«Қазақстанда ғажайыптар көп, соның ең керемет жетеуі қайсысы?» деген сауалға жауап іздене отырып, Қазақстанның кереметі деп санайтындардың тізімін жасауға, дәлелдеуге тырысып көрдік. Оны анықтау үшін керек дейтін шығарсыз? Жеті деген қазақ үшін қасиетті сан. Бүгінгі жас буын «Міне, біздерде мынадай бар!» деп, өз Отанының тарихы мен мәдениетін мақтаныш етіп, сүйе білуі тиіс.
Вложение | Размер |
---|---|
nauchnaya_rabota.doc | 115.5 КБ |
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Н.Островский атындағы Аманқарағай орта мектебі» ММ
Қазақ халқының жеті кереметі
Секция: қазақ тілі мен әдебиеті
Жобаның авторы: Айбедулова Мариям, 7 сынып оқушысы
Жетекші: Жайлибаева Г.Қ., қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
2014
Мазмұны:
Резюме.................................................................................................3
I. Кіріспе ..............................................................................................6
II. Абстракт.......................................................................................4-5
III. Негізгі бөлім...............................................................................4-15
2.1. Таңбалы тас суреттері......................................................9
2.2. Алтын адам .....................................................................10
2.3. Киіз үй..............................................................................11
2.4. Домбыра..........................................................................12
2.5.Қожа Ахмет Иассауи кесенесі........................................13
2.6. Маңғыстау жерасты мешіттері......................................14
2.7. «Бәйтерек»монументі.....................................................15
IV. Қорытынды.......................................................................... 16
V. Пайдаланған әдебиеттер.......................................................17
VI. Қосымша материал (Буклет)
Резюме.
«Қазақстанда ғажайыптар көп, соның ең керемет жетеуі қайсысы?» деген сауалға жауап іздене отырып, Қазақстанның кереметі деп санайтындардың тізімін жасауға, дәлелдеуге тырысып көрдік. Оны анықтау үшін керек дейтін шығарсыз? Жеті деген қазақ үшін қасиетті сан. Бүгінгі жас буын «Міне, біздерде мынадай бар!» деп, өз Отанының тарихы мен мәдениетін мақтаныш етіп, сүйе білуі тиіс.
Абстракт
Ғылыми жұмыста қазақ халқының жеті кереметін қарастырaмыз.
Тақырыбтың өзектілігі: Қазақ - халқы өнерге бай. Олардың бәрін қазіргі жастар біле бермейді, өйткені бұл өнердің қоғамның өзгеруіне байланысты, кейбіреулері ұмыт бола бастаған. Біздің қазіргі ұрпақтар өз халқының тарихын біліп, оны елге таныту керек.
Зерттеу мақсаты мен міндеті: Зерттеудің негізгі мақсаты- қазақ халқының ұлттық қазынасын, жинақтап қазақтың жеті кереметі ретінде бөліп алып, қазіргі жастарға үлгі- өнеге етіп таныстыру.Сонымен бірге қасиетті ұлттық құндылықтарды жастарға паш ету.
Аталған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылады:
-қазақ құндылықтарының қазіргі кез бен өткен дәуірдегі ұқсастығы
мен айырмашылығын көрсету.
-қазақ халқының жеті кереметі арқылы жастарды
отансүйгіштікке насихаттау.
-қазақ халқының мәдениеті мен байлығын,құндылығын таныттыру.
Ғылыми жұмыстың болжамы: Қазіргі уақытта ұмыт бола бастаған құндылықтарымызды зерттей отырып, қазіргі жастар күнделікті өмірде өздеріне қажеттерін алады деген ойдамыз.
Зерттеу кезеңдері:
1.Тақырып бойынша материалды жинастыру.
2.Зерттеу тәсілдерін іздестіру, жетілдіру, мақұлдау.
3.Жұмысымыздың құрылымын жасау.
4.Ғылыми жобаға қосымша мәліметтер құрастыру.
Зерттеу объектісі: Қазақ халқының жеті кереметі.
Зерттеуге арқау болған: Қазақ халқының өнері мен мәдениеті.
