Вложение | Размер |
---|---|
bastau_a_aparar_zhol_zarina.docx | 19.97 КБ |
Бастауға апарар жол.
Орта жүзде алты арысты ел болған,
Мағлұматтар ел аузында көп қалған,
- деп шығарманы өз эпиграфыммен бастағанды жөн көріп отырмын.
Мен, Рахметжан Зарина Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты Ақадыр кентіндегі М.Мәметова атындағы орта мектебінің 6 «Б» сыныбында оқимын. Біз үлкен отбасымыз. Әкем – Ерлан,анам – Гүлмира төрт баланың ата-анасы. Отбасында екі әпкем, бір ағам бар. Мен 2007 жылы осы мектеп табалдырығын аттадым. 1-ші сыныптан бері үздік оқушылар қатарындамын. Мәдени, қоғамдық шаралардан да қалыс қалмаймын. Енді мәселеге көшсек.
«Ата мұраң – асыл қазынаң» демекші ата-әжемнің бауырында өскендіктен болар, үлкендердің сөзіне құлақ асып, айтылған әңгімелеріне қатты мән беріп, деректер жинап жүргенді ұнатамын. Осы шығармашылық жұмысыма, оның да пайдасы көп болды.
«Жеті атасын білмеген – жетесіз, арғы атасын білмеген - тексіз» дейді ғой. Мен атам секілді үлкендердің барын мақтан етемін, атам мен апам, ата-бабамыздың тарихын айтып, тіліміз шыққаннан жеті атамызды жаттатып отыратын. Осындай үлкендерге, рухы биік, намысшыл, Отанын, елін, халқын сүйер бір туар азамат қылып өсіргендеріне, мың да бір алғыс...!
Әр қазақ өз шыққан тегін, рулық байланыстарын міндетті түрде білуі шарт.
Кәрсөн іші Аралбай,
Жандыр мен бабам бар Құлбай.
Айбатты атам Жолбарыс,
Тегім болған ауқатты,
Байдәулет пен Бекіштей
Үйреткен өмір қыр-сырын,
Нағыз атам Рахметжан.
Ұрпағының үлкені ардақты әкем,
Азан шақыра қойылған есімі Ерлан.
Ата-салтын ерекше қадірлеген,
Мен кенжесі боламын Зарина атты,- деп тегімді жүрек жарды шумағыммен жыр етіп жеткіземін.Осы арада айтып кеткенім дұрыс па деп ойлаймын, «Ұстазсыз- шәкірт тұл»деген. Мені осындай шығармашылыққа баулып жүрген ұстазым, Бахтыкүл Амангелдіқызына алғысым шексіз.
Қазақ – елім дегенде су кешер ер халық.
Мен өзімнің, балғынан су кешіп жүрер қазақ баласы екеніме мақтанамын. Кең байтақ жері тау-тасы, өзен-көлі бар, даламмен мақтанамын.
Қазақта «текті», «тексіз» деген ұғымдар бар. Негізі қазақ халқы тектілікке ерекше көңіл бөлген. Тектілікке байланысты :
«Тегіне тартпаған қарсыз.»
«Тектен нәр алған тозбайды.»
«Жабыдан тұлпар шықпайды,
Тексізден текті тумайды.»
«Тегін білмеген теріс бағады.» - деген, тәрбиелік мәні зор сөздер қалған.
«Қасқадан қасқа тумаса да, төбел туар» дегендей қай жағыма қарасам да, жас ұрпаққа берері мол,
Аталар сөзімен өсіп-өнген,
Бабалар бұлағынан нәр алған.
Даналар өсиетінен тәрбие алған,
Ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен,
Ұрпағымын халықтың ғибрат еткен, - деп, Ата-бабам, туып өскен ортам жайлы сыр шертпекпін.
Көбен Бекмағамбетов есімді атамыз 1998 жылы жазған толғауында
Айлар өтті, жылдар өтті, өтті талай ғасырлар,
Адамзаттың жолында қалмады қай асулар
Қилы-қилы замандарда халық қамын ойлаған
Өтті қанша асыл жандар, данышпандар, батырлар.
Соның бірі болған екен бабам менің Аралбай
Ел мен жерін қорғау үшін жан аямай жарардай,
Қоғамының бірлігі үшін оның сүрген өмірі
Болашаққа лайықты үлгі болып қалардай, - деп батыр бабаларымызды жер еткен.
Өз басым ес білгелі атамның аузынан шыққан сөзді бағып, отыратынмын.
