Жұмыстың мақсаты:
Құрдастарымның, сыныптастарымның бойына қазақтың салт- дәстүріне деген қызығушылықты қалыптастыру, қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, оқушылардың бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету, салт-дәстүрді эстетикалық тәрбиемен байланыстыра зерттеу жұмысын жүргізу.
Міндеттері:
- Эстетикалық талап, алғамы жоғары , рухани жан дүниесі бай , әсемдікпен сұлулықты сезінетін жас жеткіншектер тәрбиелеу.
Болжамы:
Егер мен бастауыш сынып оқушылары, сыныптастарымның бойына эстетикалық сезімді толық сапалы қалыптастыра білсем, олардың сұлулықты сезіне білетін жеке тұлға болары анық.
Салт-дәстүр адамдардың ой-санасын толықтырып,тіл байлығын арттырады.Сөз қорын молайтады.Салт-дәстүр жинағын шығарып, оларды топтастыру.
Жұмыстың өзектілігі:
Осы қалыптасқан ұлттық салт- дәстүр арқылы өскелең ұрпақтың бойына ұлттық болмыс, ұлттық келбет, ұлттық мәдениет, ұлттық намыс т.б. ұлттық құндылықтарымыз егіліп, сіңіріліп отырғанын дәлелдеу.
Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы:
Салт-дәстүрлерімізге халықтың құрметі жоғары екендігіне, ең бастысы, осы сезімді жоғалтып алмасақ, ең үлкен жеңісіміз сол болатындығына көз жеткіздік.
Мазмұны
1Кіріспе..........................................................................................................................4
1.Дәстүр туралы түсінік .........................................................................................6
2.Қазақ халқының салт-дәстүрлері . .......................................................................7
3.Ұлттық салт- дәстүр - оқушыларға эстетикалық
тәрбие берудің құралы........................................................................................10
4.Ұлттық салт -дәстүр ұлттық тәрбиеміздің түп қазығы ...................................10
Қорытынды................................................................................................................11
Қолданылған әдебиеттер..........................................................................................12
Қосымша
Анотация
Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын білу, оны қастерлеу- әрқайсысымыздың борышымыз. Саламатсыздарма, құрметті ұстаздар мен оқушылар! . «Сәлем -сөздің анасы, сөз- сарасы» . Қазақ халқының ұғымы бойынша сәлем беру- тәрбиелік пен адамгершілік белгісі.«Ауылдан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал келіп сәлем береді» дегендей сәлем беру қалыптасқан ұлттық дәстүріміз. Халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, әдет-ғұрып, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі салт-дәстүр арқылы танылады. Салт-халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі. Мысалы, наурыз көже, қыз ұзату, қонақасы, шашу, ерулік ата салтымыз болып саналады. Қазақтың өмір салты, өнер салты-тарихи мәдени мұра. Дәстүр-мәдениеттілік белгісі. Мысалы, ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, құрдастық қалжың, сәлем беру, ат тергеу т.б дәстүрге жатады. Бір таңқаларлық жай қазақ халқы салт пен дәстүрге өте бай. әдет, ғұрып, ишара, ырым, тиым, дағды, ым бәрі де осы салт-дәстүр мұхитының салалары мен тармақ тамшылары болып саналады. Әдеп (дәстүр, тәрбие) « Әдепті дегенше, әдемі десейші» (мәтел) үлкен-кіші болсын әдеп сақтау халықтың тәлім-тәрбиенің аса үлгілі, тәрбие ісіндегі қалыптасқан заңы, жолы бар ерекше қасиетті тәлімдік дәстүрі. Мысалы үлкеннің жолын кеспеу, бұрын сөйлемеу, ата алдындағы иба, халық ортасындағы инабат, мешіт ішіндегі әдептілік, сәлем беру, сәлем алу жолы тағы сол сияқты адамгершілік,, сыйлау, сыйласу, халқымыздың ертеден келе жатқан әдет әрі ғұрпы.
.