Зерттеу әдістері:салыстыру, талдау, талқылау.
Жұмысымыздың жаңалығы: Қазақ халқының жеті кереметтерін анықтап , зерттеп және оны жинақтау.
Практикалық мағынасы: Біздің жұмысымыз келешек жастарға қазақ халқының өнері мен мәдениеті туралы білім деңгейін көтереді. Жазылған ғылыми жұмысты мектептерде, қосымша материал ретінде қолдануға болады.
Abstract
In a scientific paper, we consider the seven wonders of the Kazakh people.
Relevance of the topic: Kazakh people are rich in various kinds of art. Young people today do not know them all, because it is associated with changes in society, and therefore many of them began to be forgotten. Young people today need to know and promote the history of Kazakh people.
Aims and objectives of the study: the main purpose of our study is that we should show and prove the importance of national treasures - the seven wonders of the Kazakh people. And with that present to the world the spiritual values of the Kazakh people.
To achieve the goals we have set the following objectives:
- No changes in the spiritual values of modern and ancient Kazakh society.
- Instill a sense of patriotism of the youth through the study
-Show culture, wealth, and values of the Kazakh people.
Prediction research: We hope that today's youth, with the help of our research will understand the value of their people
Stages of studies:
1. Assembling the material on this topic.
2.Nahozhdenie, development and analysis of ways to study.
3.Sprognozirovat of work.
4.Sostavlenie applications to work
Objects of research: the seven wonders of the Kazakh people.
Paths of research: a comparison, analysis.
Novelty of this work: to find, investigate and gather the seven wonders of the Kazakh people.
Practical sense: To increase knowledge about art and culture of its people.
І.Кіріспе
Бүгінгі 21 ғасырдағы Қазақстан азаматы, өзін өзі мемлекеттің өкілімін деп санайтын әрбір адам еліміздің, өзіннің тарихын білуі тиіс деп ойлаймын. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Бұл тәуелсіз Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі тарихын ой елегінен өткізіп, «Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» деген. Бұл, - ... Туған елінің, халқының, өзінің тарихы ешкімнен де ойқы еместігін деген сөз. Бұл әрбір азамат өзінің ата-бабалары қалдырған кең байтақ елдің, жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз. Өз елінің ұлттық қазынасын білу және үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі.
«Мәдениет - ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады» деген еді Президент Нұрсұлан Назарбаев.
Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі.
Бүгін біз әлемге ұлттық рухани ескерткіштер байлығын паш ететін қазақ елінің 7 кереметі жайында айтамыз. Адамзат тарихында әлем кереметтерінің саны жетеу ғана. Неге жетеу? Кездейсоқ алынды ма бұл сан? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін өткенді еске алған артық емес. Кереметтер туралы қысқаша айтып кетеміз.
Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң, жүйелерді жеті санымен атайды. Аллаһ Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі – Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады.
« Жеті» деген санды қадірлеу көне заманнан басталады,қасиетті сан болып есептеледі. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң, жүйелерді жеті санымен атайды.
Қазақтардың таным - түсінігінде Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты - жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс.
Қазақтар жеті қазынаны «жеті ырыс» деп танып, оған мыналарды жатқызған: 1. Адамның ақыл-ойы, санасы. 2. Денсаулық. 3. Ақ жаулық (ердің жары). 4. Бала (өмір жалғасы). 5. Көңіл (көңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ, береке орнайды). 6. Жер («Жерсіз – ел тұл, ерсіз – жер тұл»). 7. Ит.
Ал енді біз қазақ халқының жеті кереметіне тоқталайық.
Қазақ халқы өнерге бай халық. Әр халықтың өзінің кереметтері бар.
Өткен жылдан бері «Әлем АРТ» қоғамдық қорының бастамасымен Қазақстанның «жеті кереметін» анықтауға арналған арнайы дауыс беру шарасы қолға алынған болатын. Алайда жобаны жүзеге асырушылар әлі де нақты тоқтамға келмеген сыңайлы. Біз одан да назарыңызды осыдан үш жыл бұрын бір топ қазақ зиялылары бас қосып, анықтап қойған мына тізімге аударғымыз келіп тұр:
1.Таңбалы тас суреттері.
