Бос уақыт қобдишасы
Предварительный просмотр:
«Бос уақыт қобдишасы»
5-6 класс оқушыларына арналған сабақ
Ең негізгі міндет – тақырып аясында жаңа дағдыларға бейімдеу.
Ұйымдастыру құрылымы сабақ «Аялдамалар арқылы оқу» әдісіне сәйкес құрылған
(сын тұрғысынан ойлау технологиясы).
Өткізілу уақыты: 40–45 минут.
Талабы: топтық жұмыстың орны болуы, тақта немесе флипчарт.
Материалдар
1. Қақпағы бар қорапша немесе 3-4 үлкен емес сандықша (әрбір топқа біреу).
2. Қорапша сиятын кішігірім заттар (магнит, бор, конфет, тастар, жаңғақтар, кілттер, пакеттегі шай, т.б.).
3. Іске жоспарланған әр түрлі варианттардан үзінді:
• педагогтың бір апталық сағат кестесі;
• бір күндік жұмыстар тізімі (сатып алу… телефон шалу… құттықтау…);
• конференцияның жоспары;
• оқушы күнделігінен үзінді.
4. Стикерлер (әр түрлі-түсті қағаздар шетіне клей жағылған) әр түрлі түстер және размерлері 3 х 5 см и 5 х 5 см.
5. Плакат № 1 (ватман).
6. тәлім-әңгіме мәтіні (бөлікке бөлінген).
7. Плакат № 2 (ватман).
8. Құм сағаттар 1, 3, 5 минут.
9. Фломастерлер және маркерлер.
10. Музыкалық үзінді «Теңіз дыбысы».
11. Магнитофон.
Оқушылар 3 топқа бөлініп отыру керек, барлық топ мүшелеріне тақта көрінуі қажет. Сандықшаның контуры жүргізілген плакат іліну керек
Жүргізуші. Сәлеметсіз бе, балалар! Бүгінгі тақырыпты артынан талқылай жатармыз,бұл құпия бола тұрсын. Қазір сіздер Шерлок Холмс адамның заттарына қарай кім екенін айтқандай, сол кісі тәрізді алдарыңыздағы сандықшадағы 3 заттың атын айта аласыздарма? Өз топтарыңызға бір сандықша алып, ішіндегі 3 затты басқа балаларға көрсетпей, айтып беріңіз.
Сіздің міндетіңіз — сандықшадағы кімнің заты екендігін білсеңіз, сол адам туралы қысқаша мінездеме берсеңіз (берілетін уақыт 5 минут).
Жүргізушіге ескертпе. Сандықшада екі бірдей зат жатыр, мысалға әрбір сандықшада бор және конфеттер. 3-ші зат - педагогтың бір апталық сағат кестесі, бір күндік жұмыстар тізімі (сатып алу… телефон шалу… құттықтау…, оқушы немесе cтуденттің сабақ кестесі.
Тапсырманы топ ала отырып, сол заттың иесі туралы сипаттама немесе мінездеме құрады. Сосын топтан бір оқушы жауап береді. Топтан бір оқушы жауап бергеннен кейін жүргізуші келесідегідей сұрақ қояды:
Жүргізуші. Балалар! Біз әр түрлі мінездемелер оқыдық, сандықшадағы екі зат бірдей болды да, 3-ші зат басқа болды. Сандықшалардың айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар? (оқушы жауаптары)
Оқушылардың жауаптарынан кейін жүргізуші мына аталған нәрселерге мән беру керектігін ескерген жөн. Білсең, адамдар туралы көп айтуға болатындығын, оның күні қандай істерге, жағдайларға толы екендігін байқауға болатындығын.
Жүргізуші. Мен сіздерге бір тәлім-әңгіме оқып бергім келеді. Ол сандықша туралы және сандықшадағы заттардың маңыздылығы туралы айтпақпын.
Сандық
(шығыс тәлім-әңгімесі)
Бір күні бір дана кісі өзінің шәкірттерімен бірге теңіз жағалауында серуендеп жүрген болатын. Бір кезде толқын олардың аяғының астына көне сандықшаны іліктірді. Оқушылар шаттанды. Сандықша өте ауыр болды, ал олар болса сандықшаның ішінде не зат бар екендігі қызықтырды. Шәкірттер сандықшаны ашты, бірақ іші бос болып шықты.
— Ештеме жоқ, — деп олардың көңілдері бұзылды.
Жүргізуші. Балалар, сендерде бос сандықша тауып алсаңдар көңілдерің бұзылар ма еді? Неліктен? Әрі қарай не болғанын тыңдалық.
— Сандықшаның бос болғаны жақсы, деп жауап берді дана. Бос нәрсені қалай толықтыру керектігі туралы сөйлесетін уақыт келді. Айналаларыңа қараңдар. Бұл сандықшаны қалай және немен толтырар едіңдер?
Жүргізуші. Балалар! Қане, өзімізді теңіз жағалауында жүрміз деп елестетіңдер. Сіздер дана мен шәкірттердің қасында болсаңыздар, сандықшаны немен, қалай толтырар едіңдер?
Қазір бәрің әр түрлі-түсті қағаздарды аласыздар (әр түрлі көлемдегі). Өз жауаптарыңды жазып, біз сандықшаның ішіне жапсырыңдар.
Жүргізуші контуры сызылған сандықшаға көңіл аударады.
Балалар жазып жатады, (тапсырманың кезінде теңіз толқынының музыкасы ойнап тұрады). Тапсырманы орындап болған балалар сандықшаның ішіне жапсырады. Симай жатса, сыртына жапсыра береді.
Барлығы жазып, жапсырып болғаннан кейін жүргізуші оқып, сосын қорытынды жасайды.