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі: Қай заманда болмасын бала тәрбиесі қоғамдық маңызды іс болып табылады. Көп ұлтты мемлекетіміз егемендік алғалы бері Қазақстанды мекендеуші халықтардың қандай ұлт өкілі екендігіне қарамастан, оның құқығы мен бостандығына нұқсан келтірместен, этникалық немесе нәсілдік белгісіне қарап кемістеушілікке жол бермейтін демократиялық бағыт ұсынып дамып келеді. Еліміздің осы бағытта тәуелсіз мемлекет ретінде дамуына үлкен үлес қосатын саланың бірі еліміздің білім беру жүйесі.
Қазақ халқының, өте әрідегі ата-бабаларының өмір сүрген кезінен бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраның бірі - ұлттық салт- дәстүр. Орыстың ұлы педагогы К.Д. Ушинский «Тәрбиенің көзін халықтың жақсы-жаман дәстүрінен іздестіру керек, ол тілі және әдепғұрпы арқылы көрініс табады»,-дейді.[5,12] Ұлттық дәстүр халқымыздың сан ғасырлар бойы сұрыпталып қалыптасқан өмір сүру үрдісі. Осы қалыптасқан ұлттық салт- дәстүр арқылы өскелең ұрпақтың бойына ұлттық болмыс, ұлттық келбет, ұлттық мәдениет, ұлттық намыс т.б. ұлттық құндылықтарымыз егіліп, сіңіріліп отырған.
Қазіргі жағдайда адамзат қауымының алдында саяси, экологиялық, экономикалық, рухани салаларындағы жағымсыз даму үрдістерін жеңу және прогрессивті, жасампаз үрдістерді қолдау мәселесі тұр. Бұл өзекті мәселе болып табылады. Оны ұлттық мемлекеттік деңгейде шешу білім беру жүйесінде салмақты реформалар жасауды, мақсаттар мен міндеттерді аңықтауда адамгершілікке және ізгіліктендіруге баса назар аударуды қарастырады. Осылардың барлығының себебі болып табылатын адам, оның менталитеті. Қазақ халқы әрдайым әсемдікті іздеді, қолдан жасады және оны өмірде, салт-дәстүрімізге, еңбекте бекітуге тырысады. Әдемілікті сезіну үшін, оған түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласында әрбір адамда әдет-ғұрпына қарай білімі болуы қажет.Оны халқымыздың үй жиһаздарын жасауынан және оны әсемділікті сезінудегі тәрбие құралы ретінде пайдалануынан көруге болады. Мысалы: қазақ үйді әшекейлегенде ою-өрнек, түскиіз,текемет, сандық сияқты әсем жиһаздарға көңіл бөлген.
Қазақтың салт-дәстүрінің ішінде киім сән эстетикасы (мода) қазіргі заман талабына сай өте жоғары дәрежеге жетіп отыр. Мысалы: оюөрнекті камзол, шапан, бас киім, көйлектердің де эстетикалық мәдениеті жоғары. Бұл әдемілкті сезінуге, өмірге, адамның бейнесіне сергітуші жаңалықтар енгізу арқылы сәнді дұрыс пайдалануға үйретеді. Сонымен қатар балалардың эстетикалық танымын, сезімін, мәдениетін, білімін көтеруде ең басты сүйеніш ұстаздар мен ата-аналар болмақ. Балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелей отырып, оларды ілтипатты оқырман, қайырымды көрермен, сезімтал тыңдаушы болуға үйрету керек. Әдебиет пен өнер эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары. Өнер мен әдебиет адамдарды қуанышқа бөлейді, жігерлендіреді.
Менің мақсатым еліміздің болашақ азаматтарын қазақтың салт-дәстүрі арқылы эстетикалық тәрбие беру жолдарын қарастыру. Әрбір адам басқа мемлекеттермен қарымқатынас орнатуда, экономикалық мәдениетті дамытуға өзінің эстетикалық тәрбиесі жағынан өте жоғары болуы керек.
Зерттеудің мақсаты: Құрдастарымның, сыныптастарымның бойына қазақтың салт- дәстүріне деген қызығушылықты қалыптастыру, қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, оқушылардың бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету, салт-дәстүрді эстетикалық тәрбиемен байланыстыра зерттеу жұмысын жүргізу.