2. Алтын адам.
3. Қазақтың киіз үйі.
4. Домбыра.
5. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі.
6. Маңғыстау жер асты мешіттері.
7. Астана– Бәйтерек.
II. Қазақ халқының жеті кереметі
2.1. Таңбалы тас суреттері.
Міне, еліміз тәуелсіздік алғаннан бері әлі толық ашылмаған өткен тарихымыз азды-көпті түгенделіп, олжамызға марқайып, айналаға асқан құмарлықпен қарайтын болдық. Осыдан болар, талай ғасыр ашық аспан астындағы қараусыз қалған тау мен үңгір қабырғаларындағы бедерленіп, қашалып жазылған суреттер мен белгілерге деген қызығушылық арқылы ата-бабалардың өткен өмірі мен тіршілігінен хабардар болғанымыз. Даламыз қандай кең болса, ондағы құнды жәдігерлер де жеткілікті. Және олардың жер жағдайына байланысты өз атаулары да бар.
Елімізде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген 3 бірдей нысан болса, соның бірі – Алматының Жамбыл ауданындағы Таңбалы шатқалы. Оны археологтар 1957 жылы тапқан. Қазақстанда тау - тасына қашалған 200-ден астам бейнелер бар. Солардың қатарында Сыр өңірінің Шиелі ауданында орын тапқан Сауысқандық жотасындағы суреттер саналады. Тарих өткен мен бүгінгінің арасындағы алтын көпір деп тегін айтылмаған. Осылайша ежелгі адамдардың табиғатпен ара қатынасы, тұрмысынан, өмір тіршілігінен хабар беретін жәдігерлер тас дәуірінен (палеолит) бастап, қола дәуірін қамтитынын тарихшылар айтып та, жазып та жүр. Ел тарихының терең тамыры болған құнды жәдігер ата-бабалардың кезінде жазба белгілері болғанының дәлелі. Осынау көне тарихымыз туралы тарихшылармен қатар кейбір көкірек көзі ояу жандар ғана білетін. Керісінше, жастар ғана емес, ересектер үшін де бағалы мұрағаттың үлкен ағартушылық мәнге ие екендігін атап айтқан парыз.
Туған жердің тарихын жас ұрпақтың зердесіне орнықтыру – тарихшылар мен аға буынның міндеті. Археологтардың айтуынша, Таңбалының көптеген жартас суреттері қола дәуіріндегі орталық Азияның жартастағы өнерінің бірегейлігі деуге болады. Сонымен бірге ежелгі Жібек жолының бір тармағы болғанын да тарихи орындар айғақтайды. Бұл ұрпаққа қажетті тағылым, сыры терең тәлім-тәрбие бастауы.
2.2 Алтын адам.
Қазіргі заманғы Қазақстан туралы, басты ұлттық символдардың бірі – Алтын адамды еске алмай ойлау мүмкін емес. Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар – ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Есік обасынан алынған археологиялық мәліметтерге қарап, бұл адамның біздің заманымыздан бұрынғы 5 – 4 ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология, т.б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам – Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді. Осы күнге дейін сақталып келген Алтын адам да қазақтың жеті кереметіне енді.Бұл, әлем ғалымдарының пікірінше, Египеттегі Тутанхамоннан кейінгі екінші үлкен ғылыми жетістікке жататын жаңалық еді. Қазір ғалымдар екеуін де сақ дәуірінің ескерткіші дейді.
2.3. Киіз үй.
Киіз үйдің сүйегін шебер үйшілер арнаулы жасайды, материалы түгел жергілікті жерлерден алынады. Ағаш қаңқасы үйеңгі мен талдан жасалады, ал шым шилер нар шилерден таңдап алып тоқылады. Киіз үйдің ағаш есігі мен есіктің маңдайша, табалдырық, таяныш, жарма беттері самырсыннан шабылады. Тұтас киіз үйдің қаңқасы бір тал шегесіз, бір тал сынасыз тұрғызылады. Міне, бұл еңбекшіл қазақ халқының үй құрылысы өнері жағындағы еңбекшілдігін, ақыл-парасатын аңғартады.
