мазасыз альма
Предварительный просмотр:
МАЗАСЫЗ АЛЬМА
Альма көптеген пәндерден оқу үлгерімі орташа 12 жастағы оқушы, бірақ ол жаратылыстану ғылымынан нашар. Ол орындаған тестілерде көптеген тапсырмалар жауапсыз қалады. Кейде дұрыс жауаптары жазылады, бірақ кейін өшірілген болады. Альма кейде жаратылыстану пәні бойынша сабаққа қатысудың орнына бас ауруын, іш ауруын немесе қандай да болмасын басқа ауруларды айтып, мектептегі дәрігерде отырады. Ал сабақ аяқталғаннан кейін ол ауруы ғайыптан жоғалып кетеді.
Бірінші тоқсанның бастапқы бірнеше аптасы ішінде жаратылыстану ғылымы мұғалімі сыныпта талқылау үдерісіне қатыстырғысы келіп және сабақта өткен тақырыпты оның түсінуін бағалау үшін оған жиі-жиі сұрақ қойып тұрады. Бірақ, әдетте ол қатысудан бас тартатын, мұғалім сұрақ барлығының көзінше қойылғанда Альманың ыңғайсызданатынын сезіп, оны сыныптағы пікірталасқа қатыстыруға тырысқан жоқ.
Сонымен қатар, оның сыныптағы оқу үлгеріміне қарағанда, Альма үйге алатын тапсырмалар жиі аяқталып тапсырылады және негізінен дұрыс орындалатын. Бұл ретте мұғалім Альманың ата-анасымен әңгімелесіп, ол үй жұмысын өзі орындайтынын білді. Альманың үй тапсырмаларына қарап, тырысса оның жауап бере алатындығын көріп, мұғалім оның сыныптағы мінез-құлқына бей-жай қала алмады.
Ол өзіне сенімсіздігінің салдарынан сұраққа қате жауап беруден гөрі, жауап беруден мүлде бас тартқан тыныш деп ойлайды. Оған сабақта ойын жинақтау қиын, себебі дұрыс емес жауапқа қатысты мазасыздық оның ойын бөледі. Өзінің дайындық деңгейіне қарамастан, тест берілгенде Альма үрейленеді. Ол кеше кешке жап-жақсы біліп тұрған қарапайым әдістерді есіне түсіре алмай қиналады. Мұғалім оған сынып алдында сұрақ қойғанда, ол басқа оқушылар оған бағалап қарайды деп ойлады, және де бұл оның ойын жинақтауға кедергі келтіреді.
ОҚУШЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ: МАЗАСЫЗ АЛЬМА
Альма неліктен өзін осылай ұстайды?
Альма сабақ оқи алады, бірақ өзінің білімін көрсету қажет болған кездерде қиналады. Альманың мұғалімі оның білімін тексерген кезде оған күйгелектігін басуға бағытталған стратегия құруға және де тексеріс қорытындыларынан теріс нәтиже күтпеуге көмектесуге тиіс.
Мұғалім не істей алады?
Альманың мұғалімі проблеманың күрделілігі мен бірегейлігін ескере отырып, бұл проблеманы Альманың өзімен талқылаудан бастай алады. Ол Альманың тестілеу кезіндегі күйгелектігі оның пәнді оқуға деген ынтасына кедергі келтіріп, түбінде жаратылыстану ғылымдарынан мүлде жиреніп кетуге әкелуі мүмкін екендігін айтып алаңдаушылық білдірді. Бастапқыда Альма осы тақырыпты сөз етуді аса қаламаса да, бірақ түбінде аталған проблеманы шешу үшін жеке бағдарлама қажет екендігіне көзі жетуге тиіс. SENCO-ның қолдауымен бұл бағдарлама мынадай құрамнан тұруы мүмкін:
• релаксация әдістеріне қатысты кітап оқу және өзі үшін пайдалы деп тапқан бірнеше әдістерді оқытушымен талқылау;
• Альма өз еркімен күніне бір рет сыныптағы пікірталасқа қатысуға міндеттенеді, ал мұғалім оның орнына ол бұны қаламайтын кезде сұрамауға уәде береді;
• оның өзіне деген сенімін дамыту үшін, мұғалім оған үй тапсырмаларымен қиындық көріп жүрген басқа оқушыға көмектесу туралы тапсырма береді.
Емтихандарды мейлінше қорқынышты емес қылып көрсету үшін пайдалануға болатын стратегиялар бар. Альмаға, мысалы, тестілеу кезінде көбірек уақыт беруге болар еді. Сондай-ақ, оған көмек ретінде шешімдері бар бірнеше тапсырма үлгілерін беруге немесе тестілеу уақытында өз оқулығын пайдалануға мүмкіндік беруге болар еді. Тестілеудегі тапсырмалар пәнді түсінуін талап етуге тиіс, бірақ ол өз жауаптарының дұрыстығына сенімді болу үшін шешімдер үлгілеріне қарай алады. Одан басқа, егер ол өзінің үрейі тапсырманы орындауға кедергі келтіреді деп санайтын болса, оған тестілеуді қайта тапсыра аласың деп уәде беруге болады. Бұның өзі оның мазасыздығын азайта алады, сондықтан тестіні қайта тапсыру мәселесі өздігінен жойылады.
Сыныптарда осы сияқты алаңдаушылықтан азап шегетін оқушыларға арналған арнайы орын жабдықталуы мүмкін, бірақ оқушыларды мұғалімдер оларды түсінбеген жағдайда немесе оларға жеке орын беруге болмайтын (мысалы, мектеп бітіру емтихандарында) жағдайларда оқушыларды тиімді жұмыс істеуге даярлау үшін, мұғалімдер бұл проблеманың себептерін шешуге тиіс. Бұл сияқты алаңдаушылық түп тамыры әдетте өзіне сенімнің болмауында жатады.