Міндеттері:
- Эстетикалық талап, алғамы жоғары , рухани жан дүниесі бай , әсемдікпен сұлулықты сезінетін жас жеткіншектер тәрбиелеу.
Зерттеу пәні: бастауыш оқу-тәрбие үдерісінде оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде қазақ халық дәстүрлері бастауларын пайдалану жолдары.
Зерттеу нысаны: Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу процесіндегі эстетикалық тәрбиені халықтық педагогикамен ұштастыру үрдісі.
Ғылыми болжам: Егер мен бастауыш сынып оқушылары, сыныптастарымның бойына эстетикалық сезімді толық сапалы қалыптастыра білсем, сұлулықты сезіне білетін жеке тұлға тәрбиелеп шығары анық.
Дәстүр туралы түсінік.
Ғылыми зерттеулерді талдау барысында дәстүр ұғымына әр қырынан анықтама берілгендігін байқадық. Мәселен, «Қазақ кеңес энциклопедиясында»: «Дәстүр дегеніміз ұрпақтан-ұрпаққа көшетін тарихи қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен принциптер. Дәстүр – қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекеттерінің рухани негізі» делінсе, философиялық сөздікте: «дәстүр (traditio– жапсыру, жалғастыру) – тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын әдет-ғұрыптар, салт-сана, қоғамдық тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез-құлық қалыптары және т.б. қоғамда, ұлтта немесе жекелеген әлеуметтік топтарда ұзақ уақыт бойы сақталатын әлеуметтік-мәдени мұра элементтері» – деп тұжырымдалады. “Дәстүр – тарихи тұрғыда қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын қарекет пен мінез-құлық нысандары, сондай-ақ оларға ілеспе астасқан ғұрыптар, қағидалар, құндылықтар, түсініктер жатады. Белгілі бір қауымның дамуының әлеуметтік жағдаяты өзгеруіне орай дәстүрлер ыдырауы, басқадай болып өзгеруі не алмасуы мүмкін. Дәстүр адамдардың өмірлік қарекетін реттеудің маңызды факторы болып қызмет етіп, тәрбие негізі болып табылады”,– делінген. [17,56]
Философ ғалым Н.Сәрсенбаев: «Әдет-ғұрып, дәстүр және қоғамдық өмір» атты еңбегінде: «Дәстүрге әдет-ғұрыптың өткен қоғамнан қалған озық түрлері мен тұрмыстық формалары, ырым-жоралары, рәсімдер жиынтығы кіреді, қоғамда және белгілі бір ұжымдық ортада қалыптасқан дәстүр өзінің өмір сүру заңдылығына толық ие болғаннан кейін сол ұжымдық ортада, қоғамда жалғасын табады да, тұрақты орын алады. Сондай-ақ, дәстүр көпшілік қауымға ортақ мәдениетті түрде қолданыс табатын әдет-ғұрыптың жинақталған түрлері мен рәсімдерін де қамтиды», – деген ойды білдіреді. [18,23]
Бұл ғылыми зерттеу жұмысымның мазмұнында халық мұрасын зерттеу, ұлттық өзіндік ерекшелікті сақтау, ұмыт бола бастаған дәстүрлерді, тарихи әділдікті, мәдениетті, тіл мен дінді қалпына келтіріп, олардағы педагогикалық жағынан барлық прогресшіл нәрсені анықтау және солардың негізінде ғылыми мазмұндағы ұсыныстарды талдап, ендіру жүзеге асырылған.
Жоғарыда аталған ғалымдардың дәстүрлерге берген анықтамаларын мақұлдай отырып, біз солардың қатарына халық дәстүрлерінің бастаулары ретінде жеті ата шежіресі және қазақ дастарқаны дәстүрлерін енгіземіз.