Киіз үй іс жүзінде, көшіп-қонуға қолайлы келеді. Малшылар көктем, жаз, күз мезгілдерінде тынымсыз жұрт жаңалап, шөбі шүйгін, суы тұнық жерге қоныс аударып отырады. Киіз үйдің ерекшелігі оның тігіп-жығуға, артып жүруге қолайлылығы. Киіз үйді жығып, түйеге немесе өгізге артып, жаңа қонысқа жеткенде түсіріп, бірер сағаттың ішінде шаңырақты қайта көтеріп, орнығып отыра бересіз. Егер үйдің тігілген орны жайсыз болса, бірнеше жігіт көтеріп, таңдаған жерге қондыра салуға болады. Киіз үй көшіруге ыңғайлы ғана емес, ең маңыздысы берік, әрі жанға жайлы келеді. Киіз үйдің дөңгеленіп тігілетін себебі, бұл оның дауылдан, жауын-шашыннан қорғану, жер сілкінісінен сақтану мүмкіндігін асырады. Осы себептен де байтақ далада игеріп отырған шаруалар тосыннан тұрған сұрапыл дауыл, қарлы боранның соққысына төтеп беріп келген еді.
жазбаларға сүйенсек, қазақ ұлтының арғы тектерінің бірі – үйсіндер, міне осы киіз үйде отырған.
Киіз үйдің сүйегімен таныстырады.Киіз үй ауа райының қандай жағдайындада пайдалануға өте ыңғайлы. Ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасуы талапқа сай, жел, дауылға көп шайқалмайды. Берік, төбесі жадағай емес, күмбез болып келгендіктен жаңбыр өтпейді, жинап тігуге оңай.Киіз үйдің негізгі қаңқасын (кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық) сүйегі деп атайды.
Қазақ ұлтының киіз үй мәдениетінің тарихы біршама арыдан бастау алады. Тігуге, жығуға және көшіруге қолайлы мұндай киіз үй қазақтың кейінгі 2000 жылдан асатын тарихының «Тасқа айналған ескерткіші» дерлік.
2.4 Домбыра.
Домбыра көне аспап және ол қазақпен кіндіктес ұлыстардың бәріне ортақ мүлік, себебі домбыраның жасы қазақ хандығынан үш мың жылдай үлкен, дәуірлей тексергенде аспап аттары әртүрлі диалект салдарынан өзгеріске ұшырағанымен түбі бір екені айдан анық білініп тұрады. Толғамды мәселелердің сырына үңілместен бұрын, әуелі аспап жайына түсіндірме бере кетейік.
Қазақтың домбырасы түркі-монғол (арғы атасы – ғұн) мәдениетінің меншігі, тамыры тарихқа терең жайылған, байырғы аспап. С.Өтеғалиева Орталық Азиядағы танбуртекті аспаптарды үш топқа бөледі: Сібір-Алтайлық, Ортаазиялық, Таяушығыстық.Осы тұжырыммен қарасақ біздің шертпелі аспаптарымызды да шартты түрде үшке бөлуге болады. Формасы мен дауыс бояу жағынан айырмашылықтары бар аспаптың бұрыннан келе жатқан белгілі үш түрі бар, әрбір өлкенің күй өнері әртүрлі орындаушылық мектеп құрап отырғанына сәйкес аспаптарының да тұрқы (формасы) жағынан өзгешелігі бар. Арқа, Жетісу, Қаратау өңірлерінде кең тараған домбыраның тұрқы қысқа, мойыны жуантық, шанағы бұрышталып шабылады. Жалпы көпшілік қаталықтан қалақ домбыра деп айдарлап кеткен бұл аспаптың көне түбірлік аталуы – қыпшақ домбырасы болуы мүмкін (Әл-Фарабидің «Музыканың үлкен кітабы» атты трактатында сипатталатын гипжак аспабының түбірі - қыпшақ, бұл шертпе күй тартуға қолайлы тоғыз пернелі аспап.
