Педагогтардың кәсіби құзырлылығын дамытудағы әдістемелік қызметтің ролі.
Маманның кәсіби құзырлығының әлеуметтік және тұлғалық түрлеріне ерекше мән беріледі.Бұл үшін, біріншіден, ақпараттық қоғамда кез келген маманның іс-әректі күшейтіледі,екіншіден,білім парадигмасының өзгеруі кәсіби білім,біліктілік пен дағдыға маманның дайындығын қалыптастырудың,ойлаудың әдіснамасын дамытудың қажеттілігін көрсетеді,үшіншіден,ізгілікті және әлемдік интегративті үрдістер тенденциясы алдымен көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың қажеттілігін айқындайды.
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
pedagogtyn_ksibi_kuzyrlylygyn_damytu.doc | 52 КБ |
Предварительный просмотр:
Педагогтардың кәсіби құзырлылығын дамытудағы әдістемелік қызметтің ролі.
«Қазақстан Республикасының жаңа формация педагогінің үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасында» жаңа қоғам мұғалімін «рухани адамгершілігі жоғары,азаматтық жауапкершілігі мол,белсенді, жасампаз, рефлексияға қабілеті басым,экологиялық білімді,шығармашыл тұлға,өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі көрсетуге ұмтылысы,әдіснамалық қалыптасуының жоғары деңгейін сипаттайтын әлеуметтік,тұлғалық, коммуникативтік,ақпараттық және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары маман» деп сипаттайды.
Сондықтан маманның кәсіби құзырлығының әлеуметтік және тұлғалық түрлеріне ерекше мән беріледі.Бұл үшін, біріншіден, ақпараттық қоғамда кез келген маманның іс-әректі күшейтіледі,екіншіден,білім парадигмасының өзгеруі кәсіби білім,біліктілік пен дағдыға маманның дайындығын қалыптастырудың,ойлаудың әдіснамасын дамытудың қажеттілігін көрсетеді,үшіншіден,ізгілікті және әлемдік интегративті үрдістер тенденциясы алдымен көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың қажеттілігін айқындайды.
Болашақ мамандардың кәсіби құзырлылығын қалыптастыру мәселесінің теориялық негізін айқындау «компетенция», «білімділік компетенциялар», «компетенттілік», «түйінді компетенция», «базалық компетенция» ұғымдарының бірлігі мен ерекшеліктерін қарастырумен тығыз байланысты.
«Компетенция» латын сөзі,аударғанда адамның жақсы хабардар мәселелер шеңбері және танымдық пен тәжірибеге ие болуы деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладан компетентті болу-осы салаға негіздемелік талдау жасау және ондағы тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретін лайықты білім мен қабілетке ие болу дегенді көрсетеді.
Әлемдік білім беру тәжірибесі компетенцияның төмендегідей салаларын айқындап берді:
-интеллектуалды және іс-әректтерден тұратын білімді біріктіру:
-нақтыланған білім беру мақсаты ретінде көріну:
-бір-біріне жақын мәдениет пен әрекеттердің біліктіліктері мен білімдерінің интегративті табиғатын сипаттау.
М.Чошанов кәсіби құзырлықты «кәсіби шеберлік деңгейі жүйесінде орындаушылық пен жетілдірушілік арасында аралық мәнге ие болуы» деп түсіндіреді.
Біріншіден,құзырлылық нақты жағдайда ұтымды қолдану үшін жаңа ақпаратты меңгеріп,үнемі білімді толықтыруды ұсынады.
Екіншіден,құзырлылық тек білімді меңгеруге ғана емес,білімге байланысты міндеттерді шешуге әлеуетті дайындықты көрсетеді.Сондықтан компетентті маман жағдайға байланысты сай келетін әдістерді қолдануы тиіс. Ал әдістердің икемділігі құзырлылықтың маңызды сапасы болып табылады.
Үшіншіден, компетентті адам сыни тұрғыдан ойлауды меңгерген болуы қажет.
Сонымен құзырлылық ұғымының мазмұны төмендегі негізгі белгілерден тұрады:
- білімнің жұмылдырылуы,білімді пайдалана білуі:
- әдістердің икемділігі:
- сыни ойлауы:
- шешімді қабылдау іскерлігі,біліктілігі.
