Талаптыға нұр жауар 7-сабақ
Адамдардың алдына қойған мақсатын, табиғи дарындылығын, қабілетін жетілдіруде ізденуге, талаптана білуге үйрету дұрыс әрекет ету құндылығынан туындайтыны туралы түсінік беру.
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
sabak_zhospary_7-sabak_8_kl_talaptyga_nur_zhauar.docx | 28.04 КБ |
Предварительный просмотр:
Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп №1 орта мектеп
Мерзiмі: 16.10.2014 жыл.
№ 7- сабақ
Тақырыбы: Талаптыға нұр жауар
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттері: еңбекқорлық, табиғи дарындылық, төзімділік.
Мұғалiм: Нурмаханова Жанат Тажмухановна.
Класс 8Оқушылар саны 23
Сабақ мақсаты Адамдардың алдына қойған мақсатын, табиғи дарындылығын, қабілетін жетілдіруде ізденуге, талаптана білуге үйрету дұрыс әрекет ету құндылығынан туындайтыны туралы түсінік беру. Міндеттері: - оқушыларды еңбекқорлыққа үйрету; - оқушыларбойындағы табиғи дарындылығын дамыту; - төзімділіккетәрбиелеу. | Ресурстар: оқулық, дәптер (аудио,видео жазбалар) |
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару. 5Т 2.Тыныштық сәтi. (баяу музыка Волшебная Композиция Хрустальная Грусть) «Орманға ойша серуен» (5 мин) 3.Үй тапсырмасын тексеру: Тапсырма : 7-сабақ, 32-беттегі «Өшпес із» әңгімесін оқу. Жас жігіт әкесіне қандай қуанышты хабар жеткізді? Жас жігіт өзіне қандай талаптар қойды? Әкесі неліктен баласының талабына қанағаттанбады? «Артынан өшпестей із қалдырған» деп кімдерді айта аласыңдар? Адам талаптанғанда қандай қасиеттерге сүйенуі керек? Талаптанудың адам өмірінде алатын орны қандай? Талаптану адамға қандай мүмкіндіктер береді? | Сабақ барысын талдау: |
Қандай әрекет мақсатқа қол жеткізеді? 2-рет ер балаларға, 2- рет қыз балаларға айтқызу. Барлығы бірге айту. Дәптерге жазып алу. | |
4.Әңгiмелеу. Мұғалімнің сыйы Алынбайтын асу жоқ Д.Аленнің шығармасынан Сен көз тастаған жер – ол сенің мақсатың. Сол жерге туыңды тігіп, ордаңды құр. Ол үшін рухани әрі дене қуатыңды сол мақсатқа сарқа жұмса. Сен аңсаған бақыт – сенің арманың. Оған қол жеткізу – жетістігің. Ал жетістік өздігінен келмейді. Оның кілті: талап және еңбек. Не істесең де мақсатың мен арманыңнан айныма. Ісің ойдағыдай істелсін, жұмысың жоспарлағандай атқарылсын, тілегің мұрат етілгендей орындалсын. Сонда жетістікке жетесің. Қолға алған ісіңе үлкен жауапкершілікпен қара. Істеген істерің тыңғылықты әрі тындырымды болсын. Немқұрайдылық пен мұңсыздық жетістіктің екі дұшпаны. 6слайд Білім мен біліктілік – жетістіктің ең сүйікті досы, «Білекті бірді, білімді мыңды жығатынын» біл. Өмірге көзқарасың мен ниетің қандай болса, жеткен биігің де сондай болмақ. Өмірде жақсы мен жаман қатар жүреді. Сен жақсылардың ізімен жүр адаспайсың. Бірақ жолдың шегіне жеткенде тоқтап қалма, оны ары қарай жалғастыра біл. Сен де өкшеңді басатын өзгелерге жол сал. Жетістіктер асқан қиыншылықтармен келеді. Оңайлықпен табысқа жетем деу бос әурешілік. Жағдайың болмаса да, қаражат тапшылығын көрсең де мойыма. Соңынан әйтеуір бір жақсылық көресің. Сені жетістікке жетелейтін сенен басқа ешкім емес. Өзіңе деген сенім сені барлық белестерден алып шығады. Алынбайтын асу жоқ! Жетістік тек оза шауып бәйге алуда емес, адамдық қасиетіңді жоғалтпауда жатыр. Әуелі адам деген атқа лайық бол, жетістігің адамдығыңмен өлшенсін. Жетістікке жетудің кілті неде? Жетістікке жету үшін адам қандай қасиеттер мен дағдыларды сіңіруі керек деп ойлайсыңдар? «Білекті бірді, білімді мыңды жығатынын» біл деу сөзінің мәні неде? Жетістіктің ең сүйікті достары нелер деп ойлайсыңдар? «Талаптыға нұр жауар» сөзінің мәні неде? Адам қандай қасиеттерді өзі дамытып, жетілдіреді? | |
6. Шығармашылық жұмыс, жеке жұмыс.Оқушыларға өлең құрастыру тапсырмасы беріледі. Оқушыларға төмендегідей тақырыптар ұсынылады. | |
7.Топпен ән айту.БалдәуренСөзі: Ш.Сариев, Әні:Е. Слетдинов 1.Балдәурен көктем, асығып жеткен, Шағала күндер. Базарлы маусым, шырқалған даусым, Тамсанып әсем. Балауса балғын, көк майса шалғын, Барады күндер. Тербеліп билеп, жайқалып билеп, Ән салып әсем. Қайырмасы: Балдәурен, бақытты ән дәурен, Келеді қанатын самғаумен. Көңілдің ұшырып, аққуын, Балауса, бал бұлақ, бал дәурен. 2.Жаныма жылы, жүрекке ыстық, Көңілге сұлу. Тоя ма көзің, балдәурен кезің, Бақыт-ау, бақыт? Даламдай дархан, тауымдай биік, Өмірге сұлу. | |
8. Үй тапсырмасы Дәптердегі 7-сабақ, 16-беттегі 1-тапсырманы орындап келу. 8-сабақ, 34-беттегі М.Иманжановтың «Талап» әңгімесін оқу. | |
9. Соңғы тыныштық сәтi -Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші. -Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық. -Енді көздеріңді аша қойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін! |