Осы туыстас халықтардың музыкалық шығармаларында ұшырасатын мінездес (характерлі) сарындар қазақ домбырасына етене жақын болып кеткен, алайда, аспаптарының түрі мен тембріне уақыт пен мемлекеттік құрылым өз әсерін тигені де рас. Қазіргі домбыра–жетілдірілген аспап (А.Жұбановтың оркестрлік аспап жасау ұсынысымен реконструкциясын жасаған–Э. Романенко), сондықтан оның үні де өзгеріске ұшыраған. Алғаш осы жетілдірілген домбырада күйлер жазып қалдырғандардың алды – Дина Нүрпейісова мен Әбікен Хасенов. Олар жаңа аспапты аса жатсына қоймағаны артына қалдырған күй таспаларынан белгілі боп тұр.
2.4. Ахмет Иассауи кесенесі
Түркістан қаласындағы Ахмет Иассауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Иассауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған.
1864 ж. Черняев бастаған Ресей әскерлері Түркістан қаласын алған кезде полковник Веревкин қала қорғаушылары бас сауғалаған Қожа Ахмет Иассауи кесенесін зеңбірекпен атқылады. Оның снарядтары кесенені 11 жерден опырып кетті. 1871—72 жылдары А. Кун 7 дана фотосуретті "Түркістан" альбомын құрастырды. Бұл әлем жұртшылығының пікірін Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне бұруға белгілі дәрежеде әсер етті. Соның нәтижесінде Ресей өкімет орындары Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне көңіл бөле бастады. 1884 ж. патша үкіметі кесенені жөндеуге 15 мың сом қаржы бөлді. XIX ғасырдың соңына қарай ғалымдар Қожа Ахмет Иассауи кесенесі— эпиграфикасын зерттеуге ден қоя бастады.
1978 ж. қыркүйекте Қожа Ахмет Иассауи республикалық мұражайы, 1989 ж. 28 тамызда Қазақстан Үкіметінің шешімімен "Әзірет Сұлтан қорық-мұражайы "ашылды. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі ЮНЕСКО-ның 27-сессиясында кесене дүние жүзіндегі "Мәдени мұра" тізіміне енді (Париж, 23 маусым, 2003).
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Түркістан қаласында болғанда «Қазақстанның рухани орталығы Түркістан»-деген болатын. Сондықтан «Әзірет Сұлтан» қорық музейінің халқымыздың рухани өсіп өркендеуінде алатын оны ерекше.
«Әзірет Сұлтан » қорық музейі Қазақстандағы ерекше маңызы бар рухани орталық болып табылады. Мұнда: қазақ халқының тарихы мен рухы насихатталады қазақтың ел билеген хандары мен елін жерін қорғаған батырлары, би-шешендерінің мәңгілік мекендері ретінде олардың рухтарына тағзым етіледі халқымызды имандылыққа, адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелейтін Қожа Ахмет Иассауидің мұрасы насихатталады.
2.6. Маңғыстау жерасты мешіті.
Пір Бекет
Мединеде – Мұхаммед,
Түркістанда – Қожа Ахмет,
Маңғыстауда – Пір Бекет.
Республиканың басқа аймақтарына қарағанда Маңғыстау сәулет ескерткіштеріне өте бай.
Солардың бірі өте танымал ескерткіштердің бірі-Бекет-Ата мешіті жар тастан шауып жасалған. Мұсылман әлемінде Бекет-Ата дүниенің сыры жайлы білген, көріпкел және пайғамбар ретінде танымал болған.
Аңыз бойынша, Бекет-Ата ХVІІІ ғасырдың екінші жарты жылдығында өмір сүрген. Атырау облысының қазіргі Құлсары кентіне жақын жерде туылған, 14 жасында дана Шопан-Ата жатқан жерге бас иіп, сәлемдесіп, батасын алуға келген. Үшінші түні Шопан-Ата бозбалаға оқуға өсиет етеді. Жас жігіт алыс Хиуа медресесіне ғылымды бағындыру үшін аттанады. 40 жасқа жеткенде сопы атанып, балаларды сауаттылыққа оқыта бастайды.