Маманның кәсіби даярлық құрылымында арнайы,әлеуметтік және тұлғалық құзырлылықты қалыптастыру айқындалған. Оны төмендегі сызбадан көруге болады:
Кәсіби құзырлылық
арнайы | әлеуметтік | тұлғалық |
Өзінің мамандығына сәйкес білімі,біліктілігі,дағдысы,жаңа білім мен білікті өз бетімен меңгеру,өз еңбегінің нәтижесін бағалау,біліктілігінің болуы | Тіл туралы білімнің,коммуникативті мәдениетінің,топтың іс-әрекеке,басқаман ынтымақтастыққа қабілеттілігінің,өзінің іс-әрекетінің нәтижесіне,қоршаған ортасы мен құндылыққа дайындығының болуы | Өзін-өзі тану бойынша біліктілік,дағдысының,кәсібін үнемі жетілдіруге,өзін-өзі белсендіруге,рефлексияға,кәсіби іс-әрекет тұлғаның дамуына дайындығының болуы |
өзінің саласына | сұранысы бар | кәсіби маман |
Үстаз тұлғасының моделі
Кәсби шеберлік
1. Жаңашыл түрлендірулер мен шығармашылық қызметке дайындығы.
2 .Оқу-тәрбие үрдістеріне, балаларға жаңаша қарауды меңгерту.
3. Танымдық іс-әрекеттің мәдениеті.
4. Ледагогикалық үрдіс пен ой еңбегінің нәтижесіне обьективті талдау жасау.
5. Болжауға, жоспарлауға, диагностикалауға, мониторингілеуге қабілеттілік.
6. Зерттеушілік дағдыларының дамуы.
Тұлғалық қасиеттері
1. Жоғары азаматтық, белсенділік пен әлеуметтік жауапкершілігі.
2. Ізгілікке бағытталғандық, рухани қажеттіліктер.
3. Оқушыны тұлға ретінде тануға және сендіре білу қабілеттілігі, оның
күшіне деген сеніміне жәрдем жасай білу.
4. Зиялылық.
5. Қарым-қатынас жасау мәдениеті, сөйлеу мәдениеті.
6 .Жаңашылдық сезімі.
7. Эмоцианалды байсалдылық.
8. Жауаптылық, еңбек сүйгіштік.
Құзырлық (біліктілік)
1. Өзі оқытатын пән бойынша педагогикалық, психологиялық, теориялық
білімінің жоғары деңгейі.
2. Үздіксіз білім алуға деген қажеттілік.
3. Технологиялық білім мен білікті, бірлікті игеру.
4. Педагогкалық міндеттерді тиімді шеше білу.
5. Шығармашылық, шеберлік.
Өнімділігі
1. Педагогикалық мақсатты іс-әректтердің бірізділігінің көмегімен берілген
уақыт ішінде оқушылардың барлығына қатысты жоспарланған нәтижеге
жету.
2. Педагогикалық мәдениеттің жоғары деңгейі.
3 .Оқушылардың танымдық қызығуы мен интеллектуалдық біліктерін
дамыту.
Мектептегі әдістемелік жұмыстың ең негізгі міндеті-мұғалімнің мамандығын жетілдіру. Әр мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен мүмкіндігін айқындау, сабақтарына қатысып, жетістіктері мен кемшіліктерін көрсету, өзара сабақтарына қатысуын ұйымдастыру, сабақ жоспарларын жасауға және оны өз бетінше талдауға басшылық ету, жеке әңгімелер өткізу жұмыстарын ұйымдастыруды мұғалімнің іс-тәжірибесін, шеберлігін зертеу қорытындысы бойынша жасалған диагностикалық карта негізінде мұғалімдердің үш тобын анықтадық. Олар:
- шығармашылықпен жұмыс жүргізуді қажет ететін және сол деңгейде ізденетін мұғалімдер:
- шығармашылықпен ізденуге ынталы мұғалімдер:
- тәжірибесі аз-жас мұғалімдер.
