«Өз пікірің болуы маңызды»
Предварительный просмотр:
Тақырыбы: «Өз пікірің болуы маңызды»
Мақсаты: Оқушылардың өзіндік пікір айта алу, өз пікірін дәлелдей білуге үйрету.
Міндеттері:
- Пікірталас туралы түсінік беру;
- Ой пікірлерін ашық, жүйелі, байланыстырып жеткізе білуге үйрету;
- Өзгенің пікірін тыңдай білуге, әділ пікір айтуға, шыншылдыққа тәрбиелеу;
Әдістері: Әртүрлі тренингтер, ойындар.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру.
Психологиялық кезең
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.
ІІ Кіріспе бөлім.
1.Пікір туралы түсінік беру.
Пікір дегеніміз – әр адамның өзіндік жеке ойы, көзқарасы. Пікірталас дегеніміз- белгілі бір тақырыпқа бағытталған бірнеше адамдардың ой таластыруы.
Пікірталасқа қойылатын талаптар:
- Өзіндік айқын көзқарастың болуы;
- Тақырыптан ауытқымау;
- Өзін-өзі дұрыс ұстай білу;
- Сөйлеу шеберлігі;
- Өз пікірін нақты дәлелдермен, қысқа әрі нұсқа жеткізу;
- Жоғары мәдениеттілік ( сөзге тоқтау, дауыс көтермеу, ашуланбау);
- Қарсыласын, аудиторияны сыйлау;
- Уақытпен санасу (регламент сақтау);
ІІІ Негізгі бөлім.
«Мамандық таңдауда қателесуге бола ма?»
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме? Көңіл – күйлерін қалай? Бүгінгі тақырыбымыз «Мамандық таңдауда қателесуге бола ма?» келесі жаттығуымызды бастамастан бұрын біз өзімізге ереже құрып алайық.
Ойын ережесі
- бір-бірін тыңдау
- уақыт үнемдеу
- белсенділік таныту
- достық қарым-қатынас
- жағымды эмоция тудыру
Барысы:
Тренинг: «Кім көбірек мамандықты атайды?» жаттығуы
Барлық қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Олар бір- біріне доп лақтыру арқылы мамандық түрлерін айтады. Кім де кім көп мамандық атаса сол жеңіске жетеді.
Ескерту: Бір ойыншыға қатарынан доп лақтыруға болмайды. Және қолда допты үш секундтан артық ұстамау керек.
Тренинг: Қол- мидың жалғасы.
Сан алуан мамандық бар. Ал, біздің табиғи бейімділігімізге үңілейік: Алақан бойынша мамандық саласын анықтау. Саусақтарымызды кеңірек ашып, ақ параққа алақанымызды түсірейік. Бас бармақпен шынашақтың ортасын О нүктесімен белгілеп, әрбір саусаққа түзу сызық жүргіземіз. О нүктесін білезіктің оң жақ, сол жақтарын да қамтимыз. Осы жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен өлшеп шығарыңыз.
Қорытынды:
Егер сіздің алақан сызығыңызда бас бармақ пен О нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын болса, сіз- басқарушысыз.
О нүктесі мен сұқ саусақ нүктесінің арасындағы сызық басқаларынан ұзын болса, сіздің- қорғаушы әскери қабілетіңіз мол.
Ортан қол сызығы ұзынырақ болса, сіз- дін адамы, саясаткер болуға бейімсіз.
Аты жоқ саусақ сызығы үлкенірек болса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер болуға қабілеттісіз.
5. Шынашақ сызығы үлкенірек болса, сіз- дәрігерлік шипагерлікке бейімсіз
Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
Сіз қандай маман болуды армандайсыз? Неліктен?
Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?
«Мамандық таңдауда қателесуге бола ма?» тақырыбында пікірталас өткізу. Оқушыларды топқа бөлу, осы тақырыпта ой таластыру.
Екі топтың пікірлерін тыңдау.
ІV Қорытынды
Тест.
1.Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады деген дұрыс па?
А) ия Ә) жоқ
2. Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты ма?
А) ия Ә) жоқ
3. Мамандық адамның қабілетіне, бейімділігіне байланысты ма?
А) ия Ә) жоқ
4. Отбасы мен достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға бола ма?
А) ия Ә) жоқ
5. Қартайғанда да мамандық таңдауға бола ма?
А) ия Ә) жоқ
6. Жақсы білім алу үшін, қымбат оқу орнына түсу керек пе?
А) ия Ә) жоқ
7. Ақша болса, мамандық қажет емес деген пікірмен келісесің бе?
А) ия Ә) жоқ
8. Мамандық таңдаудағы басты өлшем- қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестілігі ме?
А) ия Ә) жоқ
9. Таңдайтын мамандығыңды болашақ табысың анықтай ма?
А) ия Ә) жоқ
10. Мамандық таңдау- күн көрістің қамы ма?
А) ия Ә) жоқ
11. Мамандық таңдауда психологтың көмегі қажет пе?
А) ия Ә) жоқ
Жаңа ақпарат (психологтың кеңесі)
«Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді»
Л.Н. Толстой
- Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін- ол ойға
алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін- әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін өз бейімділігін тануы қажет. Өз- өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.
Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы- адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс- табыс биігіне жеткізетін қанат.