Оқу-тәрбие үрдісіндегі әлеуметтік-психологиялық қызметтің қалыптасуы

Нурмаханова Жанат Тажмухановна

 

"Оқу-тәрбие үрдісіндегі әлеуметтік-психологиялық қызметтің қалыптасуы" атты баяндама мектепішілік конференцияда талқыланды. Мектептегі психологиялық қызметке дұрыс әлеуметтік сұранысты қалыптастыру мақсатындағы міндет – педагогикалық ұжымды, оқушыларды және ата-аналарды психологиялық ағарту арқылы, сұраныс иелерін психолог жұмысының түрлерімен, бағыттарымен құқықтары және міндеттерімен таныстыру арқылы, бүкіл педагогикалық ұжымды психологиялық қызметтің жұмыс стратегияларын жасауға қатыстыру. Осы аталған баяндамада қарым-қатынастың кейбір психологиялық жақтарын ашуға тырыстық. Әрине, педагогикалық қарым-қатынас мәселесі қанша зерттелсе де, ол оқу-тәрбие үрдісінде өзекті мәселелердің бірі. Өйткені, оқу-тәрбие үрдісінің сапасы педагогикалық қарым-қатынастың дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуіне байланысты.  

 

 

 

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon bayandama.doc74 КБ

Предварительный просмотр:

Оқу-тәрбие үрдісіндегі әлеуметтік-психологиялық қызметтің қалыптасуы

  • Мектептегі психологиялық қызметке дұрыс әлеуметтік сұранысты қалыптастыру мақсатындағы міндет – педагогикалық ұжымды, оқушыларды және ата-аналарды психологиялық ағарту арқылы, сұраныс иелерін психолог жұмысының түрлерімен, бағыттарымен құқықтары және міндеттерімен таныстыру арқылы, бүкіл педагогикалық ұжымды психологиялық қызметтің жұмыс стратегияларын жасауға қатыстыру

Психологиялық қызмет міндеттері

  • Баланың жас ерекшелігіне сәйкес тұлғалық және интеллектуалдық даму, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту қабілеттерін қалыптастыруына ықпал ету;
  • Психологиялық-педагогикалық зерттеу негізінде әр балаға жеке қарым-қатынасты қамтамасыз ету;
  • Баланың интеллектуалдық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды жеңу және олардың алдын алу.

Баланың қарым-қатынас жүйесі

Психолог, бала, ата-ана, педагог

Оқушылармен жұмыс

  • Оқушының мектепке қалыптасуы
  • Үлгермеушілермен жұмыс
  • Оқушылармен қарым-қатынас
  • Ата-анасымен қарым-қатынас
  • Мұғалімдермен қарым-қатынас
  • Баланың қиын кезеңдерімен жұмыс
  • Дарынды баламен жұмыс
  • Сол қолмен жазатын балалар
  • Тәртібі нашар балалар
  • Сынып ұжымындағы психологиялық ахуал
  • Кәсіби бағдарлау жұмысы

Ата-аналармен жұмыс

  • Жанұялық тәрбие стилін анықтау
  • Ата-аналардың тұлғалық ерекшеліктерін айқындау
  • Олардың балаға қарым-қатынасын зерттеу
  • Психологиялық ағарту және профилактика (дәріс, әңгіме, әдебиеттер ұсыну)
  • Түзету және дамыту жұмыстарына қатыстыру

Педагогтармен жұмыс

  • Тұлғаның психодиагностикасы
  • Психологиялық ағарту жұмысу
  • Тесттер ұсыну
  • Сынып сағатына, ата-аналар жиналысына психологиялық құралдар таңдауға көмектесу

Жұмыс бағыттары

  • Профилактикалық жұмыс
  • Зерттеу жұмыстары
  • Дамыту және түзету жұмыстары
  • Кеңес беру
  • Ағартушылық жұмыс
  • Сараптамалық жұмыс

Психологиялық диагностика –баланың психологиялық статусын анықтау

  • Психикалық даму ерекшеліктері
  • Бала тұлғасы, мінезі, темпераменті
  • Жалпы үлгірімі
  • Интеллектуалдық дарындылығы
  • Қабілеттері және бейімділігі
  • Мектепке қалыптасуы
  • Оқуға қызығушылығы
  • “Қиын топпен” жұмыс

Қазіргі уақытта біздің ең негізгі мәселеміз - ол жасөспірім тағдырының қиындығы, яғни қиын балалардың тәрбиесі.Қазірде қиын балалар саны едәуір өсіп бара жатқанын көруге болады. Әрине қиын балалардың пайда болуы көптеген себептерге байланысты.

Қиын балалармен жұмыс

           Психологтар мен педагогтардың зерттеулері бойынша қиын баланың шығуына үш фактор себепші болады екен:

Біріншіден, бұған қоғамдық жағдай мен өмірдегі тұрмыс жағдайы себепші болады.

