Металдардың электрохимиялық кернеу қатары.

Исабековна

І – топ. Ме электр және жылуөткізгіштік.

II – топ. Ме тығыздық, металдық жылтыр.

III – топ. Ме иілгіштік, балқу температурасы.

IV – топ. Ме қаттылық, металдардың табиғатта таралуы

V – топ. Ме электрохимиялық кернеу қатар.

 

                ІІ. Сұрақ – жауап
1. Өнеркәсіптің негізгі  металы?     
2. Металдардың кернеу қатарын кім жасады?
3. Тайқазан 7 металдан  құйылған,  ол  қандай
    металдар?
4. Алғашқы  көмекке  пайдаланатын  бейметалл?
5.  Ең  қатты  металл?
6. Шаршамайтын  металл?
7. Азотты  ашқан ағылшын  ғалымы?
8.  Қай  элементтің  таңбасы  айдаһар бейнесіне
     ұқсайды?
9. Индекс, коэфициент нені  көрсетеді?

10.  Мырыш сульфидінің қандай қабілеті бар?
 

Скачать:


Предварительный просмотр:

№ 34 сабақ

Химия

Күні:

Сабақ тақырыбы:

Металдардың физикалық қасиеттері. Металдардың химиялық қасиеттері. Металдардың электрохимиялық кернеу қатары.

Сілтеме:

Жалпы білім беретін мектептің 9 – сыныбына арналған оқулық «Химия» Алматы «Мектеп» 2012, Н.Нұрахметов, К.Сарманова, К.Жексембина, орта мектептің 8-11 сынып оқушыларына арналған оқу құралы Химия есептері мен жаттығуларының жинағы Алматы «Рауан» 1997 Я.Л.Гольдфорб, Ю.В.Ходаков, Ю.Б.Додонов, Химия жұмыс дәптері, Н.Нұрахметов, К.Сарманова, Н.Заграничная,Алматы «Мектеп» 2008ж.

Жалпы мақсаттар:

Металдардың физикалық қасиеттері , атомдық құрылысына және кристалдық тор ерекшелігіне байланысты екендігін түсіндіру.

Күтілетін  нәтижесі

Электр, жылуөткізгіштігі, иілімділігі, металдық жылтырлығы туралы біледі.                                                                          

Түйінді идеялар

Металдардың физикалық қасиеттерін, олардың кристалдық торының құрылысы және металдық байланысы жайлы алған білімді пайдалана отырып түсіндіру қажет. Кристалдық тордағы «электронды газ» -металдардың физикалық қасиеттерін, металдық жылтырын, жылу-және электрөткізгіштігін, пластикалығын, созылғыштығын, тығыздығы мен балқу, қайнау температураларын анықтайтындығы сөз болады.    Металдардың қаттылығы әртүрлі   және олардан алынатын құймалардан түрлі құралдар, конструкциялық материалдар жасалады. Сондықтан әсіресе металл құймалары кеңінен қолданылатыны айтылады.

Сабақтың әдісі

Жұптық жұмыс

Химиялық эстафета

Жеке жұмыс

Сәйкестендіру тесті

Топтық жұмыс

Жигсо

Сабақтың көрнекілігі

Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі,  интерактивті тақта,   маркер, қарындаш, плакаттар, слайдтар.  9-сынып электрондық оқулық. АКТ-ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар, ББү кестесі  

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен  сәлемдесу,  түгелдеу.
  • Оқушыларды  топқа бөлу  элементер таңбасы арқылы.
  • Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады.

Қызығушылықты  ояту

І – топ. Ме электр және жылуөткізгіштік.

II – топ. Ме тығыздық, металдық жылтыр.

III – топ. Ме иілгіштік, балқу температурасы.

IV – топ. Ме қаттылық, металдардың табиғатта таралуы

V – топ. Ме электрохимиялық кернеу қатар.

                ІІ. Сұрақ – жауап
1. Өнеркәсіптің негізгі  металы?      
2. Металдардың кернеу қатарын кім жасады?
3. Тайқазан 7 металдан  құйылған,  ол  қандай
   металдар?
4. Алғашқы  көмекке  пайдаланатын  бейметалл?
5.  Ең  қатты  металл?
6. Шаршамайтын  металл?
7. Азотты  ашқан ағылшын  ғалымы?
8.  Қай  элементтің  таңбасы  айдаһар бейнесіне
    ұқсайды?
9. Индекс, коэфициент нені  көрсетеді?