Өйткені ұлттық тәрбие қағидасы бойынша әрбір ұрпақ ең кемінде жеті атасына дейінгі ата тегін білуі міндетті. Егер жеті атасына дейін ата тегін, тарихын білмейтін ұрпақ болса, оны «Жеті атасын білмейтін жетесіз» деп халық кінәлайды, айыптайды. «Шыншыл, әділетті, иманды болу – сонау арғы ата-бабамыздан бері қалыптасып келе жатқан дәстүріміз» дейді де, халық сол игі дәстүрді бұзған ұрпаққа айып тартқызады. «Ат тұяғын тай басар» деп, кейінгі ұрпақтың ата салтын бұзбауын талап етеді, әулеттік тағылымдар ата дәстүріне айналып, санаға сіңіп, салтқа тірек болады. Сол себепті өз шежіремізді білу үшін де көптеген жұмыстар жүргіздік. Сыныптастарымның сол түсініктерін тірек ете отырып, жеті ата шежіресі танытудың толық мүмкіндігі бар деп түйіндеймін.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері
Қасиетті қазақ халқының салт-дәстүрлері өте көп. Соның ішінде қазіргі балалар біле бермейтіндеріне қысқаша тоқталып кетсем деймің
Қазақ халқының әлеуметтік тұрмыстық жағдайына байланысты қалыптасқан қастерлі дәстүрдің бір түрі-қонақжайлылық. Қонақ десе,қоң етін кесіп беретін қазақпыз. Қазан шегелеу (салт) өздері жақсы танитын, әзіл-қалжыңы жарасқан адамдар бір-бірінің үйіне бас қосып барып, « осы үйдің қазанын шегелей келдік» -дейді. Үй иесі әзілмен жауап қайырып»жақсы болды ғой, қазан шегелегіш шебер іздеп отыр едік» деп қонақжайлық танытып, оларға қонақасы береді. Демек «қазан шегелеу» қонақ бола келдік деген ұғымды білдіреді Қонақасы (дәстүр) қазақтың тарихи аңыз-әңгімелерінде Алаш атамыз өзінің Ақарыс,, Бекарыс, Жанарыс атты үш ұлына енші бөліп бергенде өзіне тиісті еншісін «бұл бүкіл иісі қазақтың бөлінбеген еншісі болсын мұны да сендерге бөліп берейін. Бұл үрім-бұтақтарыңа жалғассын. Бір-біріңе қайырымды болыңдар. Алыстан шаршап-шалдығып келген қонақтың еншісі-қонақасы болсын» деп әруақты атамыз батасын берген екен.. Ауыз тию(дәстүр,ырым). Ақ дастархан үстіне келген дәмнен ауыз тиюге тиіс. Ал таңертеңгі астан міндетті түрде, ауыз тиеді.
Ұлдаррдың төбе шашын ұзарта өсіріп, моншақ араластыра өріп қою. Оның аты – айдар. Бұл ғұрып негізінен, тіл – көзден сақтау үшін ер балаларға жасалады.
Кенесарының інісі Наурызбай батырдың ұзын айдары болғаны тарихтан белгілі. Ақсарбас атау. Адам- дар қауіп-қатерге ұшыра-ғанында «Аллаһ Тағала мені осы қиындықтан құтқара гөр! Ақсарбас!» деп құдайы атайтын болған. Мұндай жағдайда «Ақсарбас!» деп үш рет айқайлаған. Сосын қауіп-қатерден аман қалғанында әлгі адам ауыл аймағын шақырып құдайы берген. Ақсарбасқа шалынатын малдар: бозқасқа (қой), көкқасқа (жылқы), қызыл-қасқа (сиыр). Адам ақсарбас атағанда қай малын айтса, соны құдайыға союға тиіс.
