Мінез – адам көрсеткіші 13-сабақ

Нурмаханова Жанат Тажмухановна

 

Адамның мінез көрсеткіші ішкі тыныштық құндылығынан туындайтыны туралы түсінік беру.

Міндеттері:

- оқушыларды сабырлылыққа үйрету;

- оқушылар бойындағы ұстамдылық қасиеттерін дамыту;

- сенімділікке тәрбиелеу.

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл 13-sabak._9a_kl_minez.docx31.07 КБ

Предварительный просмотр:

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп №1 орта мектеп

Мерзiмі: 04.12.2014 жыл.

№ 13- сабақ

Тақырыбы: Мінез – адам көрсеткіші

Құндылық: Ішкі тыныштық.

Қасиеттері: сабырлылық, ұстамдылық, сенімділік

Мұғалiм: Нурмаханова Жанат Тажмухановна.

Класс 9 Оқушылар саны 29

Сабақ мақсаты

Адамның мінез көрсеткіші ішкі тыныштық құндылығынан туындайтыны туралы түсінік беру.

Міндеттері:

- оқушыларды сабырлылыққа үйрету;

- оқушылар бойындағы ұстамдылық қасиеттерін дамыту;

- сенімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

оқулық, дәптер

(аудио,видео жазбалар)

Сабақ барысы:

 1.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу.

 Оқу құралдарына назар аудару. 5Т

2.Тыныштық сәтi.

(баяу музыка Волшебная Композиция Хрустальная Грусть)

«Күннің нұры» (5 мин)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.  

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.  

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз...  

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.  

3.Үй тапсырмасын тексеру:

Тапсырма :

«Сабыр түбі-сары алтын» ой толғау жазуға берілді.

Ішкі дауысымызды қай уақытта тыңдай аламыз?

Адам бойындағы ішкі тыныштық қандай қасиеттер арқылы орын алады?

Сабақ барысын талдау:

  1. 4. Дәйексөз

Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты.
Әл-Фараби

Неліктен жақсы мінез арқылы бақытқа жетуге болады?

2-рет ер балаларға,  2- рет қыз балаларға айтқызу.

Барлығы бірге айту.

Дәптерге жазып алу.

5.Әңгiмелеу. Мұғалімнің сыйы

«Бәрі өткінші» аңыз  (бейнеролик)

Ертеде Соломон деген хан өмір сүріпті. Ештеңеге қарамастан ол өте ақылды болады, бірақ оның өмірі өте тынышсыз өтеді. Бір күні хан сарай данышпанынан кеңес сұрауға шешім қабылдайды:

"Маған көмектесші,  көптегенадамдар кесірінен өзімді ұстай алмай қаламын, өз - өзімнен ашулануға мәжбүр боламын.

Бұл меніңөмірімді өте қатты қиындатады, мен осыданқорқамын.Данышпан бұған былай деп жауап берді: "Мен  саған қалай көмектесу керектігін білемін.Мына сақинаны тақ, онда «Бәрі өткінші» деген сөз жазылған.Саған ашу келгенде немесе қатты қуанғанда,мына жазуға қара,сонда сені сол айықтырады.Осылайша қорқыныштан құтыласың!

Соломон данышпанның кеңесіне еріп,  тыныштық тапты.

Бірақ, бір күні белгілі бір ашу ұстаған кезінде, сақинаға қарап еді, бірақ ол көмектеспей, керісінше тіпті өз-өзімді ұстай алмай қалдым.

Ол қолындағы сақинаны шешіп, лақтырғысы келген кезде, ішкі жағынан қандай да бір жазуды көрді, онда «бәрі өткінші» деп жазылған екен

Сондықтан Соломон хан, данышпанның кеңесін тыңдағандарыңыз жөн: «Бәрі өткінші».

-Мен сіздерге мына сөздерді арнағым келеді: 

- Әрқашан күліп жүр, ешқашан мұңайма,

Бәрі де өтеді, өткінші жаңбырдай. 

Сондықтан  өмір асау толқын секілді, күресе білу керек.Күрескен, еңбектенген адам ғана жеңіске жетеді.

Соломон хан сарай данышпанынан қандай кеңес сұрайды?

Данышпан кеңесінің сиқыры неде?

Соломон хан қандай тұжырымға келді?

Мінезі бірқалыпты адамдардың өмірі қандай болмақ?

Адамда жақсы мінез болуы қандай қасиеттерге байланысты?

Өз бойыңыздағы ерекше қасиетті атаңыз?

6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Адам бойындағы қасиеттер арқылы үш топқа бөліп, берілген сөздердегі әріптерден  адам бойындағы жақсы  қасиеттерді жазып, сол сөзге әңгіме құрастыру тапсырмасы беріледі.

Әңгіме құрастыру.

Сабырлылық, ұстамдылық, сенімділік

7.Топпен ән айту.