 Екіншіден, балалардың мінез-құлқындағы жағымсыз ерекшеліктері мен психикасының өзгеше қалыптасуынан  немесе  қалыпты нормадан ауытқуы.

Үшіншіден, педагогикалық тәрбиенің дұрыс болмауы.

          Қиын балаларды қалай тәрбиелеуге болады?

          Қиын балада үнемі жақсы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі, оқуы, өсуі қажет. Сонда балада жағымды "МЕН" бейнесі қалыптасады, өзіне деген сенімділігі, өзіндік сезімі туады. Мұндай "МЕН" бейнесі кез келген баланың жақсы жағдайда нәтижеге жетуіне, дұрыс дамуына мүмкіндік береді.

Қиын баланы болдырмау жолдары:

 біріншіден, мұғалім терең білімді,жауапкершілікті жете түсінетін, сабағын жан-жақты даярлану арқылы саналы, тиімді қызғылықты етіп өткізсе, оқушылар сабаққа зейін аударады да , басқа нәрсеге көңіл бөлмейді.

Екіншіден, оқушының әрбір тәртіпсіздігі мен себебін анықтап көзжеткізіп алып барып, шара мен жазаны соған лайықтап қолдану керек.

Үшіншіден, мұғалім шыншыл, әділетті болуы керек.

Төртіншіден, ұстаз кекшіл болмай, кеңпейілді, кешірімді, мейірімді, сабырлы , ұстамды болғаны жөн.

"Қиын бала" тәрбиесінде мына жайттарды ескерген жөн:

          1. Психологиялық түзету кезеңінде төзімділік қажет.

          2. Баланың ішкі дүниесі мен қылықтарын, іс әрекеттерін

              білу керек.

          3. Мейірім мен сүйіспеншілік екі жақты да адамдық сипатқа    

              жеткізетінін ұғыну керек.

          4. Жан жылуын зәруліктен құтқару, бала құқығымен санасу.

          5. Жеке тұлға ретінде дамуына  ықпал ету  жағын ескеру  

              қажет.

         Осы жайттарды ескере отырып тәрбиеленуі қиын баланың  әрқайсысына әр түрлі қатынас жасап, оларды жеке-жеке зерттеулер жүргізіп, кеңес беріп  жүйелі жұмыс жүргізу қажет.

Бұл қиындықты шешудің негізгі бірден-бір жолы:

-  отбасындағы ізгілікті қарым-қатынастарды орнату;

-  олардың, көшедегі жолдастарымен жағымсыз байланыстарын үзу;

-  тұрақты мектебін ауыстыру;

-  ата-ана, мектеп инспекция қызметкерлерінің күшін біріктіре отырып ,

    көшенің жолдастарының теріс ықпалдарынан бөліп әкету қажет.

-  қиын баланың бағдарын , мақсаты мен міндетін қайта құру.

Мектептегі нерв жүйесі нашарлаған қиын балалармен тәрбие жұмысын жүргізу көптеген қиындықтар туғызады. Өйткені, әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктері мен қатар, сырқаттарына байланысты өзгешеліктері бар. Ескеретін мәселелердің, бірі

Қиын оқушыларды тәрбиелеу процесіндегі әдістік- тәсілдерді әдістемелік жағынан қолданудағы тәрбиелеу жүйесінің кезеңдері:

  • дайындық кезеңі; анықтау;
  • екінші кезең – қиын оқушылар мен көшедегі жора- жолдастары арасындағы байланыстырудың дәрежесін тереңдігін анықтау;
  • Үшінші кезең өзгеріс кезеңі. Көптеген қиын оқушылардың ішкі жан дүниесінде өзгерістер бола бастайды. Жеткіншіліктердің мінезіндегі теріс қылықтарды анықтау.  

Мұғалім мен оқушы қарым-қатынас мәселесі бұл әлеуметтік психологияның  негізгі проблемалары. Шығыс елдерінде қарым-қатынас шешендік өнер яғни риторика бағытында кеңінен қолданылады.

Мұғалім мен оқушы қарым-қатынас мәселесі

Психологиялық тұрғыда қарым-қатынас күрделі жан-жақты процесс болғандықтан, ол 3 аспектіде (коммуникативтік, интерактивтік, перцептивтік) қарастырылады.Аталған 3 аспектінің мазмұны – қарым-қатынас – бұл адамдардың бір-бірін тануы, араласуы және хабар беріп, хабар алмасуы. Білім берудің қай сатысында болмасын мұғалім оқушымен, оқушы мұғаліммен тікелей және кері қарым – қатынаста болады. Өйткені оқыту мен білім беру үрдісінде мұғалім үйретуші, бағыттаушы, басұарушы, тәрбиелеуші т.б. рөлді атқарса, оқушы – білім алушы, қабылдаушы, іс - әрекетке араласушы болып қарым-қатынасқа түседі.