Маңғыстауға қайтып келгенше, қасиетті Бекет-Ата өз өмірінде ұзақ жолдардан өтті. Ол адамдарды емдеді, алдына келген мүжәлсіз және бейнет көрген адамдарға денсаулық пен өмірлік күш-қуат сыйлады. Даулы мәселелерді шешкенде ол даналығын көрсетіп, екі жақты бітімшілікке келтіретін. Өзінің уағызында Бекет-Ата діндарларды әділдікке шақырып, жақсылық жасауға насихаттайтын.
Бекет-Ата 4 мешіт тұрғызды: біріншісі Құлсарыда – оны Ақмешіт деп атайды, екіншісі Бейнеу елді-мекенінен 20 шақырым жерде борлы жартаста, төртіншісі – Оғыланды шатқалындағы борлы жартас сілемінен шауып жасалған жер асты мешіті.
Төрткүл дүние түгел таныған сопылық жолдың жиырма үш жыл рухани басшысы – Пірі болған Бекет Ата 1813 жылы 63 жасында өмірден өтіп, Оғыландыдағы өзі қаздырған мешітінің ішіне жерленеді. Жерасты ғимараты маңында Бекет ата пайдаланған, бұлақтар, құдықтар бар. Бекет ата ескерткіші – дарынды сәулеткерліктің, биік талғамның куәсі.
2.7. Астана – Бәйтерек
«Бәйтерек» монументі Есіл өзенінің жағасындағы Қазақстанның астанасы Астана қаласында орналасқан. Оның негізгі идеясы - елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде өмірге келді. Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді.
Бабаларымыздың қиялды қияға жетелеп, жүректерімізге ізгілік дәнін себуге дәнекер болатын, ұлы мұраттарға жетелейтін аңыз-әңгімелері мен сиқырға толы ертегілер әлемі.
Ол туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан жолы” атты кітабында былай дейді:
«Көктөбенің басында, алып көк теңіздің жағалауында өмір ағашы - бәйтерек өседі екен. Жыл сайын бәйтеректің бұтағындағы ұясына келіп, киелі Самұрық құс күн бейнелі алтын жұмыртқа салады екен. Бірақ жыл сайын айдаһар-жылан сол жұмыртқаны жеп қояды. Бұл көрініс күн мен түннің, қыс пен жаздың ауысуын, қайырымдылық пен зұлымдықтың, жарық пен қара түнектің күресін астарлы түрде бейнелейді. Аңыз бойынша Ер Төстік жыланды өлтіріп, Самұрық құстың алтын жұмыртқасын аман алып қалады, ал осыған разы болған құс оның жер асты патшалығынан шығуына көмектеседі. Киелі ағаш туралы аңыз -бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылған жаңарған Қазақстан мақсатының көрінісі».
Осылайша халық аңызының арқасында «Бәйтерек» кешені біздің қуанышымызға айналды. Ол сәулет өнері ескерткіші ғана емес, еліміздің өткені, бүгінгісі мен келешегінің көрінісі.
«Астана-Бәйтерек» өзінің жалпы мағынасында жер, өмір және аспан ұғымдарын білдіріп, Қазақстанымыздың қайталанбас өсіп-өркендеуінің келбетіне айналды.
Астана қаласында Архитекторлар одағының халықаралық қауымдастығы өткізген 10-байқауда беделді халықаралық қазылар алқасының шешімімен 2002
жылғы ең таңдаулы жоба және құрылыс ретінде "Бәйтерек" кешеніне Гран-при үздік айырым белгісі берілді.
ІІІ.Қорытынды
Әрбір халықтың алты жастағы баладан ата сақалды қартына дейін ұлттық қадір-қасиетіне балайтын әдет-ғұрыпты, ұлттық құндылықтарды біліп, ғасырдан ғасырға жетіп отыруы, сол елдің абыройын көтеретіні сөзсіз. Біздің ұсынып отырған жұмысымыздағы «жеті кереметіміз» қазақ халқының кереметтерінің қатарында деген ойдамыз.
