Кітап әлемінде
Қазіргі таңда мектеп жасындағы балалар арасында келеңсіз жағдайлар кездесіп жатады. Осындай келеңсіз жағдайлар алдын алу, оқушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру мақсатында Ақтөбе қаласының №1 орта мектеп қабырғасында түрлі шаралар ұйымдастырылды. Солардың бірі - 3 «Ә» класында ұйымдастырылған «Кітап әлемінде» атты танымдық саяхат сабағы.
Мектеп кітапханасы қабырғасында өткен шараға оқушылар белсене қатысып, өз қызығушылықтарын көрсетті. Кітаптың шығу тарихы, басылу жолдары, күтіп ұстау ережелері, т.б. туралы білімдерін кеңейте отырып, балаларға ертегілерден үзінді оқылды, кейіпкерлерден жұмбақ жасырылды. Шара түрлі ойындар ойнаумен аяқталды.
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
24_kitap.docx | 17.16 КБ |
kitap_bilim_bulagy._.ppt | 2.74 МБ |
Предварительный просмотр:
Тақырыбы: «Кітап – білім бұлағы» (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап жайлы жазылған плакаттар, суреттер.
Сабақтың барысы:
1 - бөлім. Ұйымдастыру кезеңі. I слайд
Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін,- деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде - ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп өнеге мен тәрбие аламыз. Оқығаның, тоқығаның көп болса жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ.
2 - бөлім. Кіріспе.
II слайд. Кітап туралы не білеміз? Кітап – араб сөзі, “жазба”, ал түрікше “дәптер”, мерзімді баспасөз басылымы” деген сөз. Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құрал
Кітап – араб сөзі, “жазба”, ал түрікше “дәптер”,”мерзімді баспасөз басылымы”деген сөз.
Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құралы.
Түркі халықтарының көне жазба ескерткіші.( слайд)
“Папирус” кітабы.( слайд)
Мысырда жазуға папирус қолданыла бастады. Кітап “Папирус”деп аталатын су өсімдігінен дайындалған материалға жазылып, жұмыр таяқшаларға шиыршықтап оралды.
“ Пергамент” кітабы.( слайд)
Кітап басу цехы.( слайд)
Түптеу цехы.( слайд)
Мағынаны таны. Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты. Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастады.
3 - бөлім. Топтық сайыс. 1. Таныстыру.
2. Жалғастыр Ойын: Кітап нені сүйеді?
3. Көркем сөз оқу Даналық сөз
4. Ойлан, тап.
5. Өнер көрсету
Мұғалім: Балалар, кітап туралы жазған ұлы ғұлама ақын, жазушыларымыздың қандай нақыл сөздерін білесіңдер. Кітап маған тақтан да қымбат. Шекспир.
Артық ғылым кітапта, Ерінбе оқып көруге. Абай.
Мұғалім: Балалар, дәрігер апайымыз айтқандай, кітаптарда ауырады екен. Сол зиянды болдырмау үшін мынандай ережелер бар екен Есіңе сақта!
1. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек. Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма. 2. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек.
3. Кітапты қалай болса солай оқыма.
4. Кітапты жыртуға, сызуға болмайды.
5. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.
6. Кітап бетіне сурет салма!
Мұғалім: Балалар, кітап туралы жазған ұлы ғұлама ақын, жазушыларымыздың қандай нақыл сөздерін білесіңдер. слайд Жалғастыр
1. Кітап - таусылмайтын байлық.
2. Кітап - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.
3. Кітап – алтын қазына.
4. Өнерліге нұр жауар.
5. Өнер - ағып жатқан бұлақ,
Білім - жанып жатқан шырақ.
1. Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
2. Білім тозбайды,
Ақыл азбайды.
3. Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
4. Білекті бірді жығады,..................
5. Оқу білім бұлағы,....................
Мұғалім: Ұлы адамдарымыз кітапты жоғары бағалаған. Алғаш қазақ балаларына арнап «Әліппе» оқулығын жазған кім? Оның балаларға арнап жазған өлеңін кім біледі? Ы. Алтынсарин Кел, Балалар оқылық (тақпақ)
Мұғалім: Балалар бүгінгі тәрбие сағатымыздан көп нәрсені үйрендік. Кітап балаларға білім беруде, жан - жақты тәрбие беруде әр түрлі әдеби шығармалармен таныстырады. Сондықтан «Кітап - білім бұлағы» деп бекер айтылмаған.
Қорытынды.