Табиғатсыз өмір жоқ. Табиғат – тіршілік көзі. Табиғатқа келтірген зиян - өзімізге жасаған қастандық.
Вложение | Размер |
---|---|
tabigat.ppt | 2.09 МБ |
Слайд 2
Табиғатсыз өмір жоқ. Табиғат – тіршілік көзі. Табиғатқа келтірген зиян - өзімізге жасаған қастандық.
Слайд 3
Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
Слайд 4
Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы – Көкшетау», «Жер жаннаты – Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген. «Су ішкен құдығыңа түкірме» «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.
Слайд 5
Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді. Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы – осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер. Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады. Табиғатты қорғау, табиғатты сақтау болашақ жастар біздің қолда
Слайд 6
Таза болса табиғат – аман болар адамзат Табиғат , сен – тіршілік, тұнып тұрған, Сен – күнсің, көтерілген күліп қырдан, Сен – көлсің, Сен – ормансың, Сен – бұлбұлсың, Адамға сұлулықты шын ұқтырған .
Слайд 7
Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, алтын ұя бесігі, құт-берекесі. Адам үшін табиғат – ең қасиетті де қастерлі ұғым. Өйткені, адамның өзін дүниеге әкелетін аяулы да қадірлі жаны анасы болса, адамның табиғаты «Ана» деп құрметтеуінде өте үлкен мән жатыр, Адам – табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Адамның табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес. Себебі, адам өзіне керекті, қоректі заттардың бәрін табиғаттан алады. Сондықтан табиғат пен адамды бөліп қарауға болмайды. Әсіресе, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін табиғатсыз елестету мүмкін емес. Сан ғасыр бойы халқымыз кең далада өзін аялаған табиғат аясында көшіп-қонып тіршілік еткен. Табиғаттың сан алуан құпия сырларына үңіліп, өзіндік ой түйген. Сол арқылы табиғат заңдылықтарына үндесіп, бірлікте өмір сүрген. Әсіресе, мал шаруашылығымен айналысқан халқымыз өз кәсібін табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырған. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше мән берген.
Слайд 8
ТАБИҒАТ ЖАНУАР ӨСІМДІК ОРМАН КӨЛ ТАУ ӨЗЕН ТЕҢІЗ
Слайд 10
ТІРІ ТАБИҒАТ
Слайд 13
ӨЛІ ТАБИҒАТ
Слайд 16
Табиғат – халық қазынасы. Қазақстанның табиғаты өте бай!
Слайд 17
Мақал-мәтелдер табиғат туралы Атаннан мал қалғанша, тал қалсын. Су ішкен құдығына түкірме. Бұлақ көрсен, көзін аш. Бір тал кессен, он тал ек. Таза болса табиғат – Аман болар адамзат.
Слайд 18
Жанылтпаш табиғат туралы Күн шығады, жылы болады. Жер көгереді, өсімдіктер өседі.
Слайд 21
Қайткен күнде де табиғат өзінің табиғи қалпын сақтауы керек. Қоршаған ортаны, табиғатты аялай, құрметтей білейік. Елімізде табиғат байлығын қорғап сақтайтын қорықтар көп. Алматы мемлекеттік қорығы Алматы қаласы манындағы Алатау тауларының табиғи байлықтарын қорғау үшін құрылған.
Слайд 22
Табиғатты қорғауды өзінен баста. Адамдар табиғатты қорғауға міндетті.
Слайд 23
Біз табиғатты қорғаймыз, Бұлақтарды тазалаймыз, Гүлдерді отырғызамыз, Ағаштарды егеміз, Табиғатты сүйеміз!
Философские стихи Кристины Россетти
Новогодние гирлянды
Круговорот воды в пакете
Учимся рисовать горный пейзаж акварелью
Отчего синичка развеселилась