Домбыра, киіз үй бұл бәріне белгілі қазақ халқына тән ерекшеліктер. Қазіргі кезде таңбалы тас суреттері,жерасты мешіттер халық санасынан ұмытылып, өшіп бара жатыр. «Өз қадір-қасиетін бағаламаған ұлт, басқа ұлттарға да қадірсіз» дегені рас айтылған. Мынандай алмағайып заманда біреудің ұлттық мирасына біреудің қол сұғуы жиі кездеседі. Сол секілді бүгінгі күні тамырын тереңге жайған мәуелі ағаштай жайқалып тұрған адамзат өркениетінің сан қилы тарихи кезеңдерінде қалыптасқан төлтума құндылықтарымызға қауіп те жоқ емес.
Әлемде сәт сайын жаңарып, толысып, кемелденіп, көркейіп, өзгеріп, өсіп-өніп, өшіп-жоғалып жататын құбылыстар дамылсыз алға қарай ұмтылыс жасап, толассыз қозғалыс үстінде жүреді. Осы қозғалыс үстінде көзге ілінбей, елеусіз қалған құндылықтар ұрпақтан ұрпақтарға жеткенше майдаланып, құмға сіңген судай жоғалып кетуі де ғажап емес.
Олай болса, жер әлемді жалмап қоюға құштар жаһандану кезінде бармақтыға бастырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мәдени мұрамызды төкпей-шашпай жинақтап, кейінгі ұрпаққа насихаттап, мирас ретінде қалдыру, кем кетігі болса толықтырып, халық болмысына сіңіре беру баршамызға да ортақ парызымыз.
Сондықтан да қазақтың төл өнерін «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» шама-шарқымыз жеткенше дәріптеп дамытуға күш салуға тиіспіз.
IV. Пайдаланған әдебиет тізімі:
«Алматыкітап». 2007;
Музыкальное искусство: Наука и образование, ғылыми еңбектер
жинағы. Астана-2004
13.
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім
бөлімінің Н.Островский атындағы
Аманқарағай орта мектебі» ММ
7-сынып оқушысы
Айбедулова Мариямнің
«Қазақ халқының жеті кереметі»
атты ғылыми жобасына
Пікір
Әрбір адам өзінің туған жерінің мәдени ескерткіштерін, мәдени құндылықтарын, тарихын білуі тиіс. Қазіргі жастардың қазақ халқының жеті кереметін біле бермейтіні ғылыми жұмыстың өзектілігін құрайды.
Ұлттық қазынаны қазақтың жеті кереметі ретінде бөліп алып, жастарға өнеге етіп көрсету - ғылыми жобаның мақсатын айқындайды.
Ғылыми жоба абстракт, кіріспе, зерттеу бөлімі, қорытынды,
пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Жұмыстың бірінші тарауында қазақ халқының жеті кереметі, оның кездейсоқ таңдалып алынбағаны, санының не себептен жетеу болуына түсінік беріледі. Екінші тарауда жеті кереметке сипаттама, яғни таңбалы суреттердің табылуы, зерттелуі, ұрпаққа қажетті тағылым, тәрбие бастауы екені туралы, алтын адамның зерттелуі, құндылығы, киіз үйдің қазақ өміріндегі маңызы туралы, домбыраның қазақ мәдениетіндегі, өміріндегі орны, Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің, жер асты мешітінің, «Бәйтерек» монументінің кереметтілігі жайында қарастырылған.Үшінші тарауда мәдени мұрамызды бағалап, жинақтап кейінгі ұрпаққа мұра ретінде қалдыру керектігі қарастырылған.
Оқушы ғылыми жобаны жазу барысында қазақ мәдениетінің мұраларымен кеңінен танысып, оның қазақ халқының өміріндегі маңызы туралы мәліметпен танысты. Әр түрлі ақпарат көздерінен біраз мағлұматтар жинап жүйеледі.
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
Мирманова Жамиля Жұмабайқызы
Снежная сказка
Знакомимся с плотностью жидкостей
Домик зимней ночью
В поисках капитана Гранта
Цветение вишни в лунную ночь