«Өмір сыры»

Әні:А.Бексұлтан Сөзі:И.Исаев

Өмір деген –

Жанымның шуағындай жарқырайды.

Көңіл деген –

Бар кезде шарықтап шалқымайды.

Арман деген –

Жүректің жұбанышы үзілмейтін.

Үміттің серігің ғой көз ілмейтін.

Өмір ғой несіне таң қаласың.

                  Қайырмасы

Бұл дүниені

           Жарығым қайта оянып көрер болсам,

           Өмірге қайта айналып келер болсам,

Сезер – ек бақыттың шын бағасын.

Бақыт деген –

Уақыттың сүйіп өткен ақ самалы.

Уақыт деген –

Өзгермес сұрапыл соқса тағы.

Арман деген –

Жүректің жұбанышы көз ілмейтін.

Үмітің серігім ғой көз ілмейтін.

Өмір ғой несіне таң қаласың.

8.Үй тапсырмасы

Дәптердегі 13-сабақ, 23- беттен 1-тапсырманы орындап келу.

14-сабақ, 70-беттегі  М.Тиесовтың  «Дән мен тас» ертегісін оқу.

9. Соңғы тыныштық сәтi

-Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

-Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

-Енді көздеріңді аша қойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!

«Өмір сыры»

Әні:А.Бексұлтан Сөзі:И.Исаев

Өмір деген –

Жанымның шуағындай жарқырайды.

Көңіл деген –

Бар кезде шарықтап шалқымайды.

Арман деген –

Жүректің жұбанышы үзілмейтін.

Үміттің серігің ғой көз ілмейтін.

Өмір ғой несіне таң қаласың.

Қайырмасы

Бұл дүниені

Жарығым қайта оянып көрер болсам,

Өмірге қайта айналып келер болсам,

Сезер – ек бақыттың шын бағасын.

Бақыт деген –

Уақыттың сүйіп өткен ақ самалы.

Уақыт деген –

Өзгермес сұрапыл соқса тағы.

Арман деген –

Жүректің жұбанышы көз ілмейтін.

Үмітің серігім ғой көз ілмейтін.

Өмір ғой несіне таң қаласың.

«Өмір сыры»

Әні:А.Бексұлтан Сөзі:И.Исаев

Өмір деген –

Жанымның шуағындай жарқырайды.

Көңіл деген –

Бар кезде шарықтап шалқымайды.

Арман деген –

Жүректің жұбанышы үзілмейтін.

Үміттің серігің ғой көз ілмейтін.

Өмір ғой несіне таң қаласың.

Қайырмасы

Бұл дүниені

Жарығым қайта оянып көрер болсам,

Өмірге қайта айналып келер болсам,

Сезер – ек бақыттың шын бағасын.

Бақыт деген –

Уақыттың сүйіп өткен ақ самалы.

Уақыт деген –

Өзгермес сұрапыл соқса тағы.

Арман деген –

Жүректің жұбанышы көз ілмейтін.

Үмітің серігім ғой көз ілмейтін.

Өмір ғой несіне таң қаласың.

«Өмір сыры»

Әні:А.Бексұлтан Сөзі:И.Исаев

Өмір деген –

Жанымның шуағындай жарқырайды.

Көңіл деген –

Бар кезде шарықтап шалқымайды.

Арман деген –

Жүректің жұбанышы үзілмейтін.

Үміттің серігің ғой көз ілмейтін.

Өмір ғой несіне таң қаласың.

Қайырмасы

Бұл дүниені

Жарығым қайта оянып көрер болсам,

Өмірге қайта айналып келер болсам,

Сезер – ек бақыттың шын бағасын.

Бақыт деген –

Уақыттың сүйіп өткен ақ самалы.

Уақыт деген –

Өзгермес сұрапыл соқса тағы.

Арман деген –

Жүректің жұбанышы көз ілмейтін.

Үмітің серігім ғой көз ілмейтін.

Өмір ғой несіне таң қаласың.

«Өмір сыры»

Әні:А.Бексұлтан Сөзі:И.Исаев

Өмір деген –

Жанымның шуағындай жарқырайды.

Көңіл деген –

Бар кезде шарықтап шалқымайды.

Арман деген –

Жүректің жұбанышы үзілмейтін.

Үміттің серігің ғой көз ілмейтін.

Өмір ғой несіне таң қаласың.

Қайырмасы

Бұл дүниені

Жарығым қайта оянып көрер болсам,

Өмірге қайта айналып келер болсам,

Сезер – ек бақыттың шын бағасын.

Бақыт деген –

Уақыттың сүйіп өткен ақ самалы.

Уақыт деген –

Өзгермес сұрапыл соқса тағы.

Арман деген –

Жүректің жұбанышы көз ілмейтін.

Үмітің серігім ғой көз ілмейтін.

Өмір ғой несіне таң қаласың.

САБЫРЛЫЛЫҚ

ҰСТАМДЫЛЫҚ

СЕНІМДІЛІК