Осылайша мұғалімнің даярлық деңгейін анықтау,біріншіден,әдістемелік жұмысты тиімді ұйымдастыруға әсерін тигізсе,екіншіден,берілетін тапсырма әр мұғалімнің шеберлігіне, ізденісіне қарай бөлінеді. Мамандықты жетілдіру үш бағытта жүргізіледі:
- тәжірибесі аз мұғалімдер - жас мұғалімдерге жекелей, топтық көмек көрсету және әдістемелік жеке тапсырмаларды орындауға тарту жұмыстарын жүргізетін «Жас мұғалімдер мектебі» жұмысын ұйымдастыру:
- педагогикалық шеберлік мәселелерін жетілдіруге баулу жұмыстарын жүргізу, ол үшін пән әдістемелік бірлестіктерінің жұмыстарын күшейту:
- оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін игеру, озат тәжірибені қорыту мен тарату, жаңашылдар тәжірибесін өз мүмкіндіктеріне қарай пайдалануда «Мектеп оқушыларының өзін-өзі дамытуына жағдай жасау мақсатында оқытуды ұжымдық түрін қолдану мәселесі» тақырыбындағы «шығармашылық топ» мұғалімдерінің жұмысын ұйымдастыру.
Қазіргі таңда біздің мектептің әдістемелік жұмыстың мақсаты- «жаңа инновациялық технологияларды іс-тәжірибеде тиімді қолдана алатын мұғалім дайындау» тақырыбына негізделген.
Мектептің әдістемелік құамына 6 пән бірлестігі және класс жетекшілерінің бірлестігі кіреді.Барлық әдістемелік жұмыстарды мектептің әдістемелік кеңесі басқарады.Ұйымдастырылған әдістемелік жұмыстар мұғалімдердің білімін, кәсібтік деңгейін, шеберлігін жетілдіру жолдарын жүзеге асырады. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру және шығармашылық пен жұмыс істеу бағытында әдістемелік кеңестің жанынан «Ізденімпаздық шығармашылық орталығы» құрылған. Орталық 4 шығармашылық топтан тұрады.
Олар: «Жедел жәрдем», «Іскерлік», «Озат тәжірибені жинақтау» және «Жаңашыл шығармашылық».
«Жедел жәрдем» жас мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетуді, тәлімгерлер мен жас ұстаздар арасында байланыс, өзара сабаққа қатысу, жас мамандар үшін дәстүрлі емес ашық сабақтар, семинарлар, пікірталас өткізуді жүзеге асырады.
«Іскерлік» тобы ұстаздардың ғылыми- әдістемелік жұмысқа дайындық деңгейлерін анықтау, директорлық бақылау кесіндісі, тест, сыныптардың оқу деңгейі,оқу техникасын тексеру нәтижесін шығару, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін бірлестіктер жүйесі арқылы дамыту, оқушылардың қалыптасқан білім деңгейін анықтау жұмыстарын қорытындылайды.
«Озат тәжірибені жинақтау» тобы жаңа технологияны оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдаланатын ұстаздардың тәжірибелерін жинақтап, аудан,облыс көлемінде насихаттау жұмыстарын жүргізу міндетін атқарады.
«Жаңашыл шығармашылық» тобы онкүндіктер мен семинарларды, жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдаланатын ұстаздарды анықтайды.
Нәтижесінде оқу-тәрбие жұмысындағы жаңашылдық іс-әрекетіміз, мүғалімдердің кәсіби шеберліктерін шындау, шығармашылық ізденістерін дамыту жұмыстарымыз өз жемісін беріп келеді. Оған біздің шәкірттеріміздің, ұстаздарымыздың аудандық, облыстық олимпиадаларда, іс-шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүргнеі айғақ. ҰБТ-ның қорытындысы бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған мектеп түлектерінің қатары да молая түсуде. Бұл тұста грант, несие үлесінен де құр алақан емеспіз.
Сөзімізді қорытындылай келе Білімді ұрпқ-білімді ұстаздан, білікті маманнан. Мектептегі қызмет атқарып жүрген мұғалімдердің кәсіби деңгейінің көтерілуіне, оның жаңа ұстанымға сай болуына, шығармашылықпен жұмыс істеуіне бүгінгі білім беру ісіндегі инновациялық процеске тікелей араласуына,бағдарлы білім беруде нәтижеге жетулеріне жағдай жасау – басқарушылық міндет.
Мектеп директоры әр мұғалімнің жаңа ізденістерін көріп, жетістіктерін бағалап, жеке тұлғаны қалыптастырудағы әр сәтті қадамын қолдау арқылы мұғалімнің жігеріне жігер қосуда.
Әрбір мұғалімнің кәсіби білімі мен біліктілігі үнемі жетілдіріп отыруын қадағалау- оқыту үрдісінің сапасын арттыруға, әсіресе, ұстаз беделінің жоғарылауына тікелей әсер етеді.