Балаларға мынадай сұрақ қойылады,
Жүргізуші. Балалар! Неге сіздердің барлық қағаздарыңыз жапсырылмады? (Балалардың жауаптары). Рахмет! Әрі қарай не болды екен тыңдалық.
— Мен сандықшаны таспен толтырар едім, — деді біреуі.
— Ал мен кішкентай тастармен толтырамын, ол сиымды болады және менің көп күшім кетеді, — деді біреусі.
Үшіншісі былай деп есептеді, сандықшаны құммен толтыру, яғни барлығыда құмға толатындығын айтты.
— Иә, — деп күлді дана. — Мен көптеген әр түрлі адамдарды көрдім, әркім сандықшаны өзінше толтырды және бәріде өздерінше сандықтарының толықтығына сенімді болды. Мен сендерге менің ұстазым не істегенін айтайын.
Дана сандықты алып, үлкен тастармен толтырды.
— Сандық толды ма? — деп шәкірттерінен сұрады.
— Толық, —деп жауап берді.
Сосын дана оны ұсақ тастармен толықтырды.
— Сандық толды ма?
— Толық.
Ал қалған ашық жерлерін құммен толтырды.
Дананың Сандық толды ма? деген сұрағына шәкірттері толды жауап алды.
— Мен өз ұстазымның осындай әдіс көрсеткеніне алғысым шексіз. Бұл сандық біздің бос жіберген уақытымызға ұқсас.
Жүргізуші. Балалар, жауап беріңдерші, неге дана сандықты бос уақытпен салыстырды?
(Балалар жауап береді, ал жүргізуші балалардың жауаптарын сандықшаның жанындағы плакатқа жазып тұрады. Жүргізуші жауаптарына алғыс айтып әрі қарай тәлім-әңгімені одан әрі жалғастырады).
— Сандық секілді, уақыт шектеулі, бізде уақытты әр түрлі пайдаланамыз. Кей уақытта өз қалауымызбен толықтыру мүмкіндігі болмай жатады. Бірақ мынаны ұмытпаған жөн, ірі тастар-біздің үлкен істеріміз, оны айналамыздағылар көреді, ұсақ тастар – біздің уақыт,яғни біз дем алуға, ойнауға арнаймыз. Ал құм – ұсақ күнделікті жұмыстар, ол көзге көрінбейтін көп, ол адамдарға өте қажет істер. Осы сөзден кейін дана сандықты жауып , оған қолын қойды.
Қайтадан ашқан кезде, шәкірттердің таңданысынан сандықтың іші алтын бағалы тастарға, кесекке, қазынаға, алтын құмға толы еді.
Жүргізуші. Осымен тәлім-әңгіме аяқталды, біз әңгімемізді одан әрі жалғастырамыз
Жүргізуші балаларды жаңа плакатка назарларын аудартады. Бұл плакатта 3 бағанға бөлінген , әр 3 бағанның үстінде сурет бар: 1) алтын кесек, 2) бағалы тастар, 3)! Алтын құм.
Жүргізуші. Қалай ойлайсыңдар, балалар, сіздердің өмірлерің «алтын кесек» деп айтуға бола ма? Бұл қандай уақыт? Қандай жұмысқа арналған деп ойлайсыңдар?
(Балалар жауап береді жүргізуші бағанға жауаптарын жазады).
Ал сіздердің өмірлеріңізде бағалы зат нені айтасыңдар? Білесіздер, балалар, дана қарт бағалы тас, ол біздің уақытымыз деп атады. Екінші бағанға тізімін жасаймыз.
Ал «алтын құмға» өзіміздің көп уақытымызды алмайтын істерімізді жазайық. Оған төмендегі жаттығуларды жасайық.
Көз жаттығулары
1. «Сағат». Көзді жұмып, көз алдарыңа тілсіз механикалық жар сағатты елестетіңіз. Көздеріңізбен 12 санына - 6 келтіріңіз, 1 – 7 келтіріп, 2 – 8-ге, 3 - 9 –ға т.б. Осылай екі айналым жасаймыз (1 минут).
2. «Жыпылықтату». 20 секунд ішінде тез-тез жыпылықтату..
3. «Мұрынмен сурет салу». Өзімізді бос ұстаймыз. Көзді жұмамыз. Мұрнымыздық ұшы-өалам деп елестетеміз, енді осы тәлім-әңгіме аясында сурет саламыз (теңіз, толқын, жағалау, үлкен сандық, тастар, бағалы тастар, құм (1 минут).
Жүргізуші. 3 минут өтті. Біздің сабағымыз аяқталуда.
Балалар! Біз сабағымыздың басында бүгінгі сабағымыздың тақырыбын айтпаған болатынбыз, сіздер қалай атар едіңіздер?(Балалар жауаптары)
Жүргізуші. Тақырыптарыңа рахмет. «Уақыт» деген сөз мағынасын түсініп, уақытты әрқашан бағалай білуіміз керек екендігін түсіндік. Енді сіздер не білгілерің келетіндігін, нені талқылағыларың келетіндіктерін айтыңдар. (Оқушылар жауабы). Келесі сабақта осы сұрақтарыңызға жауап береміз.
Жүргізуші балаларға алғысын білдіріп, қорытынды жасайды.
Балалар жауаптары
«Алтын кесек»: мектептегі сабақтар, үй тапсырмасын орындау, музыка мектебіндегі сабақ, шетел тілінен үйірме сағаты, факультатив, шараға дайындық және қатысым, олимпиада және жарыстарға қатысым.
«Бағалы тастар»: достармен ойын, компьютер ойыны, мерекелер, театрға, циркке бару, кинофильм немесе мультфильм қарау, серуендеу, бассейнге қатысым.