Атам – Рахметжан 1942 жылы «Жастерек» совхозында дүниеге келген.Атам мен апам сыпайы,мейірімді, өте қонақжай адамдар. Сондығынан болар үйге кісі де көп келеді. Әсіресе атам, жол сапарда көп жүреді. Көрген-білгенін үйге келгенде түсінікті тілмен, әдемілеп бізге айтады. Содан бір байқағаным, атам көбіне ата-баба қамымен, ұрпақтарыма не қалдырсам екен деген оймен жүреді екен. Жиі еститін сөздер, Құрылтайға бару,ата-бабаларының басына барып тағзым етіп, құран оқытуы. Мысалы, 1998 жылы Аралбай батыр бабамыздың басына барып ұрпақтары ас беріп, ескерткіш орнатса, 2006 жылы Шет ауданындағы Сарбас басында Боранқұл ата бейітіне құлпытас орнатылды. «Өлі разы болмай, тірі байымайды», - деп қояды сөз арасында. Оған дәлел өздеріңіз көріп отырған фото суреттер.
Атам: «Балам өскенше, немерем өлгенше» - деп бізді айналып айтып отыратын. Сол сөздің мағынасын ес біле түсіндім.
Менің атамның әкесі Бекіш 1915 жылы «Қызыл ту» колхозында дүниеге келіп, 1943жылы соғысқа аттанып,1946 жылы ауыр жарақатпен оралып, 1950 жылы қайтыс болған екен. Мазары кентімізден 30 шақырымдық жердегі Қарақұдық қыстағында, ал атасы Байдаулет қай жылдары туғанын біле алмадым,тек бізден 25 шақырым жердегі Ақадыр совхозында жерленген екен. Ол жерді бүгінгі күнде Байдаулет басы дейді мыс. Үлкен әкелеріміздің де мазарлары туралы естіп отырамын. Айта кетсек, Жолбарыс атам, Айнабұлақта, 1999 жылдары атамдар ұрпақтары болып ескерткіш орнатып қайтқан екен.
Ата-бабаларымыздың мазары жол үсті болғаны жақсы екен. Басынан өткен сайын бір әңгімесін естиміз. Оны айтып отырған себебім, Шет пен Ақадыр
ортасында Қарасаз ауылының басында Құлбай, Нұрбай аталарымыз жатыр. Жол үсті болғандықтан,әрі-бері өткенде басына соғып қол көтеріп дұға етеміз.
Есте қалған деректерге шолу жасасам.
Мен бабаларым туралы естігеннен ойға түйгенім. Боранқұл бабамыз,бізге таныс ғалым, әдебиет танушы,аудармашы Әлихан Бөкейхановпен ақылдасып,кеңескен сәттері де болған екен.Мен үшін бұл , ұмытылмас мақтаныш.Тағы бір айта кететін, әнші Мәди Бапиұлымен т.б серілермен ауыл аралап ән салған деседі.
Мен өзімде ән айтқанды жақсы көремін.Конкурстарға қатысып жүлделі орындармен оралған кездерім де бар.
Басты мәселе бүгінгі таңда,атам екі қожалықты бастап, тізгінін балаларына ұстатқан жайы бар.Оның бірі,осы Боранқұл бабаларымыздың мекені десем де болар,мазары да сонда,сол жерде әкем басшылық ететін,ағамның атындағы «Нұрлан»шаруа қожалығы болса, екіншісі кентіміздегі «Ұлан» қожалығы.
Арғы аталарымыздың, Аралбайдан бастап жоңғарларға шапқыншылық жасаған батырлықтарын өлең жолдарынан оқып,ойлана отырып,бойыма бір күш-қайрат бітіп,өзімнің текті жердің қызы екеніме шүкіршілік етемін.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні»
Міне,ғасыр өтсе де,ата-баба ізін балалары жалғастырып,ата-қонысын мекен етіп келеді.
Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі!
Алдағы балалық арманым;жетекшіммен ақылдаса отырып, «Бабам батыр-Боранқұл» деп ғылыми-зерттеу жұмысын жасамақ ойым бар.
Оны әрине,осы тырнақалды жұмысымның нәтижесі шешеді демекпін...
Құрметті достар! Тәуелсіз,бейбіт өмірге қол жеткізген ата-бабаларымыздың еңбегін бағалап,ата-дәстүрімізді ұмытпайық! Оның ішінде міндетті түрде жеті атамызды,жіктей білейік!
Мен осы байқауға ризамын,кім ойлап тапса да қоштаймын,себебі ізденіп өзім білмейтін біраз белестерді бағындырдым десемде артық болмас.
Бабаларды дәріптеймін соншалық,
Жаза бергім келеді-ау,жаза бергім!..
«Бастауға апарар жол» қаламымды одан әрмен ұштадың мыңда бір рахмет!
А Л Ғ Ы С Ы М Ш Е К С І З !
Шын жүректен З А Р И Н А
Ласточка. Корейская народная сказка
Три коробки с орехами
Зимовье зверей
Стеклянный Человечек
Лесная сказка о том, как согреться холодной осенью