Той малы
Той малы (дәстүр). «Жүз жылқы той малына кетіпті» (М.Ж.Көпеев). Келін алуға келген қадірлі құдалар ел дәстүр салты бойынша сән салтанатымен, жөн жосығымен келіп түседі. Бұл жолдың кәде жоралары да көп болады. Соның ішінде ең басты кәдесінің бірі осы топқа арнайы әкелген « той малы» деп аталатын жолды дәстүр. Бұған әр құда өз дәулеті мен шамасына қарай жылқы немесе бірнеше қой әкеледі. Күйеудің абырой, беделі осы кәдеге де байланысты болады. Бұған қымбат мата, бұйым, жеміс, қант, шәй да қосылады. Әкелген мал арқылы құдалар қыз әкесінен, атасынан немесе сол ауылдағы жолы үлкен ақсақалдан бата тілейді. Батадан кейін әлгі мал сойылып, тойға жиналғандар одан ауыз тиеді. Той малы толымсыз болса қыз жеңгелері құдалардың бетіне басады. Сондықтан да «той малының» мүшесі түгел әрі семіз болуы қатты қадағаланады.
Итаяғына салу
Итаяғына салу (дәстүр, ырым). Жас келіншек бір ауылға қыдырып барғанда, не есік көруге шақырғанда әйелдер не үлкен әжелер оған «итаяғына» сал деп сақина,күміс, жүзік сияқты заттар береді. «Итаяғына салу» деген келіншек босанып баланы шаранасынан жуатын суға яғни «шілде суына» әлгіндей күміс жүзік, сақина, күміс түйме сияқты заттарды ыдысқа салып жіберіп, нәрестені жуады. Жуып болғаннан кейін әлгі заттарды сол жердегі әйелдер ырым қылып бөлісіп алып, мәз мейрам болып тарасады.
Қыз қашар
«Қыз қашар» (дәстүр). «Былайша қыз қашар дәстүрін өткізетін үйді «болыс үй» дейтін көрінеді». (Х.Арғынбаев). Күйеудің келуін «ұрын келу» десе, қыздың атастырылған күйеуін көруі «қыз қашар» дейді. Бұл «ұрын тойы» өтетін күні болады. «Ұрын той» жастар үшін көңілді, думанды тойлардың бірі. Бұған жас жеңгелер мен жастар қатынасады. Күйеуден алынатын «қол ұстатар», «шаш сипатар», «қыз құшақтар», «арқа жатар», «көрпе қимылдатар» тағы сол сияқты кәделер осы жолы беріледі. Екі жастың бірін бірі көріп, тілдесуі де осы тойда болады. Екеуі де бірін бірі ұнатып, қалыңдық жігітке қыз белгісі орамалын және оның іні қарындастарына да түрлі сыйлықтар береді.
Күйеу ұрын барғаннан кейін құдалық бұзылатын болса қазақ заңында өте ауыр іс. Үлкен дауға кетеді. Күйеу себепсіз бас тартса бұрынғы берілген мал қайтарылмайды және айып салынады. Батаны қыз жағы бұзатын болса қалың мал толық қайтарылады әрі айып төлейді.
Сәукеле кигізу
Сәукеле кигізу (салт). «Қара мақпал сәукеле, шашың басар жар жар ау» (жар жар). Өмірде қазақ салт дәстүрлерінің түрлері көп. Соның ішінде қалыңдыққа сәукеле кигізудің орны бір бөлек. Себебі сәукеле әйел киімдерінің ішіндегі ең асылы ғана емес, оның жұбайлық өміріндегі елеулі кезінің естен кетпес ыстық сәті. Ол бұлғақтап өскен оң жақтағы және ақ босаға аттар арасындағы қимас та қызықты кездің ескерткіші. Бұл аз болса келіншекке сәукеле кигізудің өзі бір ерекше салтанат. Бұған құда құдағилар шақырылады. Шашу шашылады. Ақ бата арналады. Сәукеле байғазысының бағасы да олқы болмайды. Сәукелелі келіншек ажарлы да базарлы көрінеді. Оны жұрттың бәрі көруге ынтық. Оның көрімдігі де соған лайық болу керек. Жас отау, сәукелелі келіншек, ойын сауық, көңілді күлкі жаңа өмірдің бақыт есігін ашқандай әсер етеді.
