бастауыш класс

Бекбергенова Сара Алимжановна

Негізгі бөлім

Ақтөбе қаласының  негізгі 1869 жылы 28 маусымда қаланды, Қазақстан Республикасының солтүстік-батыс  бөлігінде  орналасқан.  Ақтөбені дамытудың бірінші бас жоспары 1881 жылы жасалды.1880 жылы Ақтөбеде алғашқы халық санағы жүргізілгенде, 409 тұрғын болды. Олар 38 үйде тұрды, оның 5 үйі ағаштан, 33 үйі саман кірпіштен салынған.  Ақтөбеде бірінші мектеп 1884 жылы пайда болды.

Ақтөбе облысы Қазақстанның ірі өнеркәсіп және мәдени орталықтарының бірі. Темір жол, әуе және автомобиль қатынастарының маңызды ортасы. Елек өзенінің сол жағалауы  Ақтөбені айнала орналасқан. 1932 жылғы  10 наурызда  Ақтөбе  Ақтөбе  облысының  орталығы  болды. 60 - жылдардың ортасынан  бастап шағын  тұрғын аудандар  мен  массивтер  құрылысы  басталды. 1977 жылы  Ақтөбе  Батыс-Қазақстан  темір жолы  орталығына  айналды. 1999 жылғы  11  наурызда  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Жарлығы  бойынша  Актюбинск қаласы  Ақтөбе  деп  атала  бастады.   Бұл  «Ақ төбе»  деген  ұғымды білдіреді.

 1920 – 30 жылдары қалада паровоз және вагон депосы,механикалық зауыт, диірмен, элеватор, нан комбинаты, «Металист» ателі салынды. 2- дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары ферроқорытпа және хром, рентген аппаратуралары, ауыл шаруашылық машиналары (қой қырқатын электр аппараттары, трактордың қосалқы бөлшектері), тамақ және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары (ет комбинаты, қалалық сүт зауыты, элеватор, тоқыма, жиһаз және тігін фабрикакалары) пайдалануға берілді. Құрылыс базасы (кірпіш, темір- бетон бұйымдары, силикат-қабырға материалдары зауыттары, үй құрылысы комбинаты, т.б.) құрылды.

 Қалада 312-атқыштар дивизиясы, 101-ұлттық атқыштар бригадасы,

теңізшілердің дербес атқыштар бригадасы, 129-миномет полкі және басқа да әскери бөлімдер мен бөлімшелер ұйымдастырылды. Қаланың 29 тұрғыны бұрынғы Кеңес Одағының батыры атағына ие болған. Оның ішінде шығыс халықтарынан шыққан екі қаһарман қыздың бірі Әлия Молдағұлова бар. Ақтөбеде алғашқы оқу орны – екі кластық орыс-қазақ училищесі 1884 ж. ашылды. 1896 ж. Ыбырай Алтынсариннің бастамасымен қазақ қыздары үшін әйелдер училищесі жұмыс істей бастады. Құдайберген Жұбанов атындағы Мемлекеттік университет, медицина академиясы, «Дүние» университеті, Талғат Бигелдинов атындағы жоғары әскери авиациялық училище, колледждер, қазақ және орыс драма театры, тарихи-өлкетану мұражайы, облыстық филармония, Молдағұлованың мемориалдық мұражайы, Отан соғысында қаза тапқандар мемориалы, Қазақстанда саяси қуғынға ұшырағандарға, Молдағұлова мен Исатай Таймановқа қойылған ескерткіштер бар.

Ақтөбе облысының батыс бөлігі Еуропада орналасқан. Еуропалық бөлігінде Алға, Жем, Қандыағаш, Хромтау, Ембі секілді басқа да қалалар орналасқан.

 

Халқының ұлттық құрамы сан алуан. 2012 жылдың 1 Қаңтары бойынша Қала әкімшілігіне тәуелді территорияда барлығы 415 588 халық тұрады. 1999 жылғы санағының қорытындысы бойынша облыста 682 558 адам тұрады. Оның ішінде 383,7 мың адам қалада, 298,9 мың адам ауылда тұрады. Облыста 91 ұлтттар мен ұлыстардың өкілдері бар. 2006 жылғы қортынды бойынша облыс аумағында 280 мың адам тұрса, 2009 жылы 300 мыңнан асып түсті.

 Қазақтардың үлестік құрамы — 68,72 %. Біршама орыстар  сонымен қатар украиндер  татарлар  немістер белорустар  корейлер  молдавандар азербайжандар шешендер өзбектер болгарлар  башқұрттар  армяндар  тұрады.  Ақтөбе қаласында 5 селолық округтер кіреді.

Благодарный, Қарғалы, Құрайлы, Новый, Сазды. Қазіргі уақытта халық саны бойынша Ақтөбе облысында бірінші орын алады және Қазақстандығы Алматы, Астана, Шымкент және Қарағандыдан кейін бесінші қала болып келеді.

                             Белгілі тұлғалары

 Әбілқайыр хан - Кіші жүз ханы Әйтеке би - Кіші жүз биі, Әйтеке би ауданы  Мөңке би - қазақтың ұлы биі Қазанғап Тілепбергенұлы - қазақтың ұлы музыканты, күйшісі. Көтібар батыр - қазақ батыры, Сүйінғар батырдың баласы  Есет Көтібарұлы батыр - қазақтың ұлы батыры, Әбілқайыр батыры, Қоқан ханға қарсы шыққан Қобыланды батыр - қазақ ұлы батыры, Әбілқайыр батыры, Қобда ауданы, арғы аталары Торғай өзенінің бойында тұрған  Шығанақ Берсиев - Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тары, бидай өсіруден рекордшы,Нұрпейіс Байғанин - қазақ күйшісі, қазақтың халық ақыны

Ахмет Жұбанов - музыкант, дирижер, халық әртісі Құдайберген Жұбанов - алғашқы қазақ тіл зерттеушісі, филолог Ғазиза Жұбанова - Белгілі композитор, Кеңес Одағының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Ғазиза Ахметқызы Жұбанова 1927 жьлдың 2 желтоқсанында заманымыздың заңғар композиторы, академик Жұбанов Ахмет Қуанұлының отбасында дүниеге келді. Әлия Молдағұлова - Екінші дүниежүзілік соғысының батыры, снайпер, ефрейтор.Марат Оспанов - саясат қайраткері, ҚР Парлементінің спикері болған. Пацаев Виктор - ұшқыш, космонавт, Кеңес Одағының батыры Ксенофонтова Елена - ресейдің театр және кино әртісі ,Лидия Каденова - қазақ және КСРО әртісі,Жанар Айжанова - қазақ эстрадасының әншісі. Ғалиб Жапаров - бокстан әлем чемпионы, Аслан Мусин - Қазақстан Республикасының мемлекеттік және саяси қайраткері. Қазақстан Республикасының бюджетті бақылау туралы есеп комитетінің төрағасы. Марат Тәжин - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы. Әбидолла Үмбетжанұлы Биекенов 1911 жылы Ақтөбе облысының Шалқар ауданындағы № 19 ауылда дүние келген.Соғыстан кейін 1946 жылы Қазақ ҚСР Жоғарғы Сотының төрағасы болып тағайындалып, 35 жасында қайтыс болады.

Серік Нокин - ҚР Құрылыс істері және турғын уй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі агенттігінің төрағасы.

 

 

 

Комментарии

Бекбергенова Сара Алимжановна

актөбе- мақтанышым