Мінез-адам көрсеткіші 14-сабақ

Нурмаханова Жанат Тажмухановна

 

Адам мінезінің көркемдігі оның ішкі тыныштығынан туындайтындығы туралы түсініктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

- оқушыларға ой тазалығының мәнін ұғындыру;

- ұстамдылық қасиеттерін дамыту;

- қарапайымдылыққа тәрбиелеу.

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл 14-sabak._9a_kl_minez.docx28.49 КБ

Предварительный просмотр:

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп №1 орта мектеп

Мерзiмі: 11.12.2014 жыл.

№ 14- сабақ

Тақырыбы: Мінез – адам көрсеткіші

Құндылық: Ішкі тыныштық.

Қасиеттері: ой тазалығы, қарапайымдылық, өз-өзін құрметтеу

Мұғалiм: Нурмаханова Жанат Тажмухановна.

Класс 9 Оқушылар саны 29

Сабақ мақсаты

Адам мінезінің көркемдігі оның ішкі тыныштығынан туындайтындығы туралы түсініктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

- оқушыларға ой тазалығының мәнін ұғындыру;

- ұстамдылық қасиеттерін дамыту;

- қарапайымдылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

оқулық, дәптер

(аудио,видео жазбалар)

Сабақ барысы:

 1.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу.

 Оқу құралдарына назар аудару. 5Т

2.Тыныштық сәтi.

(баяу музыка Волшебная Композиция Хрустальная Грусть)

«Күннің нұры» (5 мин)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

3.Үй тапсырмасын тексеру:

Тапсырма :

Дәптердегі 13-сабақ, 23- беттен 1-тапсырманы орындап келу.

14-сабақ, 70-беттегі  М.Тиесовтың  «Дән мен тас» ертегісін оқу.

Сұрақтар:

Тасты мейірімділікке кім үйретті?

Дәнді адамдарға теңестірудің себебі неде?

Неліктен «Мінез - адам көрсеткіші» болады деп ойлайсыз?
 Адамның жақсы мінезіне нелер жатады?

Адам өз мінезін қалай өзгерте алады?

Жақсы  адамдар қандай адамдар?

Сабақ барысын талдау:

  1. 4. Дәйексөз

«Сыртқы әлем – адамның ішкі әлемінің бейнесі»

                                                                      Лао Цзы

Сыртқы әлем адамның ішкі әлемінің бейнесі болуының себебі неде?

2-рет ер балаларға,  2- рет қыз балаларға айтқызу.

Барлығы бірге айту.

Дәптерге жазып алу.

5.Әңгiмелеу. Мұғалімнің сыйы

Шегенің ізі

(аңыз әңгіме)
Мінезі жаман бір жас жігіт болса керек. Ешкім оны түзей алмапты, қателігін айтқан сайын ызалана түсіпті. Бір күні әкесі оған іші шегеге толы бір жәшік беріп: «Маңайындағы достарыңмен әр жанжалдасып қалған сайын тақтайға бір – бір шегеден қағып отыр», - деп табыстапты.
Алғашқы күні – ақ баласы тақтайға көп шеге қағып, табыстапты. Келесі күндері де аз болмапты. Осы қарқынымен, әлгі тақтайды толтыруға аса көп уақыт жұмсамапты. Тақтайдың толғанын көргенде әкесі оған: «Енді сол достарыңмен жеке – жеке татулас. Әр татуласқан сайын бір шегеден суырып отыр», - дейді.

Біраз күндер өтіпті. Бір күні қараса, қағылған бар шеге суырылып біткен екен. Сонда оны сырттай бақылап жүрген әкесі баласын тақтайдың алдына ертіп әкеліп: «Балам, жарайсың, жарадың, - депті, - алайда мына тақтайға жақсылап тұрып қарашы? Шегелерді суырғанда қалып қойған орындарын, қарайған көп тесікті көріп тұрсың. Тақта әуелгісіндей таза қалпында, әдемі болып қалмады. Достарыңмен төбелескен сайын арада жаман сөздер айтылады. Әр реніш сөз көңілде мына шегенің орны тәрізді бір – бір дақ қалдырып отырады, сондықтан ешкімнің көңіліне кірбің ұялатпағайсың, балам», - деген екен ұлын сабырға шақырып, өмірлік ұмытылмас сабақ ұқтыра.
Иә, реніш артынан риясыз кешірілсе жақсы, әйтпесе, көп жағдайда жан сыздатар, еске түскен сайын көңілді қаралап, жанды жаралайтын із тастап кететіні, ащы да болса ақиқат.

«Алдыңа келсе, атаңның айыбын кеш» деген бабаларымыз әрқашан кешірімді негіз етіп ұстаған. «Бір ашуыңды маған бер», «Тентегімді жөнге салуды өзіме қалдыр», «Бір білместік өтті», егер бала болса

«ісінің шалалығы» деп, жас болса «жастық шақта кімнің басынан не өтпейді» деп, үлкен кісі болса «жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ бола ма» деген секілді сөздермен әйтеуір екі жақты өз рәуішінде бітістіруге, араларын татуластыруға, артын тым ушықтырмауға тырысқан.

Сұрақтар:

Әкесі баласына қандай кеңес айтты?

Баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді байқадың?

Бала өз мінезін қалай түзеді?


Адамның жан дүниесінің ішкі тыныштығы қай кезде орнайды?

Әлемнің тыныштығы неден бастау алады?

6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында эссе жазу

Оқушылар өз ойларын айтады.

7.Топпен ән айту.

  Ертеңіме сенемін!

Сөзі: Серік Ибрагимов әні: Әли Окапов

Өмірімнің мәні - өлеңім,

Жайқалған нұр жасыл желегім.

Мен өміріме, өлеңіме

Сенемін, сенем...

Жайқалған нұр жасыл желегім,

Ертеңім деп табар қорегім.

Мен ертеңіме, ертеңіме

Сенемін, сенем...

Сенемін,

Бақытқа бастайтын жолға,

Арманым жетелер алға,

Тағдырдың тезіне көнемін, көнем...

Көнемін,

Ыстығы, суығы қатар,

Жаныма аяздай батар,

Ғажайып ертекке ертеңгі сенем...

Еркемін мен, ойлар ертеңін

Мәңгіліктің жырын өркеп ем

Мен жырларыма, нұр бағыма

Сенемін, сенем...

Өлмесін деп жаяр өркенім,

Өмірімнің күйін шертемін

Ертеңім - менің ертегім,

Ертеңіме сенем...

Сенемін,

Бақытқа бастайтын жолға,

Арманым жетелер алға,

Тағдырдың тезіне көнемін, көнем...

Көнемін,

Ыстығы, суығы қатар,

Жаныма аяздай батар,

Ғажайып ертекке ертеңгі сенем

8.Үй тапсырмасы

Дәптердегі 14-сабақ, 24- 25 –беттегі  2,3-тапсырманы орындап келу.

15-сабақ, 78-беттегі Зейін Шашкин «Темірқазық» ертегісін оқу.

9. Соңғы тыныштық сәтi

-Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

-Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

-Енді көздеріңді аша қойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!