10.  Мырыш сульфидінің қандай қабілеті бар?
 

Жаңа  сабақ

олардың электр және жылуөткізгіштігі, бүлар бүрында айтылған бос электрондардың болуынан. Металдардың бүл қасиетін электртехникада, қыздырғыш жөңе суытқыш аспаптар жасауда кең қолданады. Электрөткізгіштік пен жылуөткізгіштік пропорциялы, бір бағытта өзгереді. Жылуды да, электр тогын да жақсы өткізетін элементтер — күміс, мыс, алтын мен алюминий болып есептеледі.Металдарды ауыр, жеңіл деп бөледі, шартты келісім бойынша 5-ке тең меншікті салмақ шекаралық меншікті салмақ деп алынады.
Металдарды тегіне сай, химиялық ұқсастығьша, табиғатта таралуына қарай мынадай топтарға бөледі:

Қара металдар — бұған темір және оның қүймалары жатады; тусті металдар — бүған темірден басқа барлық металл кіреді; асыл металдар: Ag, Аи, Pt, Ir; сілтілік металдар: Li, Na, К, Rb, Cs, Fr. Сілтшк-жер металдар: Ca, Sr, Ba, Ra; сирек кездесетін металдар: V, Mo, Be,In, Zr, La, Nb, Re, Ge,* (Сирек металл деген үғым металдың табиғаттағы қорының молаюына қарай, әрі оларды таза күйінде алу өдісінің жеңілдеуіне сәйкес өзгеруі де мүмкін, онда ол сирек металдар қатарынан шығып қалуы ықтимал.

Металдардың көпшілігі химиялық активті элементтер болғандықтан жай және күрделі заттармен әрекеттеседі:

 Жай заттармен:

  1. 2Mg + 02 = 2MgO + Q жану реакциясы
  2. Fe + S = FeS темір (II) сульфиді
  3. Са + Сl2 = СаСl2 кальций хлориді

Металл гидридтері тұз сияқты қатты заттар. Металл гидридтерінде ғана сутегінің тотығу дәрежесі - 1 болады, себебі металдар электрондарын сутектің атомдык радиусы кіші болғандықтан оңай береді.

 Күрделі заттармен:

Сілтілік және сілтілік жер металдар сумен куатты әрекеттесіп, судағы сутекті ығыстырып шығарады.

2Na + 2Н20 = 2NaOH + Н2

Металдар қышқылдармен әрекеттеседі. Реакция нәтижесінде түзілетін өнімнің табиғаты металдың белсенділігіне жөне қышқылдардың концентрациясына тәуелді

Zn + H2S04 (сұйык) = ZnS04 + Н2 

Zn + 2H2S04(конц.) = ZnS04 + S02↑ + 2H20

4Mg + 10HN03 (сұйық) = 4Mg(N03)2+ NH4N03 + 3H20

Ag + 2HN03 (конц.) = AgN03 + N02↑ + H20

Металдар тұздармен әрекеттеседі. Белсендірек металдар (химиялық белсенді металл) белсенділігі темен металды оның қосылыстарынан ығыстырып шығарады.

Cu + Hg (N03)2 = Cu (NO3)2+Hg

Zn + CuSO4 = ZnSO4 + Cu

2Mg + TiCl4 = 2MgCl2 + Ti

Металдар оксидтермен әрекеттеседі:

2Al + Fe203 = Al203 + 2Fe

Mg + C02=Mg0 + C0

Металдар органикалық қосылыстармен де әрекеттеседі.