Сәукеле туралы бірер сөз. Сәукеле келіншек киімі. Ол бас киім ғана емес қазақ сән салтанатының, салт дәстүрінің мәдениеі мен шеберліктің озық үлгісі, өнер туындысы. «Алтынмен апталып, күміспен күптеліп» дегендей, ол інжу маржан, гауһар, лағыл, жақұт сияқты асыл тастар тізбегімен әрленіп, әшекейленеді. Негізі мақпал, барқыт сияқты қымбат маталардан тігіліп, бұлғын, құндыз терілерімен жиектеліп, оқамен оюланып, түрлі түсті моншақтармен шашақталып, көркем жіптермен кестеленіп, алдыңғы жағы көзді тастармен қапталып, түрлі тағым, алтын, күміс теңгелермен безендіріледі, төбесіне үкі тағылады. Көрсе көздің жауын алатын осы бұйым тек келіншек сәні ғана емес, той салтанаты мен құдалар беделін де көтере түсетін ерекше көрініс! ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген Кіші жүздің Байсақал атты байының қызының сәукелесін Кенесары ханның ағасы Саржан төре бес жүз байталға бағалаған.
Шаңырақ көтеру
Шаңырақ көтеру (салт). Жас отаудың алғаш рет шаңырағын көтерудің өзі қазақ үшін тағы бір қызықты, ерекше сәт. Мұны қазақ салт дәстүрін жетік білетін белгілі этнограф жазушы Ахмет Жүнісұлы былай деп жазған: «.... қазақта отаудың шаңырағын албаты адам көтермейді. Бұған баласы көп, кәрі күйеу керек. Оны қос атпен болса да алғызады. Ыңғайлы жер болып, отау өте үлкен болса кәрі күйеу шаңырақты аттың үстінде тұрып көтереді. Бұл еңбегіне ол не ат мінеді, не түйе жетектейді. Бұған малды отауды көтерткен жақ береді. (А.Жүнісов «фәниден бақиға дейін»). Әдетте киіз үйдің шаңырағын ер адамдар көтереді. Ал, жас отаудың шаңырағын кәрі күйеуге көтертуде үлкен мән, ырым бар. Өйткені «жасы үлкен күйеу» қашанда елге сыйлы және тілектес адам. Және күйеу қартайған сайын жұртына қадыры, сыйы арта түседі. Қазақ елі осы жолдан әлі айрылған жоқ. Кәрі күйеу келсе, ауылдың үлкен кішісі, еркек әйелі онымен бір қағыспай, қажаспай қалмайды. Оның шаңырақ көтеруінде де осындай терең сыйластық бар.
Ұлттық салт дәстүр - эстетикалық тәрбие берудің құралы.
«Өнерлінің өрісі кең» дейді халқымыз. Өнердің қай саласы болса да, адамдарға рухани күш-жігер беріп, ерекше қуаныш, толқу сезімдерін оятады. [7,85]
Қазақтың әдеби, музыка, тұрмыстық, кәсіби фольклоры, халықтың ғасырлар бойы болашақ ұрпағын тәрбиелеудің асыл арналары болып саналады. Айтылған фольклорлық мұралар, қазақтың тәлім-тәрбиелік әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін, түрлі саладағы өнерпаздығын, көркем-эстетикалық талғамын т.б. ұлттық болмыстың қасиеттерін қамтиды. Сондықтан, ата-бабаларымыздың рухани және материалдық мәдени құндылықтарын жас ұрпақтың бойына сіңіру, әрі соның негізінде оларға ұлттық мәнде тәрбие беру өзекті педагогикалық мәселелердің бірі көптеген педагогикалық ғылыми зерттеулердің өзегіне айналуда.
Халқымыздың ұлттық дәстүрлі музыкасын, мәдениетін, фольклорыната бабаларымыздың келешек ұрпаққа қалдырып кеткен асыл мұраларын қастерлей отырып, тәрбиелеп келешек ұрпақтың санасына жеткізу.
Қорытынды
Жүргізілген зерттеу тұжырымдарына сүйене отырып, мынандай қорытындылар жасалды:
1.Бүгінгі таңдағы бастауыш білім беру сатысындағы оқушыларды халық дәстүрлері арқылы тәрбиелеу, соның ішінде қазақ халқының жеті ата шежіресі мен салт-дәстүрді тәрбие құралы ретінде пайдалану жаңа қоғамның сұранысынан, үкіметтің талабынан туындап отыр.