 Мектеп оқушыларымен жұмыс істейтін мұғалімдер вербальды (сөз), вербальды емес (ым,ишара) қарым-қатынастың түрін пайдаланады. Қарым-қатынастың қай түрі болмасын, ол мұғалімнің шеберлігіне, тәжірибесіне байланысты деп айтамыз.

Тәжірибеге және психологиялық зерттеулерге сүйенсек жалпы оқушылармен қарым-қатынасқа түсіп жүрген мектеп мұғалімдерді екі топқа (балалармен қарым-қатынас жасауы оңай және балалармен қарым-қатынас орнату қиын) бөлуге болады.

Бірінші топтағы мұғалімдер қай жастағы оқушылармен болмасын қарым-қатынасқа оңай түседі.Оның себептері:

  • өз сыныбындағы әр баланың психологиясын жетік білуі;
  • баланың ішкі жан дүниесін оятатындай жылы сөздер айтуында;
  • мұғалімнің этикасы мен психологиясының дұрыс қалыптасуында;
  • мұғалім сөзінің тәртіптілігінде, жүйелілігінде, анықтығында, нақтылығында;
  • оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімнің бірнеше қарым-қатынастың түрлерін пайдалана білуінде.

Екінші топтың мұғалімдері оқушылармен қарым-қатынасқа түсуі қиын.Оның себептері қарама-қарсы. Оның себептері:

  • авторитарлық стильді пайдалануы;
  • оқушыларға салқындық танытуы;
  • әлеуметтік жағынан бөлуі;
  • іс-әрекет, ойын, сөзін әділ бағаламауы;
  • бала бойынан үнемі кемшіліктер іздеуі, оны жариялауы. Әлеуметтік психология ғылымында «Мұғалім - оқушы», «Оқушы - мұғалім», «Балалардың өзара қарым-қатынасы» және қарым-қатынас барысында болатын қиындықтар біршама зерттелінген.

Оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасауда кедергі келтіретін аталмыш қиындықтардың пайда болуының өзіндік себептері:

  1. Қазіргі балалардың көпшілігі акселераттар. Психикасы тез дамыған балалар сұрақ қойғыш, тез қозғалғыш, бәрін білгісі келіп қарым-қатынасқа түсіп отырады.Бұндай топтың балаларын кейбір мұғалімдер тежейтіні жасырын емес.
  2. Оқу үрдісінде кейбір мұғалімдер тек өздері сөйлеуді ұнататындығы жасырын емес. Уақытты пайдаланам деп, оқушының ойымен, пікірімен санаспайды.
  3. Оқушылардың іс-әрекеттерін әділ бағаламау – жиі кездесетін құбылыс. Осының салдарынан мұғалім мен оқушы қарым-қатынасында дау - жанжал болып жатады.  

Осы және өзгеде қиындықтарды жоюдың бірден-бір жолы:

  • әр жастағы оқушылардың өзіне тән психикалық ерекшеліктерін ескере отырып қарым-қатынас орнату;
  • мұғалім өзінің жағымсыз көңіл-күйін болдырмау;
  • қарым-қатынаста педагогикаға жат сөздер айтпау;
  • бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау;
  • қарым-қатынаста дау-жанжалға жол бермеу;
  • сұхбаттасуда жеке оқушының пікірін сыйлау;
  • қиын, қыңыр, қырсық оқушылармен жеке-дара қарым-қатынас орнатып, олармен тіл табысу. Оның бірден-бір жолы – психологиялық ойындар, тренингтер т.б.;
  • қарым-қатынаста мұғалім оқушыға, оқушы мұғалімге сену;
  • қарым-қатынас сезімдік, танымдық, іскерлік болу қажет.

Қарым-қатынаста кездесетін қиыншылықтарды осы және өзге де  жолдар арқылы жеңе отырып, мұғалім қарым-қатынастың 3 функциясын орындайды.

  1. Мұғалім қарым-қатынаста оқушыны жеке түлға ретінде дамыту (психологиялық);
  2. Оқушыны әлеуметтік ортаның, қоғамның мүшесі ретінде тәрбиелеу (әлеуметтік);
  3.  Қарым-қатынас тек адамдар арасында ғана емес, ол қоршаған дүниемен, табиғатпен байланысты екенін оқушының санасына ұқтыру.

Қорытынды қарым-қатынастың кейбір психологиялық жақтарын ашуға тырыстық. Әрине, педагогикалық қарым-қатынас мәселесі қанша зерттелсе де, ол оқу-тәрбие үрдісінде өзекті мәселелердің бірі. Өйткені, оқу-тәрбие үрдісінің сапасы педагогикалық қарым-қатынастың дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуіне байланысты.