Металдардың активтігін алғаш рет толық зерттеп салыстырған Н.Н.Бекетов
(1865 ж.) болды; металдарды активтігінің төмендеу ретімен тізіп, оны "ығыстыру қатары" деп атаған.
Қазіргі кезде Бекетовтың төжірибелері де, айтқаны да дүрыс екендігі анықталды, ол бүрын ығыстыру қатары, не активтік қатары деп аталатын қатарды қазірде
металдардыц кернеу қатары деп атайды, өйткені ол қатардағы әр бір металдың орыны, осы күнгі көзқарас бойынша, оның электрлік кернеу шамасымен анықталады, яғни сол металлы өз түзының ерітіндісіне батырғанда туатын кернеу айырымымен анықталады

Тапсырмалар

І-тапсырма. Сұрақ-жауап

1. Адамзат баласы ең алғаш өндірген меттал?

2. Ең жеңіл балқитын металл?

3. Жер бетіндегі ең көп тараған металл?

4. Қанның құрамында кездесетін металл?

5. Шаршамайтын металл?

6. Табиғатта таза күйінде кездесетін металл?

7. Ең жеңіл металл, тотығу дəрежесі қандай?

8. Ең қатты металл?

9. Ең қиын балқитын металл?

10. Металдар қандай химиялық реакцияларға қатынасады?

11. Кернеу қатарында орналасқан 2 металды алып, олардың өзара белсенділігін салыстырыңдар.

12. электрхимиялық кернеу қатарындағы орны бойынша хромды тұздарының ерітіндісінен ығыстыра алмайтын,бірақ  никельді тұздарының ерітіндісінен ығыстыра алатын металды табыңдар.

13. Табиғатта негізінен оксидтермен сульфидтер күйінде кездесетін екі металды атап, мысал келтіріңдер.

ІІ-тапсырма. Карточкамен жұмыс.

1-карточка. Периодтық системаның І,ІІ және ІІІ топтарынан өздеріне белгілі:

а) ауада оңай тотығады;

б) кәдімгі жағдайда ауада тотықпайтын металдарды атаңдар.

Жауабы: а) І-топ элементтері: Литий, Натрий, Калий, Мыс.

ІІ-топ элементтері: Магний, Мырыш

ІІІ-топ элементтері: Алюминий

б) І-топ элементтері: Күміс, Алтын

І-топ элементтері: Стронций, Кадмий,Барий, Сынап

І-топ элементтері: Галий, Индий, Талий

2-карточка. Аристотель металдар ішінде алтынды ең «асыл» деп санап,ал сол кезде белгілі болған басқа металдарды «асылдық» дәрежесіне қарай мынадай қатарға орналастырған: күміс, мыс, қалайы, темір. Осы кездегі ғылыми көзқарас тұрғысынан Аристотельдің металдар қатарын қалай түсінуге болады?

Жауабы: Аристотельдің металдар қатарын кәзіргі кездегі ғылыми көзқарас тұрғысынан металдардың кернеулік қатары деп түсінуге болады.

3-карточка. Ауада қатты қыздырғанда тотықпайтын металдарды атаңдар.

Жауабы: Сынап, күміс, платина және алтын

ІІІ-тапсырма. Тесттік тапсырма (6-сұрақ)

1.Менделеев жасаған химиялық элементтердің   периодтық жүйесіндегі   металдардың
пайыздық мөлшері.

 А) 90%                  Ә) 80%                   Б) 50%
2. Сілтілік  Ме
А) Li. Na. K.Rb. Cs. Fr.   Ә) Li. Na.Ca. Mb. Al.        
Б) Na. K. Fr.Au. Al.
3. Жеңіл балқитын  Ме
А) Күміс, алюминий, мыс     Ә) Сынап, цезий, галлий  
Б) Мыс, қорғасын, алтын.
4. Электр шамының қылын жасайтын, ең қиын балқитын  Ме
А) Ti                 Ә)V                    Б) W
5. Негізгі топшаның Ме
А)  s.d  элементтер                Ә)  p.d элементтер        
Б)   s.p элементтер.
6. 4Al + 3О
2   →  2Al2O3 реакциясы бойынша 1 моль Al жанғанда неше моль Al2O3 түзіледі?
А) 0,5 моль                      Ә) 2 моль           Б) 1 моль

Бағалау

Формативті бағалау: екі жұлдыз, бір ұсыныс.

Топтағы  оқушылар бағалау парақшаларына   критерий арқылы  бағалайды  

Кері байланыс

Бүгінгі сабақта  не  үйрендім?  Оқушы рефлексиясы

Үйге тапсырма

  §