіргендер көп болды. Мінекей, бұл кіші класс оқушыларының кішкентай жүректерінен жарып шыққан үлкен сөздері. Туған қаласына, туған жеріне деген осындай ықыластағы балалар өскенде туған жерінің үлкен бір тұлғасы болары анық.
Сказка "Колосок"
Прекрасное далёко
У меня в портфеле
Как нарисовать ветку ели?
Разноцветное дерево