Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі
Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата – ананың орны бөлек. Қоғамның алғашқы ұйтқысы отбасында бала үлкендермен араласады. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын алуынан басталады. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай , жақсыға да жаманға да бірдей бейімделгіш.
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
bala_tarbiesin.ata_-_ana_roli.docx | 18.72 КБ |
Предварительный просмотр:
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі
Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата – ананың орны бөлек. Қоғамның алғашқы ұйтқысы отбасында бала үлкендермен араласады. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын алуынан басталады. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай , жақсыға да жаманға да бірдей бейімделгіш. «Сіздер баланы тек сөйлеген кезде ғана, оған ақыл айтқанда немесе бұйрық берген кезде ғана тәрбиелейміз деп ойламаңыздар, - деп жазады А.С.Макаренко – Сіздер оны өмірлеріңіздің әрбір минутында, тіпті өздеріңіз үйлеріңізде жоқ уақыттың өзінде тәрбиелейсіздер, сіздер қалай киінесіздер, сіздер басқалармен қалай сөйлесесіздер немесе басқа адамдар туралы қалай қуанасыздар және ренжисіздер, сіздер достарыңызбен қандай қарым – қатынаста боласыздар, сіздер қалай күлесіздер, газет – журнал оқисыздар – осылардың бәрінің бала үшін маңызы бар ».
Қазақта «Баланың бас ұстазы – ата – анасы» деген сөз бар. Ата – аналар балаларының оқу үлгеріміне күнделікті назар аударып, қадағалап отыруы керек. Өкінішке орай, кейбір ата – аналар бұған жеткілікті мән бермейді. Тіпті, кейде баласының қай сыныптаоқитынын, сабақтарын, жетекшісін де білмей жататын үлкендер бар. Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді. Жан Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді», - деген екен. Бұдан шығатын түйін бала тәрбиесіне ең әуелі ата – анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл – ойы, сана – сезімі, адамгершілігі әсер етпек.
«Баланың жақсысы әке мен шешенің ары, ата – ананың абыройы, жаманы – қайғысы, бақытсыздығы, азабы», - дейді халқымыз. Бала үшін алғашқы тәрбиеші, педагог ата – анасы. Бала мектепте 6 – 7 сағат болса, 18 сағат үйде болады, сол себепті ата – ана баласының оқуын, жүріс – тұрысын, жолдастарын, сонымен қатар киетін киімінде қадағалап, аптаның соңғы күндерінде сынып жетекшісімен, пән мұғалімдерімен, мектеп басшыларымен байланыс жасап, сабақ үлгерімі, тәртібі жайлы мәлімет алып отыру қажет.
Кейбір ата-аналар балаларына өте қымбат заттар алып беріп жатады. Ондай балалар өсе келе көрсеқызар, дүниеқұмар,өзімшіл,кекшіл болатынын өмір көрсетіп келеді.
Ата – ана өзінің міндеті мен жауапкершілігін жақсы білуі тиіс.
- Мәдениетті адам тәрбиелеуге және өз баласын таза өмір сүруге бейімдеуге міндетті;
- Білім алуына көмектесуге міндетті;
- Жүйелі білім алуына жағдай жасауға міндетті;
- Үнемі ата – аналар жиналысына қатысуға, мұғаліммен кездесуге, баласының мектептегі өмірімен танысуға міндетті;
- Баланың өміріне, денсаулығына зиян келетін темекі, арақ, т.б. улы заттарды қолданбауға, олардың балаға зиянды екенін түсіндіруге міндетті;
- «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше білім беріп қина, он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла» деген қағиданы берік сақтауға міндетті.
Ата –ананың жауапкершілігі:
- Балаға арамза әрекет жасағаны үшін жауапты;
- Мұғалімге, мектептің педагогиклық ұжымына балағаттау және әдепсіз қарым – қатынас жасағаны үшін жауапты;
- Бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың орындалмағанына жауапты;
- Баланың адамгершілік тәрбие алу үшін, өз жанұясында бірлік пен татулықты ұстануға жауапты;
- Мектептен кейінгі баланың білім мен тәрбие алуына бақылау жасауына жауапты;
- Кәмелеттік жасқа жеткенге дейінге баланың салауатты өмір салтына сай тәрбие алуына жауапты.
Бүгінгі оқушы ертеңгі мемлекетіміздің үлкен азаматы, кәсіп иесі. Сондықтанда бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарап, жас ұрпақты назардан тыс қалдырмаған жөн.