«Қаныш Сәтбаев»
Ғалым, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі , тұңғыш президенті Қ.И. Сәтбаев туралы әңгімелесу. Қаныш Имантайұлының жасаған игі істерін зерттей, еңбектерін оқушыларға таныстыра отырып, бағыт-бағдар беру.
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
ash_sabak-2_k._stpaev.docx | 18.72 КБ |
Предварительный просмотр:
Сабақтың тақырыбы: «Қаныш Сәтбаев»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Ғалым, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі , тұңғыш президенті Қ.И. Сәтбаев туралы әңгімелесу. Қаныш Имантайұлының жасаған игі істерін зерттей, еңбектерін оқушыларға таныстыра отырып, бағыт-бағдар беру.
Дамытушылық:
- Оқушылардың танымдық, білімділік деңгейін көтеру, ой белсенділігін дамыту, шығармашыл ізденіске бағыттау, ізденімпаздық ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын байыту, оқытуда ақпараттық технологияны пайдалана отырып, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік:
- Қаныш ағаның өнегелі өмірін, еңбегін үлгі ете отырып, оқушыларды туған халқы үшін аянбай еңбек етуге, мейірімділікке, ерлікке, елін сүюге баулу, елінің адал перзенті болуға, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: «БжС» технологиясының «Ауызша сабақ -2» картасы
Картаның мақсаты: Оқу әрекетіне жататын ойлау қабілетінің негізгі түрлерін дамыту, зерттеу түйсігін ынталандыру.
Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, ойтолғау, тірек-сызбалар.
Көрнекілігі: Қаныш Сәтбаевтің портреті, бейнефильм,интерактивтік тақта, күйтаспа.
Пәнаралық байланыс: математика, тарих, география, дүниетану, музыка.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
- сәлемдесу
- сабақтың мақсатын айқындау
ІІ. Сергіту бөлімі:
15,1,18,37,34
24,2,25,3,1,8,4
( қазақ тілінің әліпбиін еске түсіріп, берілген сандар бойынша жасырынған әріптерді тауып, сабақтың тақырыбын анықтау.)
Қ А Н Ы Ш
15, 1, 18, 37, 34
С Ә Т Б А Е В
24, 2, 25, 3, 1, 8, 4.
ІІІ. Кіріспе. ( Жаңа сабақты игеру мақсатында Қаныш Сәтбаев туралы бейнетаспа.)
ІV . Мәтінмен жұмыс. ( оқушылар оқу барысында,14- кілттік сөздерді жазады, жұмыс барысында жәй ырғақты күй орындалады.)
V . Мәтіннің мазмұнын ашатын тірек сөздерді анықтау:(оқушылар өздерінің жазған он төрт тірек сөздерін тақтамен өзара тексеріп, сәйкестігін анықтап, көршісі бағалайды. Мұғалім оқушының жауабын ООМ белгілеп тұрады. )
- Баянауыл
- Президент
- Академия
- Ғалым
- Қағида
- Мақсат
- Еңбегі
- Аты
- Халық
- Ер
- Ерлік
- Күш-жігер
- Сарп ету
- Тұлға
VI.Қарама-қарсы сұрақ бөлімі ( сұрақты мұғалім дайындайды, орнынан тұрған оқушы жылдам, уақытты үнемдеу мақсатында тез, дұрыс жауап беру керек. Мұғалім оқушының жауабын ООМ белгілеп тұрады.).
Қарама-қарсы сұрақтар.
1. Қаныш Сәтбаевтың туған жері? - Павлодар облысы,Баянауыл ауданы.
2. Ғалымның қағидасы қандай?- «Бейнетте - береке»
3. Ғылым Академиясының ашылған жылы?- 1946жылы 1 маусымда
4. Қаныш Имантайұлы Ғылым академиясының нешінші президенті?- Тұңғыш академигі
5. Қаныш қандай ғалым болған?- Жан-жақты ғалым болған.
6. Ер дегеніміз кім?- Халықтың тірегі,қамқоры, қорғаны.
7. Қаныш Сәтбаевтың қандай салалардан хабары болған?- Тарихтан да, әдебиеттен де, өнерден де хабары мол.
8. Қаныштың әкесінің аты қалай?- Әкесінің аты Имантай.
9. Халық мақалын айт.- «Жер елсіз болмайды, ел ерсіз болмайды»
10. Қандай гүлдер академиктің атымен аталған?- Баршынгүл және бөртегүл .
11. Қаныш Сәтбаевтың туған жылы?- 1899 жылы 12сәуірде.
12. Жоңғар Алатауында академиктің атымен не аталған?- Мұздақ пен шың.
13. Сәтбаевтың есімін ненің тарихынан бөлуге болмайды?- Ғылым Академиясы тарихынан бөлуге болмайды.
14. Әуе кеңістігінде академиктің атымен не аталған?- Әуе кеңістігінде планета академиктің атымен аталған.
15. Ерлік кімнің ісі?- Ерлік ердің ісі.
16. Қаратауда қандай кен орын академиктің атымен аталған?- Қаратауда ванадий кен орны ғалымның атымен аталған.
17. Алға қойылған мақсатқа жету үшін не істеу керек?- Білімді білетіндерден үйрену керек.
18. Қаныш аға «ғалым» туралы не айтқан?- «Ғалым болу үшін, ең алдымен, адам болу керек. Ғалым барлық өмірін, еңбегін өзі үшін емес, халық үшін, адамзат үшін сарп етеді» дейтін.
19. Адамды ізденіске не әкеледі?- «Білмегенін білу» адамды әрдайым ізденіске әкеледі.
20. Қаныш Сәтбаев туған халқы үшін кім?- бүкіл қазақ халқының ардақты ұлы, дарынды ғалым, қайталанбас тұлға.
21. Қаныш Имантайұлының ғылыми атағы – Академик.
22. Адамдар елі үшін не істеуге дайын?- Біреулер адал еңбегімен елінің байлығын көбейтеді.Біреулер даналығымен елінің ынтымағын біріктіреді.
VII .Сын тұрғысынан ойлау сұрақтары ( сұрақты оқушылар өздері дайындайды, әр оқушы өзінің сұрағына жауап беретін адамды өзі таңдайды. Мұғалім оқушының жауабын ООМ белгілеп тұрады.).
VIII . Қорытынды бөлімі: «Қаныш Сәтбаев – жарық жұлдыз» тақырыбына эссе жазу.
Қазақтың тамырында тек болмаса,
Құдай бізге Қанышты берер ме еді.
Кесек алтын секілді кеннен шыққан,
Кең дүниеге Сәтбаев келер ме еді!
М.Тазабеков