3. Философиялық, тарихи-әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық, этнопедагогикалық зерттеулер мен әдебиеттерге талдау жасау қазақ халқының жеті ата шежіресі мен салт- дәстүрлерінің бүгінгі қоғамдағы оқушыларды тәрбиелеудегі мүмкіндіктерінің жоғары екендігін дәлелдейді. Өйткені бастауыш саты оқушыларын қазақ халқының жеті ата шежіресі мен салт-дәстүрі арқылы тәрбиелеу шәкірттердің рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда тиімді нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді.
4. Қазақ халқының жеті ата шежіресі мен салт-дәстүрлерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін толық пайдалана алмай отырғандығын көрсетеді. Соған орай, бұл проблеманы шешудің тиімді жолдары көрсетілді.
5. Қазақ халқының жеті ата шежіресі мен салт- дәстүрлерін тәрбие құралы ретінде пайдаланудың тиімділігін арттыру мынадай педагогикалық шарттарды ұсынуға байланысты:мотивациялық-мақсаттылық; интеллектуалды-эмоциялық; тұлғалық; әлеуметтік.
6. Бастауыш білім беру сатысы оқушыларын қазақ халқының жеті ата шежіресі мен салт-дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің теориялық моделі тұтас педагогикалық үдеріс теориясының негізгі қағидаларына сүйене отырып, олардың қазақ дәстүрлерінің бастауларына деген көзқарасын, білімін, сезімін, қызығушылығын, оны қажет етуін анықтайды.
7. Зерттеуде ұсынылып отырған қазақ халқының жеті ата шежіресі мен салт-дәстүрлерінің тәрбие формалары мен әдістерін оңтайлы пайдалану бастауыш білім беру сатысы оқушыларының рухани адамгершілік қасиеттерін, ұлттық салт-дәстүрлерді қастерлеп, құрметтей білу іс-әрекеттерін жетілдіреді.
Жүргізілген зерттеу бойынша мынадай ұсыныстар жасауға болады:
1. Зерттеу жұмысын оқу-тәрбие үдерісінде бастауыш білім беру сатысы оқушыларын қазақ халқының жеті ата шежіресі мен салт- дәстүрлері арқылы тәрбиелеу мақсатында пайдаланған орынды;
2. Оқушыларға қазақ халқының жеті ата шежіресі мен салт-дәстүрлерін меңгертуде біздің зерттеуімізде айқындалған педагогикалық шарттарды орындау қажет; Қарастырылып отырған зерттеу толығымен шешімін тапты деуге болмайды. Алдағы уақытта қазақ халқының дәстүрлері материалдарында патриоттық, эстетикалық, құқықтық, экономикалық т.б. тәрбие мазмұнын жасау.
Қорыта келгенде, жүргізілген зеттеу жұмысымысымның барысында ұлттық құндылықтарымызға, мұраларымызға, сал-дәстүрлерімізге халықтың құрметі жоғары екендігіне, ең бастысы, осы сезімді жоғалтып алмасақ, ең үлкен жеңісіміз сол болатындығына көз жеткіздік.
Пайдаланылған әдебиеттер
Вложение | Размер |
---|---|
zhuldyzay_sat_dastur.ppt | 2.96 МБ |
Слайд 1
“ Қазақ халқының салт-дәстүрлері”.Слайд 2
Салт-дәстүрлерімізді құрметтейік!!!!!!!
Слайд 3
Ұлыстың ұлы күні-Наурыз !! Наурыз мейрамын қазақ халқының жаңа жылы деп есептеледі!!Наурызда наурыз көже пісіріліп қазақтын бар тағамдары жасалылады.Ренжіскен адамдар татуласып төс қақтырады,жаңа жылда Қыдыр атаны бәрі балалар асыға күтеді!!!!!!
Слайд 5
Алтыбақан!!
Снег своими руками
Солнечная система. Взгляд со стороны
Хрюк на ёлке
Почта
Компас своими руками