Талаптыға нұр жауар 8-сабақ
Адамдардың алдына қойған мақсатын, табиғи дарындылығын, қабілетін жетілдіруде ізденуге, талаптана білуге үйрету дұрыс әрекет ету құндылығынан туындайтыны туралы түсінік беру.
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
sabak_zhospary_8-sabak_8_kl_talaptyga_nur_zhauar_-_kopiya.docx | 26.27 КБ |
Предварительный просмотр:
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп №1 орта мектеп
Мерзiмі: 23.10.2014 жыл.
№ 8 - сабақ
Тақырыбы: Талаптыға нұр жауар
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттері: ізгілік,қабілеттілік, адамгершілік.
Мұғалiм: Нурмаханова Жанат Тажмухановна.
Класс 8 Оқушылар саны 23
Сабақ мақсаты Адамдардың алдына қойған мақсатын, табиғи дарындылығын, қабілетін жетілдіруде ізденуге, талаптана білуге үйрету дұрыс әрекет ету құндылығынан туындайтыны туралы түсінік беру. Міндеттері: - оқушыларды еңбекқорлыққа үйрету; - оқушылар бойындағы табиғи дарындылығын дамыту; - төзімділікке тәрбиелеу. | Ресурстар: оқулық, дәптер (аудио,видео жазбалар) |
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару. 5Т 2.Тыныштық сәтi. «Орманға ойша серуен» (5 мин) 3.Үй тапсырмасын тексеру: Тапсырма : 7-сабақ, М.Иманжановтың 34-беттегі «Талап» әңгімесін оқу. Фарузаның сабаққа жауап бере алму себебі неде? Фаруза қандай оқушы? Фарузаның әрі қарай талаптануына не себепші болды? Талаптану адамға не үшін қажет? Талаптанудың адам өміріне септігі қандай? Талаптануда қандай қасиеттер шыңдалады? | Сабақ барысын талдау: |
Қлт тағдыры қалай көгермек? 2-рет ер балаларға, 2- рет қыз балаларға айтқызу. Барлығы бірге айту. | |
4.Әңгiмелеу. Мұғалімнің сыйы «Қабілеттілік және өсуге деген ұмтылыс» Бір күні шәкірттері ұстазынан, оның ең негізгі міндеті қандай екенін сұрапты. Данышпан күліп қана: — Бұл туралы ертең білесіңдер, - деген екен. Келесі күні шәкірттер уақыттарын таудың етегінде өткізуге жиналады. Таңсәріден шәкірттер жолға керекті заттарын жинап, жолға бірге аттанады. Түске таман, шаршаған және қарындары ашқан олар әдемі бір төбешікке жетеді де, тынығу үшін тоқтайды, ұстаз өзімен бірге алып шыққан күрішпен, тұздалған көкөністермен тамақтануға шешім қабылдайды. Мынаны ескерген жөн, данышпан көкөністі аямай тұздаған болатын, біраз уақыттан кейін шәкірттер су ішкісі келді. Бірақ, өкінішке орай, өздерімен алып шыққан су бітіп қалған. Сонда шәкірттер биіктікке көтеріліп жан-жақтан бұлақ іздей бастайды. Тек ұстаз ғана орнынан қозғалмады, ізденіске қатыспады. Нәтижесінде шәкірттер бұлақты таба алмай, кейін оралуға бел буған болатын, сол уақытта данышпан көтеріліп және оларға жақындап былай деді - Сіздер іздеген бұлақ анау төбенің артында орналасқан. Шәкірттер ол жаққа қуана асықты, бұлақты тауып және шөлдерін басты, ұстаздарына бұлақтан су алып, қайта оралды. Ұстаз аяқ астындағы ыдысты көрсете отырып, судан бас тартты. Өйткені ол суға толы болатын. Неліктен сізде су бола тұрып, бізге ішуге бермедіңіз? - деп таңданды шәкірттері.Мен өз міндетімді орындадым, - деп жауап берді данышпан. Әуелі мен сендердің аңсауларыңды ояттым, содан сіздер бұлақты іздеуге мәжбүр болдыңдар, Міне осылай ша мен сендердің білімге деген құштарлықтарыңды оятамын.Сосын сіздер күдер үзген кезде, мен сендерді қолдай отырып, бұлақ қайда орналасқанын көрсеттім. Бірақ өзіммен біраз су алып, қалаған нәрселер аяқ астында, қастарыңда болуы мүмкіндігін үлгі ретінде көрсеттім. — Сонда мұғалімнің ең басты міндеті құштарлықты ояту үшін қолдау мен дұрыс үлгі көрсету ме?– деп сұрады шәкірттері ұстазынан. .- Жоқ, ең басты міндетім - шәкірттерді адамшылдық пен мейірімділікке тәрбиелеу, - деп күлімсірей жауап бере отырып, Сөзін былай деп жалғастырды,сендер әкелген су ол менің міндетімді дұрыс орындағанымды білдіреді - деді данышпан. Шәкірттері ұстаздарына қандай сауал қойды? Ұстаз шәкірттерімен бірге жолға аттануының себебі неде? Қстаздың өз міндетін суға теңеудің сыры неде? Ұстаз жауабы қандай болды? Қабілеттілік қасиеті қалай шыңдалады? Адам өсу жолында қандай қасиеттер дамып, жетіледі? Талаптанудың адам өміріне маңыздылығы неде? | |
6. Шығармашылық жұмыс, жеке жұмыс. Оқушыларға «Талап пен ақыл» өлеңін оқып, өздеріне қажетті қасиеттерді іріктеп алып, «Талаптыға нұр жауар» тақырыбында шығарма жазу. | |
7.Топпен ән айту. Балдәурен Сөзі: Ш.Сариев, Әні:Е. Слетдинов 1.Балдәурен көктем, асығып жеткен, Шағала күндер. Базарлы маусым, шырқалған даусым, Тамсанып әсем. Балауса балғын, көк майса шалғын, Барады күндер. Тербеліп билеп, жайқалып билеп, Ән салып әсем. Қайырмасы: Балдәурен, бақытты ән дәурен, Келеді қанатын самғаумен. Көңілдің ұшырып, аққуын, Балауса, бал бұлақ, бал дәурен. 2.Жаныма жылы, жүрекке ыстық, Көңілге сұлу. Тоя ма көзің, балдәурен кезің, Бақыт-ау, бақыт? Даламдай дархан, тауымдай биік, Өмірге сұлу. | |
8. Үй тапсырмасы Дәптердегі 8-сабақ, 17-беттегі 2-тапсырманы орындап келу. 9-сабақ, «Кешірімділік – көңіл кеңдігі» ой толғау жазу. | |
9. Соңғы тыныштық сәтi - Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші. - Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық. - Енді көздеріңді аша қойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін! |